Пятница , 4 июля 2025

Жер мәселесіне нүкте қоюға САЯСИ ШЕШІМ ҒАНА КЕРЕК

Өткен апта­ның сәр­сен­бісін­де Аста­на­дағы «Қаз­ме­диа» орта­лы­ғын­да Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің баста­ма­сы­мен агроө­нер­кәсіп мәсе­ле­леріне арналған «Astana agro forum-2018» деп аталған жиын өтті. Форум­дағы бір­не­ше панель­дік сек­ци­я­ның бірі – «Жер­ді ұтым­ды пай­да­ла­ну» деп аталған оты­ры­сқа бел­гілі қоғам қай­рат­кері, Жер комис­си­я­сы­ның мүше­сі Мұх­тар Тай­жан моде­ра­тор­лық еткен еді. Мұн­да Мұх­тар Тай­жан қоғам бел­сен­ділерінің баста­ма­шыл тобы­ның аты­нан Қаза­қстан халқы үшін жеке мен­шік мүлік инсти­ту­ты­ның орны­на жалға алу­ды, біры­ңғай аграр­лық салық енгі­зуді заң­да­сты­ру­ды ұсын­ды. Форум­да қозғалған осы және қоғам­дағы басқа да еле­улі мәсе­ле­лер жөнін­де Мұх­тар мыр­за­мен болған сұх­ба­ты­мы­здың егжей-тег­жейі мына­дай болды. 

– «Astana agro-2018» фору­мы жөнін­де ресми БАҚ там-тұм ақпа­рат таратқа­ны­мен, форум­ның жер мәсе­ле­леріне қаты­сты негіз­гі мақ­са­ты айтыл­май қал­ды. Сіз осы олқы­лы­қты қалай тол­ты­рар едіңіз?

– Ең алды­мен ұзын-ырға­сы 800-ге жуық адам қаты­сқан бұл форум агро­сек­тор сала­сы­на қаты­сты соңғы жыл­да­ры өткен еле­улі жиын дер едім. Оған пре­мьер-министр Бақыт­жан Сағын­та­ев бастап, оның орын­ба­са­ры – ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі Өмір­зақ Шөке­ев қостап, пар­ла­мент депу­тат­та­ры, шаруа қожа­лы­қта­ры­ның жетек­шілері, фер­мер­лер, агро­са­ла­ның білік­ті маман­да­ры қаты­сты.
Мен жетек­шілік еткен «Жер­ді ұтым­ды пай­да­ла­ну мәсе­ле­лері жөнін­де­гі» панель­дік сек­ци­яға ауыл шару­а­шы­лы­ғы вице-мини­стрі Берік Бей­сенға­ли­ев пен мини­стр­лік­тің жау­ап­ты хат­шы­сы Асы­л­жан Мамыт­бе­ков қатысты.

Фору­мға қаты­су үшін алдын ала әле­умет­тік желі­де тір­ке­лу жүр­гізіл­ді. Менің де тала­бым сол еді – мини­стр­лік мұрын­дық болған фору­мға жалғыз өзім қаты­сқан­нан гөрі, жер мәсе­лесіне күн-түні алаң­да­у­шы­лық біл­діріп, бел­сене ара­ла­сып жүр­ген аза­мат­тар­ды шақы­ру керекті­гін ұйым­да­сты­ру­шы тара­пқа ескерт­тім. Мини­стр­лік те менің тала­бым­мен келісті, қаты­су­шы­лар тізі­мін өзім жаса­дым. Ең алды­мен «жер дауы­мен» сот­ты болған Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ды шақыр­дым. Дос Көшім, Ермұрат Бапи, Кәми­ша Есмұ­хан­бетқы­зы, Тоғ­жан Қиза­то­ва, Лұқ­пан Ахме­ди­яр сын­ды елге бел­гілі аза­мат­тар­ды шақы­рып едім, олар бел­гілі себеп­тер­мен келе алма­ды. Фору­мға заң­гер­лер – Абзал Құс­пан, Ерлан Қали­ев және Айгүл Орын­бек, Болат Сыздық, қоғам бел­сен­ділері – Иса­тай Өте­пов, Жәні­бек Қожық пен Нұр­лан Сәдір, таны­мал жел­тоқ­сан­шы Нұр­лы­бек Қуаң­ба­ев пен жур­на­ли­стер Сәу­ле Әбіл­да­ханқы­зы, Нұр­гел­ді Әбдіға­ни келіп қатысты. 

– Ал сіз жеткшілік еткен сек­ци­яда айты­лған әңгі­менің жал­пы маз­мұ­ны қалай болды?

– Ол бар­шаға мәлім: 2016 жылы жер дауы қалай баста­лып, қалай тын­шы­ға­нын ел-жұрт жақ­сы біледі. Ақыр соңын­да ел пре­зи­ден­ті пәр­мен беріп, Жер кодексінің жеке­ле­ген бап­та­ры­на мора­то­рий жари­я­лан­ды. Заң­дағы бап­тар Жер комис­си­я­сы­ның шешім­дері­мен салы­сты­ры­лып, құқы­қтық сарап­та­ма жасаған­да, ешқан­дай ауы­тқу болған жоқ, бір-бірі­мен сәй­кес келді. 

Пре­зи­дент жари­я­лаған мора­то­рий­дің мерзі­мі 2021 жыл­дың 31 жел­тоқ­са­нын­да аяқта­ла­ды. Одан кей­ін жер тағ­ды­ры не бол­мақ? Алда небәрі 3 жыл уақыт қал­ды. «Жер сатыл­ма­сын, шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін» деген халық тала­бы ескері­ле ме? 

Міне, жал­пы маз­мұн осы төңірек­те өрбіді. Енді­гі 3 жыл­дың ішін­де біз жаңа заң­ды – шетел­дік­тер­ге жер­ді жалға уақыт­ша ғана емес, түбе­гей­лі бер­мей­тін – заң­ды қабыл­да­туға үлге­ре­міз, аман­дық бол­са. Өздеріңіз бай­қаған­дай, біз осы бағыт­та қазір қызу жұмыс істеп келе жатыр­мыз. Біз­ге жер дауы­на нүк­те қоя­тын жаңа заң қабыл­дау үшін, түбе­гей­лі сая­си шешім ғана керек болып тұр. Басқа мәсе­ле­лер реті­мен шешіледі. 

– Иә, жер­ге кін­ді­гі бай­ланған халық та соны күтіп отыр: біздің елде сая­си шешім қабыл­дай­тын жалғыз тұлға – ел пре­зи­ден­ті екені мәлім. Оның ел тарихын­да қалар-қал­мас орнын да осын­дай ұлт­тық мәсе­ле­лер айқын­дай­ты­ны және аян. Осы орай­да сіз осы форум­да жер­ді жалға беру мәсе­ле­лері жөнін­де кон­цеп­ту­аль­ды ұсы­ны­стар айтқан екен­сіз. Ол ұсы­ны­стар­дың жай-жап­са­ры не болды?

– Менің бірін­ші ұсы­ны­сым – үлкен аумақтағы ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған жер­лер­ге Жеке мен­шік инсти­ту­тын алып тастап, оның орны­на Жалға беру инсти­ту­тын енгі­зу. Жер­ді жалға беру нары­ғы тек Қаза­қстан аза­мат­та­ры мен жүз пай­ыз қаза­қстан­дық заң­ды тұлға­ларға қол­жетім­ді болуы тиіс. Жер­ді шетел­дік­тер­ге сатуға және жалға беру­ге тый­ым салы­нуы тиіс. Яғни, шетел­дік инве­стор­лар мен акци­о­нер­лері бар ком­па­ни­я­ларға жер­ді жалға беру­ге бол­май­ды. Сол сияқты суб­арен­даға, яғни жер­ді жалға алып, оны үшін­ші тара­пқа пай­да­ла­нуға беру­ге де шек­теу қой­ы­луы керек. Ашық кадастр енгі­зу қажет. Жер нары­ғы элек­трон­ды база­да ашық, әрі айқын болуы керек.
Сон­да ғана халы­қтың «жер ешкім­ге сатыл­ма­сын, тек қана қаза­қстан­ды­қтарға жалға беріл­сін» деген тала­бы орын­да­ла­ды. Егер 2003 жылы қабыл­данған Жер кодексіне жер­ді жалға беру инсти­ту­тын енгізіп, оған ашық әрі айқын элек­трон­ды жүйе орнат­сақ, халы­қтың тала­бы орындалады. 

Екін­ші ұсы­ны­сым – біры­ңғай жер салы­ғын енгі­зу. Елде­гі ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның ең үлкен про­бле­ма­сы – лати­фун­дизм. Ірі жер иеле­ну­шілер жер­ді жалға алып, оны не өздері пай­да­лан­бай­ды, не өзге­лер­дің иге­руіне мүм­кін­дік бер­мей­ді. Салық жағы­нан алып қара­сақ, оларға жер­мен айна­лы­су тиім­сіз болып тұр. Керісін­ше, бос тұрға­ны тиім­ді. Біз мұн­дай түсінік­ті түбе­гей­лі өзгер­туі­міз керек. Жер­ді жалға алдың ба, жұмыс істе, салық төле. Жер­де жұмыс істе­сең де, істе­ме­сең де, салық тұрақты болуы тиіс. Сон­да ғана бос жатқан жер­лер азаяды. 

Яғни, жер­ді жалға алған адам оны игер­се де, игер­ме­се де, біры­ңғай салық төле­уі тиіс бола­ды. Сон­ды­қтан шаруа жер­ді иге­ру­ге мәж­бүр бола­ды неме­се бос тұрған жер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­руы­на тура келеді.
Ақпа­рат ретін­де айта кетей­ін, Қаза­қстан­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да пай­ла­нуға бола­тын жер көле­мі шама­мен 200 млн гек­тар­ды қам­ты­са, қазір оның 100 млн гек­тарға жуы­ғы ғана қол­да­ны­ста. Ал жеке мен­шік­те 1 мил­ли­он 300 мың гек­тар жер бар екен. Бұл дегеніңіз жал­пы жарам­ды жер­дің 0,6 пай­ы­зын құрайды. 

Қазір­гі таң­да жер­ді жалға алған кез­де, оған салы­на­тын салық мөл­шері – 1 гек­тарға 37 тең­ге екен. Өткен жыл­да­ры Салық кодексіне бос тұрған жер­лер­ге салық мөл­шерін 10 есе көбей­ту жөнін­де ұсы­ныс енгіздік. Жалға алған жер­ді иге­ре бастаған­да, оған салы­на­тын 37 тең­гелік салы­ққа тағы 7 түр­лі салық қосы­ла­ды. Демек, бұл жер­ді жалға алып, оны иге­ру тиім­сіз деген сөз. Осы күн­ге дей­ін шеші­мін тап­пай келе жатқан үлкен мәсе­ленің бірі – осы игеріл­мей, бос жатқан жер­лер. Менің ұсы­ны­сым – жер­ді алған соң, жұмыс істе­сең де, істе­ме­сең де, жер­дің көле­міне бай­ла­ны­сты салық төле­нуі керек. 

Үшін­ші ұсы­ны­сым – жер­ге ғары­штық мони­то­ринг­ті заң­да­сты­ру. Себебі лати­фун­ди­стер­дің иелі­гіне өтіп кет­кен, игеріл­мей қалған жер­лер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру – өте қиын шаруа. Жер­гілік­ті әкім­шілік құжат дай­ын­да­са, шешім қабыл­дау сот­тың құзы­ры­на кіреді. Демек, шешім­ді шене­унік­тер қабыл­дай­ды. Ешкім­ге де жасы­рын емес: тек­се­ре қал­саңыз, жер­гілік­ті жер­де­гі әкім-қара­лар осы лати­фун­ди­стер­мен дос, туыс неме­се сол жер­дің иесі өздері болып шыға келеді. Бос тұрған жер­лер­ді жер­гілік­ті комис­сия, жер­гілік­ті сот арқы­лы емес, спут­ник­тен алған мәлі­мет бой­ын­ша қай­та­руға болады.

– Ол мони­то­ринг­ті де адам жүр­гі­зеді ғой: айна­лып кел­ген­де, сыбай­ла­стық тағы да сол адам­ның қолы­на тірел­мей ме? 

– Кос­мо-мони­то­ринг дегені­міз – спут­ник арқы­лы жаса­ла­тын бақы­лау. Оның құқы­қтық және заң­дық құзы­ры жаса­ла­тын бол­са, сыбай­ла­сты­қтың жолын кесу­ге бола­ды. Қазір жер мәсе­лесіне кел­ген­де, біз­де ашық кадастр жоқ. Яғни, ашық әрі обък­тив­ті мәлі­мет жоқ. Бұл – бос тұрған жер­ді мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­руға бір­ша­ма кедер­гі кел­тіретін фактор.

Сот та, әкім­шілік­тер де қағазға, құжатқа қарай­ды. Ал сол құжат­ты жау­ап­ты бір шене­унік әзір­лей­ді. Сон­ды­қтан біз­ге объ­ек­тив­ті, ашық мәлі­мет керек болып тұр. Мұн­дай мәлі­мет­ті тек зама­на­уи спут­ник­тер ғана бере ала­ды. NASA, AIRBUS, EСA жер серік­тері Қаза­қстанға қаты­сты ақпа­рат­ты тегін беріп отыр. Біз ашық кадастр­ды екі жыл­дан бері талап ету­де­міз. Өкініш­ке қарай, әзір­ге еш нәти­же жоқ. Ал спут­ник­тік база­ның мүм­кін­ді­гі ашық кадастр­дан да күшті. Менің­ше, біз осы кос­мо-мони­то­ринг­ті заң­да­сты­руы­мыз керек. Сон­да сот та, әкім­шілік те бұл ақпа­рат­ты мой­ын­да­уға мін­дет­ті болады.

– Ал лати­фун­ди­стер­дің қолын­дағы игеріл­мей жатқан жер­лер­дің біраз мөл­шері бан­кілік кепіл­дік­те тұр: мұн­дай жағ­дай­да қайт­пек керек?

– Менің осы форум­да жасаған төр­тін­ші ұсы­ны­сым дәл осы – банк­тер­де кепіл­де тұрған жер­лер­дің мәсе­лесі. Өкініш­ке қарай, мұн­дай жер­лер өте көп. Он-он бес жыл бұрын көп жер банк­тер­ге өтіп кет­ті. Банк­тер өз кезе­гін­де бұл жер­лер­ді айна­лы­сқа шыға­рып бере алмай­ды, өйт­кені несие-қарыз жабы­лған жоқ. Бұл мәсе­ле бой­ын­ша Ұлт­тық банк төраға­сы Дани­яр Аки­шев­ке де жолы­қтым. Заң тұрғы­сы­нан алған­да, банк­те кепіл­дік­те тұрған мүлік шық­пай­ды. Он бес жыл бойы кепіл­дік­те тұрған жер­дің заң­ды иесі кім екені бел­гісіз, баяғы­да банк­рот болған. Оған несие бер­ген банк­тер де жабы­лған, қор­шап тастаған қан­ша­ма жер бос тұр, халық та пай­да­ла­на алмай­ды, яғни жер­ді пай­да­ла­ну­дың мүм­кін­ді­гі жоқ. 

Сон­ды­қтан бұл жер­лер – өлі жер­лер сана­ты­на жата­ды. Кей­бір жер­лер­дің игеріл­мей бос жатқа­ны­на 15 жыл­дай болып­ты. Аталған мәсе­ленің шеші­мі табыл­ма­са, банк­те кепіл­дік­те тұрған жер­лер тағы 50 жыл игеріл­ме­уі әбден ықти­мал. Пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың өзі айт­ты: бұл жер­лер­ге арам­шөп өседі, қасын­дағы егіс алқап­та­ры­на кесірін тигі­зеді деп. Сон­ды­қтан фору­мға қаты­сқан Ұлт­тық банк, Жоғарғы сот, Бас про­ку­ра­ту­ра өкіл­дері, депу­тат­тар, қоғам­шыл аза­мат­тар осы мәсе­ле­ге қаты­сты жұмыс­шы тобын құрып, жаңа заң­ды­лық нор­ма жаса­уы­мыз керек. 

Міне, осы төрт ұсы­ны­сым­ның жау­а­бын үкі­мет пен Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі­нен күте­мін. Бұл менің ғана емес, жал­пы халы­қтың талабы!

– Қазақ жерінің біраз мөл­шері мүлік ретін­де бан­кілік кепіл­дік­те тұрға­ны мәлім. Неси­есін қай­та­ра алмаған фер­мер­лер өз жер­лері­нен айы­ры­лып жатқа­ны тағы бар. Нары­қтық қаты­на­стар­дың осы жағ­дайы жөнін­де сіздің қолы­ңы­зда қан­дай деректер бар? Мәсе­лен, қан­ша көлем­де­гі жер кепіл­дік­те тұр, қан­ша­сы бан­кілік мен­шік­ке өтіп кетті?

– Өте орын­ды қой­ы­лған сұрақ және бұл біз үшін маңы­зды мәсе­ле! Елдің бас бан­ки­рі Дани­яр Аки­шев­пен кез­дескенім­де, дәл осы сұрақты қой­ған едім. Бірақ мәлі­мет­тер бүгін­гі күн­ге дей­ін қолы­ма тиген жоқ. Қан­ша жер­дің кепіл­дік­те тұрға­нын білу үшін, «ҚазА­гроға» да бар­дым. Олар­дың айтуын­ша, 1,5 мил­ли­он гек­тар жер кепіл­дік­те тұр екен. Менің пай­ым­да­уын­ша, бұл өте аз көр­сет­кіш. Өйт­кені Қаза­қстан­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған 200 мил­ли­он гек­тар жер бар десек, оның тең жар­ты­сы – 100 мил­ли­он гек­та­ры лати­фун­ди­стер­дің қолын­да. Менің жасаған сарап­та­ма­лық мәлі­мет­терім бой­ын­ша, 30 мил­ли­он гек­тар жер кепіл­дік­те тұр. Бұл мәлі­мет ресми көр­сет­кіш емес, түбе­гей­лі зерт­те­сек, шын­ды­ғын білеміз.

Был­тыр­дан бері ашық кадастр жасау жөнін­де тал­май айтып келе жатыр­мын. Енді кос­мо-мони­то­ринг арқы­лы ашық кадастр­дан жүзе артық мәлі­мет­ті білу­ге бола­ты­нын жоға­ры­да айтып кет­тім. Осы­ған қол жет­кіз­сек, ешкім­ге жалын­бай-ақ, бар шын­ды­қты білеміз. 

– Деген­мен, кос­мо­стық мони­то­ринг дегені­міз жер­дің ғары­штан түсіріл­ген фото­су­ретін ғана беріп қой­май­тын шығар…

– Әлбет­те! Бұл – ашық кадастр­дың бала­ма нұсқа­сы. Қара­пай­ым тіл­мен айт­сақ, ауыл шару­а­шы­лық мақ­са­тын­дағы жер­лер­ді тиім­ді пай­да­ла­ну­дың біры­ңғай элек­трон­дық база­сы. Бұл база бой­ын­ша, Қаза­қстан­ның кез кел­ген облыс, аудан, елді мекен­дерін­де­гі ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер телім­деріне кім қожа­лық етіп отыр, ол қалай игерілу­де, бір жыл­да қан­ша суб­си­дия бөлін­ді, қан­ша соляр­ка алып оты­рға­ны­на қаты­сты нақты мәлі­мет­тер­ді білу­ге болады. 

Форум­дағы біз жүр­гіз­ген оты­ры­сқа Қар­жы мини­стр­лі­гінің маман­да­ры қаты­сып, кос­мо-мони­то­ринг жоба­сын қысқа­ша таны­сты­рып бер­ді. «Qoldau.kz» пор­та­лы – осы кос­мо-мони­то­ринг­тің элек­трон­дық база­сы, ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­ді пай­да­ла­ну тура­лы деректер­дің элек­трон­дық бан­кі. Спут­ник­тік түсірілім арқы­лы элек­трон­дық база­дан жер­ге қаты­сты мәлі­мет­ті толық білу­ге бола­ды. Бұл жоба әлі әзір­ле­ну үстінде. 

Аталған элек­трон­дық база­ға: агроө­нер­кәсіп­тік кешен­ге берілетін суб­си­дия алушы­ның тізі­мі, ауыл шару­а­шы­лы­ғы өндіріс субъ­ек­тілерінің элек­трон­дық кар­та­сы, жай­ы­лым­дар­ды басқа­ру және пай­да­ла­ну бой­ын­ша элек­трон­дық кар­та­ның дере­гі, көк­тем­гі дала және егіс жұмыста­ры­на жеңіл­детіл­ген дизель жанар­май­ын үле­стірудің есебі енгізілген.

Бұған қоса спут­ник­тен түсі­ру арқы­лы әрбір жер телі­мінің иесі тура­лы мәлі­мет­тер толық қам­ты­лған. Әр шару­а­ның жер­ді қалай және қай мақ­сат­та игеріп жатқа­ны, оның қан­ша суб­си­дия алға­ны, жеңіл­детіл­ген жанар­май оты­нын қан­ша көлем­де тұты­нға­ны тура­лы ақпа­рат­тар база­да жиыстырылған.

Бұл база­ның суб­си­ди­я­лар деген бөлім­де: тыңай­тқы­шқа берілетін гек­тар­лық суб­си­дия, балы­ққа, аң-құсқа, төрт түлік малға, дән­ді-дақы­лға, тұқы­мға, суға, т.б. бөлін­ген суб­си­ди­я­лар­дың тізі­мі және олар­ды кім­дер алып оты­рға­ны бел­гі­лен­ген. Жеңіл­детіл­ген баға­мен дизель жанар­май­ын қай облы­стар қан­ша мөл­шер­де алып оты­рға­нын да көру­ге бола­ды. Жай­ы­лым жер­лер­дің кар­та­сы арқы­лы жер иеле­ну­ші тура­лы ақпа­рат­ты да оңай табасыз.

Бүгін­гі таң­да жер иге­ру мәсе­лесін жер­гілік­ті әкім­дік­тер қалай «қадаға­лап» оты­рға­ны бар­шаға бел­гілі. Нәти­же­сін­де лати­фун­ди­стер­дің қолын­да игеріл­мей жатқан көп жер бар, ал жұмыс істей­мін деген халық үшін бос жер жоқ. Осы мәсе­ленің шеші­мін табу үшін, спут­ник­тік бақы­ла­удың сеп­ті­гі тимек.

– Сіз қазір аза­мат­тық қоғам мен билік­тің ара­сын­дағы тәу­ел­сіз дәне­кер ретін­де жер мәсе­ле­лері­мен тіке­лей айна­лы­сып жүр­сіз: жал­пы, жоғарғы мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жүр­ген лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың жер мәсе­лесіне қаты­сты көзқа­рас­та­рын қалай баға­лай­сыз? Жер­ге қаты­сты ұлт­тық мүд­де­ге аза­мат­тық жана­шыр­лық бай­қа­ла ма, жоқ әлде жер­дің астын сатып біт­кен соң, оның үстін бөл­шек­теп сатуға деген озбыр­лық көзқа­рас басым ба? 

– Билік дегені­міз – қыз­мет етіп оты­рған адам­дар­дың тобы, оның негізін құрай­тын – өзі­міздің қаза­қтар. Қоғам­дағы, қор­шаған орта­дағы адам­дар­дың пікірі әртүр­лі, билік­те де сон­дай. Шене­унік­тер­дің, тіп­ті депу­тат­тар­дың ара­сын­да да жер­ді иеленіп алып, қай­тарғы­сы кел­мей оты­рған­да­ры бар. Деген­мен орта­ла­рын­да түсінік­тері мол аза­мат­тар­дың қара­сы көп. 

Егер лати­фун­дизмді тоқтат­па­сақ, Арген­ти­на секіл­ді құл­дық елге айна­ла­мыз. Арген­ти­на­да испан отар­шы­ла­ры­ның ұрпақта­ры жер­ді толық жеке мен­шік­ке алған. Жер­гілік­ті жастар Буэнос-Айрес­ке келу­ге мәж­бүр, қалаға кел­се – жұмыс­сыздық, оқиын десе – ақша­сы жоқ, оның үстіне білім беру жүй­есі нашар­лаған. Бұл – лати­фун­диз­мнің нәтижесі. 

Осы жағ­дай­ды түсі­нетін қазақ шене­унік­тері бар­шы­лық. Олар бол­маған­да, қаза­ққа қарай­лас мәсе­лені үлкен мін­бер­лер­ден айтуы­ма, қоғам­да ашық ойы­мен, бел­сен­ді күресі­мен таны­мал болған аза­мат­тар­ды үлкен жиын­дарға қаты­сты­руға мүм­кін­дік беріл­мес еді. Жер мәсе­лесі көтеріл­ген­нен бері, Аста­на­дан дос та, қар­сы­лас та тап­тым. Халы­қтың жана­шыр­ла­ры бірі­гіп, кез кел­ген кедер­гіні бұзып өтуі­міз керек! 

Жер мәсе­лесі түбе­гей­лі шешіл­мей, ауыл шару­а­шы­лы­ғы тығы­ры­қтан шық­пай­ды, жұрт та тыныш бол­май­ды. Халы­қтың басым көп­шілі­гінің талап-тіле­гі – «Жер сатыл­ма­сын, шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін!». Жер­ді жеке мен­шік­ке беру қажет емес, жалға беру – жет­кілік­ті. Жер – мем­ле­кет­тің мен­ші­гін­де болуы тиіс, ал фер­мер­лер жер­ді жалға алып жұмыс істесін. Сон­да ғана «Жер тек қана Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на және тек қана жалға беріл­сін!» – деген халы­қтың тала­бы орын­да­ла­ды. Жер бос тұр­ма­сын – біры­ңғай аграр­лық салық салын­сын. Жер ұтым­ды игеріл­сін десек, спут­ник арқы­лы қадаға­ла­уды заң­да­сты­ру керек. 

– Ал енді осы ұсы­ны­стар­ды қол­дау жағы қалай бол­ды? Сіздің ой-пікіріңіз форум­ның қара­ры­на енді ме?

– Форум­ның қор­тындысы бой­ын­ша қарар қабыл­дан­ба­ды, Бірақ менің ұсы­ны­ста­ры­ма ешкім қар­сы болған жоқ, бәрі біра­уы­здан қол­да­ды. Ұсы­ны­ста­рым­ды құзыр­лы меке­ме­лер­ге жол­да­дым. Өйт­кені ол ұсы­ны­стар қаза­қтың жерін қорға­удың заң тұрғы­сын­дағы қағи­да­сы­на сай. 

Біз өткіз­ген сек­ци­я­ның оты­ры­сы­на келіп қаты­сқан бір жігіт: «Сен­дер жер­ді шетел­дік­тер­ге беріп отыр­сы­ң­дар» деп, жала жапқы­сы кел­ді. (Айт­пақ­шы, жиы­ны­мыз «Азаттық» радио­сы арқы­лы тіке­лей эфир­ден тарап жат­ты). Бұл жігіт­ті біз арнайы шақыр­маған едік. Тың­даған баян­да­мам­нан «жер­ді шетел­дік­тер­ге бере­міз деп айт­сам, дәл осы жер­де беті­ме бас­шы», – дедім оған. Ол «жоқ» деді. Кей­ін­нен сол жігіт: «Мұх­тар өз жақ­та­ста­рын шақы­рып, олар­ды сатып алды» деп сұх­бат беріп жатқа­нын естідім. Маңғы­ста­удағы –Жәні­бек Қожы­қты, Орал­дағы – Абзал Құс­пан­ды, Алма­ты­дағы – Ерлан Қали­ев сын­ды аза­мат­тар­ды сатып алу кім­нің қолы­нан келеді? Мен – мил­ли­ар­дер емес­пін, тіп­ті «Нұр Отан­ның» да мүшелі­гін­де жоқ­пын. Фору­мға 800 аза­мат кел­се, біздің сек­ци­я­мы­зға тір­кел­ген 70 адам­нан тыс қызы­ғу­шы­лық таны­тқан­дар да өте көп бол­ды. Олар­дың бар­лы­ғын мен қалай сатып аламын? 

– Деген­мен, Қаза­қстан өзін нары­қтық эко­но­ми­ка елі деп жари­я­лаған соң және тәу­ел­сіздік алған­нан бері елі­міз капи­та­ли­стік жүй­е­де өмір сүріп жатқа­нын ескер­сек, жер­ге инве­сти­ци­я­лық қар­жы салу тұрғы­сын­да қан­дай ойы­ңыз бар? Мәсе­лен, шетел­дік, әсіре­се қытай­лық инве­стор­лар­дың жер­ді ием­деніп кету қау­пі Орта Азия елдері мен Афри­ка­да өрши түс­кенін біле­міз. Біз­де ондай қатер­дің алдын алу мәсе­ле­лері форум­да қарал­ды ма?

– Инве­сти­ция әке­лу жөнін­де нақты біздің сек­ци­яда мәсе­ле көтеріл­ген жоқ. Алай­да сіздің сұрағы­ңы­з­бен келі­се­мін. Қытай –Латин Аме­ри­ка­сы­на, Афри­каға көп қар­жы құй­ып жатыр. Қытай­дан неси­ені қары­зға алса, ертең­гі күні сая­си тәу­ел­ділік­ке тап болу әбден мүм­кін. Біз­ге де осы мәсе­ле өте қауіп­ті болып тұр. Бұл жөнін­де біздің елге қан­ша инве­сти­ция кел­генін, қан­ша қарыз алға­нын жілік­теп, 2011 жылы арнайы мақа­ла жаз­дым. Сол мақа­ла­ның негізін­де демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ция арнайы мәлім­де­ме жаса­ды. Содан бері жеті жыл өтті, ал несие-қары­зды мың есе­леп алу жалға­су­да. Мұн­дай инве­сти­ция эко­но­ми­каға ғана емес, мем­ле­кет­тік тәу­ел­сіздік пен дер­бес сая­сатқа да қауіп төн­діреді. Инве­сти­ция – Еуро­па­дан, Аме­ри­ка­дан, Араб елдері­нен келуі керек, бір ғана Қытай­ға жабысып алу­дың кесірі мем­ле­кет­ке, ел тұрғын­да­ры­на қауіп әкеледі. 

– Ал қазір­гі билік­тің жағ­дай­ын­да жер мәсе­лесін халық мүд­десіне сай шешу мүм­кін емес деген пікір­лер тәу­ел­сіз басы­лым­дар мен әле­умет­тік желілер­де жиі айты­лу­да. Сіз бұл пікір­лер­дің оң-терісіне қаты­сты не айта алар едіңіз?

– Осы сұрағы­ңы­зға 2016 жылғы тарих жау­ап бер­ді: үкі­мет дай­ын­даған, мәжіліс пен сенат қол­даған, пре­зи­дент қол қой­ған заң­ды халық тоқтат­ты. Яғни, бір жұды­ры­ққа жұмы­лған халық билік­ті мәж­бүр етті. Рас қой? 

– Сөз жоқ!

– Яғни, бүгін­де халы­ққа пай­да­сы тиетін нәти­же­ге қол жет­кізу­ге бола­ды. Деген­мен ол – оңай емес. Жүй­ке тоза­ды, аяғы­ңы­здан шала­ды, аран­да­ту­шы­лар көбей­еді, жеке басы­ңа қауіп төн­се де, қаза­қтың киелі топы­рағын қорғау үшін бір­ле­се іс атқар­сақ, алын­бай­тын қамал болмайды! 

Айт­пақ­шы, жер мәсе­лесі­мен бір­ге ел тұрғын­да­ры­ның төзі­мін тауы­сқан тағы бір мәсе­ле – тұрғын-үй ком­му­нал­дық шару­а­шы­лы­ғы­на қаты­сты. Мен қазір осы мәсе­лені шешудің жұмыс­шы тобын­да­мын. Жер­ден жырақ, қала­дағы қаза­қтың да жағ­дайы көңіл көн­шіт­пей­ді. Алдағы бір сұх­бат­та бұл жөнін­де егжей-тег­жей­лі айтуға дайынмын! 

– Қалай болған­да да, Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа тіке­лей бай­ла­нып қалған бүгін­гі қаза­қстан­дық билік жуық маң­да өзгеріс­ке мүд­делі емес екен­ді­гін көр­сет­ті. Ол жөнін­де пре­зи­дент Назар­ба­ев Фин­лян­дия сапа­ры кезін­де өзін «Қаза­қстан­ның негізін қала­у­шы» ретін­де жари­я­лап, бұл жағ­дай оның пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсу­ге шексіз мүм­кін­дік беретінін мәлім­деді. Яғни, бүгін­гі пре­зи­дент билік басын­да бұдан былай да қала беретін бол­са, елде сая­си рефор­ма­лар­дың болуы мүм­кін емес деген жоралғы жасай ала­сыз ба?

– Бұл енді Ермұрат ағам­ның қосып қой­ған сұрағы сияқты (күл­ді). Бүгін­гі таң­да елде сая­си рефор­ма жүр­гізіледі, әділ сай­лау өте­ді деп мен үміт күтіп жүр дей­сіз бе? Оған уақы­тым­ды шығын­да­май­мын. Өйт­кені көз­ге көріне қоя­тын­дай өзгерістің алғы шар­ты жоқ. Сон­ды­қтан бола­шақ ұрпақ үшін жұмыс істе­уде­міз. Пре­зи­дент Назар­ба­ев билік­ке кел­ген кез­де мен 16 жастағы, 9‑сыныптың оқу­шы­сы едім. Бүгін­гі жасым 45-ке кел­ді, бала­ла­рым жоға­ры оқу орны­ның 3‑курсында оқи­ды. Менің бала­ла­рым азат елде, сай­ла­уы әділ өтетін мем­ле­кет­те өмір сүр­се ғой деп арман­дай­мын! Сол үшін ата-баба­дан ама­натқа қалған жері­мізді ұрпағы­мы­зға аман-есен тап­сыр­сақ, біздің буы­нға жүк­тел­ген негіз­гі жау­ап­кер­шілік – осы! 

Қаза­ққа жер тисе, малын өсіреді, бау-бақ­ша­сын жай­қал­та­ды, жұмыс­сыздық жой­ы­ла­ды, жастар ауыл­дан алыс кет­пей­ді, отба­сы­лар ажы­рас­пай­ды, ұрпағын көбей­те­ді. Ауы­лын­да ел-жұрт пай­да­ла­на­тын­дай жері бол­са, қазақ қалаға жөңкіл­мей, оны игеріп, мате­ри­ал­дық игілік­тің жемісін көрер еді. Жер – жастар­дың, бола­шақтың мәсе­лесі. Бәрі­міз бірі­гіп, бар күш-жігері­мізді жер­ге жұмсайық! 

– Енде­ше қаза­ққа еткен еңбе­гіңіз жан­сын, Мұх­тар мыр­за!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,
«D»

(медиа-про­ект «DAT» №39 (451) от 1 нояб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн