Суббота , 5 июля 2025

«Жаңа Қазақстан» ҚҰРУДЫҢҚАДАМЫ

Біздің елдің қай­да бара жатқа­нын болжай оты­рып, осы тағ­дыр­лы, өтпе­лі кезең­де Қаза­қстан­ның өз сара жолын жаса­уға орай­ла­сты­рып, өз көзқа­ра­сым­ды ұсы­нып отыр­мын. Біз сана­ны оятып, Баты­сқа жал­тақта­май, беті­мізді Шығы­стың мораль фило­со­фи­я­сы­на бұрып, тіп­ті жаңа өмір­ге, жаңа өрке­ни­ет­ке қадам басуы­мыз керек. Менің төмен­де­гі ұсы­ны­ста­рым­ды қол­дай­тын, үндес, ертең іске асы­ра­тын кан­ди­дат­тарға дауыс беру­леріңізді сұрай­мын. Жастарға жолым­ды бердім.
  1. Халы­қтың күн­көріс дең­гей­ін, өмірінің сапа­сын көте­ру. Егер инди­ка­тор­лар салы­стыр­ма­лы түр­де негіз­сіз түсіп кет­се, онда Үкі­мет авто­мат­ты түр­де отстав­каға кетуі керек. Жаңа кадр сая­са­тын жасау. Сыбай­лас жемқор­лық жай­лаған бұры­нғы билік­те­гі кадр жүй­есін түбірі­мен жаңар­ту керек.
  2. Қаза­қстан халқы­ның бақу­ат­ты­лы­ғы­на арналған жаңа «Жал­пы­ха­лы­қтық идео­ло­гия» қажет. Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­сы соци­а­ли­стік, әр адам­ның әле­умет­тік жағ­дай­ы­на арналған, эко­но­ми­ка­сы – нары­қтық, сая­са­ты демо­кра­ти­я­лық-халы­қтық басқа­ру болуы қажет. Ол үшін біз­де­гі әлі жалға­сып келе жатқан бұры­нғы жүй­енің авто­кра­ти­я­лық, оли­гар­хи­я­лық, бюро­кра­ти­я­лық басқа­ру сти­лі­нен үзіл­ді-кесіл­ді кету керек. Біз­де 30 жыл бойы билік­тің өздеріне керек идео­ло­ги­я­сы бол­ды, ал жал­пы­ха­лы­қтық идео­ло­гия болмады.
  3. Қан­ша­лы­қты қиын жағ­дай­да тұр­сақ та, бола­шақты бүгін болжау үшін, біз ұзақ мерзім­ге арналған Стра­те­ги­я­лық әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық, тех­но­ло­ги­я­лық даму кон­цеп­ци­я­сын және Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­ны жасап, оны халы­қ­пен ақыл­да­сып (керек бол­са рефе­рен­дум арқы­лы) қабыл­да­уы­мыз қажет.
  4. Қоғам­ның руха­ни-тари­хи жаңғы­руы қажет. Негіз­гі назар мәде­ни, тари­хи, ден­са­улық, мораль­дық-адам­гер­шілік, әділет­тілік, т.б. ұлт­тық құн­ды­лы­қтарға, әсіре­се жаңа білім­ге, ғылы­мға ауда­ры­луы керек. Тек білім­ді қоғам кез кел­ген қиын­ды­қтан шыға ала­ды. Демо­кра­ти­я­ны да тек білім­ді ел, аза­мат­тық қоғам құра алады.
  5. Қаза­қстан­ның бола­шағы «Ауыл­ды жаңғыр­ту­дан» баста­ла­ды. Алдағы уақыт­та мұнай мен газ­дың орны­на «бренд» бола­тын – астық пен ет өндірісі. Қаза­қстан азық-түлік дер­жа­ва­сы­на айна­луы керек. Азық-түлік мүм­кін­ді­гі­міз әлем­нің бір­не­ше елдерін тамақтан­ды­ра ала­ды. Ең басты­сы – жер мен тілі­міз, ұлт­тық рух өлме­уі керек. Өзі­міз өндір­ме­сек, өзі­міз де өспейміз.
  6. Алды­мы­зда тех­но­ло­ги­я­лық уклад­тың ғасы­ры (нано‑, био­тех­но­ло­гия, ген­дік инже­не­рия, цифр­лы, кос­мо­стық тех­но­ло­гия) екенін ескер­сек, бізді келе­шек­те жасан­ды интел­лект басқа­рып кет­пе­уі үшін, «Қаза­қстан­ның тех­но­ло­ги­я­лық кешен­ді даму бағ­дар­ла­ма­сы» қажет. Бұл біз­ге шикі­зат эко­но­ми­ка­сы­нан кетіп, эко­но­ми­ка­мы­зды әрта­рап­тан­ды­рып, дамы­туға үлкен сер­піліс береді.
  7. Басты мақ­сат – біз алдағы уақыт­тар­да дамы­ған инно­ва­ци­я­лық эко­но­ми­ка­сы бар, демо­кра­ти­я­лық, гума­ни­за­ци­я­лық қоға­мы бар өрке­ни­ет­ті ел болуы­мыз керек. Өзгер­мелі заман­да келе­шек тек Пре­зи­дент­тің де қолын­да емес, ол халы­қтың сапа­сы­на байланысты.

Осы түбе­гей­лі рефор­ма­лар­ды жаса­уға өте көп қара­жат, инве­сти­ция құю керек бола­ды. Өз мүм­кін­ді­гі­мізді баға­лау үшін, мем­ле­кеті­міз­ге 3 аудит жасау қажет. Бірін­ші – адам капи­та­лы­на, әле­уеті­міз­ге аудит, екін­ші – бүкіл өндіріс­ке, жал­пы негіз­гі қор­ларға, ресур­старға, инфрақұры­лым­дарға аудит, үшін­ші – финанс-банк жүй­есіне аудит. Біз осы үш аудит арқы­лы Қаза­қстан­ның бар­лық жер асты, жер үсті бай­лы­ғын баға­лап алған­нан соң, неге шама­мыз жететін­ді­гін біліп, көр­пе­міз­ге қарай көсілеміз.

Бар­лық заң­сыз иелен­ген мен­шік­тер­ді, іште­гі, сырт­тағы мил­ли­ард­таған қар­жы­лар­ды тәр­кілеу керек. Шетел­ге капи­тал шыға­ру­ды, эко­но­ми­ка­ны офшор­ла­уды тоқта­ту керек.

Шын­ды­ғын айт­сам, біз қазір жол айы­ры­ғын­да тұр­мыз. Не біз ноосфе­ра­лық өрке­ни­ет­ке қарай дами оты­рып, био­сфе­ра­лық сана-сезім­ді түбе­гей­лі өзгер­те­міз, жаңа сара жол таба­мыз, не біз­ге жер беті­нен жой­ы­лып кету қау­пі төнеді. Бірақ біз әлем­нің 6 импе­ри­я­сы­ның бірі – Түр­кі тегі­нен шыққан тегі мықты ел екені­мізді ескер­сек, бола­шағы­мыз жарқын болу керек.

Осы іс-шара­лар­ды халық аты­нан қадаға­лай­тын Пар­ла­мент­тен басқа, елі­міз­де «Жеті жарғы­дан» бастап қаны­мы­зға сің­ген «Билер кеңесі» құры­луы керек. Оның тең төраға­сы – бірі Пре­зи­дент, екін­шісі Қаза­қстанға қадір­лі тұлға, аза­мат бол­сын, заң­мен шегеленсін!

Құр­мет­пен, ҚР Пар­ла­мен­тінің 4 мәр­те депутаты,

ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері, ака­де­мик    Ора­за­лы СӘБДЕН                                                                                                                      

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн