Пятница , 4 июля 2025

ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ: ҰМЫТЫЛМАС СӨЗ

Қылы­шы­нан қан тамған кеңе­стік (совет­тік) кез­де елдің бет­ке басар, «шөп­ке­ты­шар» интел­ли­ген­ци­я­сы «интер­на­ци­о­на­лист» болуға тыра­шта­нып, ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ның иірі­мін­де жүр­ген­де, «Мен – қаза­қ­пын» деп, ұлт­шыл ұлаға­тын таны­тқан бір­ден-бір ақын Жұбан Мол­даға­ли­ев еді. Бұл артық айты­лған сөз емес: 37-дегі қызыл қырғын­нан кей­ін қаза­қтың ақын-жазу­шы­ла­ры ұлт­шыл ата­ну­дан қорқып, көп­шілі­гі Мәс­ке­у­ге жал­тақтап жүретiн заман­да, 1963–64 жыл­да­ры Жұбағаң:

«Мен – қаза­қ­пын, биiк­пiн, бай­тақ елмiн,

Қай­та тудым, өмiр­ге қай­та келдiм.

Мен мың да бiр тiрiл­дiм мәң­гi өлмеске –

Айта бер­гiм келедi, айта бер­гiм!» – деп, кеуде кере мақта­на алған ақын.

Жұбан Мол­даға­ли­ев­тің ақын­дық кредо­сы – қазақ бол­ды, оның поэ­зи­я­сы­ның тұтас лейт­мо­тиві «Мен – қаза­қ­пын» деген өршіл пафо­стан құралған еді:

«Мен – қаза­қ­пын мың өліп, мың тірілген,

Жөр­ге­гім­де таны­стым мұң тілімен.

Жылаған­да жүре­гім – күн тұтылып,

Қуанған­да – күл­кім­нен түн түрілген».

Міне, сол Жұбаға­мыз – Жел­тоқ­сан­ның жаста­рын қорғап, көтеріліс­ке қаты­сты ойын «ком­пар­тия көсем­дері» алдын­да ашық айтқан аза­мат ақын. Төмен­де біз Жұбан аға­ның 1986 жылы 31 жел­тоқ­сан­да Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы ОК-нің бірін­ші хат­шы­сы Ген­на­дий Кол­бин­мен болған кез­де­су­де сөй­ле­ген сөзін орыс тілі­нен ауда­ры­лған нұсқа­да жари­я­лап отырмыз.

Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВ: МЕНҚАЗАҚПЫН

  • Өз халқым­ды мақтан ете­мiн. Маған оның көп қат­пар­лы тарихы қым­бат, ал оның бүгiн­гi күнi одан да қымбат.

Маған бұл кез­де­су тура­лы хабар­лаған­да, мен өзiм­нiң шешен­дiк өнерiм мен олим­пи­а­да­лық ұстам­ды­лы­ғы­ма онша сенiңкiре­мей, осы мiн­бе­ден айтқым келетiн­нiң кей­бiрiн асы­ғыс қағазға түсiрiп алдым. Мен ойлай­мын, дұрыс па әлде аңғырт­тық па, бiл­мей­мiн, әңгi­ме тек рия­сыз, мей­лiн­ше ашық, ада­ми, жүрек­жар­ды болуы, бiр­деңе­ден қате­лесiп кетем бе және бiр-бiрi­мiз­ге жақ­пай қала­мыз ба деген әйен­шек­те­нусiз болуы керек. Алай­да мұн­дай жағ­дай­да көбiне үнде­мей қалған неме­се көл­гiр­сi­ген, ыққа жығы­лғыш iстен гөрi, ұран­дар тура­лы көбiрек сөз қозғай­тын адам­ның ұта­ты­ны бiз­ге түсiнiктi.

Елде тәр­тiп орна­ту бiр жыл­дың шаруа­сы емес екенiн бiз түсi­не­мiз, өйт­кенi қол­дан шыға­рып алға­ны­мыз, iсте­ме­генi­мiздiң көле­мi тiп­тен орас­ан, ал көте­рер жүгi­мiз одан да үлкен.

Бiз­ге, өзiнiң даңқты iстерiн мақтан тұта­тын қаза­қстан­ды­қтарға, кей­бiр бас­шы орын­дарға оты­рғы­зы­лған адам­дар­дың ора­лым­сызды­ғы, жау­ап­кер­сiздi­гi және ар-ұят­тан безуi рес­пуб­ли­ка­мы­здың жоғарғы беделiне еле­улi мораль­дық нұқ­сан (мораль­дық қана емес-ау) кел­тiрiл­генiн сезi­ну ауыр екенiн мен бұрын да айтқан едiм. Ондай адам­дар, қазiр олар­дың көбiнiң атын да бiле­мiз, өздерiнiң қыз­мет бабын айы­л­жи­мау­шы­лы­ққа, бәрiне ерiк алған­дай, кiнәрат­сыздық пен жаза­сызды­ққа пәлен­дей ман­дат алған­дай қабыл­дап, айна­ла­сы­на жағым­паз­дар­ды, көз­бо­я­у­шы­лар­ды, әре­кет­сiз­дер­дi жина­ды, ал олар өз тара­пы­нан төңiре­гiне өзiн­дей­лер­дi үйме­лет­тi. Олар үшiн iс мүд­десi емес, ана не мына сұрқи­я­ның жеке өзiне берiл­ген­дi­гi шешу­шi нәр­се болды.

Қай уақыт­та және қай қоғам­да өмiр сүрiп оты­рға­нын ұмы­тқан осын­дай тұрғы­дағы бас­шы­лар әсiре­се кадр мәсе­лесiн­де фео­дал­дық-рулық қаты­на­стар кате­го­ри­я­сы­мен жиi ой тiзе баста­ды. Әртүр­лi сыбыр­лақтар, өсек­шiлер, бұрыс хабар­ла­ма жет­кi­зу­шiлер – егер оларға тiп­тен қара­пай­ым емес жол­дастар құлағын тосып оты­рға­нын айт­сақ – көп зиян тигiздi.

Бiздiң әмiрi­мiздiң рухы­на әрi мораль­ға жат осын­дай және басқа құбы­лы­стар тек кей жер­де адал­ды­ққа, жау­ап­кер­шiлiк­ке шақы­ру аз болған­ды­қтан орын алды деп ойлау қате болар едi. Шын­ды­ққа шақы­ра оты­рып, шын­ды­қтың үстi­нен қара­уға бола­ды, сын­ды өрiсте­тудi қызу жақтай оты­рып, сын­нан таза, тыс тұруға бола­ды. Жақ­сы да жөн сөздiң бәрi жақ­сы әрi дұрыс iстiң мiн­дет­тi кепiлi бола алмай­ды. Көбi­не­се солай болып кел­дi де.

Бия­зы­лап айт­сақ, көп­те­ген қиғаш құбы­лыс тура жазу­шы­лар­дың көз алдын­да өтiп жат­ты. Бiрақ бас­пасөз жүзiн­де, мiн­бе­ден айтуға бiздiң, қаза­қстан­дық әде­би­ет­шiлер­дiң аза­мат­тық ерлi­гi жет­пе­генiн мой­ын­да­уы­мыз қажет. Бiздiң көп­те­ген кiта­бы­мы­здың коньюнк­ту­ра­лы­ғы, өмiр­дiң өткiр про­бле­ма­ла­ры­нан алшақ тұруы бiздiң қоғам­дық пози­ци­я­мы­здың енжар­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты деп ойлай­мын. Бұған бiр­сы­пы­ра дәре­же­де мына­лар ықпал еттi: жоға­ры­да айты­лған адам­дар секiл­дi адам­дар­дың қалып­ты, қорға­ны­шты ойла­ры­нан сәл-пәл ауы­тқу – сурет­кер­лер­ге (тек қана оларға емес) – әртүр­лi сипаттағы таң­ба­лар жап­сы­руға, оларға бей­са­я­сат­тық, мәсе­ленi түсiн­беу, боя­у­ды қою­ла­ту секiл­дi айып­тар тағуға әкеп соқты. Орын алған ұят, абы­рой­сыз фак­тiлер­дi мен, мiне, сол сын сапы­ры­сты­ру үшiн емес, бола­шақ үшiн есi­ме алдым. Өйт­кенi табыспен iлгерi жыл­жу үшiн, жүрер жол­дағы кедер­гiнi алып тастау керек. Оны туды­ру­шы себеп­тi жой­май­ын­ша, жауы­зды­қты құр­та алмаймыз.

Бiздiң сая­си-тәр­бие және идео­ло­ги­я­лық жұмыстар­дың дең­гей­iне көп заң­ды талап-тiле­гi­мiз бар. Оның сте­рео­тип­тiлi­гi, пәр­мен­дiлi­гiнiң азды­ғы, реал­ды шын­ды­қтан адам­дар­дың толға­ны­сы мен қина­лы­сы­нан қол үзуi, адам­гер­шiлiк-иде­я­лық өлшем пози­ци­я­сын әлсiре­ту­ге және кей­де қол­дан беру­ге, фео­дал­дық-тоғы­шар­лық азғын­ды­ққа, әрi әртүр­лi тип­те­гi басқа­ша ойла­у­шы­лар деп ата­ла­тын­дар­дың пай­да болуы­на әкеп соғады.

Айты­лған­ның қасiрет­тi көр­сет­кi­ш­терiнiң бiрi – жел­тоқ­сан­ның 17-сi мен 18-iнде Алма­ты қала­сын­да болған нәр­се. Бұған бай­ла­ны­сты ең алды­мен айта­рым: мен ком­му­нист әрi кәдiм­гi қазақ ретiн­де бiздiң жарқын интер­на­ци­о­нал­дық сезi­мi­мiздi аяқа­сты еткен оқу­шы жастар тобы­ның бұза­қы­лық, абы­рой­сыз әре­кет­терiн үзiл­дi-кесiл­дi айып­тай­мын. Мен бiздi көпұлт­ты елi­мiздiң халы­қта­ры­ның бауыр­ла­сты­ғын­сыз қаза­қтар­дың тiр­шiлi­гiн көз алды­ма еле­с­те­те алмай­мын. Өзiм­нiң бүкiл өмiр­ба­я­ным­мен, өзiм­нiң алға­шқы жолым­нан соңғы жолы­ма дей­iн­гi бүкiл шығар­ма­шыл­ды­ғым­мен мен осы бауыр­ла­сты­қты бекем­де­у­ге ұмтыл­дым. Басқа наны­мға менi ешқа­шан ешкiм де илiк­тi­ре алмайды.

Бiрақ, естi­генiм­дей, өрт сөн­дiру­шi маши­на­лар­ды – су атқы­лағы­шты, айбар­лы иттер­дi, көп қат­пар­лы резең­ке тоқ­пақтар­ды сұрқия аран­да­ту­дың құр­ба­ны болған жас жiгiт­тер мен қыздарға қар­сы ойлан­ба­стан шұғыл ала жүгiрудi қостай­мын десем, онда өз арым­ның алдын­да, сiз­дер­дiң бар­лы­қта­ры­ңы­здың алда­ры­ңы­зда ақ-адал бол­мас едiм.

Менi мына мәсе­ле­лер толған­ды­ра­ды: өкi­мет орган­да­ры тәр­тiп­тi қал­пы­на кел­тiру­ге көмек көр­се­ту­ге шақы­рған­дар­дың және жуа­сы­ту­шы құрал­дар­мен қару­ланған­дар­дың бар­лы­ғы ете­гiне намаз оқы­ған интер­на­ци­о­на­лист екенiне бiздiң көзi­мiз жете ме? Олар­дың ара­сын­да тәр­тiп­сiздiк­ке қаты­су­шы­лар­ды ыза­лан­ды­рып, ашын­ды­ру үшiн жағ­дай­ды пай­да­ланған және соның сал­да­ры­нан ұлта­ра­лық ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­рған, жаны да, қолы да таза емес адам бол­ма­ды ма екен?! Көзi­мен көр­ген­дер­дiң айтқа­нын­дай, 17–18 жастағы қыздар­ды шашы­нан сүй­рей сабаған солар емес пе екен? Ақы­рын­да, сонан кей­iн­гi күн­дерi қала­лық транс­порт­та, көше­лер­де және басқа да қоғам­дық орын­дар­да тiл тигi­зу мен қоқан-лоқы жасау солар­дан шығып оты­рған жоқ па екен? Мен сон­дай ұят оқиға және оның артын­ша не болға­нын естi­гiн­де, жасы­рып қай­тей­iн, осы күн­ге дей­iн өмiр сүр­генi­ме өкiндiм.

Иә, мен кез кел­ген қоға­мға қар­сы бой көр­се­ту­лер­дi түбiрi­нен қиып оты­ру­ды толық жақтай­мын, өйт­кенi демо­кра­тия – анар­хия емес. Солай болған­мен де, тiп­тi кiнәлiлер­дi де оған деген сенiм­нен айыр­мау керек. Бiз олар­дың жасаға­ны­на ғана емес, сон­дай-ақ олар­дың аза­мат­тық бола­шағы үшiн де жауаптымыз.

Алма­ты­да болған оқиғаға баға берiл­дi. Соны­мен қатар, менiң ойым­ша, Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетiне, Кол­бин жол­дас, Сiздiң өзiңiз­ге рес­пуб­ли­ка­да интер­на­ци­о­нал­дық тәр­бие және ұлта­ра­лық қаты­на­стар мәсе­лесi қалай шешiлiп жатқа­нын әлi де мұқи­ят, сан қыр­лы тал­дау керек.

Бiз тың (тың жер­ді иге­ру, тың өлкесі мағы­на­сын­да – Ред.) – жүз ұлт пла­не­та­сы дей­мiз, ол дұрыс деп ойлай­мын. Не десек те, әде­мi әрi әлу­ет­тi естiледi. Ал солар­дың әрқай­сысы қалай тұра­ты­ны тура­лы кiм ойлан­ды екен? Саны қан­ша­лы­қты аз болға­ны­мен, олар­дың көп­шiлi­гi өзiнiң ұлт­тық мек­тебi, бала­лар бақ­ша­сы, кiта­бы, бас­пасөз орган­да­ры болуын қалай­ты­ны тура­лы ше? Қаза­қтар­дан, оры­стар­дан, ұйғыр­лар­дан, корей­лер мен немiстер­ден басқа сол жүз тiл­дiлер­дiң қай­сысын­да ондай жағ­дай бар? Мен кей­бiре­улер астық өткi­зу неме­се өндiрiстiк жос­пар секiл­дi ұлт­тық дәстүр­лер мен мәде­ни­ет­тiң қыр­ла­рын тегiсте­удi, тiл­дер­дi дефор­ма­ци­я­ла­уды шап­шаң­да­туға ұмты­лу­да деген ойды маңы­ма жолат­пай­мын. Бар­лық про­бле­ма – бiздiң қоғам­дық құры­лыс әр ұлт­тың тұрғын саны­на қара­май, әр мәде­ни­ет­тiң гүл­де­нуiне жасап оты­рған қисап­сыз мүм­кiн­дiк­тi пай­да­ла­на алмауы­мы­здан барып туын­дай­ты­нын жай ғана атап өткiм келедi.

Мен – қаза­қ­пын. Өз халқым­ды мақтан ете­мiн. Маған оның көп қат­пар­лы тарихы қым­бат, ал оның бүгiн­гi күнi одан да қым­бат. Осы бүгiн­гi күн үшiн ол басқа халы­қтар­мен бiр­ге рево­лю­ция және совет өкi­метiн орна­ту жыл­да­ры­нан абы­рой­мен өттi, халқы­ның жар­ты­сы­на жуы­ғын жұтқан қасiрет­тi ашар­шы­лы­қты басы­нан өткер­дi, совет өкi­метi өсiрiп-жет­кiз­ген жас зия­лы­ла­ры­нан айы­рған 37 және 38-жыл­дар­дың тра­ге­ди­я­сын бастан кештi. Бiрақ бiр рет және бiр­жо­ла­та таң­даған жолы­нан оны ештеңе тай­ды­ра алмады.

Соғыс жыл­да­рын­да қаза­қтар Ота­ны­мы­здың адал әрi қаhар­ман қорға­у­шы­ла­ры­ның бiрi бол­ды. Осы ер, кеңқол­тық, жомарт, өршiл әрi кәдiм­гi аңқау, ұлт­тық шек­те­ушiлiк мүл­де жат халық өзiнiң кеңдi­гiн тың иге­ру кезiн­де де көр­сет­тi. Тыңға сан түр­лi адам­ның кел­генi ешкiм­ге құпия емес, оның iшiн­де бұры­нғы қыл­мыс­кер­лер де, ақша қуған уақыт­ша құлқы­нын той­ды­ру­шы­лар да бол­ды. Осын­дай адам­дар­дың бай­ы­рғы халы­қтың ұлт­тық намысы­на тиетiн әре­кет­тер жасаға­ны аз емес. Бiрақ қаза­қтар­дың пар­тия шақы­рып оты­рған iстiң ұлы­лы­ғын түсi­нуiне ұстам­ды­лы­ғы жеттi.

Қазiр басқа­ша жағ­дай орна­ды. Рес­пуб­ли­ка­да ұлт­тық ара­сал­мақ өзгер­дi. Бұның өзi тың­дағы көп жер­де қазақ мек­тебiнiң саны күрт кемiп кетуiне әкеп соқты, ал қала­лар­дағы iстiң жай­ын айт­па­са да бола­ды. Тiп­тi Алма­ты­дағы қазақ мек­теп­терiнiң саны, егер қате­ле­с­пе­сем, екеу не үшеу. Ал бала­лар бақ­ша­сы­ның мәсе­лесi бұдан да өткiр. Және де ана тiлiн мең­ге­ру дәл осы бала­лар бақ­ша­сы­нан баста­ла­ты­ны бiз­ге белгiлi.

Кей­бiр қазақ ауыл­да­ры, тiп­тi кей жер­де­гi аудан орта­лы­қта­ры­ның әле­умет­тiк жағ­дай­ла­ры тең емес. Тың­да – әде­мi жаңа үйлер, ал бұлар­да – тоқал там­дар, олар­да – асфальт жол­дар, ал бұлар­да – баба­ла­ры­нан қалған баяғы керу­ен жолы.

1972 жылы бiз, бiр топ жазу­шы, Жан­гел­дин ауда­нын­да болып, бiр кез­де қала болған қазақ саха­ра­сын­дағы рево­лю­ция бесi­гi аталған оның орта­лы­ғы Торғай­дың қораш күй­iн көрiп, жаға­мы­зды ұста­дық. Сол кез­де совет өкi­метiнің құры­лға­ны­на 55 жыл бол­са да, онда тiп­тi теле­граф бай­ла­ны­сы да жоқ едi.

Ал олай бола­тын себебi мынау екен: бұрын бұл аудан қараған Қоста­най облы­сы­ның бас­шы­ла­ры «қаза­қтар бәрiбiр ата жұр­ты­нан ешқай­да кет­пей­дi, сон­ды­қтан ең алды­мен жағ­дай­ды келiм­сек­тер­ге жасау керек» деп ұйға­рып­ты. Қаза­қтар­дың ұстам­ды­лы­ғы мен бекзатты­ғын осын­дай көзқа­рас­пен сына­уға бола ма екен? Айтқан­дай­ын, осы­ның бәрiне, әлбет­те, рес­пуб­ли­ка басын­да оты­рған құр­мет­тi «ұлт бас­шы­ла­ры­ның» риза­шы­лы­ғы­мен жол берiлдi.

Қандай ұлтқа жат­пай­ық, бiз­дер – жазу­шы­лар үшiн өте бiр кiдi мәсе­ле – ол өзi­мiз жазып жүр­ген, өзi­мiз оқып жүр­ген ана тiлiнiң про­бле­ма­сы. Онсыз бiздiң өмiр сүруi­мiздiң мәнi жоқ. Соны­мен бiр­ге бiз тiл­дер­дiң өза­ра бай­ла­ны­сын, өза­ра баюын құп­тай­мыз. Орыс тiлiне қарап мен былай деймiн:

Ты выго­ды не ищешь хму­рым днем,

Не видишь в кри­ках о себе резона.

Ты чтишь язык – пусть гово­рят на нем

Хоть тыся­ча людей, хоть миллионы.

Бiрақ сая­си алып­са­тар­лар, бiздiң ұлт­тың мешел­дерi өздерiнiң ман­сап­тық кұл­шы­ны­ста­рын­да кей­де ақы­лға қоным­сыз iске дей­iн бар­ды. Отыз жыл бұрын олар­дың Вол­га, Орал өзен­дерiнiң, Орал қала­сы­ның, тағы басқа­лар­дың қаза­қ­ша ата­у­ла­рын ресми қол­да­ну­дан шыға­рып таста­уға қол­да­ры жеттi.

Сiз­дер жақ­сы бiлесiз­дер, мәсе­лен, елдiң зер­десi­нен Пуга­чев көтерiлiсiн өшi­ру үшiн, Жай­ық сөзiн қол­да­нуға II Ека­те­ри­на тый­ым салған. Ендi, мiне, 250 жыл өткен соң, оған екiн­шi рет – бұл жолы Қаза­қстан тер­ми­но­ло­ги­я­лық комис­си­я­сы тый­ым сал­ды. Бiрақ халық ондай тый­ы­мға құлақ аспа­ды: олар­ды ежел­гi қазақ ата­у­ла­ры­мен атап келедi.

Неме­се басқа­ша күл­кiлi жағ­дай. Қазақ тiлi – бай тiл. Одан кез кел­ген тiл­ден қысқар­ты­лған сөз­ге аббре­ви­а­ту­ра табуға бола­ды. Осы­дан отыз жыл бұрын КПСС сөзi – СОКП, ал СССРССРО, ВЛКСМБЛКЖО, ТАСССОТА және т.б., т. с. с. айты­ла­тын. Бiрақ бiздi кенет­тен, әрине, Мәс­ке­уден емес, сол әлгi жер­гiлiк­тi ақы­л­гөй­лер тек орыс аббре­ви­а­ту­ра­сын қол­да­нуға мәж­бүр еттi. Мiне, содан берi орыс және қазақ сөз­дерiнiң ерсi, күш­теп таңы­лған тiр­кесi әлi келедi, егер сон­дай бiр тiр­кестi тара­тып оқы­сақ, ол, мәсе­лен, былай бола­ды: «Все­со­юз­ный ленин­ский ком­му­ни­сти­че­ский союз моло­де­жи Орта­лық Коми­тетi». Осын­дай ешкiм­ге қажет­сiз интер­на­ци­о­на­лизммен кей­бiре­улер, нарқы төмен бол­са да, өзiне сая­си дәу­лет жинады.

Соңғы айта­рым: кей­де тiп­тi бас­шы жол­дастар­дың қазақ жаста­ры­ның рес­пуб­ли­ка жоға­ры оқу орын­да­рын­дағы (ЖОО) саны, айта­лық, орыс сту­дент­терi­нен көп екен дегенi кiнәлаған­дай, тиiстi мини­стр­лiк­ке ескерт­кен­дей естiледi. Ал олар Қаза­қстан­да көп бол­маған­да, қай­да бол­мақ? Алы­стағы қазақ ауыл­да­рын­дағы оқу­шы­лар, орыс тiлiн мең­гер­ме­ген шопан­дар мен меха­ни­за­тор­лар­дың бала­ла­ры Мәс­кеу, Ленин­град, Куй­бы­шев, Новосiбiр неме­се Укра­и­на ЖОО-да кон­кур­стық сынақтар­дан өте ала ма?

Бұның бәрi – ұсақ-түй­ек емес, тiр­шiлiк мәсе­ле­лерi, ленин­дiк ұлт сая­са­ты­ның мәсе­ле­лерi. Оны көз­ге iлмеу дегенi­мiз – совет­тiк өмiр шын­ды­ғы­на ерiк­тi неме­се ерiксiз түр­де шiр­кеу түсiру…

Орыс­ша­дан қазақшалаған –

Кәкен ХАМЗИН,

«Пара­сат» жур­на­лы, № 9, 1990 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн