Воскресенье , 8 февраля 2026

Жаңа Конституция: өндіріс орындарындағы жұмысшыларға нақты кепілдіктер

Жаңа Кон­сти­ту­ция нені мең­зей­ді: Еңбек ада­мы мем­ле­кет­тің басты құндылығы

Әділ еңбек, қауіп­сіз жұмыс, лай­ы­қты жалақы: Мак­сим Рожин жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның маңы­зды тұсын ата­ды

Жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның нор­ма­ла­ры өндіріс орын­да­рын­дағы адам­дар үшін нақты, өмір­лік мән­ге ие. Бұл тура­лы Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жөнін­де­гі комис­си­я­ның тоғы­зын­шы оты­ры­сын­да Мәжіліс депу­та­ты Мак­сим Рожин мәлімдеді.

«Еңбек ада­мы – эко­но­ми­ка­ның құра­лы емес, мем­ле­кет­тің басты құн­ды­лы­ғы. Жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы­ның негіз­гі иде­я­сы — мем­ле­кет үшін ең қым­бат нәр­се өндіріс көле­мі неме­се пай­да емес, адам­ның өзі. Жоба­да әркім­нің: еңбек ету­ге, қауіп­сіз жағ­дай­да жұмыс істе­у­ге, еңбе­гі үшін кем­сітусіз әділ ақы алуға құқы­ғы кон­сти­ту­ци­я­лық дең­гей­де бекітіледі», – деді ол өз сөзінде.

Мак­сим Рожин­ның айтуын­ша, жаңа Ата заң­ның жоба­сын­да еңбек сала­сы­на тіке­лей қаты­сты бірқа­тар маңы­зды жаңа­шыл­ды­қтар қарас­ты­ры­лған. Соның ішін­де мем­ле­кет­тің еңбек­ке құқы­қты кон­сти­ту­ци­я­лық дең­гей­де бекітуі ерекше маңы­зға ие. Сон­дай-ақ қауіп­сіздік пен гиги­е­на талап­та­ры­на сай еңбек жағ­дай­ла­ры­на құқы­қты заң жүзін­де айқын­дау көз­дел­ген. Бұл нор­ма­лар жұмыс бары­сын­да туын­да­уы мүм­кін кәсі­би ауру­лар­дың алдын алуға, өндірістік жарақат­та­ну­ды азай­туға, сон­дай-ақ аза­мат­тар­дың еңбек­ке қабілет­тілі­гі мен өмір сапа­сын сақта­уға бағытталған.

«Мұн­дай нор­ма­лар еңбек қауіп­сізді­гіне қаты­сты жау­ап­кер­шілік мін­детін – мем­ле­кет пен жұмыс беру­шінің кон­сти­ту­ци­я­лық мін­деті дең­гей­іне көте­реді. Әсіре­се негізі­нен жал­да­ма­лы жұмыс­кер­лер­ден тұра­тын әлсіз сала­лар­ды рет­те­удің нақты теті­гін қалып­та­сты­ра­ды», – деп атап өтті мәжіліс депутаты.

Адал еңбек үшін әділ сый­ақы алу құқы­ғы­ның әле­умет­тік маңы­зы зор. Бұл нор­ма аза­мат­тар­дың еңбе­гі кәсі­би өлшем­дер­ге сай әділ баға­ла­на­ты­ны­на кепіл­дік береді. Рожин­ның айтуын­ша, қара­пай­ым аза­мат­тар үшін бұл тұрақты жұмыспен қам­ты­лу, қауіп­сіз еңбек жағ­дай­ла­ры және еңбе­гі үшін әділ ақы алуға деген сенім­нің ныға­юын білдіреді.

Республиканский еженедельник онлайн