Вторник , 1 июля 2025

ЖИ мен МИ – айырмашылықҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

Кеше ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де «Жасан­ды интел­лект тура­лы» заң­ның жоба­сы қарал­ды. Қаза­қстанға ғана емес, жал­пы адам­за­тқа төніп келе жатқан жаңа «тех­но­ло­ги­я­лық монстр» төңіре­гін­де депу­тат­тар тара­пы­нан мүдделі талқы­лау бол­ды. Осы орай­да депу­тат Асхат Аймағам­бе­то­втың депу­тат­тық сау­а­лын қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

​Көз алды­мы­зға жүр­гі­зу­ші куәлі­гін алмаған, оқы­маған адам­ның көлік рөліне оты­рға­нын еле­стет­сек: Жүр­гі­зу­ші, әрине, жол ере­же­сін біл­мей­ді; Бағ­дар­шам жоқ, жол жоқ, тіп­ті ере­же де жоқ. Мұн­дай жағ­дай­да апат­тың болуы айдан анық.

​Бүгін­гі мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның жағ­дайы да дәл осын­дай. Олар ChatGPT, Gemini сияқты жасан­ды интел­лект құрал­да­рын бел­сен­ді қол­да­ну­да: үй тап­сыр­ма­ла­рын орын­дай­ды, шығар­ма жазады.

​Бірақ… Оларға бұл құрал­дар­ды қалай дұрыс, әділ, эти­ка­лық және тиім­ді қол­да­ну керекті­гін ешкім үйрет­кен жоқ.

​Нәти­же­сін­де:

– Көшіріп алу,

– Үстірт ойлау,

– Дай­ын жау­ап­тарға тәуелділік.

Біз көлік жүр­гізу­ге тый­ым сал­май­мыз ғой. Керісін­ше, жүр­гі­зуді үйре­те­міз. Жол ере­же­сін оқы­та­мыз. Емти­хан тап­сы­ра­ды. Бағ­дар­шам мен бел­гілер бар. Міне, жасан­ды интел­лект бой­ын­ша да дәл осы­лай жаса­уы­мыз керек деп санаймыз.

​Қазір дамы­ған елдер жасан­ды интел­лект­ті оқы­ту­ды мек­теп бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на кір­гі­зу­де. Мыса­лы, Қытай. Пекин мек­теп­терін­де жасан­ды интел­лект бой­ын­ша сабақтар жылы­на кемін­де 8 сағат көле­мін­де оқы­ты­ла­ды. Бұл пән мін­дет­ті болып есептеледі.

​– Эсто­ния: Еуро­па­дағы үздік білім беру жүй­есі. 2024 жыл­дан бастап жоға­ры сынып оқу­шы­ла­ры­на ChatGPT қол­да­нуға рұқ­сат беріледі, мұғалім­дер арнайы кур­стар­дан өтуде.

​– АҚШта: Microsoft, IBM, Uber сияқты ең алпа­уыт инно­ва­ци­я­лық ком­па­ни­я­лар­дың 250-ден астам бас­шы­сы ашық хатқа қол қой­ып, жасан­ды интел­лект­ті мек­теп бағ­дар­ла­ма­сы­на енгі­зуді талап етуде.

Ал біз­де ше? Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев жасан­ды интел­лект­тің дамуы­на баса назар ауда­рып, ауқым­ды жұмыс жаса­лу­да. Депу­тат­тар арнайы заң дай­ын­дап, ол жаңа ғана мақұлданды.

Бірақ… ChatGPT сияқты жүй­е­лер­дің шыққа­ны­на екі жыл­дан көп уақыт өтсе де, біздің мек­теп­тер­де ЖИ-ге қаты­сты жүй­елі оқы­ту, әдісте­ме, бағ­дар­ла­ма жоқ. Ашы­ғын айт­сақ, бала­лар бұл тех­но­ло­ги­я­ны баяғы­дан қол­да­нып жүр – үй тап­сыр­ма­ла­рын ChatGPT-мен орын­дап, шпар­гал­ка ретін­де қолданып.

Ең өкіні­штісі — біз оларға оны дұрыс, эти­ка­лық және адал түр­де пай­да­ла­ну­ды үйрет­пе­дік. Нәти­же қандай?

– Сау­ат­сыздық,

– Дай­ын жау­ап­тарға тәуелділік,

– Үстірт ойлау,

– Көшіріп жазу,

– Сыни ойлау мен ана­лиз дағ­ды­ла­ры­на нұқсан.

Мұғалім­дер де толық дай­ын емес. Нақты бағыт-бағ­дар жоқ.

ЖИ-ні пай­да­ла­ну, баға­лау сая­са­ты да қалып­тас­паған. Сон­ды­қтан мына­лар­ды ұсынамыз:

1. ЖИ-ге қаты­сты ұлт­тық білім беру сая­са­тын қалып­та­сты­ру; Жасан­ды интел­лект­ті білім­ге қалай, не үшін және қан­дай дең­гей­де енгі­зу керек – соны аны­қтай­тын тұжы­рым­да­ма­лық құжат қажет;

2. ЖИ-ні білім мен ғылым­да қол­да­ну сая­са­тын әзірлеу;

3. Мек­теп бағ­дар­ла­ма­сы­на, уни­вер­си­тет­тер­ге ЖИ енгі­зу бой­ын­ша жол кар­та­сын бекіту;

4. Оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на Жасан­ды интел­лект модуль­да­рын енгізіп, эти­ка, сыни ойлау және ақпа­рат­тық гиги­е­на сабақта­ры­на көбірек көңіл бөлу;

5. Мұғалім­дер­ді арнайы даяр­лы­қтан өткізу;

6. Жұмыстар­ды баға­ла­у­ға қаты­сты регла­мент жасау. Ака­де­ми­я­лық адал­дық талап­та­рын жаңарту;

7. Білім сала­сын­да ЖИ бой­ын­ша бір рес­пуб­ли­ка­лық меке­менің негізін­де Ұлт­тық әдісте­мелік орта­лық құру;

8. «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның арнайы жоба­сы шең­берін­де ата-ана­ларға, оқу­шы­ларға, мұғалім­дер­ге – «ЖИ-ні қауіп­сіз, тиім­ді қол­да­ну» ашық онлайн курс дай­ын­дап, іс-шара­лар өткізу;

9. Уни­вер­си­тет­тер­дің оқу жос­пар­ла­рын қай­та қарау.

McKinsey мәлі­меті бой­ын­ша, 2030 жылға қарай қыз­мет­кер­лер­дің 70%-ы өз жұмысын­да жасан­ды интел­лект құрал­да­рын күн­делік­ті қол­да­на­тын болады.

​ЖИ-мен жұмыс істей алмаған­дар­дың орнын оны мең­гер­ген­дер басады.

​Егер біз жедел шара­лар қабыл­да­ма­сақ, тех­но­ло­ги­я­лық көш­тен қалып, бала­ла­ры­мыз бәсе­ке­ге қабілет­сіз болады.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты 

Республиканский еженедельник онлайн