Четверг , 3 июля 2025

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ «кіріс көзі» деп санау – ҰЯТ ЕМЕС ПЕ?

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры

 Е. Б. Көшер­ба­евқа!

  • Қары­зға бел­ше­ден батқан аза­мат­тарға көмек көр­се­ту үшін, банк­тер­ге бере­ше­гін кешіріп, сот­тан тыс және сот арқы­лы «банк­рот» деп тануға, төлем қабілетін арт­ты­руға арналған Заң­ды (бұдан әрі – Заң) Мәжілі­сте жан-жақты қарап, Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев қол қой­ған болатын. 

Аталған Заң борыш­кер­лер­дің ешкім­нің көме­гіне жүгін­бей-ақ, өтініш беру­ге оңтай­лы жағ­дай жаса­уы тиіс еді. Сон­дай-ақ оның шар­тта­рын­да 1 600 айлық есеп­тік көр­сет­кі­ш­тен (АЕК) аспай­тын қары­здар­ды банк­рот­ты­ққа тап­сы­руға бола­ты­ны көрсетілген.

Алай­да, шын мәнісін­де, бұл Заң да, банк­рот­ты­ққа тап­сы­ру теті­гі де дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Қол­да бар жалғыз ресурс «Е‑өтініш» қосым­ша­сы арқы­лы жол­данған өтіні­ш­тер қанағат­тан­ды­рыл­май отыр. Соның сал­да­ры­нан өмір бойы бей­нет­теніп, зей­нет­кер­лік­ке шыққан зей­нет­кер­лер зей­не­тақы­сы­нан қағы­лып отыр. Көп­шілі­гінің банк­тер алдын­да төлен­бей қалған қары­зда­ры бар. Сот орын­да­у­шы­ла­ры бәрінің есеп­шот­та­рын бұғат­тап, шетел­ге шығу мүм­кін­дік­терін шек­теп тастаған. 

Банк­тер­ге бар­саңыз, бар-жоғы 32 мың тең­ге зей­не­тақы­сы банк кар­та­сы­на түс­пей жатып жоқ болып кет­кен, зар иле­ген зей­нет­кер­лер­ді көресіз­дер. Жағ­дай­ды зерт­те­сек, зей­не­тақы – «кіріс көзі» болып сана­ла­ды және зей­не­тақы әле­умет­тік қорғалған есеп­шот сана­ты­на жатқызылмаған. 

Әле­умет­тік қорғалған есеп­шот­тар­ды ашу тек «Кас­пий банк», «Халық банк» және «Цен­тр­Кре­дит» банк­теріне бекітіл­ген. Бұл банк­тер­дің фили­ал­да­ры тұр­мақ, бан­ко­мат­та­ры жоқ жер көп. 

Бар­лық жер­де бан­ко­мат­та­ры бол­ма­са да, бөлім­ше­лері бар «Қаз­по­шта» әле­умет­тік қорғалған есеп­шот­тар­ды ашуға бола­тын тізім­ге енбе­ген. Бұл қасақа­на жасалған әре­кет емес пе?

Біздің мик­роқар­жы ұйым­да­ры айлы­қтан-айлы­ққа деп, аз ақша беріп алдап, айнал­ды­рған 30 мың тең­гені төлей алма­са да, оған он есе­леп өсім қосып, халы­қты қары­зға баты­рып отыр. Ешбір табыс көзі жоқ аза­мат­тарға уақыт­ша көмек болға­ны­мен, оңай­лы­қ­пен құтыл­май­тын қары­зға айна­лып кететінін көп­шілік біле бер­мей­ді. Бірақ бұл біздің бұқа­ра­ның тоқты­ғын көрсетпейді. 

«AMANAT» пар­ти­я­сы­ның «Қарыз­сыз қоғам» жоба­сы­ның аясын­да аза­мат­тар­дың қар­жы­лық сау­ат­ты­лы­ғы арт­ты­ры­лып жатыр. Ойлан­ба­стан несие ала­тын­дар­дың қата­ры сиреп келеді.

Пре­зи­дент тап­сыр­ма­сы­мен Заң қабыл­данған­ның өзін­де банк­рот­ты­ққа тап­сы­ру­дың неге қиын­дап кет­кенін кім түсіндіреді? 

Борыш­кер­лер­дің айтуын­ша, «Е‑мобиль» қосым­ша­сы арқы­лы банк­рот­ты­ққа тап­сы­ру теті­гі жер­гілік­ті салық орган­да­ры­ның құзы­ретіне беріл­ген. Бұл орай­да мем­ле­кет­тік орган­дар борыш­кер­лер­дің мүд­десіне жұмыс істе­уі тиіс!

Ал енді зей­не­тақы қоры­нан қомақты қар­жы­ны алып, ел игілі­гі үшін пай­да­ла­нып жатқан­ды­қтан, зей­не­тақы­ны «кіріс көзі» деп санау – ұят емес пе? Қазақ «Атаңа не істе­сең, алды­ңа сол келеді» деген ұрпақты тәр­би­е­ле­се, қари­я­лар­дың риза­шы­лы­ғын алмаған­дар­дың сағы сына­ты­нын ескер­ген екен. Бей­нет­ке­ш­тер­дің зей­не­тақы жинағы­на қол салға­ны­мыз аздай, зей­нет­кер­лер­ге зей­не­тақы­сын жегіз­бе­уі­міз елді­гі­міз­ге сын болар. 

Жоға­ры­да айты­лған­дар­ды еске­ре отырып:

1. Әділет орган­да­ры­на бере­ше­гі бар зей­нет­кер­лер­дің зей­не­тақы есеп­шот­та­рын бұғат­та­удан босатуды;

2. Рес­пуб­ли­ка­лық база­дан банк­тер­де бере­ше­гі бар зей­нет­кер­лер­ді бақы­лап анықтауды;

3. Құзыр­лы орган­дарға зей­нет­кер­лер­дің сот­тан тыс және сот арқы­лы «банк­рот» деп тану про­цесін жеңілдетуді; 

4. Зей­не­тақы төлем­дерін «кіріс көзі» ретін­де заң­на­ма­дан алып таста­уды және зей­нет­кер­лер­дің қары­зын кешіруді;

6. Бар­лық екін­ші дең­гей­лі банк­тер мен «Қаз­по­шта» меке­месі­нен де зей­нет­кер­лер үшін әле­умет­тік қорғалған есеп­шот­тар­ды жап­пай ашу­ды ұсынамын.

Қай­рат БАЛАБИЕВ ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн