Четверг , 3 июля 2025

ЖАҢА РЕДАКТОР

ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

  • «ДАТ» медиа-жоба­сы­ның соңғы нұсқа­сы «Обще­ствен­ная пози­ция» газетінің мен­шік иесі «Дара ИНФО» серік­те­сті­гінің бас дирек­то­ры – құры­л­тай­шы Ерік Бапи­ев­тің бұй­ры­ғы­мен басы­лым бас­шы­лы­ғын­да ауыс-түй­іс болды.

Бұған дей­ін бел­гілі болған­дай, газет­тің бас редак­то­ры Ермұрат Бапи ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты болып сай­ла­нуы­на бай­ла­ны­сты бас редак­тор­лық қыз­меті­нен боса­тыл­ды. Заң талап­та­ры­на сәй­кес, Пар­ла­мент депу­та­ты­на мем­ле­кет­тік, ква­зи­мем­ле­кет­тік және ком­мер­ци­я­лық субъ­ек­ті­де қыз­мет ету­ге тый­ым салы­на­ты­ны ескеріліп, «Дара ИНФО» ЖШС‑і бас дирек­то­ры­ның бұй­ры­ғы­мен Ермұрат Бапи «ДАТ» – «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті редак­ци­я­лық алқа­сы­ның қоғам­дық негіз­де­гі төраға­сы болып тағайындалды.

Ал газет­тің 25 жыл­дан бер­гі шыға­ру­шы­сы Ермұрат Бапи­дың ұсы­ны­сы­мен басы­лым­ның бел­сен­ді авто­ры, қоғам қай­рат­кері, пуб­ли­цист Нұр­та­за Қадыр­ни­я­зов газет­тің бас редак­то­ры болып тағай­ын­дал­ды. Ескер­те кетей­ік, ҚР Пар­ла­мен­тінің жуы­қта өткен соңғы сай­ла­у­ын­да Нұр­та­за Қадыр­ни­я­зов Алма­ты қала­сын­дағы № 3 сай­лау окру­гі бой­ын­ша депу­тат­тық сай­ы­сқа түсіп, Ермұрат Бапиға қар­сы­лас 33 үміт­кер­дің бірі болған еді.

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы газет­тің жаңа бас редак­то­ры Нұр­та­за мыр­за мен Қаза­қстан елінің жаңа депу­та­ты Ермұрат ағаға ақ жол тілей­ді! Іске сәт, әріптестер!

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн