Пятница , 18 апреля 2025

ЖерсеріктеріЕЛ СЕРІГІбола ала ма?

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары

Роман Склярға!

«KazSat-2» спутнигі 2011 жылдың 16 шілдесінде және 2014 жылғы 28 сәуірде «KazSat-3» спутнигі кейіннен пайдалануға берілгеннен бері Қазақстан ғарыш саласында белгілі нәтижелерге қол жеткізді. «KazSat-2» және «KazSat-3» спутниктері ұлттық инфрақұрылымның маңызды бөлігі болып табылады, телерадио мен телефония қызметтерін қамтамасыз етеді.

«KazSat-2»-нің бастапқы қызмет ету мерзімі 2024 жылдың ақпанына дейін жоспарланғанымен, оның жұмыс істеу мерзімі 2026 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылды. «KazSat-3» өз кезегінде 2029 жылға дейін жұмысын жалғастырады. «KazSat-2» және «KazSat-3» спутниктерінің қызмет ету мерзімі аяқталуға жақындап келе жатқанын ескере отырып, Қазақстанның алдында ғарыш инфрақұрылымын жаңғырту, атап айтқанда, спутниктерді ауыстыру міндеті тұр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – министрлік) шетелдік өндірушілердің алдын ала техникалық және коммерциялық ұсыныстарына экономикалық сараптама жүргізуде.

Министрлікпен алғашқы талқылаулар барысында жаңа байланыс спутнигі телерадио хабарларын тарату, ұялы байланыс және интернет қызметтерін қамтамасыз етеді деп келіскенбіз. Алайда министрлік жаңа спутникті интернетті тарату мүмкіндігін болдырмай, тек телерадио хабарларын және ұялы байланыстарды тарату функцияларымен ғана жабдықтауды жоспарлап отырғаны кейінірек белгілі болды. Министрлік тәсілдің өзгеруін жобаның төмен құнымен негіздейді.

Біз министрлік ұсынған тәсілдеменің өзгеруіне елеулі алаңдаушылық білдіреміз және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бүкіл Қазақстан бойынша сенімді байланысты қамтамасыз ету үшін телерадио хабарларын, ұялы байланыстарды және интернетті үздіксіз таратуды қамтамасыз етуге қабілетті жерүсті талшықты-оптикалық байланыс пен орбиталық байланыс спутниктерін қоса алғанда, кешенді тәсілді қабылдау қажеттігін талап етеміз. Талшықты-оптикалық кабельдерді тарту тиімсіз болып табылатын шалғай аудандарда интернетпен қамтамасыз ету мәселесі OneWeb және Starlink сияқты шетелдік провайдерлердің көмегімен шешілетін болады, бірақ меншікті спутниктік интернет-байланыс жүйесінің болуы ұлттық қауіпсіздік және егемен интернет стратегиясының негізгі элементі болып табылады. Бұл тәсілді жүзеге асыру шетелдік провайдерлерге тәуелділікті жояды, Қазақстанның бүкіл аумағын интернетпен толық қамтамасыз етеді.

Бұған қоса, шетелдік өндірушілер шығаратын шешімдердің қымбаттауы Қазақстанның жаңа байланыс пен интернет спутнигімен қамтылатын басқа елдерге байланыс пен интернет қызметтерін ұсыну арқылы өзінің қолда бар ресурстарын коммерцияландыру мүмкіндігімен өтелуі мүмкін екенін атап өткен жөн.

Кейбір шетелдік спутниктер теледидар, интернет және ұялы байланыс сигналдарын бір уақытта таратуға қабілетті. Мысалы, өткізу қабілеті жоғары және икемді спутниктерді ұсынатын Airbus және Thales Alenia Space сияқты компаниялардың ұсыныстары ескеруге тұрарлық. Оның үстіне қазіргі «KazSat-2» және «KazSat-3» спутниктері итальяндық Thales Alenia Space компаниясымен бірлесіп құрастылған. Осылайша еуропалық спутниктер құны мен өнімділігі арасындағы оңтайлы теңгерімді ұсына алады, бұл Қазақстанның өсіп келе жатқан интернет қажеттіліктеріне қатысты.

Елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздігінің мүдделері үшін технология мен операциялық сенімділік тұрғысынан қосымша артықшылықтар ұсына алатын нұсқаларды қарастыру маңызды. Ескірген технологияларды таңдау ұзақ мерзімді шығындардың өсуіне әкелуі мүмкін. Мысалы, компоненттерді жиі ауыстыру қажеттілігі немесе нашар өткізу қабілеті.

Осыған байланысты техникалық және коммерциялық ұсыныстарды бағалау процесіне интернетті тарату функциясын енгізу ұсынылады.

«AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары​​​​​

Тілектес Адамбеков,

Үнзила Шапақ

Республиканский еженедельник онлайн