Суббота , 24 мая 2025

Жұлдыздардай біз де БІР КҮН ӨЛЕРМІЗ

Есенға­ли РАУШАНОВ

Мына шал­дар кете­ді ертең, дау бар ма?

Біз өзі­міз айна­ла­мыз «тау­ларға».

Мей­ір­хандар қар­та­я­ды қудай боп,

Есенқұлға ақсақал­дық ауғанда.

Мүл­де бөлек ұлы­сы да ұраны,

Ойхой, шір­кін, ел бола­мыз мұралы.

Өте­жан­дар шыға­ды ертең біз­ден де,

Енді, әрине, өзге­лер де шығады.

Шыға­ды өрге жүй­рік­тер мен жабылар

Бүр­кіті бар,

Жапе­кеңі тағы бар,

Өзі­міздің Олжа­сы­мыз болады,

Бір Олжасқа бір тәр­жі­ман табылар.

Бүгін­гі күн Қаде­кең­де тұрған бақ

Ауы­сай­ын қай­сы­ңа деп жүр барлап.

Н. Руб­цов болам дей­ді Аманхан,

Сон­да біздің Тоқа­шы­мыз кім болмақ?

Қазір­ден-ақ шаруа­сы­на тас, мығым,

Сей­тқұл­дар шығар, бәл­кім, бастығым.

Бай­бо­та шал оты­ра­ды балконда,

Қай пәтер­де кал­ды екен деп жас күнім.

Өрек­пі­мей, бай­қай шабар ма екенбіз,

Өрге қарай шай­қай салар ма екенбіз?

Қырық жастан асқан­нан соң біз­дер де

«Атақ бер» деп айқай салар ма екенбіз?

Ұсақ емес, сақа­лар ма екенбіз,

Атан бер­мей, ат алар ма екенбіз?

Қазақ үшін жан қина­май жүріп-ақ,

Қазақ жазу­шы­сы ата­нар ма екенбіз?

Мұра­герің біз бола­мыз, жарық күн,

Сен де біз­ге басқа емес­сің, ғаріп түн.

Қаси­етің де, қасіретің де – еншімде,

Қара өлеңі қазақ деген халықтың.

Әңгі­ме ме, бол­мас, бәл­кім, болар шен,

Туа­ды өлең – сене бер­гін, оған сен.

Жұл­ды­здар­дай сам­сап өлі тұрамыз,

Жұл­ды­здар­дай сирей­міз біз содан соң…

Содан соң ба?

Күледі жел жындана,

Күр­сі­неді жасыл қала, гүл қала.

Содан кей­ін… оты­ра­ды ойланып,

Біз­дер жай­лы өлең жазып бір бала… 

Қазір­гі қазақ поэ­зи­я­сы­ның бір қабы­рға­сы құлап қал­ды… Қара өлеңнің құдіретін қапер қылған қалың қазақ қай­ғы­рып, ақын­да­рын аңы­ратқан Алла салған сәт­те біз басқа не айта ала­мыз?.. Артын­да қай­ғы­рып қалған аға-бауыр­ла­ры­ның жылар­ман жыры, қазір­гі мұсыл­ман­ның тілі­мен айтқан­да, ақын­ның ару­ағы­на тие бер­сін! Қош, енді қай­тып қай­та­лан­бас Ақын!

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы Қаза­қстан Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Есенға­ли Рау­ша­но­втың мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның отба­сы­на, туған-туы­ста­ры­на, қара орман Қазақ еліне, бар­ша ақын-жазу­шы­лар қауы­мы­на қай­ғы­рып көңіл айта­мыз! Жаның жанат­та бол­сын, Жақ­сы Адам!

«DAT»

ҚАЙДА ҰШТЫҢ?

Бай­қа­тып бір сұм­ды­қтың басталғанын,

Қай­да ұштың, қара бауыр Қасқалдағым?

Сен едің арқа сүй­ер артымдағы,

Қашалған қара өлең­нен тас қорғаным. 

Қай­ғы­ның қалың бұл­ты әлі қаптап,

Жыл­жи­ды алға қарай өмір аттап.

Отыр­мын қара өлеңді жұба­та алмай,

Жылаған дауыс айтып, сені жоқтап.

Асқар тау, бай­тақ далаң күңіренді,

Жыла­тып жүре­гі бар тірілерді.

Ұрпақ­пен табыст­ы­рып сені іздеген,

Жасай­ды жетім қалған жырың енді…

Несі­п­бек АЙТҰЛЫ

Анасы­мен қатар қой­ған өлеңді, –

Ақын анау дүни­е­ге жөнелді.

Жүріп жатыр талай «ақын» бұ жақта,

Айыр­май­тын тақ­пақ пенен өлеңді…

Жүре­гін ап кес­кен­дей­ін арамен,

Өмірі – өлең,

Көңілі – өлең,

Ары – өлең!

Ол қаза­қты қара өлең деп ойлады,

Басқа­ларға көр-жеріңнің бәрі – «өлең…».

Есенға­ли жоқ қой?!

Сон­да мен енді,

Неме­не­ге жаза­мын сұм өлеңді?!

Соқ­па дерт­ті шәй­ір көп қой бұ жақта,

Содан ғана еңсем еңкіш, төмен-ді!

Жаз­ды ол бір-ақ том бола­тын өлеңді,

«Соның өзі, – деді ол – өте көлемді…».

… Алла менен Абай ғана түсінген,

Ойлап тапқан кім бұл қара өлеңді?

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Жалған­нан Есенға­ли ағам көшті!

Ол дағы нар құл­жа­дай аран кешті!

Пір Бекет, Абай-әру­ақ ертіп келген

Жетек­теп жүре бер­ді тәмам көшті…

Уа, көшті!

Көшті дей­мін Есен ағам,

Сумиып қала бар­ды көсе-ғалам…

Не айта алам, Көк­мой­нақ-жыр түн ішінде, 

Кісі­неп: «Ием қай­да?» – десе маған?..

Айт-ман НҰРЖАН

Ақ кеме­дей ақша бұл­тқа шым батқан

Өтті Есағам, кет­ті Өлең…

Бүгін маған қара хабар тыңдатқан

Теле­фон­ды жек көрем!

Жек көре­мін,

Жағ­дай­ым жоқ ұғатын,

Аяп, көңіл айтқанды,

Ақын­дарға қаза­на­ма шығатын

Газет­тер мен сайттарды.

«Көз жасы­ң­ды төге бер­ме сен енді…» –

Жұба­та­ды кәрі іңір.

Жаз­ба­сын­шы «ақын өлді» дегенді,

Оқы­май­мын бәрібір…

Өзім­ді алдап, өтірік­пен достасып,

Мен отыр­мын түн ішіп.

Бір қызғал­дақ бағ­ба­ны­мен қоштасып,

Жылап жатыр бүрісіп…

Өмір солай мәң­гілік­ке бұрылмақ,

Қалға­ны – тек бос ұран.

Құс ата­у­лы қона алмай жүр шырылдап,

Айы­ры­лып досынан…

Гүл­нәр САЛЫҚБАЙ

Көш мынау… құбы­лаға бет түзеген,

Беу, тағ­дыр, ныса­наға жет­ті жебең!

Кісі­нер Көк­мой­нақ-жыр дәл іргемнен

Жалаң­дап, жал-құй­ры­ғын от күзеген…

Ой, Кең­сай, «жолың қиын, бұралаң-ды»,

Тұрғы­зып жібер­мей­сің құлағанды.

Өлеңнің ұлы көші келіп шөккен

Жүрек­ке көшірей­ін бұл алаңды. 

Аты­ң­ды «Тек­ті Ұлы­лы» деп түзер ем,

Ес-ағам, құс жолы­на бет түзеген! 

Шарам жоқ… мәң­гі мекен – тұрағыңа

«Қай­ық қып қабы­рғам­ды» жет­кі­зер ем… 

Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ

Сәуір самғап енген шақта түстіктен,

Қызыл шоқтай жанып жатыр іш тіптен…

Мен аспан­ның аһ ұра­рын білемін,

Жылаға­нын көр­дім енді құс біткен.

Жет­кен шай­ыр Мыр­за­шөл­дің төсінен –

Ей, ұлы жыр, артық туған несібең!

Есенға­ли деген дегдар қазақтың

Рязан­дық Есе­нин­нен несі кем!

Жүре­гін­де жатқан жай­лап жүз барыс,

Ойхой, қай­дам!.. 

Ондай айбар біз­ге алыс.

Даңқы­ңа ешкім талас алмас тіріде,

Өлі­міңнің өзі ақы­нға – қызғаныш.

Көше­сін­де сан қара­лы сөз өріп,

Алма­ты­ның жалын атар өзегі.

Неге үнсіз­сің,

«Тілің ғана байланғыр?!».

Жыла, жыла, шер­лі Есен­тай өзені!

Бозда, бозда, сыңар өркеш кер үлек!

(Біз де сен­дей сор­дан өнген өмір ек…).

Бара жатыр Келін­тө­бе үстінде

Ай маңы­рап, жетім жұл­дыз мөңіреп…

Сен де жыла, бауы­ры тас қасірет,

Маң­дай­ы­ма там­сын көзің жасы кеп.

Менің таңғы түсі­ме енер ме екенсің,

Уа, Қара өлең! «…Басы жоқ…».

Құм­ды сүй­ді, қанат­ты­ны ұнатты,

Мың өксіді, мың булы­қты, мың ақты.

Бізді қой­шы, ұмыт­шақтау пендеміз,

Жұба­та­мын құсын қалай жұмақтың?!

Мұрат ШАЙМАРДАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн