Пятница , 4 июля 2025

ЖАҢАӨЗЕН ЖАНАШЫРЫ соттың нақақ үкімімен келіспейді

  • Қызы­лор­да облы­сы­ның апел­ля­ци­я­лық соты Жаңаө­зен­де­гі жұмыс­сыздар бел­сен­дісі Ержан Елші­ба­ев­тың (сурет­те – сол жақта) шағы­мын қарай баста­ды. Елші­ба­ев «түр­ме тәр­тібіне бағын­баға­ны үшін» өзіне жеті жыл қосқан сот үкі­мі­мен келіс­пей­ді, деп хабар­лай­ды «Азаттық».

Сәр­сен­бі күні сотқа Ержан Елші­ба­ев­тың өзі қаты­спа­ды. Адво­кат Жанар Сүн­детқа­ли­е­ва­ның айтуын­ша, сот бел­сен­діні про­цес­ке қаты­стыр­мау себебін түсіндірмеген.

Жанар Сүн­детқа­ли­е­ва сот­та бірін­ші саты­дағы сот­тың әділ өтпе­генін, Елші­ба­ев өзі қалаған адво­кат­тың қыз­метін пай­да­ла­ну құқы­ғы­нан айы­ры­лға­нын, куәлік еткен­дер бел­сен­ді қамауда оты­рған меке­ме қыз­мет­кер­лері екенін, олар­ды сотқа шақы­рып, қай­та жау­ап алу­ды сұраған бір­не­ше өтіні­шінің бір­де-бірі қарал­маға­нын айтты.

– Мүд­делі меке­ме қыз­мет­кер­лері, бас­шы­сы, жедел уәкіл тәрізді бес куәнің сөзі­нен басқа істе нақты дәлел жоқ. Елші­ба­ев қамауда отыр. Оған тый­ым салы­нған затты сырт­тан кім әкеліп береді? Ол өзінің және айна­ла­сын­дағы басқа да сот­та­лушы­лар­дың ада­ми құқы­ғы­ның бұзыл­мауын талап еткені үшін жаза­ла­нып отыр, – деді сот­та Жанар Сүндетқалиева.

Оның сөзін Елші­ба­ев­тың екін­ші адво­ка­ты Шынқу­ат Бай­жа­нов та қоста­ды. «Ол Жаңаө­зен­де­гі жұмыс­сыздар мәсе­лесін көтер­гені үшін бес жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды. Ол түр­ме­де жатып, заң­мен қарас­ты­ры­лған өзінің құқы­ғын пай­да­ла­нып, мерзі­мі­нен бұрын боса­ту­ды сұра­ды. Бірақ қыл­мыстық атқа­ру сала­сы­на оның түр­ме­де­гі жағ­дай­ды айтқа­ны ұна­ма­ды. Оны аран­да­тып, тағы жеті жылға сот­та­ды. Егер бұл үкім өзгер­ме­се, түр­ме­де құқы­ғы үшін ауыз ашқан­дар­дың бәрі сот­та­ла беретін бола­ды», – деді Шынқу­ат Байжанов.

Адво­кат­тар Ержан Елші­ба­ев­ты ақтап, оны боса­ту­ды сұра­ды. Сот алқа­сы адво­кат­тар кел­тір­ген дәй­ек­тер­ді қарау үшін уақыт керекті­гін айтып, сот­ты кей­ін­ге қал­дыр­ды, деп хабар­ла­ды кеше «Азаттық».

Еске сал­сақ, 34 жастағы Ержан Елші­ба­ев 2019 жылы Қаза­қстан­да «билік ауы­сып», Қасым-Жомарт Тоқа­ев пре­зи­дент болып жари­я­ланған соң, жыл­дың «Жастар жылы» аталға­нын еске салып, Жаңаө­зен­де­гі жұмыс­сыз жастар­дың про­бле­ма­сы­на назар ауда­ру­ды талап ету­мен көз­ге түс­кен. 2019 жылғы 17 қара­ша­да Жаңаө­зен қала­сы­ның соты оны бес жылға бас бостан­ды­ғы­нан айырған.

ДАТ-ақпа­рат

ЕЛДЕН ҰРЛАНҒАН қыруар қаражат ҚАЙТАРЫЛА МА?

  • Қаза­қстан­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы шетел­ге заң­сыз шыға­ры­лған мүлік­ке тый­ым салу өтіні­шін қай құжат­тың негізін­де жол­дай­ты­нын айт­ты, деп хабар­лай­ды «ҚазА­қ­па­рат» тілшісі.

«Бас про­ку­ра­ту­ра құқық қорғау орган­да­ры­на шетел­де­гі қыл­мыстық кірістер­ді іздеу, тый­ым салу және тәр­кілеу бой­ын­ша қол­да­ну мен жұмыста пай­да­ла­ну үшін беріл­ген саты­лық алго­ритмдер­ді, әдісте­ме­лер мен сұра­у­лар­дың үлгілерін дай­ын­да­ды. Қыл­мыстық актив­тер­дің шетел­ге шыға­ры­лу дәлел­де­ме­лерінің жина­луы­на қарай қар­жы­лық бар­лау бөлім­ше­лерінің (әлем­нің 160-тан астам елі­нен қар­жы­лық бар­лау ара­сын­дағы элек­трон­дық ақпа­рат алма­су­дың «Эгмонт» желісі арқы­лы) мүм­кін­дік­терін пай­да­ла­на оты­рып, қыл­мыстық жол­мен алы­нған актив­тер­ге тый­ым салу бой­ын­ша жедел шара­лар қабыл­да­ну­да. Бас про­ку­ра­ту­ра кей­ін­нен құқы­қтық көмек көр­се­ту тура­лы (Қыл­мыстық-про­це­стік кодекстің 560-бабы­на сәй­кес), оның ішін­де шетел­де­гі мүлік­ке тый­ым салу және тәр­кілеу үшін сұра­у­лар жол­дай­ды», – деп жазы­лған құзыр­лы орган­ның редак­ция сау­а­лы­на жол­даған жауабында.

Ресми жау­а­пқа сүй­ен­сек, шет мем­ле­кет­тер­ге ондай өтініш жасау үшін, екі­жақты келісім болға­ны керек.

«Өтінім жол­да­удың құқы­қтық негізі ретін­де Бас про­ку­ра­ту­ра­ның қыл­мыстық-құқы­қтық сала­дағы жасасқан екі­жақты келісім­дері болып табы­ла­ды. Бүгін­гі күні 34 мем­ле­кет­пен 72 екі­жақты келісім­ге (оның ішін­де АҚШ-пен, Ұлы­бри­та­ни­я­мен, Мона­ко­мен, Испа­ни­я­мен, Ита­ли­я­мен, БАӘ-мен және т.б. келісім­дер­ге) қол қой­ыл­ды. Құқы­қтық көмек көр­се­ту тура­лы сұра­у­лар­ды, оның ішін­де «КАРИН» және «АРИН» (Еуро­па, Азия және әлем­нің басқа елдері про­ку­рор­ла­ры­ның актив­тер­ді қай­та­ру жөнін­де­гі желілері) арна­ла­ры арқы­лы сүй­е­мел­деу және олар­дың орын­да­луын тез­де­ту тұрақты негіз­де пысы­қта­ла­ды», – делін­ген жауапта.

Сон­дай-ақ Бас про­ку­ра­ту­ра өкіл­дері қазір қара­лып жатқан істер­дің егжей-тег­жей­ін БАҚ-қа мәлім ету Қаза­қстан заң­на­ма­сы­на қай­шы екенін жазған.

«Деген­мен қыл­мыстық істер бой­ын­ша сотқа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру деректерi жария етiл­ме­у­ге тиіс (ҚПК-нің 201-бабы­ның 1‑бөлігі). Осы­ған орай қазір­гі уақыт­та аталған сотқа дей­ін­гі іс жүр­гі­зу­лер бой­ын­ша неғұр­лым егжей-тег­жей­лі ақпа­рат­ты жари­я­лау мүм­кін емес. Сон­дай-ақ Эко­но­ми­ка­лық ресур­стар­дың заң­сыз шоғыр­ла­нуы­на қар­сы іс-қимыл мәсе­ле­лері жөнін­де­гі ведом­ство­ара­лық комис­си­я­ның қыз­метін бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да жари­я­лау Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­мен қорға­ла­тын құпи­я­ны ашуға қой­ы­ла­тын талап­та­ры ескері­ле оты­рып жүзе­ге асы­ра­ла­ты­нын хабар­лай­мыз», – деп жазы­лған Бас про­ку­ра­ту­ра мәліметінде.

Іnform.kz

УКРАИНАДАН КЕЙІН Ресей Қазақстанға ҚАТЕР ТӨНДІРЕ МЕ?

  • Қаза­қстан сыр­тқы істер мини­стрінің орын­ба­са­ры Роман Васи­лен­ко «Рос­сия 1» арна­сын­да «сарап­шы­лар­дың» «Укра­и­на­дан кей­ін­гі про­бле­ма – Қаза­қстан» деген мәлім­де­месіне қаты­сты өз пікірін білдірді.

Бұған дей­ін әле­умет­тік желі­де Ресей­дің мем­ле­кет­тік арна­сын­дағы «Вечер с Вла­ди­ми­ром Соло­вье­вым» атты шыққан хабар­дан үзін­ді жари­я­ла­нып, онда қаты­су­шы­лар Қаза­қстан­да да Укра­и­на­дағы­дай «наци­стік» про­це­стер баста­луы мүм­кін-мыс деп, «Укра­и­на­дан кей­ін­гі мәсе­ле – Қаза­қстан» деп мәлімдеген.

«Біздің ойы­мыз­ша, бұл, бірін­ші­ден, Ресей билі­гінің ресми ұста­ны­мы емес. Екін­ші­ден, бұл Қаза­қстан мен Ресей­дің дәстүр­лі тығыз қарым-қаты­на­сы­на нұқ­сан кел­тіреді. Үшін­ші­ден, Ресей билі­гінің оған реак­ция біл­дір­гені жөн деп санай­мыз», – деді 23 қара­ша күні жур­на­ли­стер­дің сұрақта­ры­на жау­ап бер­ген Роман Василенко.

Қаза­қстан сыр­тқы істер мини­стрінің орын­ба­са­ры Роман Васи­лен­ко сәр­сен­бі күні жур­на­ли­стер­дің сұрақта­ры­на жау­ап беріп тұрып, Қаза­қстан­да «ешқа­шан наци­стік про­цес­ке кезік­пе­генін, себебі елде ондай нәр­се мүл­де жоқ» екенін атап өтті.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн