Суббота , 5 июля 2025

«ЖИҺАДШЫЛЫҚ» ЖАЛАСЫМЕН айыпталушылар ұзақ жылдық түрмеге кесілді

Алма­лы аудан­дық сотын­да төрт айға созы­лған «Жиһа­шы­лар ісіне» қаты­сты үкім шықты. Судья Қуа­ныш Әрі­пов үш адам­ды ұзақ жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сы­на кесті.

Сот 44 жастағы Алмат Жұмағұ­ло­вты «ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­дыр­ды» және «тер­ро­ризмді наси­хат­та­ды» деп 8 жылға сот­та­ды. «Тер­ро­ризм­ге шақыр­ды және оны наси­хат­та­ды» деп айып­талған 52 жастағы Кен­же­бек Әбі­шев – 7 жылға, 48 жастағы Орал­бек Өміров­ке 8 жыл түр­ме жаза­сы­на кесіл­ді. Олар жаза­сын қатаң режим­де­гі коло­ни­яда өтей­ді. Айып­та­лушы­лар­дың сот шеші­міне апел­ля­ци­я­лық шағым түсіру­ге мүм­кін­ді­гі бар.





Үкім шығар күні сот­та күзет күшей­іп, зал­да ондаған поли­цей бол­ды (сурет­те). Айып­та­лушы­лар­ды қол­да­уға кел­ген­дер­ді сот залы­на кір­гіз­беді. Олар үкім­ді басқа бөл­ме­де­гі мони­тор­дан естіді.
Шешім­нен кей­ін залға жиналған­дар­дың кей­бірі көзіне жас алды. Алмат Жұмағұ­ло­втың әйелі Әсел Көп­бо­сы­но­ва (сурет­те) «бала­ла­ры­ма не деп айтам?» деп дауыс көте­ре жылады.

Сот­та­лушы­лар­дың қол­да­у­шы­ла­ры сот үкі­мі­мен келіс­пе­ді. Олар сот ғима­ра­ты­ның сыр­тын­да Қаза­қстан үкі­метіне үндеу жазып, қол жина­ды. Бел­сен­ділер «Әбі­шев, Жұмағұ­лов, Өміров ешқан­дай қыл­мыс жасаған жоқ. Айып­та­лушы­ларға шыққан үкім қоғам үшін қауіп­ті» деп санай­ды. Адво­кат­тар сот үкі­міне шағым түсіретінін хабар­ла­ды. Айып­та­у­шы тарап «сот­та­лушы­лар­дың кінәла­ры толық дәлел­ден­ді» деп санайды.

Айып­тау құжа­ты­на сәй­кес, «Жұмағұ­лов, Әбі­шев және Өміров 2017 жыл­дың тамыз-қара­ша айла­ры ара­лы­ғын­да бір­не­ше рет кез­десіп, Қаза­қстан­да тый­ым салы­нған «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» (ҚДТ) қозға­лы­сы­на адам­дар тар­ту үшін ақыл­дасқан». Айып­та­у­шы тарап айғақ ретін­де интер­нет­те жари­я­ланған видео­ны ұсы­на­ды. Онда мас­ка киген бір­не­ше адам «қару­лы жиһад» жаса­уға үндей­ді. Про­ку­рор­дың сөзін­ше, видео­ны Алмат Жұмағұ­лов пен Орал­бек Өміров түсір­ген. Жарыс­сөз­де про­ку­рор «айып­та­лушы­лар­дың кінәсі толық дәлел­ден­ді және оларға жеңіл­дік жаса­уға бол­май­ды» деген.

Айып­та­лушы­лар мен олар­дың адво­кат­та­ры «іс қол­дан ұйым­да­сты­рыл­ды және тер­ге­ушілер мен сот про­цес­су­ал­дық қателік­тер­ге жол бер­ді» деп, айып­ты мой­ын­да­май­ды. Алмат Жұмағұ­лов соңғы сөзін­де әлі күн­ге дей­ін шетел­дік­тер­ге жер сатуға қар­сы екенін, ҚДТ ұсы­нған «халы­қтың тұр­мысын жақ­сар­ту иде­я­сын» қол­даға­нын айтқан. «Был­тыр жаз­да ҚДТ қыз­метіне Қаза­қстан­да тый­ым салын­баған және экс­тре­ми­стік ұйым деп таныл­маған, сол себеп­ті ол кез­де­гі қол­да­уым қыл­мыс боп санал­май­ды» деген еді ол соңғы сөзінде.

Айып­та­лушы тарап­тың сөзін­ше, тер­ге­уші Толға­най Ержа­но­ва тер­геу мате­ри­а­лын­дағы маңы­зды виде­ожа­з­ба сақталған диск­ті «жоғал­тып жібер­ген». Олар айып­та­уға негіз болып оты­рған виде­ожа­з­ба­ны «арнайы қыз­мет­тің аран­да­туы» және «оны ІІМ бұры­нғы май­о­ры ұйым­да­стыр­ды» деп санайды.

Қорғау тара­бы «судья сот оты­ры­ста­ры кезін­де істің қол­дан құра­с­ты­ры­лға­нын және қамауда оты­рған­дар­дың кінәлі емес екенін дәлел­дей ала­тын негіз­гі куә­гер­лер­ді тың­да­ма­ды» дей­ді.
Үш айып­та­лушы да «діни фанат емес, қара­пай­ым адам екен­дерін» айтып, айып­та­рын мой­ын­да­маған. Қаза­қстан­ның кей­бір құқық қорғау ұйым­да­ры Әбі­шев пен Жұмағұ­ло­вты сая­си тұтқын­дар қата­ры­на қосқан. Билік олар­дың қоғам­дық-әле­умет­тік ста­ту­сы жөнін­де әзір­ге пікір біл­дір­ген жоқ.

Еске сал­сақ, алма­ты­лық үш аза­мат­ты 2017 жылы қара­ша­да поли­ция «тер­ро­ризм актісін жаса­уға жария түр­де шақы­ру­ды тек­се­ру» шара­сы аясын­да ұстаған. Был­тыр қара­ша­ның 28‑і күні үше­уі қамауға алы­нып, кей­ін олар­ды қамауда ұстау мерзі­мі бір­не­ше рет ұзартылған.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн