Вторник , 13 мая 2025

Жеріміз сатылса, НЕ БОЛАДЫ?

Тыны­шты­қ­бек ӘБДІКӘКІМҰЛЫ, ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лауреаты

Әуелі мына жағ­дай­ды ойла­най­ы­қ­шы. Айта­лық, ауыл шару­а­шы­лық жер өз елі­міздің іскер аза­мат­та­ры­на жалға берілетін бол­сын делік. Менің­ше, оның төрт түр­лі пай­да­сы бар. Бірін­ші­ден, ондай жер иелері (жер қожа­ла­ры емес!) жер­ді жалға алға­ны үшін жыл сай­ын жал­дау ақы­сын төлеп оты­ра­ды. Екін­ші­ден, ол жер игеріл­мей бара жат­са, онда оны мем­ле­кет өз иелі­гіне қай­та­рып ала ала­ды. Үшін­ші­ден, ол жер­ден түс­кен өнім­ді (өсіп-өнген мал­ды, т.б.) кім­ге, қай­да сатуға кел­ген­де, әрбір жер иелері жер­ден айы­ры­лып қал­ма­сы үшін, мем­ле­кет­пен сана­са­тын бола­ды. Ол жағ­дай елі­міздің азық-түлік қауіп­сізді­гін жос­пар­ла­у­ға да қолайлы. 

Ең басты­сы – бұқа­ра іші тыныш болады. 

Ал ұлан-ғай­ыр ауыл шару­а­шы­лық жер­лер жеке­ге саты­ла­тын бол­са ше? Онда ашы­нған қаза­қтың көше­ге шыға­ты­ны хақ. Сол кез­де, әдет­те­гі­дей, қатыг­ез поли­ци­я­ны қап­та­тып, жұрт­тың көбін қамаққа тастап, айып­пұл салып, ең бел­сен­ділерін баяғы­дай ұзақ жыл­дарға сот­та­тып тына­ры­мыз да бел­гілі. Сон­соң әділет­сіздік­тен жан-дүни­есі жан­шы­лған сор­лы қаза­қтың жер­сатқыш билік­ке деген кегінің жүрек­ке мәң­гі қара қан болып қатып қала­ты­ны да, қадам басқан сай­ын өмір бойы қарғы­спен тыны­стап жүретіні де сөз­сіз. Елдің билік­ке деген сені­мі де түбе­гей­лі жой­ы­ла­ды! Неге?

Себебі елі­міз­де­гі бар­ша диас­по­ра­лар­дың (асси­ри­я­лы­қтар мен курдт­тер­ден басқа­ла­ры­ның) әрқай­сысы­ның шет­те өз Ота­ны, өз иелі­гін­де­гі жері бар. Ал біз­де­гі ұлан-ғай­ыр жер ең әуелі – Қазақ елінің ғана Жері. Ата заңы­мы­зда да ол Жер­дің «атам заман­нан бер­гі Қазақ Жері» деп анық көр­сетіл­гені және ақиқат. Сол Ұлы Дала­ны ғасыр­лар бойы басқын­шы­лар­дан қорғап өткен бар­ша баба­ла­ры­мы­здың басты тәңір­лік сер­тінің «… Екі ары­стан (екі жақтағы елден – Т.Ә.) жау шап­са, оқ қылқан­дай шан­шыл­са, қан жусан­дай егіл­се, аққан судай төгіл­се, бете­гелі Сары­арқа­ның бой­ын­да соғы­сып өлген өкін­бес!» (дулы­ға­лы Доспам­бет жырау) түрін­де болға­ны да ерлік­тің мәң­гі ала­у­ын­дай болып, тарихы­мы­зда қып-қызыл жазы­лып қалды!

Егер жер саты­ла қал­са, келе­шек­те қаза­қтың толқын-толқын түгел ұрпағы­ның да қан­ды­көбік қай­ғы жұтып жүретіні сон­ды­қтан. Сон­дай қасірет­тің бола­ры­на қара­ма­стан, жер саты­ла­ды делік. Онда не бола­ды? Онда кең-бай­тақ Ата­ме­кені­міз жера­с­ты бай­лы­ғы­мы­здың арқа­сын­да пай­да болған ат төбелін­дей ғана оли­гар­хи­я­мыз бен ұлтқа деген қай­ы­рым­нан ада­ла­на қалып­тасқан жасан­ды бур­жу­а­зи­я­мы­здың, жер-жер­де әкім­дер­мен ауыз жала­сып бай­ы­ған бай­шы­кеш фер­мер­лер мен ала­яқ сауда­гер­лер­дің, сон­дай-ақ қыз­мет бабын пай­да­ла­на бай­ып алған ірі шене­унік­тер­дің ғана аяу­сыз тала­пай­ы­на түсері Айдан да анық.

Ал бір-екі сиы­рға ғана қарап оты­рған ауыл­дағы кедей қаза­қтың сол екі сиы­рын жая­тын жер де тап­пай, аңы­рап қала­ты­нын алдын ала көре білу де ешқан­дай көре­ген­дік­ті талап етпей­ді. Ондай дау елі­міздің түк­пір-түк­пірін­де қазір­дің өзін­де жиі-жиі көрініс беруде. 

Жә, пан­де­ми­яға ұқсас бола­тын сол жабайы сауда­дан түсер­лік қар­жы да – бір­мәр­телік қана. Оны­мен ары кет­кен­де біз бір жыл­дық бюд­жеті­міздің ғана қамын жасар­мыз. Сонан соң не бола­ды? Сонан соң не болу­шы еді: бір тауға шығай­ын десең де, бір көл­ге шомы­лай­ын десең де, бір өзен­нен су ішей­ін десең де, бір жол­дан жүріп өтей­ін десең де, тіп­ті туған жер топы­рағы­на бір мәр­те аунап алай­ын десең де, ару­ақ басы­на тәу етей­ін десең де, бәріне-бәріне көзің­нен жасың сорға­лап тұрып, бала-шағаң­ның аузы­нан еңіре­те жырып алған­дай қомақты ақы төлей­тін бола­сың! Өйт­кені соның бәрі де жеке мен­шік­шіл қожа­лар­дың ғана қолын­да бола­ды! Олар дүние десе – өледі. Қожа­ларға құл болу­дың көкесін сол кез­де көре­міз бәріміз!

Ең сорақы­сы, ертең қай­тыс бола қал­саң, қабір қазар­лық алақан­дай жер де табыл­май (себебі ешкім де өз жеке мен­ші­гін­де­гі жер­ді қабыр­станға айнал­ды­рғы­сы кел­мей­ді), соңы­ң­да қалған­дарға сүй­е­гіңді өртеп жібе­руді өзің еріксіз өси­ет етесің.

Соны­мен, жер сатыл­ды дедік. Оны сатып алушы пысы­қай­лар біздің құм басқан өте аумақты шөл­ді аймақта­ры­мы­зды да суте­гін­ге қомағай­ла­на қоса сатып ала­ды. Соңы­ра одан пай­да түс­пей бара жат­са, жер өзінің жеке мен­ші­гі, кім­ге сата­мын десе де еркі бар. Әне, сон­дай­да, мыса­лы, ондай аумақты жер­ді қытай­дың бір алпа­уы­ты сатып алса, не бол­мақ? Ол елдің кедей­інің де, бай­ы­ның да ел мен жер­ді сүюі ала­бө­тен. Сон­ды­қтан сол алпа­уыт қытай­дың әлгі жер­ге тек өз қан­даста­рын орна­ла­сты­руы да әбден мүм­кін. Олар – өте еңбекқор, әрі аса өсім­тал жұрт. Аз уақыт­та сол қуаң жер­ді құл­пыр­тып, өздері де жыл­дам өсіп-өніп, оны­мен қой­май, кәдім­гі­дей қару­ла­нып, бір кез­де біз­ден өз авто­но­ми­я­сы үшін уль­ти­ма­тум көл­де­нең­де­туі де бек ықти­мал. Онда қайтпекпіз?!

Сон­соң мына­дай да жағ­дай бар ғой. Мәсе­лен, жер сатып алған егін­ші бір қожа­лар одан ала­тын өнім­ді кім­ге сат­са да өз еркі. Әрине, олар өнім­ді кім көп ақша төле­се, соған сата­ды. Мей­лі, ондай сатып алушы­лар алып мұхит­тың ар жағын­дағы біре­улер бол­са да. Сон­да мем­ле­кеті­міздің азық-түлік қауіп­сізді­гін кім, қалай шешпек? Сон­дай-ақ саты­лып кет­кен жер­лер­дің әлі зерт­тел­ме­ген асты­нан ертең­дері мол қаз­ба-бай­лық табы­ла қал­са, ол да сол қожа­лар­дың мен­ші­гі бола­ды деген де сөз емес пе ол! Ондай қожа­лар ертең өз мен­ші­гін­де­гі жер­лер­ді жалға беріп қой­ып та, бай­ы­ған үстіне байи бермек. 

Сон­дай-сон­дай жағ­дай­лар­дан халқы­мы­зға, мем­ле­кеті­міз­ге соқыр тиын пай­да бар ма? Жоқ әрине. 

Басты сорақы­лық мына­да: егер жері­міз жап­пай саты­лып кет­кен соң, «екі ары­стан жау шауып», ел басы­на күн туған жағ­дай­да қаза­ққа ортақ жер­ді мен­шік­теп, өз қарақан басы­ның қаре­кетін ғана, өз әулетінің ғана қамын ойлай­тын мен­шікқұ­мар – мен­мен қожа­лар­дың бар­ша жерін жер­сіз қалған­да­ры­мыз қоғам болып, дүрк көтері­ле қорғай­мыз ба?! Ол абсурд емес пе? Елман­дық (пат­ри­от­тық) деген қаси­ет­ті ұғым қай­да қала­ды?!. Өз елін­де емін-еркін жүріп-тұра да алмай­тын тобы­рға айнал­май­мыз ба?!.

  • PS. Бәл­кім, мен – жер сая­са­ты­ның иісі мұр­ны­на бар­май­тын иісал­ма­стар­дың бірі шығар­мын. Сон­ды­қтан бұл айтқан­да­рым­мен алаң­даған елді аран­да­тып оты­рған­дай да болар­мын? Онда, білім­ді де жау­ап­ты аза­мат­тар, өз ойла­ры­ңы­зды ортаға таста­у­ла­ры­ңы­зды өтінемін.

Жерді шетелдіктерге  жалға беруді қолдаған ТӨРТ ДЕПУТАТ КІМ?

  • «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның мәжіліс депу­тат­та­ры Самат Мұса­ба­ев, Ғани Ташқа­ра­ев, Мей­рам­бек Төле­п­бер­ген және Асқар­бек Үйсім­ба­ев шетел­дік­тер­ге жер­ді иеле­ну құқы­ғын қол­дап дауыс бер­ген, деп хабар­ла­ды ҚазТАГ.

«Төрт депу­тат Тоқа­ев­ты тын­да­май, жер­ді шетел­дік­тер­ге жеке­ге беруді ұсын­ды. Халы­ққа қар­сы шыққан­дар­ды пар­ла­мент­тен қуу керек!» деп жаз­ды экс-депу­тат, қоғам бел­сен­дісі Мұрат Әбенов.

«Ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін шетел­дік­тер­ге сат­пай­мыз, жалға да бер­мей­міз» деп, билік жұрт­ты алда­у­сы­ра­тып оты­рға­нын бір­ден айтқан бола­тын­быз. Енді қараңы­здар: мәжіліс қабыл­даған заң жоба­сын­да «орман шару­а­шы­лы­ғы жер­лері шетел­дік­тер­ге 25 жылға жалға беріледі» деген бап бар екен!» деп жаз­ды Жан­бо­лат Мамай.

«Яғни, билік жұрт­ты «ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лері шетел­дік­тер­ге беріл­мей­ді» деп тыны­штан­ды­рып, өздері «орман шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін жалға беріп», арам­за ойла­рын жүзе­ге асыр­мақ! Тоқа­ев­тың айтып оты­рған сөзі дала­да қал­ды деген, міне, осы! Бұл бап­ты ұсы­нып, заң жоба­сы­на кір­гіз­ген «Нұр Отан» мен «Ақ жол» пар­ти­я­ла­ры­ның депу­тат­та­ры болып шықты. Ұлт сатқын­да­ры кім­дер екенін біле жүріңіз­дер! Демек, билік қазір тып-тыныш осы заң­ды қабыл­да­тып, жер­ді оңды-сол­ды Қытай ком­па­ни­я­ла­ры мен аза­мат­та­ры­на үле­стіру­ге жол ашып алмақ. Қара орман жері­мізді бер­се, қаза­қтың елді­гі­нен не қал­мақ? Тәу­ел­сіздік деген жай аты бар да, заты жоқ нәр­се болып қал­май ма?! Басты­сы, қазір митинг бол­май, халық алаңға шық­па­са бол­ды билік­ке. Комис­сия құрып, елді алда­у­сы­ра­тып оты­рға­ны да сол» дей­ді қоғам белсендісі.

«Міне, осы себеп­ті біз билік­ке ашық талап қоя­мыз: Ауыл шару­а­шы­лы­ғы ғана емес, жал­пы қаза­қтың жері шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін әрі сатыл­ма­сын! Ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лері Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на да сатыл­ма­сын! Ағай­ын, осы талап­ты орын­дат­па­сақ, Ота­ны­мы­здан, жері­міз­ден айы­ры­ла­мыз! Ата-баба­мыз жер үшін жанын беріп, құр­бан болуға даяр бол­ды. Ал біз қалай­ша үнде­мей оты­ра­мыз? Жер асты бай­лы­қта­рын сатып, бәрін мен­шік­теп алған билік­ке соңғы қалған дүни­е­міз — жері­міз бен Ота­ны­мы­зды саудаға сал­ды­ра­мыз ба? Намысы бар қазақ мұн­дай­да тыныш оты­ра алмас!» деді Жан­бао­лат Мамай.

Кznews.kz

ЕСІҢДІ ЖИ, КОМИССИЯ!

Шыным­ды айт­сам, мен Жер жөнін­де­гі комис­си­ядан түңі­ле баста­дым. Жасы­ра­ты­ны жоқ, мәжілі­стен де іш жиып қалдым.

Басқа емес, талқы­ла­нып жатқан Жер тура­лы заңға байланысты. 

Жер шетел­дік­тер­ге сатыл­май­ды және жалға да берілмейді! 

Бұл пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың шеші­мі. Бұл мәсе­ле­ге нүк­те қой­ыл­ды. Бітті!

Енді осы Жер тура­лы мәсе­ленің екін­ші жағы – Жер­ді жеке мен­шік­ке беру-бер­меу жай­лы сұрақ пен дау жұрт­ты қат­ты алаң­да­ту­да. Бес жыл­дан бері жер-жер деп, ауы­зды­ға сөз, аяқты­ға жол бер­мей келе жатқан Мұх­тар Тай­жан­ның да кім екені бел­гілі бола баста­ды. Жер-жер деп жел­піл­деп жүр­ген депу­тат­тар да ауы­зекі қар­сы­лық біл­дір­гені­мен, заң­ның қай бабы­на нақты қан­дай түзе­ту енгі­зетін­дерін ашық айтқан жоқ. 

«Жер қаза­қстан­ды­қтарға сатыл­ма­сын!» – деп айғай­лаған­мен, «Фейс­бук­те­гі» парақа­шаға жазған­мен, бұл мәсе­ле шешілмейді.

Ең алды­мен Жер кодексін­де­гі жер­ді жеке мен­шік­ке беру­ге апа­рып соқты­ра­тын нор­ма­ны құр­ту керек. 

Түп­теп кел­ген­де, бар пәле Жер кодексінің 3‑бабында тұр. 

Жер комис­си­я­сы­ның қан­ша оты­ры­сы өтті, комис­си­я­ның бір мүше­сі шығып, сол 3‑баптың екін­ші бөлі­гін («Жер учас­ке­лерi осы Кодек­сте бел­гi­лен­ген негiз­дер­де, шар­ттар мен шек­тер­де жеке мен­шiк­те де болуы мүм­кiн» деген) алып тастау керек деп бір пен­де айтқан жоқ. Бүгін Мұх­тар Тай­ване ит қуды, қоян қашты деп, мің­гір­ле-е-еп отыр!

Аталған заң мәжілісте­гі Жұмыс тобы­ның талқы­сы­нан, соңын­да жал­пы екі оқы­лы­мы­нан өтіп, сенат­тың қара­уы­на жөнелтілді. 

Кемін­де қырық-елу жылға мызғы­май­тын заң қабыл­дап бере­міз деп жүр­ген депу­тат­тар­дың біре­уі суы­ры­лып шығып, 3‑баптың екін­ші бөлі­гін («Жер учас­ке­лерi осы Кодек­сте бел­гi­лен­ген негiз­дер­де, шар­ттар мен шек­тер­де жеке мен­шiк­те де болуы мүм­кiн» деген) алып тастау керек деп, ұсы­ныс бер­ген жоқ. Егер нақты ұсы­ныс бер­се, «Фейс­бук­те­гі» парақ­ша­ла­ры­на айғай­ла­тып тұрып жазар еді. Жұрт Мұх­тар Тай­жан­ның аузы­на қарап, аңқиып жүр­ген­де, Заң жоба­сы мәжілі­стен өтті де кетті. 

Мен ашы­ғын айтай­ын, Жер рефор­ма­сын жүр­гі­зу, менің­ше, Ақор­даға оңай­ға соғып тұрған жоқ. Біз жер иелеп оты­рған алпа­уыт­тар­дың әле­уетін осал сана­мауы­мыз керек. Керек бол­са, бұл мәсе­ле­ге сыр­тқы күш­тер­дің ықпа­лы болуы да мүмкін.

14 сәуір күні пре­зи­дент­тің кеңес­шісі Ерлан Карин мыр­за «24.kz» теле­ар­на­сы­на сұх­бат беріп: «Пре­зи­дент­тің баста­ма­сы­мен дай­ын­далған «Жер тура­лы заң» жоба­сын­дағы негіз­гі нор­ма – жер­ді шетел­дік­тер­ге сатуға және жалға беру­ге тый­ым салу. Ал Жер комис­си­я­сын­да жер­ді пай­да­ла­нуға қаты­сты өзге мәсе­ле­лер талқы­ла­нып, пысы­қта­ла­ды. Неге? Себебі осы жыл­дар ішін­де жер­ді шетел­дік­тер­ге сату, сат­пау жөнін­де, жер­ді қаза­қстан­ды­қтарға жеке мен­шік­ке сатуға, жалға беру­ге бола ма деген сияқты қоғам­да бір­не­ше мәсе­ле талқы­ла­ну­да», – деді. Ерлан Тыным­бай­ұ­лы аталған сұх­ба­ты бары­сын­да тағы: «Жер комис­си­я­сы жер­ді қаза­қстан­ды­қтарға сату, жалға беру және тағы да басқа жер қаты­на­ста­ры­на қаты­сты туын­дай­тын мәсе­ле­лер­ді асы­қ­пай қарап, жан-жақты пысы­қтап, сарап­шы­лар­дың қаты­суы­мен толық сара­лап, бір шешім­ге келуі керек», – деді.

Демек, пре­зи­дент кеңес­шісі Жер­дің қаза­қстан­ды­қтарға саты­лу, сатыл­мауы тура­лы шешім­ді Жер комис­си­я­сы шыға­ра­ды деп отыр. Ерлан Тыным­бай­ұлы­ның сөзі­нен мен соны түсін­дім. Өте жақ­сы сөз бұл! Ерлан Қарин жай адам емес, үлкен сая­сат­кер. Сөзін тек­ке шығын­да­май­ды, жеті өлшеп, бір кесіп барып пікір біл­діретін жігіт. 

Енді сол шешім­ді шыға­ра­тын комис­си­я­ның түрі – мынау. 

Алды­на әкеліп бер­ген заң­ның бұл бабы­на ешқан­дай түзе­ту енгіз­бес­тен сенатқа өткізіп жібер­се, мәжілістің не біл­ген ойы бар?! Заң жоба­сы неге сон­ша тез жыл­жып кет­ті сенатқа?

Әлде бұл мәсе­ле мәжілістің талқы­лау күн тәр­тібіне енген жоқ па?! Жоқ, Жер­дің жеке мен­шік­ке бері­лу-беріл­ме­уі тура­лы тұсы қай­та қара­ла ма?!

Бірақ Ерлан Тыным­бай­ұлы­ның сөзіне қара­сақ, дәл осы мәсе­ле тура­лы айтып тұр. Қалай болған күн­де де, Жер жөнін­де­гі комис­сия мен пар­ла­мент есін жиюы керек! 

Әсіре­се Жер жөнін­де­гі комиссия!

Аталған кодекстің 3‑бабының 2‑бөлігінің көзі жоғал­май, бұл дау басыл­май­ды! Алды­ңа әкеліп, жығып бер­ген заң­ды түзей алма­саң, онда орны­ң­ды босатқа­ның дұрыс!

«80% ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер, 20% пәлен­бай жер…» деген мің­гілік­ті доға­ру керек. Жер жеке мен­шік­ке беріл­мей­ді, тек түгел­дей мем­ле­кет мен­ші­гін­де болады!

Жұрт күт­кен шешім – осы!!! 

Ауыт МҰҚИБЕК

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн