Пятница , 4 июля 2025

ЖЕМҚОРЛЫҚ, ӨТІРІКШІЛІК, ӘРЕКЕТСІЗДІК жаңа президент бізді осы үш дерттен құтқара ала ма?

Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ, ақын

Кезексіз өткен сай­ла­удағы пре­зи­дент­тің кезек­ті жеңісі бүкіл БАҚ пен әле­умет­тік желіні кер­неп тұр. Жаңа­дан қай­та сай­ланған бұры­нғы пре­зи­дент­ке әр алу­ан пікір бағыт­талған. Оңды-сол­ды әңгі­ме­лер­дің дені ойлан­ды­ра­ды. Сон­ша жиі ұзын­ды-қысқа­лы жаз­ба­лар­дың ауқы­мы екі түр­лі қара­ма-қай­шы пікір­ге – үміт пен күдік­ке, сенім мен түңілу­ге топталады. 

Сай­ла­удың алдын ала нәти­же­сі жари­я­ланған соң, пре­зи­дент өзін ұсы­нған коа­ли­ция алдын­да алға­шқы сөзін айт­ты. Сөй­ле­ген­де, «Көп­шілік халық біз­ге сенім арт­ты. Біз үшін ең құндысы – халы­қтың сені­мі» деп баста­ды сөзін. 

Ия, көп­шілік сай­ла­у­шы­ның сенім артқа­ны дау­сыз. Себебі сенім артар­лық басқа кан­ди­дат болған жоқ. Ондай бала­ма тұлға болған күн­де де, көп­шілік дауы­сын Тоқа­ев ала­ты­ны анық еді. Өйт­кені бар­лық жақ­сы­лы­қты билік­тен, басқа­ру­шы­дан – басқа­ның көме­гі­нен күту­ге дағ­ды­ланған жұртпыз. 

Одан ары қысқа сөй­ле­ген пре­зи­дент аса сал­мақты бес сөй­лем­мен шектелді. 

1. Бұл сай­лау жаңа сая­си дәуір­ге жол аша­ды (ашты).

2. Бар­лық билік инсти­тут­та­ры түгел жаңартылады.

3. Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­ны толы­ғы­мен және нақты жүзе­ге асырамыз.

4. Елі­міздің сая­си құры­лы­сын жаңа қалы­пқа түсіреміз.

5. Халқы­мы­здың әл-ауқа­тын арттырамыз.

Бұл сай­ла­у­ал­ды уәде емес. Сай­ла­ну үшін айты­лған сөз емес. Бұл – «өгізі судан өткен», 7 жылға пре­зи­дент болып сай­ланған аза­мат­тың сөзі. Сая­си және әле­умет­тік сал­мағы түп­сіз сөз.

Ары қарай тек екін­ші сөй­лем­ді ғана тарқа­тып көрей­ік. Себебі кей­ін­гі үш сөй­лем де «түгел жаңарған билік инсти­тут­та­ры­ның» ауқы­мын­да кетеді. 

«Бар­лық билік инсти­тут­та­ры түгел жаңа­ра­ды». Кере­мет! Енді­гі сөз қан­дай инсти­тут­тар, қалай, кім­дер­мен – қан­дай кадр­лар­мен жаңарады? 

Ел пре­зи­ден­тіне қазір­гі жақын жүр­ген кадр­дың көбі – тұңғыш пре­зи­дент­тің «өні­мі». Бір кез­де ол кісінің өзі «шеті­нен жетек­теп апа­рып, торға тоғы­та­тын» жігіт­тер дегені бар. 

Реті кел­ген­де, 2006 жылы болған жағ­да­ят­ты мысал етей­ін. Мені маңы­зды кад­ры санай­тын ком­па­ния қата­ры­нан екі-үш жыл тама­ша орын­дап келе жатқан мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сты ала алма­ды. Оны Аста­на­дағы бел­гісіз фир­ма «ұтып алды». Бұл жолғы тап­сы­ры­стың ақша­сы ауқым­ды – 5 мил­ли­ард тең­ге еді. Мен жеңім­паз­дарға жолы­ғып, дағ­ды­лы фир­ма екені­мізді, тен­дер талап­та­рын мін­сіз орын­дай­ты­ным­ды және бас мер­ді­гер – оларға аса ауқым­ды пай­да беретіні­мізді түсін­дір­дім. «Бұл пай­да біз­ге аздық қыла­ды» деді сол жігіт­тер. «Одан төмен бағаға мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс орын­дал­май­ды. Өйт­сең­дер – мем­ле­кет­ті тонаған бола­сы­ң­дар. Бұл – қыл­мыс бола­ды», – дедім. 

Оқу­ды жаңа бітір­ген жиыр­ма­ның ішін­де­гі жігіт­тер ғой. Езуіне мысқыл үйіріл­ді. «Отан­шыл­дық деген фан­та­зия ғой, аға!» – деді дик­тор­лық дик­ци­я­мен таза өз тілі­міз­де. Мен тұн­шы­ғып қал­дым. Көр­некі жаб­ды­қта­рым­ды жиы­сты­рып, «Сөз­дерің қорқы­ны­шты екен. Абақты­ға бара жатыр­сы­ң­дар, жігіт­тер!» – деп, сыр­тқа аяң­да­дым. Айтай­ын дегенім – сол жігіт­тер онша істі бол­маған сияқты. Ары қарай «фан­та­зи­ядан» ада қыз­мет­тік ман­са­бын сәт­ті жалға­сты­рған көрі­неді. Біздің билік жүй­есін­де жемқор­лық оба­сы осы­лай жайылды. 

«Мысы­қтың ағы не, қара­сы не? Тышқан алға­ны керек» деген Дың ұлтын – ұлы мем­ле­кетін он жыл­да оңа­ды. Біздің пре­зи­дент ақ демей, қара демей, қабілет­ті жігіт­тер­ді жаны­на тар­та алар ма екен? 

Прези­дент­тің аузы­нан айты­лған бес сөй­лем сөз айты­лған жер­де қалып қой­ма­са, ол – шын мәнін­де ұлы мақсұт. Бірақ мем­ле­кет басқа­ру жүй­есін­де бұны орын­да­уға мұр­сат бер­мей­тін үш ауыр дерт бар. 

Ең ауы­ры – ЖЕМҚОРЛЫҚ. Өткен шақтағы мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар, оған салы­нған ауқым­ды қар­жы­ның көбі мем­ле­кет ақша­сын тонау мақ­са­тын­да жасалды.

Ондай­ды еш шімірік­пе­стен ана­сы мен бала­сы, әкесі мен қызы бір­лесіп ұйым­да­стыр­ды. Үкі­мет басқарған­дар мен мини­стр­лер бір­лесіп жос­пар­ла­ды. Бюд­жет­те ақша жоқ бол­са, шетел­ден қарыз алып тұрып ұйым­да­стыр­ды. Соның жұрт көзіне көрініп тұрған біре­уі – LRT

Анау жылы LRT-ны салып жатқан Қытай кәсіп­кері­мен сөй­лесіп қалып: «Мил­ли­ард­таған қар­жы­ның қай­та­ты­ны­на қан­дай кепіл бар?» – дедім. «Мем­ле­кетіңіздің иелік құқы­мен кепіл­ден­діріл­ген», – деді. Бірер сәт­ке тыны­сым тоқтап қал­ды. Көп­ке дей­ін есім­ді жия алмай жүр­дім. Ойпы­рай, не деген құлқын! Тура мағы­на­да мем­ле­кет­ті сату ғой бұл.

Бүгін сай­ланған пре­зи­ден­ті­міз солар­дың ара­сын­да жүр­ді. Кім­нің – кім екенін жұрт­тан жақ­сы біледі. Енді осын­ша ауыр қыл­мыстық жүй­е­ге қалай тосқа­уыл қояр екен?!

Екін­ші үлкен кедер­гі – ӨТІРІКШІЛІК. Бір үлкен аудан­ның аппа­рат бас­шы­сы­мен сөй­лесіп отыр­мыз. Аудан­ның жыл­дық жұмысы, бидайы, арпа­сы, қызы­л­ша­сы, көкөнісі, төрт түлі­гінің санағы – бәрін жасап, жоға­ры­ға жол­дай­ды ғой. Облы­стан ойбай­лап теле­фон шала­ды: «Мына сан­дар­ды екі­ге көбейт. Өйт­пе­сең – жұмыстан кетесің! Сен ғана емес, мен де, әкім­дерің де кете­ді!..». Яғни, үкі­мет жари­я­лап оты­рған сан­дар мен көр­сет­кі­ш­тер­дің бәрі өтірік. Өтірік үкімет!

Енді әлгі әкім­дер жаңа пре­зи­дент­ке «ана жолы өтірік айтып едік» деп, жар­ты­сы жоқ сан­дар­мен жаңа­ша ақпар бере алар ма екен?!

Үшін­ші үлкен кедер­гі – ӘРЕКЕТСІЗДІК. Бар­лық билік тар­мақта­ры тап­сыр­ма орын­да­уға құры­лған. Жасам­паз­дық, өңір­лік жоба жоқ. Бұлай­ша өзін­дік мақ­сат ұсы­ну – бүл­ді­ру саналады.

Өткен жылы Шығы­стағы бір ауданға барған­мын. Ішкі сая­сат бөлі­мі көлік бер­ді. Жүр­гі­зу­ші жігіт­пен сөй­ле­се­мін ғой. Жалақы­сы 54 000 тең­ге екен. Келін­ше­гі, екі бала­сы бар. «Мұн­дай жалақы­мен жүр­гі­зу­ші ұстай алмай­мын» дей­тін бір кісі жоқ. Ондай бас­шы­дан, ондай билік тар­мағы­нан не талап етесің?!

Қара­пай­ым аза­мат­тар­ды айт­паған­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер, билік тар­мақта­ры­ның өкіл­дері­нен мем­ле­кет­тік, ұлт­тық иелік, құқық мін­дет­тілі­гі талап етілуі – ант қабыл­да­уы шарт. Бұл үлкен әңгі­ме. Онсыз мем­ле­кет­ті тонау пси­хо­ло­ги­я­сын жеңу мүм­кін емес.

Осыдан 40 жыл бұрын Қытай­да өзгеріс бастал­ды. Онда да отыз жыл­дай билік­те оты­рған Мао өліп, енді Дың Шиа­опиң­ге билік тиген соң басталған рефор­ма еді. 

Рефор­ма­тор «Ой-сана­ны азат ету» деген сөзді бірін­ші кезек­ке қой­ды. Сөйт­се, отар­шыл­дар­дан азат болға­ны­на оған дей­ін отыз жыл бол­са да, мил­ли­ард халы­қтың ой-сана­сы құл­ды­қта екен ғой. Жеке еңбек қабілеті, ұйым­да­сты­ру қабілеті, өнді­ру қабілеті одан ары биік­те­ген­де, ұлт өкілі ретін­де­гі иелік құқық сезі­мі оян­бай – тұтас халық ретін­де ой-сана азат бол­май, азат мем­ле­кет­ті құру, оның өндірісін өркен­де­ту, оны қорғау, оның бола­шағын жасау мүм­кін бол­май­ды екен.

Қытай рефор­ма­то­ры­ның бір бақы­ты сон­ша сая­си­ланға­ны­мен, Мао басқарған Қытай билі­гін­де жемқор­лық жоқ еді. «Мысы­қтың ағы не, қара­сы не? Тышқан алға­ны керек» деген Дың ұлтын – ұлы мем­ле­кетін он жыл­да оңады. 

Біздің пре­зи­дент ақ демей, қара демей, қабілет­ті жігіт­тер­ді жаны­на тар­та алар ма екен? 

Пре­зи­дент­ке сенім артқан жақ­сы ғой. Мем­ле­кет пре­зи­дент­тікі ғана емес. Мем­ле­кет сенікі, менікі, бала­ла­ры­мы­здікі – кез кел­ген қазақтыкі. 

Өз әре­кеті­міз­бен, өз сана­мы­з­бен, өз жасам­паз­ды­ғы­мы­з­бен жұмыс істе­у­ге көбі­міз бей­ім­дел­медік. Соған бей­ім­де­лей­ік! Өз күресі­міз­бен жету­ге, мызғы­мас мақ­сат­тар үшін бірі­гу­ге дағ­ды­лан­ба­дық. Соған дағ­ды­ла­най­ық! Бұның бәрі сана­ның бұға­у­ланға­ны­нан. Білім мен сау­ат бола тұра, азат ақыл­дың жоқты­ғы­нан. Өз мүл­кің мен мүм­кін­ді­гіңе иелік сана­ның жоқты­ғы­нан бола­ды. Соны сезінейік! 

Билік­тен Ұлт мүд­десіне адал­ды­қты, ашы­қты­қты, шын­ды­қты, іскер­лік­ті талап етей­ік. Тір­лі­гі­мізді өзі­міз ұйым­да­сты­рып, билі­гі­мізді өзі­міз бақы­лап, біре­гей мақсұт­тарға өзі­міз бейімдейік!

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн