Пятница , 4 июля 2025

ЖЕТІСУДАҒЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАМАН ЕМЕС

Үкі­мет бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Жеті­су­дағы бірқа­тар шаруа қожа­лы­қта­ры­мен таны­сты. Ол алды­мен Көк­су ауда­нын­дағы «Кари­мов» тау­ар­лы-сүт фер­ма­сы­на бар­ды. «Ірі жоба­лар» бағ­дар­ла­ма­сы­на қаты­су­шы, кәсіп иесі Рахым Кари­мов мәр­те­белі мей­ман­дар­ды жұмыс реті­мен таны­стыр­ды. 2018 жылы құры­лған серік­те­стік асыл тұқым­ды сүт­ті мал өсіру­мен айна­лы­са­ды. Бал­пық ауы­лын­дағы тау­ар­лы-сүт фер­ма­сын­да 35 адам тұрақты жұмыспен қам­ты­лған. Рахым Смаға­лиұлы­ның айтуын­ша, фер­ма жылы­на 5500 тон­на сүт өндіреді. Ал тәулі­гіне 18 тон­на сүт сауылады. 

– 2018 жылы «Жеті­су» ауыл шару­а­шы­лық өндірістік кәсі­пор­ны­мен бір­лесіп, «400 басқа арналған тау­ар­лы-сүт фер­ма құру» инве­сти­ци­я­лық жоба­сын жүзе­ге асыр­дық. Жоба­ның құны 1,3 мил­ли­ард тең­гені құра­ды. Бола­шақта инно­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгі­зуді жос­пар­лап отыр­мыз. Робот­тан­ды­ры­лған сауу жүй­есін пай­да­ла­ну да жос­пар­да бар, – деді шару­а­шы­лық басшысы. 

Аталған шару­а­шы­лық 2021 жыл­дан бастап 350 бас ірі қара малға кеңей­тіл­ген. Жоба­ның құны 900 мил­ли­он тең­гені құрай­ды. Қазір­гі уақыт­та 862 бас ірі қара мал бар. Оның ішін­де Дания елі­нен 136 бас сиыр және немістің «голь­ш­тейн» сиыр тұқы­мы да кездеседі. 

ҚР пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Серік Жұманға­рин тау­ар­лы-сүт фер­ма­ның жұмысы­мен таны­сып, алдағы жос­пар­дың жүзе­ге асуы­на барын­ша қол­дау бола­ты­нын айт­ты. Бола­шақта тұрғын­дар тара­пы­нан арыз-шағым түс­пеу үшін жаңа тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­ну қажет­ті­гін жеткізді. 

Аймақта жал­пы өңір­лік өнім 1923,7 мил­ли­ард тең­ге­ге жет­кен. Өнер­кәсіп­те 92,1 мил­ли­ард тең­генің өні­мі өндіріл­ді. Ал ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның жал­пы өні­мі 57,8 мил­ли­ард тең­ге­ге жет­ті. Құры­лыс жұмыста­ры­ның көле­мі 2,3 есе­ге ұлғай­ып, 40,3 мил­ли­ард тең­гені құра­ды. Облыс аумағын­да 65,2 мың шар­шы метр тұрғын үй қол­да­ны­сқа беріл­ді. Биыл ауыл шару­а­шы­лық дақыл­да­ры­ның егіс көле­мі 7,0 мың гек­тарға ұлғай­тыл­ды. Егіс алқа­бын әрта­рап­тан­ды­ру аясын­да дән­ді дақыл­дар 15,1 мың гек­тарға, кар­топ 0,9 мың гек­тарға қысқа­рып, қажет­ті дақыл­дар­дың егіс көле­мі жал­пы 22,9 мың гек­тарға ұлғай­ды. Қант өнді­ру сала­сын дамы­ту бағы­тын­да, яғни 2026 жылға дей­ін қант қызы­л­ша­сы­ның егіс алқа­бын 15 мың гек­тарға арт­ты­ру жос­пар­ла­нып, биыл бұл дақыл 12,6 мың гек­тарға егілді. 

Ары қарай жұмыс тобы мал және өсім­дік шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын «Хиль­ни­чен­ко и К» шару­а­шы­лы­ғы­на бар­ды. Ескел­ді ауда­ны, Қара­бұлақ ауы­лын­да 1998 жылы құры­лған шару­а­шы­лық 11000 гек­тар жер көле­мін тиім­ді иге­ру­де. Қазір­гі таң­да мұн­да 210 адам тұрақты жұмыспен қам­ты­лған. Шару­а­шы­лық бас­шы­сы Алек­сандр Хиль­ни­чен­ко­ның айтуын­ша, шару­а­шы­лық дән­ді және бұр­шақ дақыл­да­рын өсіру­ге, ұсақ мал және етті жылқы асы­ра­уға машы­қтанған. 1438 гек­тар егістік жер бол­са, оның ішін­де 264 гек­тар суар­ма­лы және 9562 гек­тар жай­ы­лым­ды жер­дің бар­лы­ғы да тиім­ді игерілу­де. Соны­мен қатар бұл шару­а­шы­лық – 7196 бас «Этти мери­нос» қой тұқы­мын, 565 бас жылқы, 295 бас бие өсіріп отыр. 

Кез­де­су бары­сын­да шару­а­лар ауыл шару­а­шы­лы­ғы бағы­тын­да көр­сетілетін мем­ле­кет­тік көмек­тер, суб­си­ди­я­лар, арнайы тех­ни­ка­лар алу үшін қарас­ты­ры­лған жеңіл­детіл­ген неси­е­лер және тағы да басқа қиын­ды­қтар туды­ра­тын тақы­рып­тар­да сұрақта­ры мен ұсы­ны­ста­рын біл­дір­ді. Өз кезе­гін­де пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры Серік Жұманға­рин бар­лық сұраққа нақты жау­ап қатып, ұсы­ны­стар­дың ескерілетінін жеткізді. 

Республиканский еженедельник онлайн