Четверг , 15 января 2026

ЖОЛАЙРЫҚТАҒЫ ИРАН: ДІНИ РЕЖИМ ҚҰЛАЙ МА?

Міне, 18 күн бол­ды, Иран­дағы халық толқуы басы­лар емес. Елдің ресми билі­гі ғалам­тор­ды өшіріп, жағ­дай­ды қан­ша жасы­рғы­сы кел­се де жап­пай нара­зы­лық шара­ла­ры­ның бей­не­жа­з­ба­ла­ры жер-жаһанға тарап кет­ті. CBS теле­ар­на­сы таратқан соңғы мәлі­мет­тер­ге сәй­кес, ел көле­мін­де жап­пай етек алған шеру­лер кезін­де 12 мың­нан 20 мыңға дей­ін адам мерт болған. Қай ел үшін де бей­біт күн­де осын­ша­ма аза­ма­ты­нан айы­ры­лу ­­­­­үлкен қасірет!

Пар­сы елін­де­гі бұл жап­пай нара­зы­лық неден бастал­ды? Оның себебі неде, сал­да­ры қан­дай бол­мақ? Діни режим­ді құла­туға бағыт­талған төң­керіс болуы мүм­кін бе? Жағ­дай­ға әлем­нің кез кел­ген нүк­тесін «аме­ри­кан­дық мүд­де аймағы» деп жари­я­лап, килі­ге кететін, қай кез­де де өзін «жаһан­дық жан­да­рал» санай­тын АҚШ ара­ла­са ма? Араб елдері, Еуро­па Одағы, Ресей мен Қытай сияқты алпа­уыт мем­ле­кет­тер қалай қарай­ды? Орта­лық Ази­яға әсері қан­дай бол­мақ ­– әлем­дік сая­сат­кер­лер, отан­дық сарап­шы­лар, қара­пай­ым жұрт­тың пікір­леріне сүй­еніп, қал-қадері­міз­ше осы сұрақтарға жау­ап іздеп көрейік.

Пікір­лер­дің дені бүкіл елді шар­пы­ған толқу­дың баста­луы­на Иран­ның ұлт­тық ақша­сы ­– риал­дың рекорд­тық дең­гей­де ­– 1 дол­лар­дың 1,4 мил­ли­онға дей­ін күрт құн­сызда­нуы мен гипе­рин­фля­ция себеп деген­ге сая­ды. 92 мил­ли­он халқы бар, көп жыл­дар бойы баты­стық санк­ция құр­са­уын­да оты­рған пар­сы елін­де­гі толқу алды­мен ел аста­на­сы ­– Теге­рен­дағы «Үлкен базар» деп ата­ла­тын сауда орта­лы­ғы­нан басталған. Мың­даған дүкен иелері шек­тен тыс инфля­ция, баға­ның күрт өсуіне қар­сы­лық ретін­де сауда орын­да­рын жауып, көше­ге шыққан. Кей­ін оларға сту­дент­тер мен басқа да адам­дар қосы­лған. Толқу жел­ді күн­гі өрт­тей тез өршіп, оған елде­гі ірі қала­лар мен дер­лік бар­лық аймақтар қосы­лған. Көше­ге шыққан халық елде­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­дың нашар­ла­у­ы­на билік­ті кінәлайды.

Иран бой­ын­ша сарап­шы Жәні­бек Көп­жа­сар Иран­дағы бұл толқу бір күн­де болған жағ­дай емес дей­ді. Оның пікірін­ше, санк­ция салқы­ны 2009 жыл­дан бері елдің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ы­на қат­ты әсер ете бастаған. Сол уақыт­тан бастап бір­не­ше рет нара­зы­лы­қтар болған. Бұл жолғы нара­зы­лық та соның жалға­сы іспетті.

– Санк­ци­я­лар қыса бастаған­нан кей­ін халы­қтың әле­умет­тік жағ­дайы нашар­лап кет­ті. 1979 жыл­дан бері Ислам Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы ең үлкен толқу­лар 2009 жылы бол­ды. Қақты­ғы­стар­да екі мың­дай адам қаза тап­ты. Содан бері Иран­да әрбір екі-үш жыл сай­ын толқу­лар болып келе жатыр. Бірақ үлкен ауқым­дағы­сы осы болып отыр, – дей­ді сарапшы.

Иран­да халы­қтық толқу­лар күш ала бастаған тұста АҚШ-та тұрып жатқан шах­за­да Реза Пехле­ви үндеу жасап, халы­қты билік­ке жұмы­ла қар­сы­лық біл­діру­ге шақыр­ды. Нара­зы­лы­қтар кезін­де Иран­ның шах билі­гі тұсын­дағы бұры­нғы туын көтеріп жүр­ген­дер де бол­ды. Бірақ, Жәні­бек Көп­жа­сар Иран­да шах­за­да­ны қол­дай­тын­дар көп емес дей­ді. Оның ойын­ша, бұл жолғы нара­зы­лы­қтар кезін­де Пехле­видің суы­ры­лып алға шығуы сырт­тан жаса­луы мүмкін.

– Бір жағы­нан иран­ды­қтар­дың өздері де шар­шаған. Сон­ды­қтан олар діни дик­та­тор­ды орны­нан алып тас­та­сақ, кей­ін Пехле­видің өзі келіп, мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­ды қай­та жаңғыр­тып, екін­ші дик­та­ту­ра жасат­пай­мыз деп ойлай­ды. Иран­да негізі елдің ішін­де оппо­зи­ция жоқ. Тек ғана келіс­пе­ушілік­тер бар. Бұры­нғы пре­зи­дент Ахма­ди­не­жад қар­сы пікір­лер айтып жүр­ді. Одан кей­ін­гі пре­зи­дент Руха­ни де тура сон­дай. Бірақ бәрі бір жүй­енің адам­да­ры, – дей­ді ол.

Иран­да нара­зы­лық басталған кез­де АҚШ пре­зи­ден­ті Дональд Трамп: «Иран бұрын-соң­ды бол­маған бостан­ды­ққа ұмы­ты­лу­да. АҚШ оған көмек­те­су­ге дай­ын»,­ –деп жаз­ды «Truth Social» желісінде.

«The New York Times» газетінің жазуын­ша, Трамп айтқан бұл көмек әске­ри соққы да болуы мүм­кін. Басы­лым өзінің дереккөз­деріне сүй­еніп, АҚШ пре­зи­ден­ті Иран­дағы жағ­дай­ға ара­ла­су үшін бір­не­ше нұсқа­ны қарас­ты­рып жатқа­нын да жариялады.

Алай­да Жәні­бек Көп­жа­сар АҚШ-тың Иранға әскер кір­гі­зуі екіта­лай дей­ді. Оның пай­ым­да­уын­ша, егер Вашинг­тон бұн­дай қада­мға бара­тын бол­са, онда ол кері реак­ция беруі мүм­кін. Оған был­тыр Изра­иль мен Иран ара­сын­да болған 12 күн­дік соғыс дәлел.

­– Иран­да Вене­су­эла­дағы­дай бол­май­ды. АҚШ әскер де кір­гі­зе алмай­ды. Трамп айтқа­ны­мен, әлі күн­ге дей­ін шара қол­дан­бай оты­рға­ны­на был­тыр Изра­иль­мен болған 12 күн­дік соғыс себеп. Сол кез­де иран­ды­қтар сон­ша­лы­қты жек көр­се де аятол­ла­ның маңы­на бірік­ті. Билік­ті қол­дап, сыр­тқы күш­тер­ге, Изра­иль­ге қар­сы бол­ды. Оны Изра­иль де, АҚШ-та біліп отыр, – дей­ді сарапшы.

Иран­ның жоғарғы руха­ни көш­бас­шы­сы аятол­ла Әли Хаме­неи 9 қаңтар­да өз жақ­та­ста­рын «бір­лік­ке» шақы­рып, жап­пай нара­зы­лы­ққа шыққан адам­дар­дың ара­сын­да АҚШ пре­зи­ден­ті Дональд Трам­пқа «жағы­нуға тыры­са­тын басбұ­зар­лар» бар деп мәлім­деді. Бұдан өзге ресми Теге­ран аймақтағы АҚШ әске­ри база­ла­ры­на соққы жасай­ты­нын айтып, сес көрсетті.

11 қаңтар­да Дональд Трамп «Air Force One» ұшағы­ның бор­тын­да жасаған мәлім­де­месін­де «Иран билі­гін­де­гі көш­бас­шы­лар қоңы­рау шалып, келіс­сөз жүр­гізу­ге ниет біл­дір­ген­дерін» айт­ты. «Кез­де­су ұйым­да­сты­ры­лып жатыр. Бірақ мүм­кін біз­ге кез­де­су­ге дей­ін әре­кет ету­ге тура келетін шығар», – деді Трамп.

Бұған дей­ін, «The Times» басы­лы­мы бар­лау есебіне сүй­еніп, «Аятол­ла Әли Хаме­не­идің елде күшей­іп келе жатқан нара­зы­лы­қтар­ды билік баса алмаған жағ­дай­ға дай­ын­даған бала­ма жос­па­ры бар, ол – Ресей­ге қашу» деп жазған. Трамп та өзін­де осы­ған ұқсас ақпа­рат барын, Хоме­не­идің Ресей­ге неме­се басқа елге кетуі мүм­кін екенін айтқан.

11 қаңтар­да шах­за­да Реза Пехле­ви Иранға қай­тып ора­луға дай­ын екенін мәлім­деді. Ол «Fox News» арна­сы­на сұх­бат беріп, АҚШ билі­гін шешу­ші қадам­дар жаса­уға үндеді. 

9 қаңтар­да Аста­на­да Иран­ның Қаза­қстан­дағы елшісі Әли Акбар Джо­у­кар жур­на­ли­стер­мен кез­десіп, бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізді. Ол ұзақ жыл­дар­дан бер­гі санк­ция елде­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ға әсер еткенін, Иран­дағы тұрақ­сызды­қты АҚШ пен Изра­иль пай­да­ланғы­сы келетінін айтты.

­– Эко­но­ми­ка­лық қысым халы­қтың тұр­мыс-тір­шілі­гіне шын мәнін­де әсер етті. Теге­ран­ды қоса алған­да, елдің әртүр­лі қала­ла­рын­да шама­мен 12 күн­ге созы­лған нара­зы­лық акци­я­ла­ры өтті. Үкі­мет жағ­дай­ды тұрақтан­ды­ру үшін бірқа­тар шара қабыл­дап жатыр, алай­да халы­қтың бір бөлі­гінің әлі де көңілі тол­май отыр, деді ол.

Жәні­бек Көп­жа­сар егер Иран­дағы сая­си режим ауы­са­тын бол­са оның Орта­лық Азия мен Қаза­қстан үшін жақ­сы жағы да, жаман жағы да бар екенін айтады.

– Жаман жағы ­бұл бір­не­ше жыл тұрақ­сызды­ққа алып келеді. Өйт­кені, Иран­да көп­те­ген ұлт бар. Оның ішін­де әсіре­се күрт­тер қазір тәу­ел­сіздік­ке ұмты­лып отыр. Сон­ды­қтан ішкі қақты­ғы­стар аза­мат­тық соғы­сқа да ұла­сып кетуі мүм­кін. Егер елде тұрақ­сыздық орын алса, онда мигрант­тар мәсе­лесі ушы­ға­ды. Тағы бір мәсе­ле, Орта­лық Азия Иран арқы­лы теңіз­ге шығып отыр, соның бар­лы­ғы жабы­лып қалуы мүм­кін. Екін­ші жағы­нан, егер демо­кра­ти­я­лық билік орна­са санк­ци­я­лар алы­на­ды. Содан кей­ін біз Иран­мен еркін сауда жасай ала­мыз, Иран арқы­лы мұнай­ды әлем­дік нары­ққа шыға­ра ала­мыз. Иран­ның әле­уеті өте жоға­ры, біз­ге сауда-эко­но­ми­ка­лық жағы­нан өте жақ­сы бола­ды, – дей­ді ол.

Ашық дереккөз­дер­де­гі ақпа­ратқа қараған­да, Иран­да қазір 10 мың­дай этни­ка­лық қазақ тұра­ды. Олар негізі­нен елдің сол­түсті­гін­де­гі Гүл­стан про­вин­ци­я­сын­да шоғыр­ланған. Иран қаза­қта­ры бұған дей­ін­гі толқу­лар­да сая­си бел­сен­ділі­гі­мен таныл­маған. Кей­ін­гі толқу­лар кезін­де бірен-саран адам­ның ұсталға­ны айты­ла­ды, бірақ нақты дерек жоқ.

Тағы бір сарап­шы, Нұрат Іли­я­стың пай­ым­да­уын­ша, Таяу Шығыс – біт­пей­тін жан­жал­дар аймағы. Бұл – Кав­каз-Орта­лық Азия-Оңтүстік Азия-Пар­сы шыға­нағы-Кас­пий жаға­ла­уы елдері. Мұн­да дін, мұнай дауы,басқасы да біт­пей­ді. Өйт­кені халы­қтар раци­о­нал­ды­лы­қтан гөрі миф­тер­мен өмір сүреді. Біре­улері хали­фат­ты арман­дай­ды, біре­улері «құдай­ла­ры уәде етіп кет­кен жер­лерін» ием­ден­гісі келеді. Өрке­ни­ет­тер бесі­гі болға­ны­мен, қазір ­– сау­ат­сыздар мен фео­да­лизм орта­лы­ғы. Біре­улер үшін Таяу Шығыс – Жерор­та теңізіне шыға­тын дәліз, логистика.

– Пар­сы шыға­нағы және Ормуз бұға­зы – әлем­де­гі бар­лық мұнай­дың шама­мен 20–25%-ы өтетін жер. Бүкіл әлем­ге осы аймақтан мұнай жет­кізіледі. Қытай да осы аймақтан мұнай таси­ды. Пар­сы жаға­ла­у­ы­ның Оңтүстік бетін­де АҚШ, Ұлы­бри­та­ния мен Изра­иль­дің офи­стері бар. БАЭ, Кувейт, Катар сияқты­лар де юре мем­ле­кет­тер, бірақ де факто жоға­ры­да аталған елдер­дің офи­стері. АҚШ бір жағы­нан араб әле­міне Иран­ды құбы­жық етіп көр­сетіп, олар­дың мұнай­ын сор­ды, осы уақы­тқа дей­ін пай­да­ла­нып кел­ді. Мыса­лы, Ресей­ді де құбы­жық етіп, Еуро­одақты өзіне тәу­ел­ді етіп отыр. Иә, Ресей шыны­мен де құбы­жық. Ол бөлек әңгі­ме. Қиыр Шығыс пен Оңтүстік Азия елдері (АСЕАН бар) Қытай­дан қорқып АҚШ-пен одақ­тас болып отыр және олар да АҚШ үшін биз­нес алаңы, –­ дей­ді Нұрат Ілияс.

Сон­дай-ақ ол Бен­дер Аббас пор­ты арқы­лы Үнді мұхи­ты­на шығу жолы, Ресей­дің «Сол­түстік-Оңтүстік дәліз» жоба­сы бар екенін, егер Иран құла­са бұл жоба­ның күлі көк­ке ұша­ты­нын, сон­ды­қтан Ресей Иранға дәл қазір қару тасып жатқа­нын айтады.

–­ Көтеріс­шілер билік­ті ауы­сты­ра алмай­ды, мол­да­лар күшпен баса­ды. Осы кез­де АҚШ пен Изра­иль соққы беруі мүм­кін. Қақты­ғыс сөз­сіз орын ала­ды. АҚШ-тың басты саясаты­ –­ Иран­ды құр­ту арқы­лы Ресей мен Қытай­ды тұқыр­ту. Әлем­дік жаңа тәр­тіп орна­ту жолын­да АҚШ сөз­сіз осы энер­ге­ти­ка жол­да­рын кесуді көз­дей­ді. Иран құла­са АҚШ Кас­пий аймағы­на келеді. Оңтүстік Кав­каз арқы­лы онсыз да келіп тұр. Әзір­бай­жан мен Арме­ни­я­ны тату­ла­сты­ру және Зен­ге­зур дәліз­дерін еске түсіріңіз.

Бұл –­ Ресей­ді тағы да бір қор­шай түсу. «Орта дәліз» деп жүр­ген сая­сат­тың артын­да АҚШ пен оның одақ­та­ста­ры­ның Кас­пий­ге келуі ғана тұр. Қытай сон­ды­қтан бұл жобаға күмән­мен қарап келеді. Қытай­ға ең тиім­дісі – Қаза­қстан-Ресей арқы­лы бара­тын «Сол­түстік жолы» еді. Себебі, ол жер­де НАТО жоқ. Ал Қырғыз-Өзбек-Түрк­мен арқы­лы Иранға бара­тын «Оңтүстік жол» ­­– ол Қытай­дың Орта­лық Ази­яға енуі мен Иран­нан шикі­зат тасуы ғана. Өйт­кені Иран әлем­де мұнай мен газ қоры жағы­нан алға­шқы бес­тік­ке кіреді. Сон­ды­қтан Иран­ның құла­уы Қытай­ға да қиын­дық туды­ра­ды. Орта­лық Ази­ядан тыны­штық кете­ді. Түр­кі әле­мі «Тұран» сияқты жоба­лар­ды жан­дан­ды­ра түседі. Мұн­дай ірі жоба­лар АҚШ пен оның одақс­та­ста­ры­ның қол­да­уын­сыз бол­май­ды. Оған Ресей мен Қытай қар­сы шыға­ды. Өйт­кені, Ресей ішін­де түр­кі тіл­дес авто­но­ми­я­лы елдер бар. Қытай­дың Баты­сын­да Шың­жан Ұйғыр авто­но­ми­я­лы ауда­ны бар, ол да түр­кі тіл­дес халық. Оларға тау­ар ары-бері өтетін тыныш Орта­лық Азия керек. Әсіре­се Ресей­ге тыныш, бағы­ны­шты Орта­лық Азия керек. Иран­да су мәсе­лесі қат­ты өршіп тұр. Енді мына жағ­дай бақы­ла­удан шығып кететін бол­са, аймақтағы елдер­ге босқын­дар легі ағы­ла­ды, – дей­ді сарапшы.

Соны­мен бір­ге ол Иран­ды бөлу сце­на­риін де көр­гісі келетін­дер бар екенін айта­ды. Бірақ Иран бөлін­се Таяу Шығы­стағы тағы біраз елдер­дің бөлі­ну қау­пі бар. Сон­ды­қтан бәрі әліп­тің артын бағып отыр. Иран тыны­шты­ғы аймақтағы елдер­ге керек дейді.

– Иран бұл жағ­дай­ға қалай кел­ді. Кезін­де КСРО-ны «жасыл бел­бе­умен» қор­шау керек бол­ды. Яғни ком­му­нист кәпір­лер­ге қар­сы мүмин­дері айдап салу. 1979 жылы қазір­гі қазір­гі «бас мол­да» Пари­жден ұшақ­пен әкелініп, АҚШ елшісі­мен бір­ге жұма намазға қаты­сқан бола­тын. Ара­да 47 жыл өткен­де қазір­гі мол­да­лар кетіп, орны­на бұры­нғы шах­тың ұрпағын әке­лу тағы қызық. Қысқа­сы, Иран­ды кім басқа­ра­ды, сол әлем­дік гео­са­я­сатқа қат­ты әсер ететін бола­ды, – дей­ді Нұрат Ілияс.

Оның ойын­ша, Иран – өзі бір қызық әлем. VII ғасыр­дағы ислам дінін рефор­ма­лап, «Әли­лік шиизм»-ді мем­ле­кет­тік дін ретін­де ұстан­ды. Мүм­кін, осы арқы­лы халы­қты ұстап оты­ра­мын деп ойлаған шығар. Сыр­тқы сая­са­тын­да шиизмді қол­дан­ды. Бірақ бұл – ескір­ді, интер­нет дәуірі кел­ді. Халық кеш­ке дей­ін ерте­гі тың­дағы­сы кел­мей­ді. Раци­о­нал­ды әре­кет­тер күте­ді. Иран – шиит­тік ислам­ның орта­лы­ғы. Бірақ қазір бәрі­нен айры­лып жатыр. Сирия-Ливан-Хез­бол­ла-Хусит­тер-Имен­де­гі ықпа­лы – бәрі тынып жатыр.

Әрине бұры­нғы пар­сы өрке­ни­еті, мәде­ни­еті, ғылы­мы, музы­ка­сы, поэ­зи­я­сы ол – сөз­сіз мықты. Ол енді басқа тақырып.

– Бұл жер­де екі нәр­се болуы мүм­кін: әлем­дік жаңа тәр­тіп орна­ту­да, әлем­ді қай­та бөлі­су­де өза­ра келісті неме­се АҚШ осын­дай қадам жасап, өзге­лер­ді аран­да­тып, Укра­и­на­дағы сияқты біт­пей­тін дау туды­ру. Не де бол­са Трамп-Пут­ин­дер дәуірі осы­мен бітіп, тыныш аяқтал­са. Арғы жағын­да бір­деңе болар, ­– дей­ді Нұрат Ілияс.

Шынын­да да қазір әлем­ді үлкен бір қауіп елесі кезіп жүр. Ресей-Укра­и­на ара­сын­дағы соғы­стың жүріп жатқа­ны­на 1420 күн­нен асты. 2026 жыл­дың алға­шқы күн­дері-ақ АҚШ әскері түн жары­мын­да Вене­су­элаға басып кіріп, небәрі жар­ты сағат­тың ішін­де ел пре­зи­ден­ті Нико­лас Моду­ра мен әйелін тұтқын­дап алып кет­ті. Қазір сот­тап жатыр. Оны­мен тұр­май, Куба, Колум­бия, Мек­си­каға сес көр­сетіп, жыл соңы­на дей­ін Дани­яға қарас­ты авто­но­мия ­– Грен­лан­ди­я­ны қай жол­мен бол­са да өзі­міз­ге қосып ала­мыз деп ашық айтып отыр.

АҚШ пре­зи­ден­ті Дональд Трамп 13 қаңтар күні: «Иран ізгілік таны­туы керек, мен олар адам­дар­ды өлтір­мей­ді деп үміт­те­нем», – деді. Ақ үй бас­шы­сы сол күні одақ­та­ста­ры мен өз елінің аза­мат­та­ры­нан шұғыл түр­де Иран аумағы­нан шығып кетуді өтін­ді және шеру­шілер­ді мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­ді басып алуға үндеді. Мұның аста­рын­да не жатқа­нын бір Құдай білсін!

Ал Сауд Ара­би­я­сы, Оман және Катар – Аме­ри­ка эко­но­ми­ка­сы­на да кері әсер тигі­зетінін айтып, АҚШ-ты Иран үкі­метін ауы­сты­руға тал­пы­ну­дан сақтан­ды­рып отыр. Олар өз елдерінің аумағы да атқы­ла­нуы мүм­кін деп қауіптенеді.

Бір нәр­се анық, Иран билі­гі енді халы­қты бұры­нғы­дай басып-жан­ши алмай­ды. Себебі қорқы­тып-үркіту әлдеқа­шан тиім­ділі­гін жоғал­тқан. Ел тұрғын­да­ры­ның айтуын­ша, қазір Иран­да үнсіз қалу –айғай­лап көше­ге шығу­дан да әлдеқай­да ауыр болып тұр. Өйт­кені халық қат­ты шар­шаған, дін­нің атын жамы­лған сая­сат­тан, шек­тен шыққан сыбай­лас жемқор­лық пен қыл­мыстық жүй­е­ден әбден жалы­ққан. Олар­дың билік­ке нара­зы­лы­ғы сон­ша, жар­ты ғасы­рға кері шегініп, 1979 жылғы Ислам рево­лю­ци­я­сы­на дей­ін­гі монар­хи­я­ның қай­та орна­уын арман­дай­ды. Тіп­ті сол кез­де­гі жүй­енің кем­шілік­терін де уақыт­ша ұмы­туға даяр.

Қайт­кен­де де жар­ты ғасы­рға жуық сірес­кен сең бұзыл­ды. Бүкіл ел аумағын қам­ты­ған жал­пы­ха­лы­қтық нара­зы­лық бұл елде­гі . тео­кра­ти­я­лық басқа­ру жүй­есінің әбден тозып біт­кенін анық көр­сет­ті. Оның өзге­руі неме­се толы­қтай жой­ы­луы ­тек уақыт­тың еншісін­де­гі ғана мәсе­ле, – дей­ді сарапшылар.

Ләй­ім, солай болғай, бірақ қан­тө­гіс­сіз, ешкім­нің ара­ла­суын­сыз, айна­ла­сын­дағы елдер­ге зиян­сыз болғай!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн