Четверг , 19 марта 2026

Жаңа Конституция: саяси жүйе қалай өзгереді?

1 шіл­де­ден бастап жаңа Кон­сти­ту­ция күшіне енеді. Осы­лай­ша 1995 жылғы Ата заң­ның қол­да­ны­сы тоқтай­ды. Жаңа құжат мем­ле­кет­тік басқа­ру құры­лы­мын айтар­лы­қтай өзгер­те­ді: Пар­ла­мент­тің орны­на Құры­л­тай пай­да бола­ды, вице-пре­зи­дент инсти­ту­ты енгізіледі, ал пре­зи­дент­тің бірқа­тар өкілет­тік­тері кеңейеді.

Жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның қабыл­да­нуы елдің сая­си жүй­есін қай­та құруға бағыт­талған ең ірі рефор­ма­лар­дың бірі ретін­де қарас­ты­ры­лып отыр. Құжат тек мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­дың құры­лы­мын ғана өзгер­тіп қой­май, билік тар­мақта­ры­ның өза­ра қаты­на­сын да жаңа­ша анықтайды.

Соны­мен бір­ге құжат­та аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры, сөз бостан­ды­ғы, еңбек дау­ла­ры және жеке деректер­ді қорғау сияқты бірқа­тар маңы­зды нор­ма­лар қай­та қаралған.

Төмен­де жаңа Кон­сти­ту­ция күшіне енген­нен кей­ін елде нақты қан­дай өзгерістер бола­ты­нын талдаймыз.

Пар­ла­мент­тің орны­на Құрылтай

1 шіл­де­ден бастап Қаза­қстан­дағы екі пала­та­лы Пар­ла­мент өз өкілет­ті­гін тоқта­та­ды. Оның орны­на жаңа заң шыға­ру­шы орган – Құры­л­тай құрылады.

Құры­л­тай 145 депу­тат­тан тұра­ды. Олар бір­тұ­тас жал­пы­ұлт­тық сай­лау окру­гі бой­ын­ша про­пор­ци­о­нал­ды өкіл­дік жүй­есі арқы­лы сай­ла­на­ды. Бұл модель заң шыға­ру про­цесін орта­лы­қтан­ды­руы мүм­кін. Себебі бұры­нғы жүй­е­де Мәжіліс пен Сенат ара­сын­дағы тепе-теңдік бел­гілі бір дең­гей­де заң жоба­ла­рын қай­та қара­уға мүм­кін­дік беретін.

Вице-пре­зи­дент институты

Жаңа Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша елде вице-пре­зи­дент лау­а­зы­мы пай­да бола­ды. Бұры­нғы мем­ле­кет­тік кеңес­ші қыз­меті жой­ы­ла­ды. Вице-пре­зи­дент пре­зи­дент тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік орган­дар­дың жұмысын үйле­стіреді және қажет болған жағ­дай­да мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өкілет­ті­гін уақыт­ша атқа­ра ала­ды. Бұл нор­ма билік­тің сабақ­та­сты­ғын қам­та­ма­сыз ету теті­гі ретін­де қарас­ты­ры­лып отыр.

Қаза­қстан Халық кеңесі 

Бұрын кон­сти­ту­ци­я­лық мәр­те­бесі бол­маған ассам­бле­я­ның орны­на Қаза­қстан Халық кеңесі құрыл­ды. Бұл орган 126 аза­мат­тан тұра­ды және ел аза­мат­та­ры­ның мүд­десін біл­діретін жоға­ры кон­суль­та­тив­тік құры­лым ретін­де қыз­мет атқарады.

Халық кеңесі:

– заң жоба­ла­рын ұсы­на ала­ды;
– рефе­рен­дум баста­ма­сын көте­ре ала­ды;
– ұлт­тық бір­лік­ке қаты­сты ұсы­ны­стар әзір­лей алады.

Бұл инсти­тут аза­мат­тық қоғам мен билік ара­сын­дағы диа­лог алаңы ретін­де қарас­ты­ры­лып отыр.

Пре­зи­дент өкілет­тік­тері кеңейеді

Жаңа Кон­сти­ту­ция пре­зи­дент­тің бірқа­тар кадр­лық өкілет­тік­терін күшейтеді.

Енді мем­ле­кет басшысы:

– Бас про­ку­рор­ды,
– Кон­сти­ту­ци­я­лық сот төраға­сын,
– Жоғарғы сот төраға­сын,
– Ұлт­тық банк бас­шы­сын,
– Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің төраға­сын тіке­лей өзі тағай­ын­дай алады.

Соны­мен қатар Құры­л­тай пре­зи­дент ұсы­нған вице-пре­зи­дент, пре­мьер-министр неме­се спи­кер кан­ди­да­ту­ра­ла­рын қабыл­да­ма­са, пре­зи­дент Құры­л­тай­ды тара­тып, уақыт­ша заң шыға­ру құқы­ғын өз қолы­на ала ала­ды. Бұл нор­ма сая­си жүй­е­де пре­зи­дент­тік билік­тің ықпа­лын арт­ты­руы мүмкін.

Үкі­мет­ке сенім­сіздік біл­ді­ру рәсімі

Жаңа Кон­сти­ту­ци­яда «вотум недо­ве­рия» рәсі­мі де өзгер­тіл­ді. Бұрын мұн­дай баста­ма депу­тат­тар­дың үштен бірінің қол­да­уы­мен қара­ла­тын. Енді бұл про­це­ду­ра­ны Құры­л­тай депу­тат­та­ры­ның бес­тен бірі бастай ала­ды. Соны­мен қатар, егер бюд­жет есебі мақұл­дан­ба­са, сенім­сіздік мәсе­лесі авто­мат­ты түр­де көтеріледі.

Пре­зи­дент­тің құқы­қтық иммунитеті

Жаңа нор­ма­ларға сәй­кес, пре­зи­дент қыз­мет бары­сын­да жасаған әре­кет­тері үшін қыл­мыстық және әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­май­ды. Бұл ере­же экс-пре­зи­дент­тер­ге де қаты­сты бола­ды. Тек мем­ле­кет­тік сатқын­дық жағ­дай­ын­да ғана жау­ап­кер­шілік қарастырылған.

Импич­мент рәсімі

Пре­зи­дент­ке импич­мент жари­я­лау тәр­тібі де жаңар­тыл­ды. Бұрын бұл про­це­ду­ра бір­не­ше кезең­нен тұр­са, енді оны Құры­л­тай жүр­гі­зеді. Импич­мент баста­ма­сы депу­тат­тар­дың үштен бірінің қол­да­уы­мен көтеріледі, ал шешім қабыл­дау үшін депу­тат­тар­дың төрт­тен үшінің дауы­сы қажет.

Аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры­на қаты­сты өзгерістер

Жаңа Кон­сти­ту­ци­яда қоғам өмірінің бір­не­ше маңы­зды сала­сы­на қаты­сты нор­ма­лар да өзгер­тіл­ді. Сөз бостан­ды­ғы жаңа шек­те­улер­мен бекітіл­ді. Сөз бостан­ды­ғы Кон­сти­ту­ци­яда сақталға­ны­мен, енді оның қол­да­ны­лу шек­тері нақты көрсетілді.

Олар:

– ар-намыс пен қадір-қаси­ет­ті қорғау;
– қоғам­ның мораль­дық құн­ды­лы­қта­ры;
– қоғам­дық тәр­тіп;
– аза­мат­тар­дың денсаулығы.

Адво­ка­ту­ра мен омбуд­смен мәртебесі

Адво­ка­ту­ра құқық қорға­уды қол­дай­тын кон­сти­ту­ци­я­лық инсти­тут ретін­де бекітіл­ді. Ал омбуд­смен жеке кон­сти­ту­ци­я­лық бапқа енгізіліп, оның тәу­ел­сізді­гі арнайы нор­ма арқы­лы қорғалды.

Қамауға алы­нған адам­ның құқы­қта­ры – жаңа Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша қамауға алы­нған ада­мға оның құқы­қта­ры мен қамау себеп­тері мін­дет­ті түр­де түсін­дірілуі тиіс. Сот санк­ци­я­сын­сыз қамау мерзі­мі заң­мен бел­гі­лен­ген уақыт­тан аспа­уы керек.

Неке тура­лы анықтама

Кон­сти­ту­ци­яда алғаш рет некенің аны­қта­ма­сы бекітіл­ді. Енді неке ер мен әйел­дің ерік­ті және тең құқы­қты одағы ретін­де белгіленеді.

Білім және медицина

Жаңа Кон­сти­ту­ция бойынша:

– орта білім тегін;
– меди­ци­на­лық көмек тегін деп белгіленді.

Ал жоға­ры білім «заңға сәй­кес» беріледі. Бұрын ол кон­кур­стық негіз­де тегін көрсетілетін.

Жеке деректер­ді қорғау

Кон­сти­ту­ци­яда алғаш рет жеке деректер­ді қорғау тура­лы нор­ма енгізіл­ді. Бұл мес­сен­джер­лер, элек­трон­ды пошта және цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар арқы­лы берілетін ақпа­ратқа да қатысты.

Еңбек дау­ла­ры мен ере­уіл құқығы

«Заба­стов­ка» құқы­ғы Кон­сти­ту­ция мәтіні­нен алы­нып тастал­ды. Енді бұл құқық заң­дар арқы­лы реттеледі.

Түй­ін

Жаңа Кон­сти­ту­ция Қаза­қстан­ның сая­си жүй­есін айтар­лы­қтай өзгер­те­ді. Бір жағы­нан, жаңа инсти­тут­тар пай­да бола­ды және аза­мат­тар­дың кей­бір құқы­қта­ры нақты бекітіледі. Екін­ші жағы­нан, пре­зи­дент­тік билік­тің рөлі күшей­іп, заң шыға­ру жүй­есі қай­та құры­лып отыр.

Бұл өзгерістер­дің нақты сая­си және әле­умет­тік әсері Кон­сти­ту­ция күшіне енген­нен кей­ін­гі алға­шқы жыл­да­ры айқын көрі­нуі мүмкін.

Ақли­ма БОЛАТҚЫЗЫ

Республиканский еженедельник онлайн