Жер жәннаты – Катон-Қарағай

Соңғы кездерде қазақстандықтардың көпшілігене Катон-Қарағай аумағы танымалды болды. Аудан орталығы Катон-Қарағай ауылы, аймақтық орталық Өскемен қаласынан шамасы 430 шақырым жерде орналасқан. Жол Серебрянск, Алтай шағын қалаларын және Үлкен Нарын ауылын басып өтеді. Осы бағытта тау арасымен жаңа тас жол салынып жатыр, жоспар бойынша алдыңғы бір-екі жылда аталған құрылыс жобасы іске асырылады.

Екінші бағыт Өскемен, Самар ауылы, Бұқтырма су қоймасы, Үлкен Нарын ауылы арқылы өтеді. Бұл бағыттың қашықтығы шамамен 420 шақырым болғанымен, су қоймасын асу үшін паром-қайығын тосу керек, бұл кеме жарты сағатта Бұқтырманың сол жағалауынан он жағалауына жеткізеді. Соңғы жылдары көпір салынуыда, аймақтық басшылардың айтуынша, биылғы күзде бұл көпір дайындалып қолдануға еңгізіледі.

Қазақстанның өңірлерін дамытуға арналған бір неше мемлекеттік жобаларына Катон аумағы да кіреді. 2019 жылдық 27 желтоқсанында бекітілген нөмірі 990 өңірлерді дамыту Мемлекеттік бағдарлама бойынша, 2025 жылға дейін бір қатар шаралар іске асырылады. Соның ішінде Катон-Қарағай аумағына тиісті, жаңа жолдар, су қоймасынан өтетін көпір салынып болады. Және де жеке кәсіпкерлердің жұмыстарын жеңілдететін іс шаралар іске асырылды. Мемлекеттің тарапынан, аталған қолданылған әрекеттер жергілікті өңірді дамытуға жол ашады.  

Катон-Қарағай және Марқакөл аудандары Алтай өңіріне кіреді. Алтай таулары Ресейден басталып, әрі қарай Қазақстанның Зайсан ауданына созылады. Жергілікті аумақ солтүстікте Ресеймен, шығыс жағынан Қытаймен шекараласады. Сол екі елдің ортасында кеңес одағы кезінде Моңғол елінен мал айдайтын үлкен емес дәліз болған. Кезінде Моңғолиямен де шекара болатын.

Таудың шыңдары бұлттарға жетіп, биіктері жаздада қармен жабылған. Көз алалмайтын әдемі көріністер, керемет деп айтсаң сөздің күші жеткізе алмайтын сұлулық. Катон табиғаты ЮНЕСКО жүйесіне еңгізілген. Бекер емес сол жерлерді екінші Швейцария деп атады. Әуелі, осы жерлердің ерекшелігіне байланысты, Швейцарияда жете алмайтыны көрінеді. Алтай маралының мүйізінен жасалған емдеуге арналған құралдар еш жерде жоқ. Марал мүйізінің өнімдері басқа жерлерде де бар, бірақ дәл Қазақ Алтайының өнімдері ерекше болып табылады.

Сол мекенді шетел азаматтары бекер емес таңдады. Жыл сайын Еуропа, Қытай, Америка, Канада азаматтары турист ретінде келіп, ем алып демалып қайтады. Одан басқа, аудан ғылыми қызығушылық танытады. Атап айтқанда, 2017 жылы Шығыс Қазақстан аймағының Катон-Қарағай ауданына, Қазақстандағы Франция елшісі Франсис Етьен Катонға барған болатын. Өзінің іс сапарында шетелдік дипломат Берел мемлекеттік тарихи-мәдениет мұражайын аралады. Сонымен қатар, 1998 жылы белгілі қазақстандық археология гылымы М.Марғұлан мен табылған Сақ қорымдарын көріп кетті.

Берел мемлекеттік тарихи-мәдениет мұражайы 2008 жылы шілде айының 4-ші жұлтызында нөмірі 674 үкімет қауылымен құрылды. Мұражайдың негізін археологиялық орын, темір дәуірінің көрнекті қорымдары, Берел қорымдары құрайды. Оның аумағында ең бай қорымдарды қамтитын Пазырық мәдениетінің элиталық қорғандары мұражайланады. Мұндай қорымдарда олардың мәңгі мұзда сақталуына байланысты ағаштан, былғарыдан, матадан жасалған көптеген заттар табылды, бұл Пазырық жолындағы әйгілі қорғандармен қатар бұл кешеннің бірегейлігін көрсетеді. Қорым алаңында скиф-сақ дәуірінің жерлеу рәсімдерін көрсететін көрмелер ұйымдастырылған. Бас мұражай кешенінің жанында көрме залы, қойма және басқа да ғимараттар орналасқан.

Аталған жағдайларға сүйене отырып, Катон-Қарағай ауданы дамуға көп перспективті мүмкіншіліктер бар. Оның ішінде табиғи, тарихи, этно-туризм, ауыл-шаруашылығы, азаматтарды емдеу саласы, тағы да басқа бағыттар. Сол жердің табиғатының байлығы соншама, әр-түрлі салада дамуға болады. Жыл сайын Катонға мөлшерімен 200 мыңнан астам турист келіп кетеді.

Осы тақырыпқа тоқтасақ,  ауданның дамуы сұрақтары жергілікті азаматтарға да байланысты. 2019 жылдың халық санағының нәтижесіне сәйкес, түрғындардың 80 пайызын қазақ, 18 пайызын орыс, қалған екі пайызын басқа ұлттар құрайды. Ауа-райының ауырына қарамай жергілікті тұрғындар жеке кәсіппен белсенді түрде айналусыда. Әділдік үшін айтып кеткен жөн, халық пысық, малды да асырайды, балды да табады. 

Осыған қарамастан, заманауи қызмет көрсету әдістер әлі де жоғары түрде еңгізілмеген. Туристтерге қызмет көрсету саласында бәсекелестікке жағдай жасалса, тұтынушыны қарсалу мәдениеті артыйды. Іскер кәсіпкерлерді қызықтырып, оларға жағдай жасау қажет. Әуелі, Қазақстанның басқа өңірлерден азаматтар келіп, сәтті жұмыс орындар ашып, жағдайларын жақсартып жатыр.

Мысалы, 2016 жылдары Алматы қаласының тұрғыны Андрей Пилипенко жанұясымен Өрел ауылының маңына көшіп келді. Содан бері шаруашылық ашып, өз қолымен ағаштан, теріден кәдесыйлар жасап, шығарған заттарын саудаға айналдырды. Оның үстінен бір неше киіз үй алып, келген туристтерге жалға береді. Қазырғы кезде жергілікті бюджетке салық төлеп, өз үлесін салады. Айта кету керек, жергілікті азаматтардың арасында да бар осындай іске жақын азаматтар.

Сондай ақ, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ай-Марал ауыл шаруашылығы» маралдан басқа да, есек, түйе, қашыр өсіреді. Аталған малдар туризммен келген қонақтар үшін қолданылады: бұларға туристтер мінеді, фото-сүретке түседі. Жалпы ауданда жиырмаға жуық марал өсіретін шаруашылық, бір жылда 5 тоннадан астам шикі маралдың мүйізін және 3 тоннадай оның консервіленген түрін шығарады. Жылына 400-500 дей тонна бал алынып, бұкіл Қазақстанға және шетелге сатылады.  

Катон-Қарағай ауданының жетістіктері әлі де алдыда деп үміттенеміз, тұған өңірлері әрі қарай дамысын деп қолдау көрсету қалды.

Республиканский еженедельник онлайн