Вторник , 1 июля 2025

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚОРҒАНСЫЗ ҚАЛДЫ


Қаза­қстан­ның Ұлт­тық бан­кі зей­не­тақы қорын­дағы қар­жы­ны дол­лар баға­мы­ның ауы­тқу­ла­ры­нан қорға­май­тын бол­ды, деп хабар­лай­ды Stan.kz. Бірқа­тар қаза­қстан­дық депу­тат­та­ры­ның зей­не­тақы қорын­дағы аза­мат­тар ақша­сын индек­са­ция жаса­уды сұраған өтіні­шіне ҰБ төраға­сы Дани­яр Ақы­шев осы­лай жау­ап бер­ген екен.

Депу­тат­тар валю­та нары­ғын­дағы тұрақ­сызды­қтың сал­да­ры­нан қаза­қстан­ды­қтар­дың ақша­сы құн­сызда­нып жатқа­нын айтқан. Ал кеше Дани­яр Ақы­шев бұл ұсы­ны­стың қарас­ты­рыл­май­ты­нын анық түсінідіріп, индек­са­ция жаса­удан бас тартты.

Қар­жы рет­те­гі­шінің бұл ұсы­ны­стан бас тар­туы­ның бір­не­ше себебі бар екен. Бірін­ші­ден, валю­та­лық кепіл­де­ме­лер­ді енгі­зу елі­міздің еге­мен­ді­гінің қағи­дат­та­ры­на қай­шы келеді. Себебі біздің өз валю­та­мыз бар! Екін­ші­ден, мем­ле­кет онсыз да ақша айыр­ма­шы­лы­ғы­ның орнын тол­ты­рып отыр. Бірақ АҚШ дол­ла­ры­ның ауы­тқуы­на бай­ла­ны­сты айыр­ма­шы­лы­қты емес, инфля­ци­яға бай­ла­ны­сты айыр­ма­шы­лы­қты кепілдендіреді.

Бірақ, депу­тат Айқын Қоңы­ро­втың айтуын­ша, индек­са­ция үшін қара­жат­ты мем­ле­кет­ке мұнай сату­дан түс­кен қара­жат есебі­нен алуға бола­ды. Мәжіліс депу­та­ты­ның айтуын­ша, биы­лғы жыл­дың басы­нан бері мем­ле­кет үш трил­ли­он тең­ге­ге жуық пай­да көрген.

«Қазір­гі уақыт­та салым­шы­лар­дың ақша­сы бюд­жет­тен өте­лу­де. Біз бұны өте жақ­сы біле­міз. Бұл ресми инфля­ци­яға сәй­кес. Бірақ инфля­ция дең­гейі инфля­ци­я­ның нақты дең­гей­іне сәй­кес кел­мей­тінін бәрі­міз жақ­сы біле­міз», – деді ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісінің депутаты 

Айқын Қоңы­ров.
Stan.kz

(медиа-про­ект «DAT» №36 (448) от 11 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн