Суббота , 5 июля 2025

Жаһанда болмаған «ЖАҢАЛЫҚТАР»

Маған, мен сияқты мил­ли­он­дарға қарап қалған не бар: «келесі пре­зи­дент Тоқа­ев бола­ды» дей берелік. Өйт­кені Нұре­кең оның үшін «ҚДТ» (ДВК) қозға­лы­сын бастаған «кин­дер-сюр­пр­и­з­дер­ді» қыр асы­рып қуып тастаған «еңбе­гін» ұмыт­па­сы сөз­сіз. Келер сай­ла­у­ға да иек арт­пай-ақ қоя­лық. Бұй­ы­рған тәу­ел­сізді­гі­міздің алға­шқы жылы­нан бері­де біз­де демо­кра­тия шір­кін тұман басқан әуе­жай­ға қона алмай, айна­ла ұшып жүр­ген ұшақтың кейпінде. 

Ал Қас­кеңнің «ұмы­тыл­мас еңбе­гі» сыр­тқы істер мини­стрі­міз кезін­де де аз бол­маған-ды. Бір ғана мысал кел­тірей­ін. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ды Араб әле­міне, Араб әле­мін Қаза­қстанға таны­тқан Болатхан Тай­жан «Сол­ДАТ» гәзетіне бер­ген сұх­ба­тын­да (ақпан, 2003ж.) ұлт­тың ұлда­ры тура­лы пікірін­де былай деген: «… Өзім­нің төл меке­мем – Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гін басқарған, басқа­рып жүр­ген адам­дар, өкініш­ке қарай, ұлт­тық сезім­нен жұр­дай. Бұры­нғы Ыды­ры­со­вты алсаңыз да, кей­ін­гі Тоқа­ев­ты алсаңыз да, бұлар­да қаза­қы ұлт­тық сезім жоқ. Ол, әрине, олар­дың жеке бас про­бле­ма­ла­ры. Бірақ ондай сезім­ді мини­стр­лік­тің маңы­на жолатқы­ла­ры кел­мей­ді. Жанға осы бата­ды. Оның үстіне, мини­стр­лік­тің ішін­де қазақ тілі кәдім­гі­дей қуда­ла­уда жүр. Қаза­қ­ша ешкім сөй­ле­мей­ді. Мен осы­ны айт­тым да, жаз­дым да. Тіп­ті, сырт жер­де жүріп, пре­зи­дент­ке де осын­дай пікірім­ді жет­кізіп тұр­дым. Әрине, менің ол «пысы­қты­ғым» ешқай­сысы­на ұнаған жоқ. Содан жұмыс­сыз қалдым».

Болатхан­мен аға-іні­дей сыр­лас едік. Құдай арнап жаратқан­дай, ерекше даңғай­ыр дипло­мат бол­ды. Ал оның жұмыс­сыз қалған себебі: тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның шет елдер­де­гі елшілік­тер қыз­мет­терін­де «өзі жақ­сы мен көзі жақ­сы­лар» жүр­генін, олар­дың көбі әрі іске қыры жоқтар, әрі өзінің Ана тілін біл­мей­тін­дер екеніне, елшілік­тер­де іс қағаз­да­ры тек орыс тілін­де жүр­гізілетініне күй­ініп, министр Тоқа­евқа ашық айтқан екен, ал ол қолын сіл­тей салып­ты. «Басым­ды ауырт­па!» дегені. Одан түңіл­ген Болатхан ойын Назар­ба­евқа айтқан екен, ол «ақыл­да­сып көрей­ік» деп­ті. «Ақыл­да­су­дың» ақы­ры Болатханды Араб елдерін­де­гі Елші мін­деті­нен боса­тып, дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет­тен шет­те­ту­мен тын­ды. Бар жазы­ғы – мем­ле­кет­тік тілі­міздің беделін сақта­уды, құнын түсір­ме­уді көз­де­гені. Қаза­қстан­ның маң­дай­ал­ды дипло­ма­ты, соны­мен, маң­дай­ы­мы­зға сый­май кетті. 

Енді Қ‑Ж.Тоқаев мыр­за­ның пре­зи­дент­тік қада­мын неден бастаға­нын бүгін­де бар­ша жұрт біледі. Аста­на атын «Нұр-Сұл­тан» деп өзгерт­ті, Н.Назарбаевқа «Қаза­қстан­ның халық қаһар­ма­ны» атағын бер­ді. Облы­стар­дың орта­лы­қта­рын­дағы бас көше­лер­ді «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев көше­сі» деп ата­уды бұй­ыр­ды. Егер жаң­сақ есті­ме­сем, «Қаза­қстан­ның тұңғыш пре­зи­ден­ті – Елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың кең­сесі» болуы­на пәр­мен бер­ді. Осы рет­те­гі бір сұрақ: әлбет­те, қай елде бол­сын пре­зи­дент – Елба­сы, ал біз­де пре­зи­дент­тің де, дара Елба­сы­ның да болға­ны қалай? Яғни: билік­тің діз­гіні Тоқа­ев­тың, ал шыл­бы­ры Назар­ба­ев­тың қолын­да. «Бәре­кел­ді!». Жаһан­да бол­маған, бол­май­тын да «жаңа­лы­қтар».

Сон­да бұл «жаңа­лық» Н.Назарбаевтың қан­дай еңбе­гі үшін жасал­ды? Тәу­ел­сіздік алып бер­ді ме? КСРО ыды­раған­да тегін тәу­ел­сіздік­ті ең соңғы болып алдық. Назар­ба­ев­тың «Ком­со­моль­ская прав­да» газетінің тіл­шісі­мен сұх­ба­тын­да: «Тәу­ел­сіздік­ті бәрі алған соң, біз де алдық», – дегені бар. Егер қате­ле­с­пе­сем, Мәс­кеу мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетін­де болған кез­де­су­де: «Құр­мет­ті мәс­ке­улік­тер, менің Совет Одағын сақтап қалу үшін соңғы патро­ным қалған­ша соғы­сқа­ным­ды өздеріңіз жақ­сы білесіз­дер», – дегені және бар.

Әлде, ол қаза­қтың тұңғыш мем­ле­кетін құрып, шека­ра­сын бел­гілеп, бекітіп бер­ді ме? Жоқ! Қазақ мем­ле­кетінің негізі – қазақ ханды­ғы, ал ханды­ғы­мы­здың тұңғыш шаңы­рағы көтеріл­геніне 1000 жыл­дан асқа­ны тарихы­мы­зда жазу­лы. Күні кеше Совет Одағы­ның құра­мын­да 73 жыл жеке мем­ле­кет бол­дық, шека­ра­мы­зды ары­ста­ры­мы­здың айтып, сызып беруі бой­ын­ша В.Ленин бекітіп, қол қойған.

«Нұре­кеңнің нұр­лы жолы­ның» екін­ші бекеті – ауыл­ды «рефор­ма­лау». «Жеке­ше­лен­дірудің» жел­кенін суды­раған жел­сөз керіп, ауыл­дың малы да, шару­а­шы­лық тех­ни­ка­сы да қал­та­лы­лар­дың бөлісіне түсті. Соның сал­да­ры­нан, бірін­ші­ден, ауыл­ды жұмыс­сыздық жай­ла­ды. Екін­ші­ден, жаста­ры тір­лік етудің қамы­м­ен «екі қолға – бір жұмыс» іздеп, қала­лар­ды кезіп кет­ті. Үшін­ші­ден, ұжым­шар-кең­шар­лар­дағы 33 мил­ли­он қой санын алдағы бес жыл­да 50 мил­ли­онға жет­кі­зу жос­па­ры­мыз ғай­ып бол­ды, ал сол 33 мил­ли­он қой­дың қан­ша­сы қал­ды және қай­да, кім­дер­дің қорас­ын­да? Төр­тін­ші­ден, ресми ақпа­рат­тың айтуын­ша, қазір­де 300 шама­лы ауыл-село ауыз­суға зар болып отыр. Емха­на, ауру­ха­на, жылу, теле­фон бай­ла­ны­сы – өз алды­на қиын мәсе­ле. Бесін­ші­ден, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі­міз көк­тем­гі егіс, шөп шабу, егін ору қар­саңын­да жеке­мен­шік­те­гі жанар-жағар май ата­улы­ны арза­ны­раққа алу үшін олар­дың иелеріне жыл­да «құда түсіп» әлек.

Қаза­қтың азық-түлік қой­ма­сы ғана емес, алтын бесі­гі болған ауыл, міне, осын­дай хал­де десек, өнер­кәсібі­міз де «өркен­деп» кетті.

«Нұре­кеңнің нұр­лы жолы­ның» басқа бекет­терін тіз­бе­ле­мей, кей­біре­уіне көз жібер­сек: Рахат Әли­ев­тің «кон­церт­терін», «Қаза­қ­гейт­тің» шаңын, Әке­жан Қажы­гел­дин­ге, Ғалым­жан Жақи­я­нов пен Мұх­тар Әбілә­зев­ке және басқа аза­мат­та­ры­мы­зға болған сот про­це­стерін көре­міз. Заман­бек Нұрқа­ділев пен Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның, Асхад Шәрі­п­жа­но­втың… тағ­дыр­ла­ры, Шаңы­рақ «шай­қа­сы», Жаңаө­зен­нің жан түр­шік­тір­ген айқайы… соны­мен қап­тал­да­сты­ра: «Елба­сы­на» – «Ұлт жетек­шісіне» көзі тірі­де қой­ы­лып жатқан ескерт­кі­ш­тер, аты беріліп жатқан парк, уни­вер­си­тет, инсти­тут, мек­теп, даңғыл, көше… Қала­ла­ры­мы­здың көше­лерін­де, кең­се ата­улы­да порт­реті ілулі. Қадаға­ла­у­шы­лар­дың есебін­ше, 16 айда бір кіта­бы шығып, халы­қа­ра­лық тіл­дер­ге дереу ауда­ры­лып жатыр. 

«Нұр-Сұл­тан» қала алты­н­мен апта­лып. Күміспен көм­керіліп, «халы­қа­ра­лық күр­делі мәсе­ле­лер­дің шеші­мін таба­тын», «эко­но­ми­ка­лық, діни орта­лы­ққа айна­ла­тын», «сұлулы­ғы бүкіл әлем­ді таң­дан­та­тын» бас қала болар, біз­ге – қары­зға бел­ше­сі­нен батқан, Қытай мен Ресей­ге жал­тақтап қарап оты­рған қаза­қстан­ды­қтарға «одан артық не керек»?! Біз өзі­міздің екі шар­тыр­лы пар­ла­мен­ті­міз сияқты ерекше әдеп­ті­міз: пре­зи­ден­ті­міз не айт­са да, түп-түгел қол көтеріп, құп­тай қоямыз.

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн