Четверг , 4 сентября 2025

ЖАҢА ӨРКЕНИЕТТІҢ ҮШ ТҰҒЫРЫ НЕМЕСЕ ҰЛЫ ОЙШЫЛ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ

Сіз бар ғұмы­ры­ңы­зды қаза­қты ізгі­лен­діру­ге арна­ды­ңыз. Кіш­кен­тай­ы­ңы­здан Зере әжеңіздің тәр­би­есін, бер­тін келе киелі халқы­мы­здың орта­сын­да төл мәде­ни­етін көріп, әкеңіз Құнан­бай­дың күштілі­гін сезіп өстіңіз. Құнан­бай­дың қатал мінезінің арқа­сын­да ерте­рек би де, болыс та бол­ды­ңыз, жақ­сы­ны да, жаман­ды да көр­діңіз, төрелі­гін де айт­ты­ңыз. Жақ­сысы мен жама­ны көп ел ара­сы болған соң, Сіз­ге де олар­дың теріс ызға­ры мен таяғы тиді.

Сол кез­де­гі қаза­қтың көп жина­ла­тын, даму орда­сы­ның бірі болған­ды­қтан, Сіздің тағ­ды­ры­ңыз бала кез­ден Семей­мен бай­ла­ны­сты болып, оқу­ды, өнер­ді ерте баста­ды­ңыз. Миха­ил сияқты талай көзі ашық адам­дар­мен пікір­лесіп, кітап оқу­мен білім оздыр­ды­ңыз. Сіздің көрік­тілі­гіңіз, сезім­тал­ды­ғы­ңыз, махаб­ба­ты­ңы­здың да (Әйгерім) биік екенін көр­сет­ті. Сіздің ой ойлау жүй­еңіз­ге шабыт берді.

Жастай­ы­ңы­здан-ақ халық алдын­да абы­рой­ы­ңыз тез арт­ты. Сіз сол кез­де­гі қол­да бар мүм­кін­ді­гіңіз­ге қараған­да, ең атақты, абы­рой­лы, өзіңіз айтқан­дай, семіз бай­лар­дың қата­рын­да болып, әкеңіз Құнан­бай­дан асып, қаза­қтың мықты­сы­ның бірі, біре­гейі болып ғұмыр кешер едіңіз. Тарих­та Абай­дай өте білім­ді бай болған екен деген атақ та Сіз­ге жетер еді.

Жоқ, олай бол­ма­ды. Сіз тіп­ті басқа жол­ды таң­да­ды­ңыз. Әрине, ол күрес жолы еді. Ол қай­дан шықты деген сұраққа да өзіңіз жау­ап бересіз. Өзіңіз жазып кет­кен­дей, «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылы­мға көңіл бөл­сеңіз», – деп, Сіз еңбе­гіңіз­де ғылым сөзін 114 рет қолданыпсыз.

Енді кемел жасқа кел­геніңіз­де бәрін ойлап-толға­нып, өзіңіз­ге сұрақ қой­ып, жау­ап беріп, қолға қалам алға­ны­ңы­зды Қара сөзіңіз­де айта­сыз. Осы екі орта­да қан­ша ғұмыр кештіңіз, қазақ өмірі, қаза­қты, қоғам­дық қаты­на­стар­ды бүге-шігесіне дей­ін тал­да­ды­ңыз. Қаза­қтың бар бол­мысын әлем­мен салы­сты­рып, қаза­қтың мінін түзе­у­ге тыры­сты­ңыз, ұлт­ты өрге сүй­ре­ледіңіз. Осы жол­да Сіз рия­сыз еңбек етіп, бар күш-жігеріңізді сарп еттіңіз. Осы­ның бәрі поэ­зия түрін­де де, Қара сөзіңіз­де де, «Толық адам» ілі­мін­де де, аудар­ма­лар­да да, мораль фило­со­фи­яңы­зда да, тағы басқа өмір­лік, руха­ни құн­ды­лы­қта­ры­ңы­зда да толы­ққан­ды көрсетілген.

Енді Сіз­ге ақыл­да­су сұрағы мына­дай. Еге­мен­дік алға­лы, міне, аттай 35 жыл – жақ­сысы да, жама­ны да бол­ды, қара­лы Қаңтар­ды да көр­дік. Тал­дап жат­пай­ық, халық кемең­гер, бәрін көріп-біліп, сынап, жер­леп отыр. Ең маңы­здысы – Сіздің ғұмыр­лық мұра­ла­ры­ңы­зды бүгін­гі ұрпағы­ңыз қалай пай­да­ла­нып, іске асы­ра­ды екен?

Әрине, Сіз, біз­ге қазір­гі заман­да өз бақы­ты­мы­зға қалай жетудің тура жолын, оның әдістерін қолы­мы­зға тіке­лей ұстатқан жоқ­сыз. Сіздің даны­шпан­ды­ғы­ңыз, ақыл-ойы­ңы­здың тереңді­гі, өлең­деріңіздің өмір­шеңді­гі, көре­ген­ді­гі кей­ін­гі ұрпаққа әртүр­лі про­бле­ма­лар­ды шешу­ге, өз жолын табуға көмек­те­седі. Қалға­ны қазір­гі аза­мат­тар­дың еншісін­де, келе­шек­тің еркінде.

Енді қазір­гі аза­мат­тың бірі ретін­де өзі­ме кел­сем, сек­сен­нің сең­гіріне шыққан­да айтуға болар. Мен де, қысқа­ша айт­сам, біраз ғұмыр кештім. Он үш құр­сақ сүй­се де, ер бала­ла­ры тұрақта­маған Кен­же­гүл әжем­нің қолын­да өсіп, кіш­кен­тай­ым­нан тен­тек бала атан­дым. 13 жасқа дей­ін үлкен­ді-кішілі 15-тен астам дене жарақа­тын алып, бір­де бас жары­лып, бір­де Арыс өзенін­де ағып, бір­де қарын тілініп, Ары­стың ар жағын­дағы бала­лар сана­то­ри­я­сын­да жиі болған екен­мін. Кім­де бала­лық шақ бол­ма­ды дей­сіз. Бірақ аудан орта­лы­ғы­на көш­кен­де, ақы­мақтық қылып, орта мек­теп­ті бітір­ген­де, спорт­тың 17 түрі­нен не 1‑ші, не 2‑разряд иеленіп, тіп­ті шах­мат­тан рес­пуб­ли­ка­лық жары­сқа қаты­сқан жай­ым бар. Сөй­тіп еркін күре­стен 20 жаста КСРО спорт шебері, Қаза­қстан чем­пи­о­ны атандым.

Біздің өмір Сіздің өмір­ге қараған­да жеңіл­деу бол­ды. Қан­ша сына­сақ та, Совет­тер Одағын­да білім, ғылым күшті бол­ды. Соның арқа­сын­да ғылым кан­ди­да­ты, ғылым док­то­ры, про­фес­сор, оншақты Ғылым ака­де­ми­я­ла­ры­ның ака­де­ми­гі болып сай­лан­дым. Қазір­гі кез­де эко­но­ми­ка сала­сы­нан жалғыз ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері, 100 кітап және 1000-ға жуық мақа­ла­лар­дың авто­ры­мын. Мен де, Сіз айтқан­дай, осы жол­мен кет­сем – біраз абы­рой, атақ жетер еді. Ғалым ғой деп ешкім сына­мас та еді.

Бірақ шынайы өмір­де басқа­ша, әсіре­се еге­мен­дік алған­нан соң, қазақ халқын тоқы­ра­удан шыға­рып, жарқын бола­шаққа бастау – менің боры­шым деп есеп­теп, сол жолға, күрес­ке шықтым. Эко­но­мист ретін­де Сіздің руха­ни құн­ды­лы­қта­ры­ңыз бен енді орны­ға бастаған нары­қтық қаты­на­стың ара­сы­на өтпе­лі көпір салуға тыры­стым. Түсі­не­мін, бұған жыл­дар керек, 35 жыл бойы жай­лаған сыбай­лас жемқор­лы­қтан ары­лу, т.б.

Бұл жол­да білім, ғылым­ның жетіс­пе­ушілі­гі емес, мен қиын­ды­қты билік­тің сана­сы­ның төмен­ді­гі­нен көп көр­дім. Шын­дық, әділет­тік үшін Пре­зи­дент, Үкі­мет, әкім­шілік, әмір­шілік жүй­е­мен күре­су­ге тура кел­ді. Оның қай­сы­бірін айта берем, ақы­ры қара­лы Қаңтар оқиға­сы­на келіп тірелді.

Сол сәт­те де қарап отыр­май, бұл қиын­ды­қтан тез ара­да шыға­ру жол­да­рын айтып, Қ.-Ж.Тоқаевқа үш рет хат жібер­дім. Олар – тез ара­да Ұлт­тық құры­л­тай шақы­ру, ака­де­мик Қ.Сәтбаев бастап құрған ҰҒА-ны мем­ле­кет­тік етіп, өз тұғы­ры­на қай­та қон­ды­ру, мем­ле­кет­ті жаңа­ша бес­тік спи­раль­мен басқа­ру жоба­ла­ры. ҚР Пре­зи­ден­тінің қабыл­да­уын­да 1 сағат­тан астам бол­дым, ойла­рым­ды айт­тым, қиын­ды­қтан шығу жоба­ла­рын бер­дім. Пре­зи­дент жақ­сы қабыл­да­ды, тап­сыр­ма­лар да бер­ді. Бірақ өкіні­штісі – тап­сыр­ма алған мини­стр­лік­тер орын­дай­мыз деп ими­та­ция жасап, тап­сыр­ма­лар­ды нақты іске асыр­май келеді. Себебі біреу-ақ – олар бір орын­да тап­жыл­май оты­рған сол Назар­ба­ев жүй­есінің ескі кадр­ла­ры. Мәсе­ле осында.

Енді мен де күре­стен шар­ша­сам да, мой­ы­май, Сіз­ге ұқсап, қолға қалам алып, халқым­ның мына­дай қиын­ды­қтан шығар сара жолын жазып та, айтып та жүр­мін. Осы жол­да Пре­зи­дент­ке, Үкі­мет­ке 50-ден астам ұсы­ныс, жоба­лар жіберіппін.

Сіз­бен ақыл­да­са оты­рып, енді не істеу керек деген сұраққа ұсы­ны­сым­ның тоқе­терін жазай­ын. Мен маман ретін­де эво­лю­ци­я­лық жол­ды айтар бол­сам, Қаза­қстанға бір-ақ идео­ло­гия қажет, оның аты – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГУМАНИСТІК ИДЕОЛОГИЯСЫ!

1.Әлем астан-кестен, ертең не бола­ры бел­гісіз. Бірақ әлем­нің дамуы Шығы­сқа, Ази­яға ауы­су­да. Олар – Қытай, Индия, Син­га­пур, Малай­зия, Оңтүстік Корея, Жапо­ния, т.б.

Баты­стың, АҚШ-пен қоса, дамы­ған елдері бол­са, мате­ри­а­ли­стік жолға түсіп, тек баю, пай­да, капи­тал жаса­у­мен әлек болып, енді тіп­ті жап­пай қару­ла­ну­да, соғы­сты қам­та­ма­сыз ету­де. Мұның соңы жақ­сы­лы­ққа алып бар­май­ды. Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның да құзы­ры жет­пей, оның өзі де, инсти­тут­та­ры да үлкен өзгерістер­ге ұшы­ра­уы мүм­кін. Қысқа­ша айт­сам, бүкіл әлем­де тұрақты­лық жоқ, соғыс оты шар­пып тұр. Ал тұрақты­лық жоқ жер­де бере­ке де, бәрі де кетеді.

Қытай эко­но­ми­ка­сы қазір әлем­де 2‑орында, алда АҚШ-ты басып озып, 1‑орынға шық­пақ­шы. Бұл Қытай фено­менінің себебі неде? Менің ойым­ша, мәсе­ле идео­ло­ги­яда. Қытай Лао-Цзы, Кон­фу­ций­дың Шығыс фило­со­фи­я­сы ілі­мі­мен жүріп келеді және тәр­тіп қатаң, тіп­ті ату жаза­сын қол­да­нуға дей­ін бара­ды. Қазір­ше Қытай­дың бұл идео­ло­ги­я­сы өз жемісін беру­де. Алда әле­умет­тік мәсе­ле­лер бой­ын­ша транс­фор­ма­ци­я­ны қажет етуі мүмкін.

Сон­да Қаза­қстан кім­нің соңы­нан, қай жол­мен жүруі керек? Менің ойым­ша, біз­ге ешкім­нің жолы керек емес, біздің өз сара жолы­мыз болуы тиіс. Ол жол – осы өрке­ни­ет­те­гі капи­та­лиз­мнің де, соци­а­лиз­мнің де тиім­ді жер­лерін алып, бірін­ші кезек­те ежел­ден келе жатқан 5000 жыл­дық Түр­кі тарихын, ата-баба­ла­ры­мы­здың руха­ни, мәде­ни-тари­хи құн­ды­лы­қта­рын жер бетіне көтеріп, адам әле­уетіне күш салып, «Жал­пы­ха­лы­қтық бір­тұ­тас гума­ни­стік идео­ло­гия» жасап, рух­ты көте­ру – ең басты мақ­сат болуы керек. Қазір бар күшті осы­ған салу қажет. Ол қоғам­дық және өндірістік қаты­на­стар­ды, адам құқы­ғын, әділет­тілік­ті, келісім­ділік­ті, мега­ди­пло­ма­ти­я­ны, Шығыс фило­со­фи­я­сын, Батыс демо­кра­ти­я­сын, ізгілік тәр­би­есін қам­ти­тын ұлағат­ты сая­сат­ты қажет етеді.

Еге­мен ел болға­лы 35 жыл өтті, бұры­нғы мем­ле­кет­ті басқа­ру жүй­есі авто­кра­ти­я­лық, сыбай­лас жемқор­лық жүйе бол­ды. Баты­стың идео­ло­ги­я­сы­мен жүріп, руха­ни құн­ды­лы­қта­ры­мыз арт­та қал­ды. Енді ұлт­тық рұх­ты көте­ру үшін салт-дәстүрі­мізді өркен­детіп, жері­мізді игеріп, діні­мізді сақтап, тілі­мізді дамы­туға, кем деген­де 90%-ға дей­ін иге­ру­ге тиіспіз.

Кей­ін­гі жыл­да­ры ғана кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер баста­лып, біраз істер атқа­рыл­ды. Бір сөз­бен айт­сақ, болар іс бол­ды, боя­уы сіңді. Оған ең бірін­ші кінәлі – сол кез­де­гі билік, жүйе, келеңсіздік­тер­ді ауы­зды­қтай алмаған өзі­міз, екін­ші – өз пай­да­сы үшін «көмек­тес­кен» шетелдіктер.

Қазір біз­ге ұлт­тық идео­ло­гия ауа­дай қажет, енді бұл про­бле­ма­ны кешік­тір­ген сай­ын уақыт­тан ұтыламыз.

Нақты не істеу керек деген сұраққа жау­а­бым: менің ойым­ша, ең үлкен стра­те­ги­я­лық мақ­сат – Қаза­стан­да нары­қтық соци­а­лизм құру керек. Сон­дай-ақ біз енді мәде­ни рево­лю­ция арқы­лы өз сара жолы­мы­зды жасап алуы­мыз қажет. Оның түп-тамы­ры ұлт­тық идео­ло­ги­яда жатыр. Қазір­гі жаһан­да­ну зама­нын­дағы әлем­дік өзгерістер­ді еске­ре оты­рып, үш тұғыр­лы даму кон­цеп­ту­ал­ды иде­я­сын алға тартпақшымын.

 Қаза­қстан­ның тұрақты дамуы – тең үшбұры­штың үш қабы­рға­сы сияқты: бірін­ші – руха­ни құн­ды­лы­қтар­ды жаңғыр­ту, екін­ші –тех­но­ло­ги­я­лық сер­піліс және үшін­ші – олар­ды қам­та­ма­сыз ететін қауіп­сіздік мәсе­лесі­нен тұрады.

Қаза­қстан бұл үшбұрыш арқы­лы даму­дың тепе-теңді­гін сақтап, оның логи­ка­сын бақы­ла­у­ға бола­ды. Бұлар үш тұғыр (руха­ни­ят, тех­но­ло­гия, қауіп­сіздік) Қаза­қстан­ның база­лық даму эле­мент­тері болып есеп­те­леді. Сай­ып кел­ген­де, бұл гума­ни­тар­лық идео­ло­ги­ядан шығады.

Үш тұғыр­лы даму идеясы

Бірін­ші, руха­ни­ят тура­лы айт­сақ, адам­гер­шілік, руха­ни-мәде­ни, тари­хи құн­ды­лы­қтар, өмір сал­ты, салт-дәстүр­лер­ді сақта­уға бағыт­талған үрдістер­ді «Мем­ле­кет­тік гума­ни­тар­лық идео­ло­ги­я­ны» жаса­удан бастау керек. Өткен көп­жыл­дық «ыңғай­лы өмір» сүруді қазір­гі өмір­мен салы­сты­ра кел­ген­де, жаңа өрке­ни­ет­ке, жаңа мәде­ни­ет­ке шыдам­ды­лық пен зай­ыр­лы плюрализм.

Руха­ни­ят­ты жаңғыр­ту мен қоғам­ды ізгі­лен­дірудің негіз­гі құра­у­шы­ла­ры мына­лар: өткен­нің, қазір­гі мен бола­шақтың тарихы; пси­хо­ло­ги­я­ны өзгер­ту; адам­ның жаңа­ша ойлау қабілетін арт­ты­ру; руха­ни-мораль­дық құн­ды­лы­қтар­ды қалып­та­сты­ру; кре­а­тив­ті адам капи­та­лы­ның дамуы бары­сын­да халық саны­ның өсуі, қоғам­ның үйлесім­ді дамуы. Себебі эко­но­ми­ка­ны да, сая­сат­ты да, тех­но­ло­ги­я­ны да жасай­тын адам.

Осы­лар­ды мұқи­ят еске­ре оты­рып, Қаза­қстан­ның аза­мат­тық дамуы­ның жаңа идео­ло­ги­я­лық док­три­на­сын қабыл­дай­тын уақыт жет­ті. Біз қоғам­дық дамуға руха­ни сер­піліс, гума­ни­стік пәр­мен беру арқы­лы пост­ин­ду­стри­ал­ды өрке­ни­ет­тің пара­диг­ма­сын жасай ала­мыз. «Қаза­қстан­ның ұлт­тық гума­ни­стік идео­ло­ги­я­сы­ның» негіз­гі құрылымы:

– Ұлт­тық мүд­де – Тәу­ел­сізді­гі­мізді нығайту;

– Қоғам­ды ізгі­лен­ді­ру – ұлт­тық руха­ни, мәде­ни құн­ды­лы­қтар­ды жаңғырту;

– Жал­пы­ұлт­тық демо­кра­ти­я­лық қоғам құру.

Екін­ші, тех­но­ло­ги­я­лық дамуға кел­сек, қазір дамы­ған мем­ле­кет­тер жаңа VI-тех­но­ло­ги­я­лық уклад­ты (ТУ) тез иге­ру­де. Олар: био- және нано­тех­но­ло­гия, ген­дік инже­не­рия, ақпа­рат­тық тех­но­ло­гия, цифр­лан­ды­ру, жасан­ды интел­лект, робот­тан­ды­ру, кос­мо­стық тех­но­ло­гия, т.б. Жақын ара­да осы­ның арқа­сын­да әлем­де жаңа VI тех­но­ло­ги­я­лық уклад (ТУ), ғылы­ми-тех­ни­ка­лық про­гресс қат­ты дами­тын бола­ды. ҚР Пре­зи­ден­ті Қ.-Ж.Тоқаев Көк­ше­та­удағы Ұлт­тық құры­л­тай­да цифр­лан­ды­ру, жасан­ды интел­лект мәсе­ле­лерін өз құзы­рын­да ұстай­ты­нын мәлімдеді.

Үшін­ші, қауіп­сіздік мәсе­лесі – әлем­де тыны­шты­қты сақта­удың кепілі. Себебі ғалам­дық қауіп, дағ­да­ры­стар, апат­тар мен т.б. қауіп-қатер­лер­ді еске­ретін жүйе жасақтау арқы­лы қауіп­сіздік қам­та­ма­сыз етіледі. Қауіп­сіздік мәсе­лесіне бай­ла­ны­сты эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік, эко­ло­ги­я­лық, демо­гра­фи­я­лық, ғылы­ми-тех­ни­ка­лық, ақпа­рат­тық, азық-түлік, энер­ге­ти­ка­лық, ғары­штық, био­тех­но­ло­ги­я­лық (био­мик­роб­тар, нано­бот­тар, робот­тар), т.б. қауіп­сіздік­тер­ді бір­тұ­тас етіп қарап, олар­ды пай­да­ла­ну кри­те­рий­лерін және шек­те­улі көр­сет­кі­ш­терін жасау керек.

Біз бұлар­дың көп­шілі­гін жаса­дық. Мыса­лы, өндіріс сала­сын сипаттай­тын көр­сет­кі­ш­тер мен олар­дың шек­те­улі мән­дері келесілер: өнер­кәсіп өндірісін­де­гі өңдеу өнер­кәсібінің үлесі – 70%, ал маши­на жасау – 25%, негіз­гі капи­талға салы­нған инве­сти­ция көле­мі ЖІӨ-нің 25%-ы, негіз­гі қор­дың тозуы – 40%, өңдеу өнер­кәсібінің экс­порт­тағы үлесі – 40% болу керек. Осын­дай шек­те­улі кри­те­рий­лер 13 түр­лі қауіп­сіздік­тің бәріне жаса­лып, пай­да­ла­ны­луы керек. Бұл өте ауқым­ды жетістік болар еді.

Бұл жер­де Пре­зи­дент­тің әлем­дік дең­гей­де­гі дипло­ма­ти­я­сын пай­да­ла­ну керек. Әлем­де болып жатқан кей­ін­гі нәу­бет­тер­дің бәрін еске­ре оты­рып, жаһан­да­ну жағ­дай­ын­да «Мем­ле­кеті­міздің қауіп­сізді­гі тура­лы жаңа кон­цеп­ция, жаңа Қауіп­сіздік кодексін» қабыл­да­уы­мыз керек (2012 ж. «ҚР Ұлт­тық қауіп­сіздік тура­лы» заң­ның орнына).

Жаһан­дық жүй­е­мен билік ететін дәуір бастал­ды. Пре­зи­дент осы­ның алдын ала Көк­ше­та­удағы құры­л­тай­да цифр­лан­ды­ру, жасан­ды интел­лект про­бле­ма­ла­рын өзінің жеке құзы­рын­да ұстай­ты­нын арнайы ескертті.

Жал­пы, Қаза­қстан халқы осын­дай бір­тұ­тас идео­ло­ги­я­ның асты­на бірі­гіп, бір стра­те­ги­я­лық мақ­сат қой­ып, бар­лық әле­уетін, күш-жігерін соны өмір­де іске асы­руға жұм­са­са, алға қой­ған арманға жету­ге әбден болады.

Үш тұғыр­лы модель­ді Әділет­ті Қаза­қстан дамуы­ның негіз­гі фак­то­ры ретін­де пай­да­ла­нып, елі­міздің ХХІ ғасыр­дағы ұзақ жыл­дарға арналған стра­те­ги­я­сын жаса­уға болады.

Гума­ни­тар­лық, ноосфе­ра­лық өрке­ни­ет жасау – жер бетін­де­гі бүкіл адам­заттың басты мақ­са­ты болуы тиіс. Әр мем­ле­кет осы жол­да батыл қадам­дар жаса­уы керек деп есептеймін.

Ора­за­лы СӘБДЕН, ака­де­мик, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері

Республиканский еженедельник онлайн