Среда , 22 октября 2025

Жаңа Бюджет кодексі – әділ әрі тиімді фискалдық саясаттың бастауы

2025 жылы қабыл­данған жаңа Бюд­жет кодексі – Қаза­қстан­ның фис­кал­дық сая­са­ты­ның жаңа кезеңін бастаған маңы­зды құжат­тар­дың бірі. Ол мем­ле­кет­тік шығын­дар­ды, әсіре­се әле­умет­тік бағыт­тағы қара­жат­ты тиім­ді пай­да­ла­ну жүй­есін қай­та қалып­та­стыр­ды. Жаңа кодекстің басты мақ­са­ты – ресур­стар­ды әділ бөлу, жау­ап­кер­шілік­ті нақты­лау және әрбір тең­генің халық игілі­гіне жұм­са­луын қам­та­ма­сыз ету. Осы тақы­рып төңіре­гін­де біз Эко­но­ми­ка­лық зерт­те­улер инсти­ту­ты­ның Фис­кал­дық сая­сат орта­лы­ғы­ның аға сарап­шы­сы Меру­ерт Жұма­хан­мен әңгі­ме­ле­с­кен едік.

– Меру­ерт ханым, жаңа Бюд­жет кодексі елдің қар­жы жүй­есіне қан­дай жаңа­шыл­ды­қтар енгізді?

2025 жылы қабыл­данған жаңа Бюд­жет кодексі елде­гі бюд­жет рефор­ма­сы­ның маңы­зды кезеңіне айнал­ды. Жаңа Бюд­жет кодексі стра­те­ги­я­лық жос­пар­ла­уды күшей­те­ді және мем­ле­кет­тік орган­дар­дың жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ра­ды. Енді мем­ле­кет­тік орган­дар өз қара­жат­та­рын икем­ді басқа­ра ала­ды, соның ішін­де игеріл­ме­ген бюд­жет қара­жат­та­рын келесі жылы пай­да­ла­на ала­ды. Сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік сек­тор­дан диви­денд­тер төле­удің жаңа ере­же­лері енгізіл­ді және Ұлт­тық қор­дан ныса­на­лы транс­ферт­тер­дің пай­да­ла­ны­луы­на бақы­лау күшей­тіл­ді. Қосым­ша қадам бюд­жет­тік орта­лы­қ­сыздан­ды­ру бол­ды: салы­қтар­дың бір бөлі­гі жер­гілік­ті бюд­жет­тер­ге беріл­ді, бұл өңір­лер­дің эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сізді­гін нығайтады.

– Кодек­с­те­гі ең маңы­зды жаңа­лы­қтар­дың бірі – нәти­же­ге бағыт­талған бюд­жет­теу. Бұл нені білдіреді?

– Бұрын әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар көбіне игеріл­ген қар­жы сома­сы­мен ғана баға­ла­на­тын. Ал енді бюд­жет­те­гі басты назар – нақты нәти­же­де. Кедей­лік­ті төмен­де­ту, әле­умет­тік қыз­мет­тер­мен қам­ту дең­гей­ін арт­ты­ру, әлсіз топ­тар­дың санын азай­ту сияқты нақты инди­ка­тор­лар енгізіл­ді. Бұл – бюд­жет сая­са­тын тиім­ділік­тің жаңа саты­сы­на көте­реді. Егер бағ­дар­ла­ма өз мақ­са­ты­на жет­пе­се, ол қай­та қара­лып, қажет бол­са қысқар­ты­ла­ды. Бұл – қоғам алдын­дағы ашы­қтық пен есеп­тілік­тің нақты тетігі.

– Децен­тра­ли­за­ция мен жау­ап­кер­шілік жүй­есі де жаңар­тыл­ды. Оның маңы­зы қандай?

– Жаңа кодек­сте өңір­лер­дің қар­жы­лық дер­бес­ті­гі күшей­тіл­ді. Аймақтар қосым­ша салы­қтық түсім­дер есебі­нен өз ерекшелі­гіне сай әле­умет­тік сая­сат жүр­гі­зе ала­ды. Ең басты­сы – енді әкім­дер мен басқар­ма бас­шы­ла­ры тек игеріл­ген қар­жы үшін емес, нәти­же үшін де есеп береді. Жер­гілік­ті бюд­жет қара­жа­ты­ның, оның ішін­де әле­умет­тік салаға тиім­сіз жұм­са­луы қоғам­дық есеп­тілік пен кадр­лық шешім­дер арқы­лы бағаланады.

– Ал биыл жер­гілік­ті бюд­жет­тер­дің әле­умет­тік шығын­дар көле­мі қалай өзгерді?

– 2025 жыл­дың алға­шқы жар­ты­сын­да жер­гілік­ті бюд­жет­тер­дің әле­умет­тік көмек және әле­умет­тік қам­сыздан­ды­руға жұм­саған шығын­да­ры 335,9 млрд тең­гені құра­ды. Бұл – өткен жыл­мен салы­сты­рған­да 5,2%-ға көп. Аймақтар ара­сын­да айыр­ма­шы­лық бар: мыса­лы, Түр­кістан облы­сы әле­умет­тік көмек және әле­умет­тік қам­сыздан­ды­руға жұм­саған шығын­дар үлесі бой­ын­ша көш бастап тұр (бар­лық шығын­ның 11%-ы), ал Ұлы­тау облы­сын­да бұл көр­сет­кіш 1%-ды құрай­ды. Бұл айыр­ма­шы­лық өңір­лер­дің эко­но­ми­ка­лық және демо­гра­фи­я­лық ерекшелі­гі­мен бай­ла­ны­сты. Деген­мен жаңа жүйе осы теңсіздік­ті азай­туға мүм­кін­дік береді.

– Сіздің ойы­ңыз­ша, жаңа Бюд­жет кодексінің түп­кі мақ­са­ты не?

– Бұл құжат тек қар­жы бөлу схе­ма­сын өзгерт­пей­ді, ол қар­жы­ны басқа­ру­дың жаңа мәде­ни­етін қалып­та­сты­ра­ды. Өкілет­тік­тер­дің әділ бөлі­нуі, нәти­же­ге бағыт­талған жос­пар­лау, өңір­лер­дің табыс база­сын кеңей­ту – бар­лы­ғы әр тең­генің халы­қтың игілі­гіне жұм­са­луы­на жағ­дай жасай­ды. Нәти­же­сін­де әле­умет­тік теңсіздік азай­ып, өңір­лер ара­сын­дағы мүм­кін­дік­тер теңестіріледі.

– Бұл рефор­ма­ның ел өміріне әсері қан­дай бола­ды деп ойлайсыз?

– Жаңа Бюд­жет кодексі – қоғам алдын­дағы ашы­қты­қты арт­ты­руға, әле­умет­тік әділ­дік­ті қам­та­ма­сыз ету­ге және мем­ле­кет­тік қар­жы­ның тиім­ділі­гін көте­ру­ге бағыт­талған маңы­зды қадам. Менің­ше, ең басты нәти­же – сенім. Аза­мат­тар енді бюд­жет­тен бөлін­ген қара­жат олар­дың өмір сапа­сын арт­ты­руға бағыт­талға­нын нақты біледі. Мем­ле­кет үшін бұл – тиім­ділік пен жау­ап­кер­шілік­тің жаңа дәуірі. Әрбір тең­ге есеп­ке алы­нып, әрбір шешім нақты әле­умет­тік нәти­же беру­ге жұмыс істейді.

 – Уақыт бөліп, сұх­бат бер­геніңіз­ге рахмет!

Республиканский еженедельник онлайн