Вторник , 26 августа 2025

«ЖАҢАӨЗЕН ҚЫРҒЫНЫ» сол кездегі жасөспірім куәгердің көзімен



Жаңаө­зен­де 2011 жылы поли­ция ере­уіл­шілер­ге оқ атқан­да жара­ланған және қаза тапқан адам­дар­ды көр­ген жер­гілік­ті жасөс­пірім­дер­дің алды қазір отба­сын құра баста­ды. Солар­дың бірі «Азатты­ққа» өз жағ­дай­ын баян­дап берді.

23 жастағы Айт­күл Аман­жо­ло­ва (сурет­те) 2011 жылы Жаңаө­зен­де­гі орта мек­теп­тер­дің бірінің 10-сыны­бын­да оқи­тын жасөс­пірім оқу­шы қыз еді. Ол әкесі Дүй­сен Нұро­втың аяғы­на оқ тиіп, алаң­да қан­сы­рап жатқан­да, оны құтқа­ру үшін ере­сек­тер­мен бір­ге жүр­ген. Кей­ін тек әкесін емес, алаң­дағы бар­лық басқа оқ тиген, қай­тыс болған адам­дар­ды көлік­ке бір­ге тиесіп, сол бір қан­ды оқиға­ның ең жас куә­гер­лерінің біріне айналды.

Оқ тиіп құлаған адам­дар, ыңыр­сы­ған дауы­стар, тиген оқтан шошы­нып, жылау орны­на күліп жүр­ген жер­ле­стері, тіл тарт­пай кетіп, жанар­ла­ры аспанға қада­ла қатып қалған жан­сыз дене­лер, өртен­ген ғима­рат­тар мен оның екі күн­ге созы­лған қара түтін­ді жалы­ны: бұл сурет­тер Айт­күл­дің жадын­да мәң­гі қал­ды. Содан бері өзі екі бала­ның ана­сы ата­нып, отба­сын құрға­ны­мен, қорқы­ны­шы әлі күн­ге дей­ін тарқа­маған. Мәс­кеу қар­жы инсти­ту­ты­ның Ақтө­бе­де­гі фили­а­лын­да сырт­тай оқи­тын жас ана – «Азаттық» тіл­шісіне өткен­нің естелі­гін баян­да­уға келіс­кен аз адам­ның бірі. Қалған куә­гер­лер билік үшін жабық тақы­ры­пқа айналған бұл оқиға тура­лы жақ ашып, сөй­ле­гісі келмейді.

2011 жылғы жел­тоқ­сан­ның 16-сын­да Айт­күл Аман­жо­ло­ва әдет­те­гі­дей таңер­тең­гі сабақтан шығып, мұнай­шы­лар ере­уіл­деп тұрған Жаңаө­зен қала­сы­ның орта­лы­ғын­дағы алаң маңын­дағы пәтеріне келе жатқан. Мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның мұнай­шы­лар ере­уілі­мен шаруа­сы жоқ, мұғалім­дері тәу­ел­сіздік мере­кесіне орай алаңға шыға­тын­дар бол­са, ақ фут­бол­ка киіп келуді сұраған. Ол мере­келік шараға бар­май­ты­нын айтып, бір­ден үйіне кетіп қалға­нын айта­ды. Бұл уақыт­та билік­тен әле­умет­тік жағ­дай­ды жақ­сар­тып, жалақы­ны өсіруді талап етіп, орта­лық алаң­нан кет­пей тұрған жаңаө­зен­дік мұнай­шы­лар­дың нара­зы­лы­ғы­нан тұтас ел хабар­дар болған. Үйін­де ата-ана­сы­ның жоқты­ғын көр­ген Айт­күл қат­ты уай­ым­дап алаңға барған. Өйт­кені мұнай өнді­ру сала­сын­да жұмыс істей­тін әке-шеше­сі де ере­уіл­ге шыққан.

– Бір түр­лі ішім бір­деңе сезген­дей бол­ды. Алаң­да шыр­ша құлап, соғыс болған­дай бәрі төң­керіліп жатыр. Мен «мамам қай­да сон­да?» деп қат­ты шошып кет­тім. Сахна­ның айна­ла­сы бәрі ауда­ры­лып, алаң адам таны­ғы­сыз екен. Артын­да оқ тиген адам­дар қан­сы­рап жатыр. «Енді қайт­тім, әке-шешем аман бол­са екен» деп жүгіріп келе жатыр едім, папам­ды көр­дім. Бір аяғы жара­ла­нып, қып-қызыл қан, артқа қай­ы­ры­лып кетіп­ті. «Айко, көмек­тес» деген дауы­сын әзер естідім, – дей­ді ол.

Айт­күл алаң­да ере­уіл­де тұрған­дар­дың бәрін әке-шеше­сі­мен ілесіп барып жүріп, әбден танып алға­нын айта­ды. Солар­дың бірі­нен ана­сын сұрап біл­ген. Алаң­ның орта­сын­да аман-есен келе жатқан ана­сы Шол­пан Өте­ке­е­ва­ны көріп қалып, жүгіріп барып құшақтап, жылап жіберген.

– Оқтың дауы­сы тар­сыл­дап жатыр. Оған қарап жатқан жоқ­пыз. Мамам маған «мен қазір келе­мін, ана жақта адам­дарға көмек­те­су керек» деп алаң­ның бір шетіне жүгіріп кет­ті. Мен де жүгір­дім. Көше­де өтіп бара жатқан УАЗ көлі­гін тоқта­тып, ішіне жер­де қаны ағып жатқан адам­дар­ды еке­улеп сала баста­дық. Ол сол маши­наға мініп кет­ті, біз туы­сқан апам­мен әкем­ді арты­нан ауру­ха­наға жет­кіздік, – дей­ді куәгер. 

Айт­күл ауру­ха­на­дағы көріні­стен есең­гіреп, қозға­ла алмаға­нын айта­ды. «Ауру­ха­наға да оқ тиген бе, тере­зе шағы­лып жатыр. Адам­ның көп­ті­гі сон­ша, сый­май дәліз­де жер­де жатыр. Бір әйел адам саны­на оқ тиген. Үстін­де­гі шал­ба­ры дал-дұл болып, тиген оқтан еті жал­бы­рап, сүй­е­гі көрініп тұр. Бірақ ол жыла­май­ды. Өзі түсін­бе­ген сияқты неге тап болға­нын. Тағы бір ірі сары кел­ген ер адам, оның үстіне быты­ра тиген бе, киі­мінің алды және арты толған тесік-тесік. Ол айқай­лап күліп жүр. Кино­да осын­дай болған­да, құлап қала­тын еді, мына кісі аяғы­мен жүр ғой деп таң қал­дым. Біре­удің қолы­на, біре­удің бетіне тиген. Сыр­тқа шығып кеттім. 

Қай­да бара жатқа­ным­ды өзім біл­мей­мін. Оқ тие ме деп те қоры­ққа­ным жоқ. «Ару­а­на» қонақ үйі лапыл­дап жанып жатыр екен. Бір кіш­кен­тай тере­зе­ден адам­дар ком­пью­тер­лер­ді, тағы бір­деңе­лер­ді лақты­рып жатыр…» – дей­ді ол.

Айт­күл­дің айтуын­ша, сол күн­дері адам­дар­дың басы­нан шынайы кеш­кен жайт­та­ры түсіріл­ген виде­о­лар­ды таны­ста­ры­нан көр­ген. Өзі де болған оқиға­ны қол теле­фо­ны­на түсір­ген, бірақ видео­клип­тер­дің бәрін үйін тін­ту­ге кел­ген құқық қорғау орын­да­ры­ның қыз­мет­кер­лері жой­ып жіберген.

Шол­пан Өте­ке­е­ва оқ тиген күй­е­уі, «Өзен­мұ­най­газ» меке­месінің жұмыс­шы­сы Дүй­сен Нұро­вты алды­мен Ақта­уға, кей­ін Аста­наға емде­ту­ге алып кет­кен. Айт­күл үйін­де туы­сқан апа­сы­мен жалғыз қалып қой­ға­нын еске алды. Базар­лар толық жабы­лып, қала бір­не­ше күн өлі күй кеш­кен. Бай­ла­ныс та бол­маған. Қала­ны толық қор­ша­уға алған қару­лы әскер­дің сұсы­нан жасөс­пірім қыз үйде азық-түлік біт­се де, бір-бір­леп қай­та ашы­ла бастаған дүкен­дер­дің біріне баруға қорыққан.

– Үйде­гі бар тамақты жеп жат­тық. Мені мамам­дар өздері­мен бір­ге әкет­пе­ді, мек­теп­те сабағым болған соң. Бірақ сабақ та бір­не­ше күн болған жоқ. Тере­зе­ден қала көше­лерін­де жүр­ген танк­тер­ді, әске­ри­лер­ді көріп, соғыс болып жатқан­дай сезі­не­мін. Күн­дер өтіп жат­ты. Түн болға­ны­мен, сырт­тағы жары­қтан үйдің іші жап-жарық бола­ды. Біз тере­зені пер­де­мен жауып, тек орта­дағы дәліздің жары­ғын қал­ды­ра­мыз. Қасым­дағы апам ұйы­қтап қалға­ны­мен, мен көз іле алмай жат­тым. Үйі­міз бірін­ші қабат­та болған­ды­қтан, тере­зенің маңын­дағы тар­сыл-тұр­сыл анық естіл­ді. Бір кез­де тере­зе­ге өрме­леп, ішке кір­мек болған адам­ның сұл­ба­сы бай­қал­ды. Мен қат­ты қорқып, діріл­деп, жан дауы­сым шыға айқай­ла­дым. Көр­пе­ні басы­ма дей­ін жауып алдым. «Апа, апа, мені құшақтап жат­шы, үсті­ме жатып алшы» деп айқай­ла­у­мен бол­дым. Осы қорқы­ны­шқа бұған дей­ін көр­ген­дерім қосы­лып, күн бат­са, ұйы­қтай алмай­тын бол­дым, – дей­ді Айт­күл. Ол туы­ста­ры өзін «қаза­қи еммен» емде­гені­мен, сол қорқы­ны­шы осы күн­ге дей­ін қалға­нын айтады. 

Айт­күл Аман­жо­ло­ва Жаңаө­зен оқиға­сы­нан бері жеті жыл өтсе де, тұрғын­дарға пси­хо­ло­ги­я­лық реа­би­ли­та­ция жасал­маған­ды­қтан, бір кез­де жүре­гіне жиналған қорқы­ны­штан ары­лу­дың жолын өзін­ше ойлап тапқа­нын да айтып берді.

Айт­күл қан­ша уақыт өтсе де, шағын қала­сын­да болған еле­улі қан­ды оқиға­ны ұмы­туы мүм­кін емес екенін айта­ды. «Бәл­кім, адам­дар өздерін-өздері жұба­тып, ұмы­туға тыры­са­тын болар. Себебі бәрінің бала­ла­ры бар, солар алаң­сыз ер жет­сін­ші дей­тін болар. Солар үшін ұмы­тып кету­ге тыры­са­тын шығар. Бірақ бұл өте қиын», – деді ол «Азатты­ққа».

Айт­күл­дің бес және төрт жасар екі ұлы бар. Ол бала­ла­рын мей­ірім­ді етіп тәр­би­е­ле­у­ге тыры­сып жүр­генін айта­ды. Ол Жаңаө­зен­де өзі көр­ген поли­ция өкіл­дерінің әре­кеті­нен соң, бала­ла­рын бауыр­мал­ды­ққа тәр­би­е­леу арқы­лы қатыг­ездік­ті жеңе ала­мын деп ойлайды.

– Бала­ла­рым бала­бақ­ша­дан доста­ры­мен төбе­лесіп кел­ген­де, мен оларға «ештеңе етпес, ол – сенің досың, сен – батыр­сың, сон­ды­қтан жыла­май, оны­мен дос болып кету­ге тырыс» деп айта­мын. Мен оларға «сен де олар­ды ұр, жеңіліп қал­ма» деп ешқа­шан айт­пай­мын. Егер мен оларға «сен де олар­ды ұр, соқ» деп айт­сам, Жаңаө­зен­де­гі соғы­стай қатыг­ез аза­мат болып кете ме деп ойлай­мын, – дей­ді ол.

Қаза­қстан­дық бел­сен­ділер Жаңаө­зен оқиға­сы­на куә болған ере­сек­тер мен жасөс­пірім­дер­ді пси­хо­ло­ги­я­лық сауы­қты­ру шара­сы қолға алын­баға­нын жиі айта­ды. Был­тыр «Азатты­ққа» арнайы сұх­бат бер­ген жаңаө­зен­дік мұнай жұмыс­шы­ла­ры­ның бел­сен­дісі, осы оқиға­дан кей­ін сот­та­лып шыққан Роза Төлетаева:

– Бұрғы­лау жұмыста­ры басқар­ма­сын­да тек ере­уіл­ші жігіт­тер еңбек ете­ді. Олар­дың ара­сын­да қай­тыс болып жатқан­дар көп. Оның сал­да­рын осы 2011 жыл­дан іздей­мін. Депрес­сия мен стресс – бар ауру­дың басы. Мұнай­шы­лар – қара­пай­ым адам­дар, олар пси­хо­ло­ги­я­лық қол­дау, ем керекті­гін түсін­бей­ді, – деген.
Жаңаө­зен оқиға­сы кезін­де аяғы­на оқ тиіп, жарым­жан болып қалған Жан­бо­лат Жаманқа­ра­ев 2014 жылы «Азатты­ққа» Жаңаө­зен оқиға­сы­нан кей­ін өзіне ешқан­дай пси­хо­ло­ги­я­лық көмек­тің бол­маға­нын айтып шағы­нған. Ол «әлі күн­ге түні­мен түр­лі түстер көріп шошып ояна­ты­нын» айтқан.

Жер­гілік­ті билік пен мұнай ком­па­ни­я­ла­ры жара­ланған мұнай жұмыс­шы­ла­ры мен олар­дың отба­сы­ла­ры­на емде­лу үшін қар­жы бөліп, кей­ін бірқа­та­рын қай­та жұмысқа алған. Олар­дың ішін­де Айт­күл Аман­жо­ло­ва­ның әкесі Дүй­сен Нұров та бар. Бірақ жаңаө­зен­дік­тер­дің пси­хо­ло­ги­я­лық жәр­дем беру тура­лы өтіні­ш­теріне қаты­сты билік орын­да­ры қан­дай да бір анық мәлім­де­ме жасаған емес.

Кей­ін­гі ресми есеп бой­ын­ша, Жаңаө­зен­де 17 адам­ның қаза болып, 100-ден астам адам­ның жара­ланға­ны аны­қтал­ды. «Жап­пай тәр­тіп­сіздік­ті ұйым­да­стыр­ды» деген айып бой­ын­ша 37 адам сотқа тар­ты­лып, оның үше­уі толық ақта­лып шықты. 21 адам шар­тты түр­де, ал 13 адам үш жыл­дан алты жылға дей­ін сот­талған бола­тын. «Өкілетін асы­ра пай­да­лан­ды» деген айып­пен бір­не­ше поли­цей де жау­а­пқа тар­ты­лған еді. Жер­гілік­ті және халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйым­да­ры мен бірқа­тар Батыс елдері Жаңаө­зен­де­гі поли­ция мен арнайы күш­тер­дің қатыг­ез әре­кет­терін сынап, Қаза­қстан билі­гі­нен қан­ды оқиғаға жол бер­ген­дер­ді әділ түр­де аны­қтап, жаза­ға тар­ту­ды талап еткен.

Сәния ТОЙКЕН,

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн