Понедельник , 30 июня 2025

«Жезөкшеге» ЖЕЗ БЕРШІ?

 
Жезқазғанның жезі бітті, жеп тындық,
Жеміттердің бетін майлап, сепкіл ғып. 
Ким жегенді кім жемеді – жей берсін, 
Солар тойсын деп тұрдық! 
 
Қара белі қайыспаса обалдан, 
Енді маған не істе дейсің, о, жалған?! 
Сары мысқа лықа тойған Ким көкем, 
Иттің етін жек көретін боп алған! 
 
Жезтасқыны қайда кетті Жездінің? 
Жезкиігі қайда кетті Жездінің? 
«Енді жейтін нең бар, ей?!» деп келімсек, 
Қара тасқа қайрап жатыр кездігін! 
 
Кешірейін соның барлық ағатын, 
Кешірейін мұрсат берсе тағатым. 
Өтінішім, бір-ақ мысқал жез берші, 
Елді сатқан сайқалдың 
Өкшесіне тағатын... 

Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ

Мadeniportal.kz

Билікте жүрген «СОҢҒЫ НАЙМАН» қызметінен кетті

  • Сау­ат Мың­ба­ев­тың «Қаза­қстан темір жолы» ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­дент­ті­гі қыз­меті­нен кет­кені рас болып шықты. Ол Гер­ма­ни­яда емде­лу­де, деп жаза­ды Mail.kz порталы. 

Өз оқыр­ма­ны­на сіл­те­ме жасаған басы­лым­ның дере­гін­ше, Сау­ат Мың­ба­ев омыр­тқа­сы­нан алған ауыр жарақат­тың сал­да­ры­нан қыз­мет­тен кету­ге арыз жазуға мәж­бүр болған.

Ол биы­лғы қаңтар айын­да тау шаңғы­сы­мен айна­лы­сып жүр­ген кез­де жарақат алып, шұғыл түр­де Гер­ма­ни­я­ның атақты «Шари­те» ауру­ха­на­сы­на жет­кізіл­ген еді. Екі айдан астам уақыт өтсе де, С.Мыңбаев алған жарақа­ты­нан әлі айы­ға қой­мап­ты. «Оның жарақа­ты тым ауыр болған­ды­қтан, әлі қозға­ла алмай­ды. Жағ­дайы мүш­кіл. Сол себеп­ті қыз­мет­тен кету­ге арыз жазуға мәж­бүр бол­ды» деп жаза­ды пор­тал өз оқыр­ма­ны­ның ақпа­ра­ты­на сіл­те­ме жасап.

Әр жыл­да­ры түр­лі лау­а­зым­ды қыз­мет­тер атқарған, қар­жы вице-мини­стрі, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі, вице-пре­мьер, Инду­стрия және сауда мини­стрі, Энер­ге­ти­ка және мине­рал­ды ресур­стар мини­стрі, Мұнай және газ мини­стрі, «Қаз­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сы­ның басқар­ма төраға­сы болған Сау­ат Мың­ба­ев билік­те­гі жоға­ры лау­а­зым­ды қыз­мет­те жүр­ген Най­ман руы­ның соңғы өкілі еді. Негізі­нен Шапы­ра­шты руы жай­лаған билік иерар­хи­я­сын­да елде­гі жеті қаза­қтың бірі сана­ла­тын бұл рудан бүгін­де ешқан­дай өкіл қалмады.

«Тұрақты оқыр­ма­ны­мы­здың айтуын­ша, Үкі­мет бас­шы­сы Асқар Мамин Мың­ба­ев­тың орны­на лай­ы­қты кан­ди­дат іздеп, басы қатып жатыр» деп жаз­ды апта басын­да Mail.kz.

ДАТ-ақпа­рат

 

 Макс пен Талғат ТОҚАЕВТЫ неге сотқа берді?

  • Аты­ра­улық бел­сен­ділер Макс Боқа­ев пен Талғат Аян сай­лау тура­лы заң­на­маға енгізілген түзе­ту­лер­ді алып таста­уды талап етіп, пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев, пар­ла­мент­тің қос пала­та­сы­ның төраға­ла­ры үсті­нен сотқа шағым түсір­ді. Бел­сен­ділер­дің пікірін­ше, бұл түзе­ту­лер «пар­ти­яға кір­ме­ген аза­мат­тар­дың мәс­ли­хатқа сай­ла­ну құқы­ғын шек­тей­ді».

Боқа­ев пен Аян аза­мат­тар­дың мәс­ли­хат депу­тат­та­ры­на өзін ұсы­нуы­на тый­ым сала­тын 2018 жылы заң­на­маға енген өзгерістер Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы деп есеп­тей­ді. Олар­дың айтуын­ша, Ата заң­да қаза­қстан­ды­қтар­дың мем­ле­кет­ті басқа­ру ісіне қаты­су құқы­ғы­на кепіл­дік беріл­ген және аталған өзгеріс аза­мат­тар­дың жер­гілік­ті өкіл­дік­теріне сай­ла­ну құқы­ғын бұза­ды. Бұл тура­лы Талғат Аян Facebook-тағы парақ­ша­сын­да жаз­ды.

Бұл өзгерістер қабыл­данған­нан кей­ін өткен алға­шқы мәс­ли­хат сай­ла­у­ын­да (2021 жыл­дың 10 қаңта­ры) сай­ла­у­шы­лар кан­ди­дат­тарға емес, сая­си пар­ти­я­лар үшін дауыс бер­ді. Бюл­ле­тень­де бес пар­тия көр­сетіл­ді, ара­сын­да бір­де-бір оппо­зи­ци­я­лық пар­тия бол­ма­ды. Мәс­ли­хат­тағы орын­дар­дың басым бөлі­гін бұры­нғы пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «Нұр Отан» пар­ти­я­сы иелен­ді. Қаза­қстан билі­гі сай­ла­удың «әділ» өткенін айт­ты. Ал батыс бақы­ла­у­шы­ла­ры сай­лау «бәсе­ке­ге сай өтпе­ді» деп мәлімдеді.

Бел­сен­ділер «мәс­ли­хат­тар көшені жары­қтан­ды­ру, ауа­ның ласта­нуы, жол салу мәсе­лесі сияқты аймақтағы мәсе­ле­лер­ді шешуі тиіс», ал пар­ти­я­лық тізім­мен сай­ланған­дар­дың «көп­шілік­тің мүд­десіне бас қаты­руы екіта­лай» деп санайды.

Azattyq.org

Коронавирустың «АЛМАТЫЛЫҚ» түрі пайда болды?

  • Қаза­қстан­да коро­на­ви­ру­стың «алма­ты­лық» штам­мы пай­да болуы мүм­кін. Оған әзір­ге «алма­ты­лық» деген уақыт­ша атау беріл­ген деп хабар­лай­ды «Хабар 24».

Коро­на­ви­ру­стың жаңа штам­мы (түрі) тура­лы Қазақ ұлт­тық аграр­лық уни­вер­си­тетіне қарас­ты Халы­қа­ра­лық вак­ци­но­ло­гия орта­лы­ғы­ның маман­да­ры хабар­лаған. 18–25 наурыз ара­лы­ғын­да ғалым­дар Қаза­қстан­да бри­та­ни­я­лық және оңтүстік-афри­ка­лық штамм­дар­ды аны­қтау бой­ын­ша зерт­те­улер жүр­гіз­ген. Соған бай­ла­ны­сты коро­на­ви­ру­стың 12 үлгісі сани­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық сарап­та­ма­дан вак­ци­но­ло­ги­я­лық орта­лы­ққа беріл­ген. Виру­со­лог­тар аталған екі штамм Қаза­қстан­да пай­да бол­ды деп есеп­те­ген­дік­тен, бұл үлгілер мұқи­ят зерттелген.

«Олар­да (сани­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық сарап­та­ма жүр­гіз­ген маман­дар – Ред.) ДДСҰ-нан алған арнайы жиын­ты­қтар бар. Олар үш штам­мға тән ерекше мута­ци­я­ны аны­қта­ды. Бірақ нақты қай­сысы­на жата­ты­нын аны­қтай алма­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты үлгілер біз­ге беріл­ді», – дей­ді Халы­қа­ра­лық вак­ци­но­ло­гия орта­лы­ғы­ның жетек­шісі Қай­сар Табынов.

Коро­на­ви­ру­стың бұл штамм­да­рын аны­қтау үшін қаза­қстан­дық ғалым­дар бір апта­дай уақыт жұм­саған. Алы­нған үлгілер­дің бірі зерт­теу бары­сын­да бри­та­ни­я­лық штамм екені аны­қталған. Себебі сәй­кест­ік 100 пай­ыз. Деген­мен, оңтүстік-афри­ка­лық штамм­ның мута­ци­яға ұшы­раға­ны бел­гілі болып отыр. Соны­мен қатар ухандық штамм­нан да мута­ция аны­қталған. Бұл мута­ци­яға әзір­ге «алма­ты­лық» деген атау берілген.

«Біз әлі бұл мута­ция тура­лы айта алмай­мыз. Әзір­ге басқа изо­лят­тар зерт­тел­ме­ген. Сон­ды­қтан иә, бұл бекітіл­ген мута­ция деп айтуға бол­май­ды», – дей­ді мик­ро­био­лог Вита­лий Строч­ков. Оның сөзін­ше, мута­ци­я­ның бұл түрін түп­кілік­ті зерт­теу үшін, елдің әр өңірі­нен алы­нған кем деген­де 10 үлгіні зерт­теу керек. «Әзір­ге бұл виру­стар­дың біздің Қаза­қстан­да қан­ша­лы­қты кең таралға­нын біл­мей­міз. Бұл үлгілер тек Алма­ты қала­сы­нан алы­нған. Бірақ толы­ққан­ды ақпа­ратқа қол жет­кі­зу үшін, ауқым­ды, егжей-тег­жей­лі зерт­те­улер жүр­гі­зу қажет», – дей­ді Қай­сар Табынов.

 Кaz.nur.kz

 

 

Елде бензин НЕГЕ қымбаттады?

  • Ғалым Смағұлұлы­ның карикатурасы.

Қаза­қстан­да тағы да бен­зин қым­бат­та­ды. 30 науры­зда Бәсе­кені қорғау және дамы­ту агент­ті­гі таратқан мәлі­мет­те науры­здың басын­дағы жағ­дай­мен салы­сты­рған­да бен­зин құны­ның 2–10 тең­ге­ге өскені көрсетілген.

Деген­мен, кей­бір аймақтағы жүр­гі­зу­шілер бен­зин құны­ның кесте­де көр­сетіл­ген мәлі­мет­тен әлдеқай­да жоға­ры екенін айтып отыр. Мыса­лы, 30 науры­зда Шым­кент­те 92 мар­ка­лы бен­зин – 160 тең­ге, 96 мар­ка­лы­сы – 178 тең­ге, дизель­дің лит­рі 170 тең­ге­ден саты­лып жат­ты. «Азатты­ққа» сұх­бат бер­ген жүр­гі­зу­шілер жанар-жағар­май­дың қым­бат­та­уы халы­қтың қал­та­сы­на сал­мақ түсіріп жатқа­нын айтып шағымданды.

Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гі сей­сен­бі күні таратқан хабар­ла­ма­сын­да ішкі нары­қтағы мұнай өнім­дерінің баға­сын мем­ле­кет рет­те­мей­ді, баға сұра­ныс пен ұсы­ныс негізін­де айқын­да­ла­ды деп жазған.

«Баға бел­гілеу кезін­де есеп­ке алы­на­тын негіз­гі фак­тор­лар – Қаза­қстан­дағы мұнай құны (ішкі баға­лар), про­цес­синг (мұнай өңдеу қыз­меті), салы­қтар мен акц­и­з­дер, зерт­ха­на­лық сынақтар мен қос­па­лар бой­ын­ша шығын­дар, банк қары­зда­ры­на қыз­мет көр­се­ту, цистер­на­лар­ды беру-жинау, тау­ар­ды тасы­мал­дау және басқа да іле­с­пе шығын­дар. Бұл рет­те мұнай­дың құнын айқын­дау кезін­де мұнай өні­мінің әрбір түрінің үлес сал­мағы есеп­ке алы­на­ды, ол оның нары­қтық құны­на және мұнай­дың бір тон­на­сы­нан өнді­ру үлесіне негіз­де­леді. Тұты­ну­шы­лар үшін түп­кілік­ті баға мұнай өні­мінің көтер­ме сауда құны, жанар-жағар­май стан­ци­я­сы­на жет­кізіл­ген­ге дей­ін­гі бар­лық көлік шығын­да­ры, мұнай база­ла­рын­да сақтау, бөл­шек сауда­да өткі­зу­шінің шығын­да­ры, сон­дай-ақ акц­и­з­дер мен салы­қтар негізін­де қалып­та­са­ды» делін­ген мини­стр­лік хабарламасында.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн