Четверг , 15 мая 2025

«Жаңа Қазақстан» АЛТЫНБЕКТЕН басталса керек-ті

  • Әлгі қазе­кеңнің «қарғай­ын десем – жалғы­зым, қарға­май­ын десем – жал­мауы­зым» дей­тіні осын­дай­да айты­лған ба дер­сің. Қаңтар­дың 16-жұл­ды­зын­да Ғ. Мүсіре­пов атын­дағы театр­да Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев­тың 60 жасқа толған шағын қара­пай­ым қазақ аза­мат­та­ры ата­у­сыз қал­дыр­май, діт­те­ген ой-арман­да­рын сахна­лап көрсетті.

Алтын­бек­ті қадір тұтқан қара орман қазақ жұр­ты залға сый­ма­ды. Жазу­шы­лар одағы­ның хат­шы­сы, бел­гілі ақын Бедел­хан Бақыт­тың туындысы қой­ыл­ды. Театр актер­лері жаз­дың бел орта­сы­нан бері Рай­ым­бек, Кеген, Шон­жы, Қас­ке­лең ауда­ны­ның театр­ла­рын­да Алтын­бек­ті жан-жақты наси­хат­тап, оның ірі қоғам қай­рат­кері екенін таны­ту­дағы алға­шқы тыр­нақал­ды еңбек­терін, тәу­ел­сіз елі­міздің алға­шқы ірге­та­сын бекіту­ге ерен еңбек сіңір­ген тұлғаға айналға­нын, қыры­қтағы қамал бұзар шағын­да оқ құшақтап, опат болға­нын қалың көп­шілік­тің есіне сал­ды. Тоқа­ев­тың «Жаңа Қаза­қстан» құра­мыз деген ұра­ны осы Алте­кең­нен бастау алса керек еді. Ала­штың ары­стай аза­ма­ты еді, ата­у­сыз қал­ма­са екен деген тілек­тері орындалды.

Деген­мен, Сәр­сен­ба­ев­тың ірі меме­ле­кет­тік қай­рат­кер екенін еске­ре қой­маған Мәде­ни­ет және спорт, Ақпа­рат мини­стр­лік­тері, тіп­ті Алма­ты қала­сы­ның әкім­ді­гі тара­пы­нан ұйым­да­сты­ры­лып, мем­ле­кет­тік дең­гей­де ата­лып өтсе болар еді деген үміт­тері ақтал­ма­ды. Қаза­ққа қажеті жоқ көрін­ген шара­ларға қыру­ар қар­жы шыға­рып, думан­да­та­тын қазақ билі­гі бұл жолы тырс етпе­ді. Әйт­пе­се Алтын­бек қыл­шыл­дап тұрған шағын­да құр­бан­ды­ққа шалы­нып кет­кені үшін кінәлі ме? Осы қаза­ғым қайт­се жұл­ды­зы жана­ды және соны қайт­сек іске асыр­сақ бола­ды дегені үшін кінә тақ­пақ па?

Сон­да жоға­ры­да ел билі­гінің тұтқа­сын ұстап оты­рған аза­мат­тар селт етіп, дүбір­лі етіп дүр­кірет­се, «Әй, сен­дер­дің бұла­рың не?» дей­тін бе едік? Ол Ала­штың Алтын­бе­гі еді ғой.

Қас­ке­лең­де­гі халық теат­ры өз күш­терінің арқа­сын­да ойлаған жос­пар­ла­рын сахна­лап, халы­ққа көр­сетіп, сусап оты­рған қазақ елінің бата­сы­на кенел­ді. Сахна саңлағы

Асанәлі Әші­мов ақсақал жасы ұлғай­са да, аза­мат­тар­дың жігерін жық­пай, атқарған істеріне ата­лық ақ тіле­гін айт­ты. Мини­стр­лік­те, қала әкім­ді­гін­де осы сала­ның құлағын ұстап оты­рған аза­мат­тар атса­лы­сып, ақ пей­іл­дерін біл­дір­се, Асанәлі­ден үлкен емес еді. Пре­зи­дент­тің «Жаңа Қаза­қстан» жоба­сы­ның іргесі бекіп, қабы­рға­сы қатая түсуіне сеп болар еді. Сол билік­тің ең жас, ең тия­нақты баста­ма­шы­сы осы Сәр­сен­ба­ев емес пе еді? Өзі жоқтың көзі жоқ дегіз­бей, бұқ­пан­тай­ла­май, жастар­дың рухын көтеріп, Алтын­бек­ке ту ұста­тып, лидер етсе, не әбес­ті­гі бар?!

Теат­рға кел­ген халы­қта қисап бол­ма­ды, тіп­ті орын жет­пей, тік тұрып қара­ды, көр­ді, көңіл­дері құла­зып қайт­ты. Пат­ри­от­тық тәр­бие бере­міз десек, жастарға осын­дай ерен тұлға­лы аза­мат­тар­ды таны­сты­рып, таны­тып, тарихы­мы­зға тара­зы­лап енді­ре берей­ік. Жаңа тарих, «Жаңа Қаза­қстан» осы­дан бастау ала­ды. Кел­мес­ке кет­кен кеңе­стік жүйе емес, енді біз­ге, жас өркен­ге жаңа, осы Алтын­бек­тей еңселі тұлға­лар керек.

Маға­у­ия ӘДЕН, сурет­ші

ВАХТАНГ МАҚТАН ЕДІ, ал біздің зиялылар ше?

Күні кеше бір топ зия­лы пре­зи­дент сте­пен­ди­я­сы­ның иегері бол­ды. Тізім көп өзгер­ме­ген екен. Сол бұры­нғы таныс бей­не­лер су жаңа мәде­ни­ет және спорт мини­стрі Асхат Ора­ло­втың маңын­да үйіріліп жүр. Совет өкі­меті, Назар­ба­ев дәуірі, Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін де өзгер­ме­ген зия­лы­лар­ды көріп, таңқал­май­сың. Өйт­кені әртістер, жезөк­ше­лер, пәу­ес­ке айда­у­шы­лар секіл­ді Қаза­қстан жағ­дай­ын­дағы зия­лы­лар кез кел­ген билік­ке, кез кел­ген мини­стр­ге қыз­мет ете береді. Оны уақыт әлдеқа­шан дәлелдеген.

Тая­у­да гру­зин актері, атақты Кика­бид­зе дүние сал­ды. Сол Кика­бид­зе Ресей-Гру­зин соғы­сы кезін­де Ресей­ге қар­сы сөз айтқан, Совет өкі­меті құлаған­да қуа­нып, дастар­хан жай­ған адам. Ал Қаза­қстанға қар­сы Ресей­ден қан­ша­ма сөз қар­ша борап жатқан­да, пре­зи­дент сти­пен­ди­я­сын жыл­да ала­тын біздің зия­лы­лар ауыз ашқан емес.  Бұл да біздің бір трагедия.

Элита.kz

ЕЛ ӘКІМДІКТЕРІ ауылдың ақшасын ИГЕРЕ АЛМАДЫ

  • Әкім­дік­тер ауыл­ды дамы­туға бөлін­ген 128 млрд тең­ге қар­жы­ны иге­ре алмай отыр, деп хабар­лай­ды Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Әлі­бек Қуантыров.

«2022 жылы 577 ауыл­да бір мың­нан аса жоба­ны іске асы­руға 128 млрд тең­ге бөлін­ген. Биыл 1 қаңтар­дағы жағ­дай бой­ын­ша, облыс әкім­дік­тері бөлін­ген қара­жат­тың 94%-ын игер­ген», – деп мәлім­деді Қуан­ты­ров сей­сен­бі күні үкі­мет отырысында.

Соны­мен қатар 7,7 млрд тең­ге қар­жы игеріл­мей отыр. Қара­жат­тың дұрыс игеріл­ме­уі Ұлы­тау, Маңғы­стау және Батыс Қаза­қстан облы­сын­да тір­кел­ді. Еске сал­сақ, 2023 жылғы 1 қаңтар­дағы жағ­дай бой­ын­ша, Қаза­қстан­да 6 293 ауыл бар, онда 7,8 млн-ға жуық қаза­қстан­дық тұрып жатыр. «Ауыл – ел бесі­гі» жоба­сын іске асы­ру үшін, бола­шағы бар 3,5 мың ауыл ірік­теліп алынды.

Қаз­ТАГ

Қарашығанақ

ЕРЕУІЛДЕП ТҰР

16 қаңтар­да Батыс Қаза­қстан облы­сын­дағы Қара­шы­ға­нақ кені­шін­де KKS-Sicim жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гінің 500-ден астам жұмыс­шы­сы жалақы­ны елу пай­ыз көбей­туді талап етіп, жұмысқа шығу­дан бас тартты.

Олар қаңтар­дың қақаған аязын­да бірін-бірі кезек алма­сты­рып, төрт күн­нен бері ере­уіл­ді жалға­сты­рып жатыр. «Жалақы­мы­зға 50 пай­ыз қос­сын деген ғана тала­бы­мыз бар, басқа ештеңе сұра­май­мыз», – дей­ді ереуілшілер.

Бірақ БҚО әкі­мі Нари­ман Төреға­ли­ев KKS-Sicim ком­па­ни­я­сы жұмыс­шы­ла­ры­ның тала­бы­мен келіс­пей­ді. Бұл тура­лы әкім сей­сен­бі, 17 қаңтар­да үкі­мет оты­ры­сы­на қаты­сқан­нан кей­ін жур­на­ли­стер­дің сұрағы­на бер­ген жау­а­бын­да айт­ты, деп хабар­лай­ды «Азаттық» радиосы.

«Талап­та­ры орын­сыз деп ойлай­мын. Себебі олар­дың ұжым­дық келісім­шар­ты бар, оның сыр­тын­да әрбір жұмыс­шы мен жұмыс беру­ші ара­сын­да жасалған жеке келісім­шарт бар. Сон­ды­қтан сол келісім­шар­ттар­да қаралған екі­жақты мін­дет­те­ме­лер­де жалақы­ны 50 пай­ыз неме­се 100 пай­ыз көте­ру деген жоқ. Келісім­шар­тта 20 пай­ыз деген ғана бар. Сон­ды­қтан да (талап­та­ры) орын­сыз», – деді Нари­ман Төреға­ли­ев. Әкім­нің сөзін­ше, меке­ме­де орта­ша жалақы 280 мың тең­ге, «ең жоғарғы жалақы 800 мыңға дей­ін барады».

«ККС-Сичим» – ита­ли­я­лық Sicim мен қаза­қстан­дық «Қаз­Ком­Сер­ви­стің» бір­лес­кен кәсі­пор­ны, деп жаза­ды Ongar_onlaine тelegramm арна­сы. Заң бой­ын­ша, Қашаған және Қара­шы­ға­нақты иге­ру үшін, инве­стор­лар­да қаза­қстан­дық қам­ту болуы тиіс. Сон­ды­қтан мықты мұнай кен орын­да­рын алу үшін, ита­льян­ды­қтар осын­дай бір­лес­кен кәсі­по­рын құрып алған. Бірақ «ККС-Сичим» оларға тек про­клад­ка ғана.

Аны­қталған дерек бой­ын­ша, бөлін­ген қар­жы қалай «ККС-Сичим» шоты­на түседі, бір­ден ита­льян­ды­қтар оны Sicim ком­па­ни­я­сы­ның Қаза­қстан­дағы фили­а­лы­на ауда­рып тастай­ды. Сон­да фили­ал­дағы қар­жы «ККС-Сичим» шотын­дағы қар­жы­дан 9 есе асып кет­кен. Осы арқы­лы жұмыс­шы­ларға ақша жоқ деп сыл­тау айта ала­ды. Ия, шыны­мен де, себебі «ККС-Сичим» шотын­да ақша жоқ.

Ал есесіне бар­лық тен­дер­лер­ге «ККС-Сичим­ді» қаты­сты­рып, қаза­қстан­дық жұмыс орын­да­ры бар деп, был­тыр Қара­шы­ға­нақтан 1,5 мил­ли­ард дол­лар­дың кон­трак­ты­сын алды.

Нәти­же­сін­де, біз­де­гі Қашаған мен Қара­шы­ға­нақты игеріп оты­рған Ита­лия инве­стор­ла­ры өздері алып кел­ген ақша­ны түр­лі махи­на­ци­я­лар­мен қай­та­дан өздеріне шыға­рып алып жүр­ген. Есесіне, инве­сти­ция сал­дық деп, енді келісім бой­ын­ша ондаған жыл­дар бойы қазақ мұнай­ы­нан қомақты үлес алып оты­ра­ды. Және біз оған ештеңе істей алмай­мыз. Себебі халы­қа­ра­лық арбит­раж арқы­лы Ұлт­тық қоры­мы­зды тар­тып алуға мүм­кін­дік­тері жете­ді, Ongar_onlaine.

Сәр­сен­бі күні ере­уіл­шілер ҚР пре­зи­ден­ті Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың аты­на арнайы мәлім­де­ме қабыл­дап, қалып­тасқан жағ­дай­ға ара­ша түсуді сұра­ды. Ел пре­зи­ден­ті Араб Әмір­лік­терін­де ресми сапар­да жүр­ген­дік­тен, әзір­ге Ақор­да жақтан жау­ап жоқ.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн