Пятница , 4 июля 2025

Жаңаөзен мұнайшылары ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚТЫ

Қазақстанның батысында 2021 жылдың басынан бері бесінші ереуіл болып жатыр – 2 ақпанда Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілге шықты, деп хабарлады ҚазТАГ «Лада» басылымына сілтеме жасап.

«Мунай­Спец­Снаб Ком­па­ни» (МССК) серік­те­сті­гінің жұмыс­шы­ла­ры жалақы­ны көбей­туді талап ету­де. Қар­сы­лық таны­ту­шы­лар­мен ком­па­ния бас­шы­лы­ғы кез­де­сті. Жиналған халық еңбе­кақы­ны көте­руді және жұмыс регла­мен­тін рет­те­уді талап етті», – делін­ген дүй­сен­бі­де­гі хабарда.

Жиналған халы­қ­пен «МССК» ЖШС бас дирек­то­ры Ерлан Саби­ев кез­де­сті. Маңғы­стау поли­ция депар­та­мен­тінің ақпа­рын­ша, оқиға орны­на Жаңаө­зен поли­ци­я­сы топтастырылды.

Еске сал­сақ, 6 қаңтар­да Ақсай­дағы Bonatti ком­па­ни­я­сы­ның жұмыс­шы­ла­ры ере­уіл­ге шықты, олар жұмысты тоқта­тып, ере­уіл­ге шыққан, ал кеш­кісін аштық жари­я­лаған. Олар­дың тала­бы біреу ғана – жалақы­ны 50%-ға көтеру.

16 қаңтар­да «Си Бу» Инже­нер­лік бұрғы­лау ком­па­ни­я­сы» ЖШС жұмыс­шы­ла­ры Ақта­уда ере­уіл­ге шықты.

25 қаңтар­да Ақтө­бе облы­сын­дағы «КМК Мұнай» АҚ (50% ‑на Пана­ма­да тір­кел­ген Yukon Energy Holding S.A., қалған 50%-на – қытай­лық «СНПС-Ақтө­бе­мұ­най­газ» иелік ете­ді) ере­уіл жасай­тын­да­ры тура­лы жари­я­лап, Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тан қазір­гі таң­да 140 мың тең­гені құрай­тын жалақы­ны көте­ру мәсе­лесін шешу­ге көмек­те­суін өтін­ген. Мұнай өндіру­де­гі жоға­ры көр­сет­кіш­ке қара­ма­стан, кәсі­по­рын жұмыс­шы­ла­ры­ның жалақы­сы баға­лар­дың өсіп кетуі­нен не неси­е­лерін жабуға, не азық-түлік сатып алуға жет­пей­тінін көр­сет­кен. Мұнай­шы­лар жалақы­ла­рын 100%-ға көбей­туді талап етті. Ере­уіл­дің бесін­ші күні жұмыс беру­ші ком­па­ния мұнай­шы­лар тала­бын орын­да­уға уәде еткен соң, ере­уіл уақыт­ша тоқтатылды. ,

28 қаңтар­да Қаз­ТАГ ХАА аны­қтаған­дай, «КМК Мұнай» жұмыс­шы­ла­ры­ның жалақы­сы сала бой­ын­ша орта­ша жалақы­дан 5,7 есе төмен екен.

30 қаңтар­да Ақтө­бе облы­сын­дағы «АМК Мұнай» ЖШС жұмыс­шы­ла­ры ере­уіл­ге шыға­тын­да­ры тура­лы жариялады.

«ДАТ-ақпа­рат»

Меңдеш Салихов: Билік шетелдіктерге ТАЛАП ҚОЯ АЛМАЙДЫ

  • Қаза­қстан­ның бюд­жетін құра­у­шы негіз­гі өндірістік сала – мұнай өнер­кәсібінің жұмыс­шы­ла­ры әле­умет­тік-тұр­мыстық талап­пен нара­зы­лық ере­уілін неге жиілет­ті? Осы орай­да Қаза­қстан­дағы мұнай ком­па­ни­я­ла­рын­да жұмыс­шы­лар­дың нара­зы­лы­ққа жиі шығуы­ның себебін сұрап, мұнай-газ сала­сын­да ұзақ жыл еңбек етіп, бас­шы­лық қыз­мет­тер атқарған Мең­деш Сали­хо­втан «Азаттық» сұх­бат алған екен. Мұнай сала­сы­ның арда­гері үкі­мет пен жер­гілік­ті билік шетел­дік ком­па­ни­я­ларға жұмыс­шы­лар мүд­десін қорғай­тын талап қой­май­ды дей­ді. Біз осы сұх­бат­ты ықшам­дап жари­я­лап отырмыз.

Мең­деш Халелұ­лы, кезін­де елде­гі ең ірі бес мұнай кәсі­пор­ны­ның бірі «Маңғы­ста­у­мұ­най» ком­па­ни­я­сын басқар­ды­ңыз, бұл сала­ның қыр-сырын білесіз. Жуы­қта Ақтө­бе­де «КМК Мұнай» ком­па­ни­я­сы­ның жүз­де­ген жұмыс­шы­сы жалақы­ны 100 пай­ы­зға өсіруді талап етіп, ере­уіл­ге шықты. Олар­дың тала­бын орын­да­уға ком­па­ни­яға не кедер­гі? Егер орын­да­са, табысы азай­ып қала ма?

– Қытай ком­па­ни­я­сы /қаржысының/ бәрін құпия ұстап жүр­ген болар. Олар­дың табысы, ақша­ны қай жаққа жіберіп оты­рға­ны ком­мер­ци­я­лық құпия дей­ді де, жауып тастай­ды. Ашсын, комис­си­яға көр­сет­сін. Халы­ққа түсін­діріп айт­са, олар сенеді. «КМК Мұнай­дың» 50 пай­ы­зын Қытай­дың CNPC ком­па­ни­я­сы басқа­рып отыр. Ком­па­ния тиім­ділі­гін кіш­кене төмен­дет­се, ештеңе етпес деп ойлай­мын. Бірақ комис­сия бәрін ашық түр­де қара­уы керек. Сон­да бел­гілі болады.

Жұмыс­шы­лар­дың айтуы бой­ын­ша, көп­шілі­гінің жалақы­сы 110–150 мың тең­ге ара­лы­ғын­да. Бұл мұнай­шы үшін жет­кілік­ті жалақы ма?

Бұл /жалақы/ мұнай­шы үшін көп емес. Жұмысы лас, дала­да істей­ді. 140–150 мың тең­ге деген­ді қазір қала­да жүріп те таба­ды. 250 мың тең­ге­ге дей­ін көте­ру­ге болар. Мұнай­шы­лар­дың орта­сын­да ең қиын жұмысты ұңғы­ма­ны жөн­дей­тін бри­га­да­лар атқа­ра­ды. Олар­дың жұмысы «Жер асты жөн­деу» деп ата­ла­ды. Соларға жақ­сы жалақы төлеу керек. Ұңғы­ма­ны бақы­лау оған қараған­да жеңілдеу.

Орта есеп­пен алсақ, 250 мың тең­ге өнді­ру опе­ра­то­ры­на, 300 мың тең­ге бұрғы­ла­у­шы­ға, 320 мың тең­ге жөн­деу бри­га­да­ла­ры­на төле­нуі керек. Шама­мен ара­лық осын­дай болуы тиіс.

Қаза­қстан­да жұмыс істей­тін мұнай ком­па­ни­я­ла­рын­дағы шетел­дік және жер­гілік­ті жұмыс­шы­лар­дың жалақы­сын­дағы, оларға берілетін әле­умет­тік төлем­дер­де­гі теңдік мәсе­лесі дұрыс сақта­лып отыр ма?

– Жер­гілік­ті ада­мға аздау төлей­ді. Шетел­дік­ке көбірек төлей­ді. Ол солай қалып­тасқан. Біз мұнай сала­сын­да еңбек етіп, иге­ре бастаға­лы 120 жыл­дан асты. Шетел­дік­тер қажет емес. Олар­ды жібе­ру-жібер­меу үкі­мет­ке бай­ла­ны­сты. Ал біз­де шетел­дік­тер сатып алды дей­ді де, 50 пай­ы­зға дей­ін жұмыс­шы кір­гізу­ге рұқ­сат береді. Ол дұрыс емес. Мүл­де рұқ­сат беріл­меу керек. Біз­де мұнай­шы­лар ара­сын­да жұмыс­сыз жүр­ген­дер жет­кілік­ті. Әр сала­да маман жеткілікті.

Елде мұнай­шы­лар­дың жиі ере­уіл­ге шығуы әдет­ке айна­лып бара­ды. Мұның себебі неде?

Себебі біздің үкі­мет талап етпей­ді. Кей­бір ком­па­ни­я­лар /кеніштерді/ 90–100 пай­ы­зға дей­ін иелік ете­ді ғой дей­мін. Сосын олар кім­ді тың­дай­ды? Оларға көбірек төлей­ді, мына­ларға азы­рақ төлей­ді. Оның бәрін халық көріп отыр ғой. Мәсе­ле дұрыс көтеріліп жүр. Оны түзе­ту үшін қазір­гі бас­шы­лар жұмыс істе­уі қажет. Ауыр жұмыстағы шах­тер, мұнай­шы­лар­дың айлы­ғы орта­ша жалақы­дан жоға­ры болуы керек.

Бұл Жаңаө­зен­ге дей­ін де, кей­ін де болып жатқан про­бле­ма. Мұны қалай шешу керек? (2011 жылы 16 жел­тоқ­сан­да Жаңаө­зен­де еңбек жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды талап еткен мұнай­шы­лар­дың бір­не­ше айға жалғасқан бей­біт нара­зы­лық акци­я­сын поли­ция оқ атып таратқан. Ресми мәлі­мет бой­ын­ша, 17 адам көз жұмған).

– Біз­де мини­стр­лік (Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гі – Ред.), «Қаз­Мұ­най­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы, үкі­мет бас­шы­сы бар ғой. Солар есеп­теп, бір жобаға кел­тіруі керек. Әр кез­де ұжым­мен жұмыс жаса­луы керек. Бас­шы­лар жағ­дай­ды түсін­ді­ре білуі тиіс. Қазір көп ком­па­ни­я­ның бас­шы­ла­ры мұнай­шы емес. Оты­рған адам­дар мұнай­дың исін де біл­мей­ді. Біре­удің құда­сы, біре­удің бала­сы, біре­удің тағы бір­деңесі. Жұмыс­шы­лар кел­се, оны­мен сөй­ле­се алмай­ды. Мәсе­ле осын­да. «Қаз­Мұ­най­Газ», мини­стр­лік, «Самұрық-Қазы­на» – жоға­ры­дағы­лар үлкен жалақы алып отыр. Қысқар­ту керек. Ол жер­де мұнай депар­та­мен­ті бар. Ал төмен­де­гілер­ге тиім­ділік үшін аз төлей­ді. Бұған күр­делі өзгерістер жаса­луы қажет.

Жұмыс­шы­лар­дың әле­умет­тік мәсе­лесі нара­зы­лық, митин­гі­мен ғана шешіл­гені қан­ша­лы­қты дұрыс? Мәсе­лен, бір жер­де бар про­бле­ма басқа жер­де жоқ деген­ді біл­дір­мей­ді ғой.

– Әрине, мұн­дай жағ­дай­ға жет­кі­зу дұрыс емес. Әр жер­де­гі әкім­нің жұмысы – жағ­дай­ды бақы­лау, тал­дау, мәсе­лені көте­ру. /Әкім/ шетел­дік ком­па­ни­я­лар­мен сөй­лесіп, мини­стр­лік­пен ақыл­да­суы керек. Тәр­тіп­ке кел­тіруі тиіс. Дұрыс талап қоя­тын бол­саң, олар қар­сы бол­май­ды. Халық неге шықты? Жағ­дай төмен болған соң шықты. Олар қай жер­де не болып жатқа­нын, кім­нің қан­ша айлық ала­ты­нын біліп отыр.

Мини­стр­лік­тің өзін­де аздаған мұнай­шы ғана отыр. Басқа­сы біл­мей­ді. Шетел­де «Бола­шақ­пен» оқып кел­ді. Бірақ өндірісті көр­ме­ген адам­дар. Мұнай­дың айна­ла­сын­да білім­сіз адам көп. Бәрі мұнай­шы болғы­сы келеді неме­се мұнай сала­сын­да жұмыс істе­гісі келеді, бірақ мұнай­шы емес.

  • 2011 жылы Жаңаө­зен­де мұнай­шы­лар ере­уіліне поли­ция оқ атқан­да жара­ла­нып, қат­ты зардап шек­кен Қай­рат Досмағам­бе­тов Ақор­да маңын­да нара­зы­лық акци­я­сын өткізіп тұр. 25 мау­сым, 2020 жыл.

Бір сұх­ба­ты­ңы­зда «мұнай – қаза­қтікі, пай­да­сы – басқанікі» деп­сіз. Қаза­қстан­ның мұнай­дан ала­тын үлесі қазір де 1990 жыл­дар­дағы­дай төмен бе, әлде өсті ме? Сан­дар­мен дәй­ек кел­тіру­ге бола ма?

– Жоба­мен алған­да, жылы­на 90 мил­ли­он тон­на мұнай өндіріп отыр­мыз. Соның 80–85 пай­ы­зы шетел­ге – Қытай, АҚШ, Ита­лия және басқа­ла­ры­на кетіп жатыр. Біз­ге қала­ты­ны 15–20 пай­ы­зы. Біз­де «Қаз­Мұ­най­Га­з­дың» тиім­ділі­гі үлкен деп көр­се­те­ді. Бірақ оған «Теңіз­шев­ройл», «Қара­шы­ға­нақтан» Қаза­қстанға келетін үле­сті қосып есептейді.

Мұнай­дан түсетін табыст­ың аз болуы­на не себеп?

– Себебі /мұнай кеніштері/ саты­лып кет­ті ғой. Мұнай сала­сын жеке­ше­лен­ді­ру, оны шетел­дік­тер­ге сатуға қар­сы болған едім. Ол кез­де Әке­жан Қажы­гел­дин үкі­мет бас­шы­сы еді. Соған қар­сы тұрып, жұмыстан босап кет­кен адам­мын. Жер астын­дағы елдің бай­лы­ғын сатып жіберіп, қазір енді шетел­дік­тер деп қарап отыр. Табыст­ың бәрі шетел­ге кетіп жатыр. Біз одан тек салық ала­мыз. Көп пай­да көре алмай отыр­мыз. Жұмыс орны ретін­де қаза­қтар жұмыс істей­ді. Алай­да ие болып оты­рған басқа­лар. Қаза­қстан­ның ими­джін көте­ре­міз деп анда-мын­да ақша шашып жатыр­мыз. Қар­жы­ны олай шашпай, осы­ны қай­та­рып алуға жұм­са­сақ, көбірек пай­да көреміз.

Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн