Пятница , 4 июля 2025

Зайсандағы сотта БИЛІКТІҢ БЕТІ бері бұрылды ма?

Қаңтар­дың 21‑і күні Зай­сан аудан­дық (ШҚО) сотын­да «мем­ле­кет­тік шека­ра­ны заң­сыз кесіп өтті» деп айып­талған екі қазақ Қастер Мұса­ханұ­лы мен Мұра­гер Әлі­мұлы­на сот шеші­мі шықты. Судья Оспа­но­ва екі жігіт­тің әрқай­сысын бір жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­рып, жаза­сын қауіп­сізді­гі төмен меке­ме­де өте­у­ге үкім етті. Бұған қоса, олар­дың әрқай­сысы­на 25 250 тең­ге көле­мін­де айып­пұл салды.

Бүкіл ел-жұрт­ты елең­дет­кен сот­тың жаза­сы жеңіл болуы­на «қос қашқын­ның» тиісті мигра­ци­я­лық меке­ме­ге өз ерік­тері­мен келіп, шека­ра­дан заң­сыз өткен­дерін мәлім­де­уі, қыл­мыстың ашы­луы­на бел­сен­ді қаты­суы, өз кінәла­рын мой­ын­даға­ны себеп болған. Соны­мен бір­ге, сөз жоқ, екі жігіт­тің Қытай­дағы қысым­нан қашып шығуға мәж­бүр болға­ны да есеп­ке алын­са керек. Бұл тұрғы­дан алған­да, асы­ра айтқан­дық емес, билік те, сот та Қытай­дағы «қазақ мәсе­лесіне» түсіністік­пен қара­ды деу­ге бола­ды. Оның үстіне тағы­лған айып­тар­ды мой­ын­даған Қастер мен Мұра­гер өздерін Қытай­ға қай­тар­мауды сұрады.

Сот үкі­мін түсін­дір­ген судья олар­дың «тер­геу абақты­сын­да оты­рған бір күні екі күн­ге есеп­те­летінін және қамау мерзі­мі 2019 жыл­дың 18 қаза­ны­нан бастап сана­ла­ты­нын» айтып, олар­дың «қамауда қалу мерзі­мі – 5 ай 24 күн» – деп, кесім­ді сөзін айт­ты. Бірақ тарап­тар­дың келесі сот инстан­ци­я­сы­на шағым­да­ну мүм­кін­дік­терін ескер­сек, сот үкі­мі әлі күшіне енген жоқ.

Қос шека­ра­ны «бұзып өткен» қос мұңлы­қты қол­дау үшін, сотқа рес­пуб­ли­ка­ның түк­пір-түк­пірі­нен біраз адам жинал­ды. Қол­да­у­шы­лар сот ісіне қаты­сқы­сы кел­ген­мен, залға туы­ста­ры мен қоғам бел­сен­ділері, жур­на­ли­стер­дің кіруіне ғана рұқ­сат етіл­ді. Залға сый­май қалған көп­шілік: «Жігіт­тер­ді Қытай­ға бер­мей­міз!» деп ұран­да­тып, сырт­тан қол­дау көр­сет­ті. Үкім көңіл­дері­нен шыққан соң, олар сот пен про­ку­рорға, поли­ци­яға риза­шы­лы­қта­рын біл­діріп, алғы­ста­рын айтып тарасқан.

Бірақ залға сый­май қалған жұрт­шы­лы­қтың ара­сын­да поли­ци­яға қысым көр­сетіп, балағат сөз­дер айту­шы адам­дар болға­ны­на «Уат­сап» желісі арқы­лы тараған видео куә. Содан да болар, Зай­сан поли­ци­я­сы жан-жақтан Зай­санға кел­ген 12 бел­сен­ді қол­да­у­шы­ны қала­дан шыға бері­сте ұстап, Зай­сан аудан­дық поли­ция басқар­ма­сы­на жет­кіз­ген. Сол жер­де олар­дың үсті­нен Әкім­шілік кодекстің 443-бабы (поли­ци­яға бағын­бау) бой­ын­ша сот өтіп, бел­сен­ді Бағ­дат Құр­ман­тай­ды 36 сағатқа қамап, он шақты бел­сен­ді­ге 5–10 айлық есеп­тік көр­сет­кіш (12500–25000 тең­ге) көле­мін­де айып­пұл сал­ды. Түн­де­летіп өткен сот оты­ры­сы­на адво­кат жіберілмеген.

«Азатты­қтың» хабар­ла­у­ы­на қараған­да, әкім­шілік сот Бағ­дат Құр­ман­тай­ды «Мұса­ханұ­лы мен Әлі­мұлы­ның сотын­да поли­цей­лер­ді балағат­тап, сот залын­да ысқы­рға­ны үшін» қамаған. Айып­пұл алған­дар­дың қата­рын­да Ерлан Фай­зул­ла­ев, Серік Асқа­ров, Ерлан Есхо­жин, Нұр­жан Мұхам­ме­дов, Рус­лан Нұр­ха­нов, Ермек Бай­ғу­лин, Марат Қасым­бе­ков есім­ді бел­сен­ділер бар.

Сот шеші­міне шағым түсіріл­ді ме, жоқ әлде адво­кат­тың бол­мауы себеп­ті әкім­шілік іс бой­ын­ша сот­та­лушы­лар­дың ондай мүм­кін­ді­гі бол­ма­ды ма – ол жағы әзір­ге бей­мағлұм. Біз бұл жөнін­де газет оқыр­ман­да­рын хабар­дар ететін боламыз.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Бұл екі арада

Қытай қазағы: ҚАСІРЕТ таусылған жоқ

  • Қытай­дан күй­е­уін қай­та­ру­ды талап еткен Фари­да Қабыл­бек қаңтар­дың 20-сы күні Нұр-Сұл­тан қала­сын­дағы Қытай елшілі­гіне бар­ды, деп хабар­лай­ды «Азаттық». Ол үстіне күй­е­уі тура­лы мәлі­мет­тер жазы­лған пла­кат іліп, жалғыз өзі пикет­ке шықты.

Қытай­дан кел­ген Қаза­қстан аза­ма­ты Фари­да Қабыл­бек күй­е­уін боса­ту­ды талап етіп, бұдан бұрын Қытай­дың Алма­ты­дағы кон­сул­ды­ғы­на да барған екен. Бірақ кон­сул­ды­қтан оның тала­бын тың­да­уға ешкім шықпаған.

Фари­да Қабыл­бек­тің айтуын­ша, күй­е­уі Рахым­жан Зей­нол­ла Қытай­да 13 жыл түр­ме­де оты­рып шыққан соң, бір жарым жыл сая­си лагерь­ге жіберіл­ген. Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі Рахым­жан Зей­нол­ла ісіне бай­ла­ны­сты Қытай елшілі­гіне ресми хат жол­даға­нын хабарлаған.

«Оны жазы­қ­сыз ұстап, «тың­шы» деген айып­пен 2004 жылы 13 жылға сот­тап, түр­ме­ге қама­ды. Одан соң бір жарым жыл сая­си лагерь­де ұста­ды, ал содан кей­ін үйқа­мақта оты­рға­ны­на бір жыл­дан асты. Менің күй­е­уім Қаза­қстан­да оқы­ғы­сы кел­ген жиыр­маға жуық бала­ның құжат­та­рын жөн­де­у­ге, олар­дың шека­ра­дан өтуіне көмек­те­сті. Оның бар «қыл­мысы» – сол ғана», – дей­ді Фари­да Қабылбек.

Оның айтуын­ша, Рақым­жан Зей­нол­лаға 2003 жылы Қаза­қстан аза­мат­ты­ғы беріл­ген, бірақ ол құжа­тын алып үлгер­ме­ген. Фари­да Қабыл­бек­тің 2013 жылы мау­сым­ның 22-інде жазған шағы­мы­на Алма­ты облы­сы­ның ішкі істер депар­та­мен­ті Көші-қон поли­ци­я­сы басқар­ма­сы­ның қара­ша­да бер­ген жаз­ба­ша жау­а­бын­да: «1963 жылы ҚХР туы­лған Зей­нол­ла Рахым­жан ҚР пре­зи­ден­тінің 2004 жылғы 12 науры­здағы №1302 жар­лы­ғы­мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты болып сана­ла­ды» деп жазылған.

Сол сияқты, Шың­жаң­дағы туы­ста­ры­нан үш жыл­дан бері хабар ала алмай оты­рға­нын айтқан Алма­ты тұрғы­ны Марат Құр­ба­нов та 22 қаңтар­да Қытай­дың Алма­ты­дағы кон­сул­ды­ғы алдын­да жалғыз адам­дық пикет өткізді. Оның қолын­да «Қытай­да жоғал­ды» делін­ген бір­не­ше туы­сы­ның сурет­тері мен аты-жөн­дері, теле­фон нөмір­лері жазы­лған пла­кат болды.

«Олар­мен бай­ла­ныс ешқа­шан үзіл­ген емес. Қазір мен оларға хабар­лас­сам, алмай­ды. Бір рет­те қарын­да­сы­ма хабар­ласқан кез­де теле­фо­нын басқа адам алып, «ол жоқ» деп жау­ап бер­ді. Қазір Қытай кон­сул­ды­ғы­ның өкіл­дері туы­ста­рым­ның біріне хабар­ла­сып, олар­дың аман екеніне менің көзім­ді жет­кіз­сін», – деді Марат Құр­ба­нов «Азаттық» тілшісіне.

Azattyq.org

Пре­зи­дент­ке ашық хат

ӨЗ ҰЛТЫҢЫЗҒА араша түсіңіз, ТОҚАЕВ МЫРЗА!

  • Босқын­дар ста­ту­сы тура­лы БҰҰ кон­вен­ци­я­сы – 1950 жылғы 14 жел­тоқ­сан­дағы БҰҰ Бас ассам­бле­я­сы­ның 429 (V) резо­лю­ци­я­сы­на сәй­кес шақы­ры­лған уәкілет­ті өкіл­дер кон­фе­рен­ци­я­сын­да 1951 жылы 28 шіл­де­де Жене­ва­да қабыл­данған. Кон­вен­ция «босқын­дар» түсіні­гіне аны­қта­ма береді және босқын ста­ту­сы берілетін жал­пы негіз­дер­ді бел­гілей­ді. Кон­вен­ция мем­ле­кет­тік қауіп­сіздік мүд­десіне орай босқын­дар­ды қай­та­руға жол береді, бірақ олар­ды қуда­ла­удан қауіп­теніп, олар­ды қашып кел­ген елдеріне қай­та­руға тый­ым да сала­ды. Қаза­қстан Кон­вен­ци­яға 1998 жылы қосылған.

Әлем­дік қауым­да­стық босқын мәр­те­бесіне қаты­сты заң­ды­лы­қты шеге­дей етіп бел­гіле­се де, Қаза­қстан әлі күн­ге дей­ін өз қаза­ғы­на босқын мәр­те­бесін беру­ге дәр­мен­сіз күй­де. Екі аза­мат жар­ты жыл­дық жаза­сын өте­ген­нен кей­ін, босқын мәр­те­бесі берілетініне қоғам өкіл­дері алаң­дап отыр. Осы­ған орай пре­зи­дент Тоқа­евқа ара­ша түсуін сұрап, бір топ қоғам қай­рат­кер­лері Ашық хат жариялады.

 Құрмет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

 Сіз­ден Қытай­дағы аз ұлт­тарға жасалған қысым­шы­лық пен қуғын­да­удан басы­на қатер төн­ген­де шека­ра­ны амал­сыздан кесіп өту­ге мәж­бүр болған қан­даста­ры­мыз Қастер Мұса­ханұ­лы мен Мұра­гер Әлі­мұлы­на босқын мәр­те­бесін беріп, ара­ша түсуіңізді сұрай­мыз. Бұта­ны пана­лаған торғай­дай шырыл­дап кел­ген екі бауы­ры­мы­зды Қытай­ға қай­та­рып, айдаһар­дың аузы­на салып беруді жөн санамаймыз.

Қытай­дың Шың­жаңын­дағы соңғы жыл­дар­дағы күрт нашар­лаған адам құқы­ғы мәсе­лесіне, соның ішін­де бір жарым мил­ли­он­нан астам қан­даста­ры­мы­здың түр­лі себеп­тер­мен қысым көріп жатқа­ны­на біз бей-жай қарай алмай­мыз. Қытай шене­унік­тері «Қытай билі­гі қаза­қтарға тиіс­кен жоқ, үйре­ну орта­лы­қта­рын­дағы қаза­қтар түгел боса­тыл­ды» деп, Сіз­ге өтірік мәлі­мет бер­гені­мен, толып жатқан айғақтар мен дәлел­дер ол жақтағы қан­даста­ры­мы­здың тағ­ды­ры өте қиын жағ­дай­да екенін ашық көр­сетіп бер­ді. Шың­жаң­дағы жағ­дай шие­леніс­кен­нен бастап, «өлсем, сүй­е­гім ата­жұрт­та қал­сын» деп, үлкен тәу­е­кел­шіл­дік­пен шека­ра­ны кесіп өтіп, қашып кел­ген қан­даста­ры­мы­здың саны қазір 6 ада­мға жет­ті. Оның бірі Сай­ра­гүл Сауыт­бай еді, ол Қаза­қстан­нан пана таба алмай, амал­сыз шетел­ге кет­кені көп­ке мәлім.

Құр­мет­ті Пре­зи­дент мыр­за, жоға­ры­дағы жағ­дай­лар­дың өзі Қытай­дағы қаза­қтар­дың қысым көріп жатқан­ды­ғы­ның айқын айғағы емес пе?! Ондағы аз ұлт­тарға, соның ішін­де діні мұсыл­ман, түбі түрік халы­қтарға жасалған қия­нат күшей­гелі бері, босқан қаза­қтың саны көбей­іп келеді. Бұл жағ­дай билік­ті ойлан­ды­руы тиіс. Біз «Ол Қытай­дың ішкі ісі, Қытай­дағы аз ұлт­тар­дың қуда­ланға­ны шын­ды­ққа үйле­с­пей­ді» деп жауыр­ды жаба тоқы­ға­ны­мы­з­бен, бүкіл әлем қазір Қытай­дың аз ұлт­тарға жасаған жауы­зды­ғы­на алаң­да­у­шы­лық біл­ді­ре баста­ды. БҰҰ мен Еуро­па пар­ла­мен­тін­де бұл мәсе­ле арнайы қарал­ды. Ал Қаза­қстан­ның Қытай­дағы бір жарым мил­ли­он қаза­қтың тағ­ды­ры­на бей-жай қара­уы – елді­гі­міз­ге сын, мем­ле­кет­тілі­гі­міз­ге мін.

Құр­мет­ті Пре­зи­дент мырза!

Жақын­да Шың­жаң­ның Көк­тоғай, Шің­гіл аудан­да­рын­да «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тәу­ел­сізді­гін» атап өткені үшін Қай­рат, Мұрат және Ынты­мақ есім­ді аза­мат­тарға қасын­дағы серік­тері­мен бір­ге «Отан сатқы­ны» деген айып­пен 3 жыл­дан 5 жылға дей­ін жаза кесті. Этни­ка­лық қаза­қтарға жасалған осын­дай озбыр­лық мысал­да­ры көп. Сон­ды­қтан ондай­ды бол­дыр­мау үшін, Қазақ мем­ле­кеті әрбір қан­да­сы­мы­зды және бар­ша қаза­қты қорғай ала­тын­ды­ғын іс жүзін­де көр­се­туі тиіс. Мұн­дай табан­ды­лық өз халқы­мы­здан да, әлем елдері­нен де қол­дау таба­тын­ды­ғы сөз­сіз. Тәу­ел­сіз мем­ле­кет екен­ді­гі­міз осын­дай­да таны­ла­ды. Қытай­дан шека­ра­ны кесіп өтіп кел­ген бауыр­ла­ры­мы­зға қыл­мыс­кер ретін­де қара­мауы­мыз керек. Оларға өмір­лерін сақтау үшін босқын­ды­ққа ұшы­раған, ота­нын-пана­сын ізде­ген­дер деп қарай­ық. Халық тіле­гін қабыл алуы­ңы­зды сұраймыз!

  • Ашық хатқа халық жазу­шы­сы Қаб­деш Жұма­ді­лов пен мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Бал­таш Тұр­сым­ба­ев бастаған аза­мат­тар қол қой­ған: Марат Тоқаш­ба­ев, Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Ермұрат Бапи, Еркін Рақы­шев, Жан­бо­лат Мамай, Ыры­с­бек Тоқ­та­сын, Ербол Дәу­лет­бекұ­лы, Әлім­хан Жұма­бек және басқалар.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн