Четверг , 27 ноября 2025

ЗАҢ БІРЕУ, қолданыс неге ӘРТҮРЛІ?

ҚР Бас Про­ку­ро­ры Берік АСЫЛОВҚА

Биы­лғы жыл­дың 16 қыр­күй­е­гін­де Қыл­мыстық кодекстің 339–1‑бабы қол­да­ны­сқа енгізіл­ді. Алай­да оның тәжіри­белік қол­да­ны­луы өңір­лер бой­ын­ша бір­кел­кі қалып­тас­пай отыр. Бір­дей жағ­дай­лар­да әртүр­лі сот шешім­дерінің қабыл­да­нуы құқық қол­да­ну­дың бірізділі­гіне нұқ­сан келтіруде.

Естеріңіз­де бол­са, 339–1‑бап «Қыл­мыстық заң­на­ма­ны оңтай­лан­ды­ру тура­лы» заң жоба­сын талқы­лау кезін­де Бас про­ку­ра­ту­ра, Жоғарғы Сот және бар­лық уәкілет­ті орган­дар­дың қаты­суы­мен жан-жақты пысы­қталған еді. Негіз­гі мақ­сат – тіке­лей заң­сыз аула­у­ға қаты­сты айып­та­у­лар­ды 339-бап бой­ын­ша қал­ды­рып, ал қалған бар­лық әре­кет­тер­ді: ет пен дери­ват­тар­ды сатып алу, сату, сақтау, тасы­мал­да­уды жаңа 339–1‑бапқа қай­та сара­лау болатын.

Деген­мен бүгін­гі тәжіри­бе­де мүл­де басқа көрініс қалыптасуда.

Бір ғана Пав­ло­дар облы­сы­ның мыса­лы соның айқын дәлелі: уәкілет­ті орган 56 ұсы­ныс енгіз­се, сот­тар 50 істі қарап, оның 31-ін қанағат­тан­ды­рып, 19-ынан бас тар­тқан. Бір­дей мән-жай­лар бой­ын­ша мұн­дай айыр­ма­шы­лық – аза­мат­тар ара­сын­да әле­умет­тік теңсіздік сезі­мін тудырады.

339–1‑бап тек киік­ке ғана емес, бар­лық жану­ар­лар дүни­есі объ­ек­тілеріне және олар­дың дери­ват­та­ры­на қаты­сты қол­да­ны­ла­ды. Ал «қолға түсі­ру» сөзі үкім­де кез­де­суінің өзі авто­мат­ты түр­де заң­сыз аулау бел­гілерін дәлел­де­мей­ді. Егер үкім­де 337-бап (заң­сыз аулау) қол­да­ныл­маған бол­са, адам­нан қару-жарақ неме­се аулау құрал­да­ры алын­баған бол­са, онда істі 339–1‑бапқа қай­та сара­ла­нуға әбден болады.

Қате сот прак­ти­ка­сы­на жеке­ле­ген про­ку­рор­лар­дың әре­кет­тері де әсер етуде.

Мәсе­лен, Ұлы­тау облы­сы про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры сотқа өтініш беріп, нара­зы­лық енгізу­ге мерзім­ді қал­пы­на кел­тіруді сұраған. Себеп ретін­де – «сот қаулы­сы про­ку­ра­ту­раға түс­пе­генін» көр­сет­кен. Ал нара­зы­лы­қтың өзін­де ол істі «339–1‑баптың 4‑бөлігіне қай­та сара­лау қажет» деп жазады.

Алай­да, біздің қабыл­даған жаңа редак­ци­яда 339–1‑бапта 4‑бөлік деген мүл­де жоқ.

Жал­пы, «сот қаулы­сын көр­мей қал­дым, алмай қал­дым» деген уәж­бен мерзім­ді қал­пы­на кел­тіруді сұрау – про­ку­ра­ту­ра беделіне де көлең­ке түсіреді. Өйт­кені про­ку­рор­дың қаты­суын­сыз бір­де-бір қыл­мыстық іс неме­се мате­ри­ал қаралмайды.

Осын­дай тәжіри­бені тоқта­туға тап­сыр­ма беруіңізді сұраймын.

Киік­ке қаты­сты қол­да­ны­стағы эко­ло­ги­я­лық сая­сат пен құқы­қтық нор­ма­лар­дың ара­сын­дағы алшақтық та – 339–1‑бапты қол­да­ну­дағы қай­шы­лы­қтар­дың бір себебі.

Киік 27.02.2015 жылғы министр бұй­ры­ғы­мен жой­ы­лу қау­пі төн­ген аңдар қата­ры­на енгізіл­гені бел­гілі. Сол себеп­ті оған қаты­сты кез кел­ген әре­кет­ке қатаң тый­ым салы­нған еді.

Алай­да қазір жағ­дай түбе­гей­лі өзгер­ді. Мен сай­ланған Батыс Қаза­қстан өңірін­де киік попу­ля­ци­я­сы жыл сай­ын қарқын­ды өсіп, был­тыр­дан бері жап­пай ату мен рет­тел­ген аулау заң­ды түр­де жүргізілуде.

Киік еті бүгін­гі күні Аста­на мен Алма­ты қала­ла­рын­да заң­ды түр­де саты­лып жатыр.

Осы­ған қара­ма­стан, оның етін неме­се дери­ват­та­рын сақтау, сатып алу, тасы­мал­дау үшін аза­мат­тар­ды қатаң қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­та беру – логи­каға да, құқы­қтың мақ­са­ты­на да сәй­кес келмейді.

Заң ең алды­мен өмір­де­гі нақты жағ­дай­ларға сүй­е­ну­ге тиіс. Егер мем­ле­кет өзі киік­ті рет­те­уді жүр­гізіп, оның етін заң­ды айна­лы­мға шыға­рып отыр­са, онда аза­мат­та­ры­мы­зды түр­ме­ге тоғы­тып, кей­ін боса­туға да кедер­гі кел­ті­ру қан­ша­лы­қты ақы­лға сиымды?

Осы айты­лған­дар­ды еске­ре оты­рып, Сіз­ден – қадаға­ла­у­шы орган ретін­де сот актілерінің заң­ды­лы­ғын кешен­ді түр­де зер­де­леп, про­ку­рор­лық ықпал ету шара­ла­рын қол­да­ну­ды, сон­дай-ақ өңір­лер­де орын алып оты­рған құқық қол­да­ну­дағы өрес­кел сәй­кес­сіздік­тер­ді жою­ды сұраймын.

Абзал ҚҰСПАН, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн