Вторник , 13 мая 2025

Заңғар тұлға Заманбектің ескерткіш-бюсті ашылды

Ел еге­мен­ді­гінің елең-алаңы­нан 2005 жылы қара­ша айын­да жұм­бақ жағ­дай­да қай­тыс болғанға дей­ін халқы­на қал­тқы­сыз қыз­мет еткен есіл ер Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втің есі­мін дүй­ім жұрт жақ­сы білетіні күмән­сіз. Асқар тау алы­стаған сай­ын асқақтай түсетіні сияқты, заңғар тұлға­ның аза­мат­тық асыл қаси­ет­тері де уақыт өткен сай­ын ерекше айшы­қта­лып, жаңа қыры­нан көрініп келеді. Заман­даста­ры мен таны­мал тұлға­лар Заман­бек Қала­бай­ұлын еге­мен елі­міздің аяғы­на нық тұрып, тәу­ел­сіз мем­ле­кет ретін­де қалып­та­суы­на зор үлес қосқан мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері ретін­де баға­лай­ды. «Жақ­сы­ның жақ­сы­лы­ғын айт, нұры тасысын» деп есіл ердің есі­мін ел-жұр­ты емірене еске ала­ды. Тек еске алып қана қой­май, адал­дық пен әділ­дік­ті ту етіп, ұлт бола­шағы үшін аян­бай тер төк­кен қайт­пас қай­рат­кер­дің рухы­на тағ­зым етіп, есі­мін мәң­гіле­сті­ру де – бүгін­гі ұрпақтың пары­зы һәм қары­зы екені сөз­сіз. Бұған ел билі­гі де ерекше көңіл бөліп отыр.

Бір­не­ше күн бұрын Кеген ауы­лын­да көп­тен күт­кен қуа­ны­шты оқиға бол­ды. Аудан орта­лы­ғын­дағы бала­лар өнер мек­тебінің айна­ла­сы алыс-жақын­нан арнайы жиналған жұрт­шы­лы­ққа тол­ды. Себебі мұн­да көр­нек­ті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Заман­бек Нұрқа­ді­лов­ке арналған ескерт­кіш-бюст сал­та­нат­ты түр­де ашыл­ды. Өңір жұрт­шы­лы­ғын қуа­ны­шқа бөле­ген айту­лы шараға Алма­ты облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры Нұр­жан Құдай­бер­ге­нов, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кер­лері, ақын-жазу­шы­лар, таны­мал тұлға­лар, қай­рат­кер­дің отба­сы мүше­лері мен аудан тұрғын­да­ры қатысты.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың тап­сыр­ма­сы аясын­да жүзе­ге асы­ры­лған шара бары­сын­да осы өнер мек­тебіне заңғар тұлға Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втің есі­мі беріл­гені жари­я­лан­ды. Қай­рат­кер­ге арналған ескерт­кіш-бюст­ті облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры Нұр­жан Құдай­бер­ге­нов, қоғам қай­рат­кер­лері Тоққо­жа Есте­нов пен Болат Нұрға­зи­ев, Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втің ұлы Қай­рат Нұрқа­ді­лов ашты. Ежел­ден қалып­тасқан ұлт­тық дәстүрі­міз­ге сай, жақ­сы іс, ел жиы­лған той құт­ты бол­сын деген ізгі ниет­пен ақ жаулы­қты ана­лар шашу шашты. Ашық аспан астын­да тау тұлға­ның асқақ бей­несін көр­ген жұрт ерекше тебірен­ді. Бұл өте орын­ды және табиғи еді. Өйт­кені бұл күн­ді Кеген жұр­ты асы­ға күт­кен еді. Осы­лай­ша ер алдын­дағы елдің бір қары­зы қайт­ты, бір пары­зы орындалды.

Сал­та­нат­ты жиын­да сөз алған облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры Нұр­жан Құдай­бер­ге­нов қай­рат­кер­дің еңбе­гі мен есі­мі ұлт тарихын­да мәң­гі сақта­ла­ты­нын жеткізді.

– Заман­бек Қалай­бай­ұ­лы – ел дамуы­на еле­улі үлес қосқан тұлға. Еңбек жолын 1985 жылы бастап, Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі, ҚР Төтен­ше жағ­дай­лар агент­ті­гінің төраға­сы қыз­мет­терін абы­рой­мен атқар­ды. Бұл ескерт­кіш-бюст – халқы­мы­здың пер­зен­тіне деген шынайы құр­метінің бел­гісі. Осын­дай тұлға­лар­ды ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ пары­зы­мыз. Мүсін автор­ла­ры Айдос Бүр­кіт­ба­ев пен Тимур Нұр­мұ­ха­ме­тов­ке асқақ туындысы үшін бар­ша тұрғын­дар аты­нан алғыс біл­діре­мін, – деді ол.

Одан кей­ін сөз алған Тоққо­жа Есте­нов, Болат Нұрға­зи­ев және заңғар тұлға­ның тұяғы Қай­рат Заман­бекұ­лы естелік­тер айтып, мүсін­нің ашы­луы­на ұйы­тқы болған аза­мат­тарға алғы­ста­рын жеткізді.

Шараға қаты­су­шы­лар Заман­бек Қала­бай­ұлы­ның ескерт­кіш-бюстіне гүл шоқта­рын қой­ып, қай­рат­кер­дің рухы­на тағ­зым етті. Сал­та­нат­ты рәсім­нен кей­ін қаты­су­шы­ларға Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втің өмірі мен қыз­меті тура­лы «Не толь­ко о себе» атты кітап­тың 300 дана­сы таратылды.

Кеген ауы­лын­дағы Заман­бек Нұрқа­ді­лов атын­дағы өнер мек­тебі 2015 жылы құры­лға­нын айта кет­кен жөн. Өнер қуған бүл­дір­шін­дер­ге мұн­да дом­бы­ра, қобыз, баян, дәстүр­лі ән, эст­ра­да-вокал, хорео­гра­фия, бей­не­леу өнері, мүсін және сән­дік-қол­дан­ба­лы өнер бағыт­та­ры бой­ын­ша білім береді. «Өнер­ді үйрен де жирен» демек­ші, бүгін­гі таң­да мек­теп­те 890 оқу­шы өздері таң­даған өнер­ді үйре­ну­де. Аудан­дағы 12 елді мекен­де бұл мек­теп­тің бөлім­ше­лері орналасқан.

Шара кезін­де Қай­рат Нұрқа­ді­лов: «Халқы­мыз әкем тура­лы тек жақ­сы жағы­нан айта­тын. Жыл­дың басын­да әке­міздің 80 жыл­ды­ғы­на ас бере­міз деген­де, мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев хат жол­да­ды. Хатын­да әкем­нің еңбе­гін қол­дап, «Тұрған үйіне тақта қой­ы­ң­дар, бюст қой­ы­ң­дар, өнер мек­тебіне атын берің­дер» деп тап­сыр­ма бер­ген. Бүгін біз соның куәсі болып отыр­мыз. Мек­теп ашыл­ды. Ішін­де мұра­жайы бар. Бюст орна­тыл­ды. Рақ­мет!» – деді.

Қоғам қай­рат­кері Рыс­бек Сәр­сен­бай баста­пқы­да бюст емес, толы­ққан­ды ескерт­кіш орна­ту жос­пар­ланға­нын айт­ты. Соны­мен қатар ол сая­сат­кер­дің өлі­міне қаты­сты жағ­дай­ды қай­та қара­уға шақырды.

«Ескерт­кіш болуы керек еді, бірақ ақы­рын­да бюст ашып жатыр. Бұл шешім түсініксіз. Соны­мен қатар Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втің өлі­міне қаты­сты «суи­цид жаса­ды» деген нұсқа­ны өшіріп, кім өлтір­генін аны­қтау қажет», – деді ол. 

Сая­сат­кер­дің қызы Құра­лай Нұрқа­ді­ло­ва бюст­тің жаса­лу жұмыста­ры ұзақ әрі мұқи­ят жүр­гізіл­генін айт­ты. Оның сөзін­ше, Кеген­де­гі мек­теп музей­іне сая­сат­кер­дің жеке мара­пат­та­ры тапсырылған.

«Осы­лай­ша, уақыт өте келе әкем есі­мінің ақта­лу про­цесі жалға­сып жатыр. Біздің сөзі­мізді естіп, диа­лог құрып жатқан­да­ры қуан­та­ды. Осы күн­ге ұзақ дай­ын­дал­дық», – деді Құра­лай Заманбекқызы.

Заман­бек Нұрқа­ді­лов – әйгілі сая­си қай­рат­кер, оның өмірі мен жұм­бақ өлі­мі әлі күн­ге дей­ін қызу талқы­ла­нып келеді. Биыл наурыз айын­да Алма­ты­да ол тұрған үйдің қас­бетіне ескерт­кіш тақта орна­ты­лға­нын да айта кет­кен жөн. «D»

Республиканский еженедельник онлайн