Пятница , 4 июля 2025

ЖУРНАЛИСТЕР АҚИҚАТТЫ АЙТЫП ЖҮР МЕ?

Қай­бір жылы Аста­наға Карл Айдсвог деген аме­ри­ка­лық жур­на­лист ат басын бұрып еді. «Қаз­ме­диа» орта­лы­ғын­да өткен жиын­да шетел­дік мей­ман «When journalism fails, bad things happen» («Жур­на­ли­сти­ка өз жолы­нан жаңыл­са, жаман­ды­қтың аты оза­ды») деп айтқан-ды. Кей­ін­гі кез­де қоғам­ды толған­ды­рған мәсе­ле­лер­ге қарап оты­рып, Карл мыр­за­ның айтқа­ны Қаза­қстан­да айна-қатесіз қай­та­ла­нып жатыр ма дерсіз.

Жур­на­лист эти­ка­сы мен мораль­дық құн­ды­лы­қта­ры­ның жазы­лған һәм жазыл­маған ере­же­лері жал­пы бел­гілі. Солар­дың ішін­де ең басты­ла­ры: шынайы ақпа­рат, жаңа­лы­қты объ­ек­тив­ті түр­де тара­ту, әле­умет­тік жау­ап­кер­шілік, кәсі­би адал­дық, жеке өмір­ге қол сұқ­пау, қоғам мүд­десін қорғау, тұлға­ның ар-намысы мен қадір-қаси­етін құр­мет­теу. Бұл жер­де шынайы ақпа­рат ретін­де мәлі­мет­ті кем деген­де үш дереккөз­ден тек­се­ру, факт­чек жасау, деректер­ді бұр­ма­ла­мау деген секіл­ді мін­дет­тер бар.

Қай­да бар­саң да – фейк

Кей­бір тіл­шілер мәлі­мет­ті тек­се­ру кезін­де салғырт­тық таны­тып жата­ты­ны жасы­рын емес. Әсіре­се түр­лі сайт­тар­да тара­ты­лған фейк­тер­дің қақ­па­ны­на түсіп қалып жата­ды. Мысалға айтар бол­сақ, бірқа­тар бұқа­ра­лық ақпа­рат құра­лы был­тыр Түр­кия мен Сири­ядағы қай­ғы­лы зіл­за­ла­дан кей­ін үш ай өткен соң, үйін­ді асты­нан ер адам тірі табы­лға­нын жары­са жаз­ды. Тіп­ті кей теле­ар­на оны жаңа­лық етіп тарат­ты. Дереккөз ретін­де ешкім­ге бей­мәлім теле­грам арна­ны кел­тіріп­ті. Бірақ сол әріп­те­стері­міздің ешқай­сысы бұл жаңа­лы­қтың рас-өтірік екеніне көз жет­кізу­ге тал­пын­баған екен. Тіп­ті сурет арқы­лы «Гугл­дан» да іздеп көр­ме­ген. Тав­та­ло­гия үшін кешірім өті­не­мін, кей­інірек «Factcheck.kz» сай­ты аталған жаңа­лы­қты факт­чек жасап, ондағы айты­лған­дар­дың фейк екенін аны­қта­ды. Шын мәнін­де, үш айдан кей­ін тірі табыл­ды делін­ген адам­ның суреті 7 жыл бұрын түсіріл­ген көрінеді.

Был­тыр Абай облы­сын­да болған өрт – пла­не­та­мы­здағы ауқы­мы ең үлкен өрт екені тура­лы жаңа­лық шықты. Оны бірқа­тар бел­ді басы­лым жари­я­лап үлгер­ді. Мате­ри­ал­да Greenpeace ұйы­мы­ның кар­та­сы да қоса беріліп­ті. Фейк ақпа­рат­тар­мен күре­сетін «Factcheck.kz» сай­ты бұл жаңа­лы­қты да тек­серіп, оның шын­ды­ққа жана­спай­ты­нын хабар­ла­ды. Сон­дай-ақ Greenpeace ұйы­мы­м­ен хабар­ла­сып, көр­сетіл­ген кар­та­ның да жалған екенін анықтады.

Жоға­ры­да кел­тір­ген мысал­дар­да жур­на­ли­сти­ка эти­ка­сы екі мәр­те бұзы­лып отыр. Сайт­тар да, теле­ар­на­лар да ақпа­рат­тың анық-қаны­ғы­на көз жет­кіз­бей, ауди­то­ри­яға жалған жаңа­лық тарат­ты. Мұны бір деңіз. Екін­шісі, жари­я­ланған мате­ри­ал­дар­дың шын­ды­ққа жана­спай­ты­ны бел­гілі болған­нан кей­ін оқыр­ман мен көре­рмен­нен кешірім сұраған жоқ. Әрине, жур­на­ли­стің жыл­дам хабар тара­ту кезін­де асы­ғы­стық таны­тып, қате­лесіп кету ықти­мал­ды­ғын жоққа шығар­май­мыз. Деген­мен мұн­дай жағ­дай­да бұқа­ра­лық ақпа­рат құра­лы ауди­то­ри­яға жіберіл­ген қателік тура­лы хабар­ла­у­ға тиіс.

Жур­на­ли­стер жаңы­лы­сып жатқан­да, олар­дан бло­гер­лер де қалы­спа­ды. Facebook, Instagram, Telegram, TikTok секіл­ді әле­умет­тік желілер­дің бел­сен­ділері интер­нет әле­мін­де тараған қаңқу сөз­дер­ге еріп, түр­лі фейк ақпа­рат тара­та­ды. Көзі қырағы жіті адам бол­ма­са, олар­дың қай-қай­сысы­на да сеніп қалу оңай. «Пеп­си сусы­ны Изра­иль­ді қар­жы­лан­ды­руға шақы­ра­ды», «Ронал­ду Пале­сти­на­ны қол­дай­ды», «Мит­тал­дың сұх­ба­ты», «Коро­на­ви­ру­сты ұшақ­пен шашып жүр» деген секіл­ді түр­лі бағыт­тағы жалған жаңа­лы­қтар тараға­ны есі­міз­де. Өкіні­штісі, бло­гер­лер­дің жүз мың­даған оқыр­ма­ны бар. Бәрі бол­ма­са да, көп­шілі­гі мұн­дай қаңқу сөз­ге оңай алда­нып қала­ды. Мұның бәрі фейк екені талай­дан бері бел­гілі бол­са да, «фол­ло­улері­нен», яғни оқыр­ман­да­ры­нан кешірім сұрап жатқа­ны жоқтың қасы.

Халы­ққа хайп керек пе?

Эти­ка мен әдеп­тен аттап, хайп қуған саржағал басы­лым­дар, түр­лі ток-шоулар мен под­ка­стар да кең тарап келеді. «Жаға ұстат­ты» деген желе­умен түр­лі-түр­лі ақпа­рат жари­я­лай­тын сайт­тар жетер­лік. Таны­мал тұлға­лар мен эст­ра­да жұл­ды­зда­ры­ның ішкен-жегенін аңдып, олар­дың әле­умет­тік желі­ге жазған жаз­ба­сын пұл­дап, күн көретін­дер де бар. Бұл аз десеңіз, қоға­мға қажеті шама­лы тақы­рып­тар­ды талқы­лап, тамағы жыр­ты­лған­ша айты­са­тын ток-шоулар­ды көріп жүрміз.

YouTube арна­ла­рын­дағы под­ка­стар­да дөрекі сөз, была­пыт әңгі­ме­лер өріп жүр. Неге? Себебі хайп керек. Әйт­пе­се көре­рмен­ді қызы­қты­ра алмай­ды екен-мыс. Хайп қуған мұн­дай әңгі­ме­лер­дің жур­на­лист эти­ка­сы­на сай бол­мауы былай тұр­сын, өске­лең ұрпаққа тигі­зер зия­ны да жетер­лік. Сон­дай бос мыл­жың мен боға­уыз сөзді естіп өскен жастар оны қалып­ты жағ­дай санай­ты­ны анық.

Айт­пақ­шы, осы­дан бір­не­ше жыл бұрын бел­гілі про­дю­сер Баян Мақ­сатқы­зы­ның ауру­ха­на­да жатқан суретін бір­не­ше сайт тара­тып, соңы үлкен шуға ұласқа­ны есі­міз­де. Осы жер­ден тағы бір мәсе­ле туын­дай­ды. Кей әріп­тесі­міз жедел жаңа­лық таратқан осы екен деп, жүй­кесі әлсіз адам­дарға ауыр тиетін виде­о­лар мен сурет­тер­ді ешбір ескер­тус­із, бүр­ке­ме­ле­усіз, ашы­қтан-ашық жари­я­лай­ды. Тіп­ті өз-өзіне қол жұм­саған­дар­дың аты-жөні, видео­сы мен суреті де кей­де тарап кете­ді. Жасөс­пірім­дер төбе­лесін де шімірік­пе­стен сай­тқа салып жібе­ретін­дер   табы­ла­ды. Мұның бәрі жур­на­ли­стің жеке өмір­ге қол сұқ­пау, адам­ның ар-намысы мен қадір-қаси­етін құр­мет­теу секіл­ді мін­дет­теріне сай емес.

Ақы­лы пост жазу – арсыздың ісі

Әлем­де қабыл­данған жур­на­ли­стің жаһан­дық кодексін­де тіл­ші таратқан хаба­ры үшін мүд­делі тарап­тан қар­жы­лай не басқа­лай пай­да көр­ме­уі нақты көр­сетіл­ген. Тіп­ті қалам­сап бол­са да сый­ақы­ға алмауға үндей­ді. Мүд­делі тарап­тың шай әпе­ру секіл­ді ұсақ-түй­ек көрі­нетін әре­кеті­нен де алшақ жүру­ге шақы­ра­ды. Яғни, қан­дай жағ­дай бол­сын, жаңа­лық тара­ту­да бей­та­рап, объ­ек­тив­ті көзқа­рас­тан айны­мауға тиіс.

Өкіні­штісі сол – бүгін­гі қоға­мы­м­ы­зда ақшаға пост жазу үрдісі кей­ін­гі кез­де белең алып бара­ды. Қай­бір жылы елі­міз­де­гі бел­ді меке­ме­ге жаңа бас­шы кел­ген. Тағай­ын­дал­ма­стан бұрын әле­умет­тік желілер­де оны мақтаған жаз­ба­лар бір мезет­те жауын­нан кей­ін­гі саңы­ра­уқұлақтай қап­та­ды. Бәрі бір-бірінің аузы­на түкіріп қой­ған­дай, оның дарын­ды, мықты мене­джер екенін алға тар­тып, басқарған меке­менің тасын өрге дома­ла­та­ты­нын аузы­ның суы құрып әңгі­ме­леді. Алай­да содан бері біраз уақыт өтті. Әлгі пошта тасу­шы меке­менің жұмысы алға басып, озық шықты деген­ді есті­медік. Баяғы жар­тас күй­ін­де қалып отыр.

Естеріңіз­де бол­са, бір­не­ше жыл бұрын Аста­на­да қалың қар жауып, көше­лер уақы­ты­лы таза­лан­бай, тұрғын­дар­дың арыз-шағы­мы жиіле­ген еді. Сол кез­де де бло­гер­лер жұмы­лып, әкім­ді мақтап, қар күреу жұмыста­ры жос­пар бой­ын­ша жүріп жатқа­нын жамы­рай жаз­ды. Кей­інірек оларға ақша төлен­гені әшке­ре болды.

Бұған дей­ін «тап­сы­ры­спен әле­умет­тік желі­де пост жазы­ла­ды» деген әңгі­ме талай мәр­те талқы­лан­ды. Кей бло­гер­дің мұны ашық мой­ын­даға­ны тағы бар. Соған қаты­сты скрин­дер­дің желі­ге тарап, шу болға­ны да есімізде.

Келесі мысал. Тая­у­да экс-министр Қуан­дық Бишім­ба­ев­тың жан шошыр­лық әре­кеті­нен кей­ін қоғам дүр сүл­кін­ді. Бірін­ші­ден, кей­ін­гі жыл­да­ры елі­міз­де тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық мәсе­лесі өршіп тұр. Жыл сай­ын жұбай­ы­ның қолы­нан жан тап­сы­ра­тын­дар аза­яр емес. Екін­ші­ден, Бишім­ба­ев бұған дей­ін жемқор­лық бой­ын­ша сот­та­лып, мерзі­мі­нен бұрын босап шыққан. Яғни, қыл­мыс жасаған адам ауыр қыл­мыс жаса­ды деген күдік­ке ілініп отыр.

Әле­умет­тік желілер­де бло­гер­сы­мақтар мен кей жур­на­лист Бишім­ба­ев­ты ақтап пост жазып­ты. Олар марқұм­ды «ішкіш, өзі кінәлі» деп, күдік­ті­ден наза­рды бұруға тыры­сып жатыр. Тіп­ті экс-мини­стр­дің мей­ірім­ді, жұбай­ын жақ­сы көр­ген жар болға­нын дәлел­де­у­ге тыры­сып жатқа­нын да көр­дік. Бірақ мей­ірім­ді күй­еу әйеліне қол көте­ре ме, жақ­сы көр­ген жұбай­ын өлті­ре ме? Осы орай­да мына­ны айта кет­кен жөн. Қуан­дық Бишім­ба­ев­ты ақта­уға тал­пы­нып жатқан бло­гер­лер мен жур­на­ли­стер кезін­де демо­кра­тия құн­ды­лы­ғын наси­хат­тап, көп­шілік алдын­да әжепте­уір абы­рой жинаған еді.

Қоғам­ды дүр сіл­кінт­кен оқиға­ның басты «кей­іп­керін» ақта­уға тал­пы­ну көзі ашық, көкіре­гі ояу жур­на­ли­стер қауы­мын бей-жай қал­ды­рған жоқ. Әле­умет­тік желі­ге өз нара­зы­лы­қта­рын ашық жазып жатыр. Бірі тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық тура­лы заң­ды қатай­ту керек десе, келесілері жур­на­лист эти­ка­сы бұзы­лға­нын жазды.

Жағым­сыз үрдіс жарға жығады

Ақы­ға пост жаз­ды­ру мынан­дай үрдісті көр­сетіп отыр. Шене­уні­гі бар, «адам өлтір­ді» деп күдіккке ілін­гені бар, бәрі бло­гер мен жур­на­лист жал­дап, қоғам пікірін өзгер­ту­ге қар­жы­сын аямай­ды. Осы­лай­ша, өзін «сүт­тен ақ, судан таза» көр­се­ту­ге тал­пы­на­ды. Бүгін Бишім­ба­ев­тың әре­кетін ақтаған­дар ертең одан да зорын жасаған адам­ды ақта­май­ты­ны­на кім кепіл­дік береді? Әле­умет­тік желілер арқы­лы қоғам пікірін шебер бұруға машы­қтанған­дар бұл қабілетін жымысқы мақ­сатқа қол­дан­бай­ды деп ешкім сенім­мен айта алмайды.

Мұның екін­ші жағы бар. Енді­гі жер­де жалған­ды жал­пағы­нан басқан­дар саты­ла­тын бло­гер­лер мен жур­на­ли­стер арқы­лы кез кел­ген әре­кетін ақта­уға, шене­унік­тер ісін емес, ими­джін жақ­сар­туға тыры­са­ды. Соның сал­да­ры­нан қоғам мүд­десін емес, қара бастың қамын күйт­теп кете­ді. Егер үне­мі ақы­ға пост жаз­ды­рып, қоғам алдын­да атақ-абы­рой­ын көтеріп отыр­са, онда ква­зи­сек­тор, мем­ле­кет­тік меке­ме бас­шы­ла­ры жұмыс істе­уден қал­ды емес пе? Оған қоса, әлгі «жазғыш­бек­тер­дің» ақы­сын өз қал­та­сы­нан емес, бюд­жет есебі­нен төлет­кі­зетін­дер де табылады.

Енді не істе­мек керек? Бұған қан­дай тоқтау жасай ала­мыз? Қиын сұрақ. Бәл­кім, жур­на­ли­сти­ка эти­ка­сын нығай­тып, оның мәр­те­бесі мен мін­детін қай­та қараған жөн шығар. Заң жүзін­де ақы­лы пост жазуға тый­ым салып неме­се ақы­лы жаз­баға арнайы бел­гі қою­ды заң­на­ма­лық тұрғы­да рет­те­ген жөн болар. Айт­пақ­шы, жақын­да Ақпа­рат мини­стр­лі­гі онлайн плат­фор­ма­лар жөнін­де арнайы бұй­рық шығар­ды. Бәл­кім, осы құжат тұсау болар.

Шын­ды­қтың бәрі ақиқат емес

Кей әріп­тесі­міз тіл­ші бей­та­рап болу қажет, екі жақтың да пікірін беруі керек деген жур­на­ли­сти­ка­ның қағи­да­тын алға тар­та­ды. Алай­да олар мына нәр­сені ескер­ген жөн. Ұлы­бри­та­ния медиа өкіл­дері ұста­на­тын impartiality (бей­та­рап­тық) деген ұста­ным бар. Соған сай, жур­на­лист бүкіл жағ­дай­да екі тарап­тың пікірін беру­ге мін­дет­ті емес. Мұның себебін The Independent басы­лы­мы­ның Таяу Шығы­стағы жеке тіл­шісі болып қыз­мет атқарған Роберт Фиск былай баяндайды.

«Әлбет­те, жур­на­лист объ­ек­тив­ті болуға, бір тарап­тың сой­ы­лын соғып кет­пе­у­ге тиіс. Бірақ зардап шек­кен тарап­тың жағын­да болуы қажет. Алда-жал­да XVII ғасыр­дағы құл иеле­ну­шілік тура­лы ақпа­рат тарат­сақ, құл сауда­лаған­дар­дың да көзқа­ра­сын сұрай­мыз ба? Фаши­стік лагерь­лер тура­лы жаңа­лық әзір­ле­сек, СС-тың бас­пасөз хат­шы­сы­ның пікірін тың­да­уы­мыз керек пе? Әлбет­те, жоқ! Біз жәбір көр­ген­дер­дің оқиға­сын баян­дай­мыз», – деп түсін­діреді Роберт Фиск.

Жастар­дың айтар өкпе-назы

Тая­у­да әле­умет­тік желі­де жур­на­ли­сти­ка факуль­тетін­де оқи­тын бір топ жастың үнде­уі жари­я­лан­ды. Онда елі­міздің бедел­ді жоға­ры оқу орнын­да оқи­тын сту­дент­тер жур­на­ли­сти­ка сала­сын халы­қтың сөзін сөй­леу үшін таң­даға­нын, алай­да алды­ңғы буын өкіл­дерінің хайп­тың соңы­нан еріп кет­кеніне нара­зы­лы­ғын білдіреді.

«Біз кәсібі­мізді таң­даған­да, маман­ды­қты ғана таң­даған жоқ­пыз. Біз қоғам өміріне пай­да тигі­зетін өмір­лік мақ­сат­ты таң­да­дық. Ең басты­сы – өз мүд­десін қорғай алмай­тын­дар­дың үні болғы­мыз келеді… Деректер­ді бұр­ма­лау, ауди­то­ри­я­ны алдау, біт­пей­тін тап­сы­ры­стар, хайп қуа­лау, ең өкіні­штісі, қоғам­дық пікір­ді бұр­ма­лау. Міне, қаза­қстан­дық жур­на­ли­сти­ка­ның қазір­гі бей­несі осын­дай. Егер жур­на­лист мораль­дық құн­ды­лы­ққа, эти­каға, әділ­дік­ке және объ­ек­тив­тілік­ке арқа сүй­е­ме­се, онда басқа­лар­дан не күте­міз?» деп орын­ды сау­ал тастай­ды сту­дент жастар.

Жур­на­лист қоға­мға қыз­мет етеді

Жур­на­ли­сти­ка өзінің мис­си­я­сы­на адал болуға тиіс. Заман мың құбыл­са да, жур­на­ли­стің мін­дет-мүд­де­лері өзгер­мей­ді. Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы айтқан­дай, «халы­қтың көзі һәм құлағы» болуын тоқтат­па­уы қажет. Қоғам игілі­гі үшін жұмыс істеу – әрбір жур­на­ли­стің мін­деті. Енде­ше осы мүд­де­ге сай келіп, өзіне жүк­тел­ген жау­ап­кер­шілік жүгін сезініп, Эти­ка мен тәр­тіп кодексіне сай болуға тиіс.

Қоры­та айтқан­да, бұл мәсе­ле­ге ерекше мән беру қажет екені айдан анық. Халқы­мыз «Ет сасы­са, тұз себеді. Тұз сасы­са, не себеді?» дей­ді. Ақиқат­тың жар­шы­сы ата­нуға тиіс жур­на­лист қауы­мы ақиқат­тан аттап кетіп жат­са, онда қайт­пек керек? Оқыр­ман, сіз не дейсіз?

Әли­хан ҚЫСТАУБАЙТЕГІ

Республиканский еженедельник онлайн