Понедельник , 30 июня 2025

ЗІЛЗАЛАҒА ҰШЫРАҒАН АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЫМА!

Үрей, күдік… бір-ақ сәт­те торлады-ай,

Үйсіз-күй­сіз қалған жұрт­тың тоңғаны-ай!

Ай мен күн­нің ама­нын­да” – десек те

Түр­ки­ем­де зіл­за­ла­ның болғаны-ай!..

Қай күнің де тыны­шты­ққа жетпейді,

Пен­десін­де үміт-күдік көп дейді…

Жұрт ұйқы­да жатқан кез­де сұмдығы

Жер сіл­кініп, қираған үй көп дейді…

Күн­діз-түні көк­тен жұл­дыз аққаны-ай,

Жүрек­тер­дің сыздап, мұз­дап жатқаны-ай!

Көз жұмған­дар пәлен­бай мың десе де…

Құрғыр көңіл – кем­сең-кем­сең қаққаны-ай!..

Мұн­дай сәт­те сөз таба алмай өзім де,

Бір ауыр мұң тұнып тұр-ау көзімде…

Алы­стағы бауы­ры­ма” деп Мағ­жан да

Бауыр­ларға демеу айтқан кезінде…

Үрлеп қой­ып, үміт отын жанбаған,

Зама­нын­да тағ­дыр жолын таңдаған…

Әлем­де­гі бар­ша ТҮРІК атаулы

Түр­ки­е­мен арман­да­рын жалғаған.

Уақыт шешер не нәр­сенің себебін,

Өзің жақта бар үмітім, сенерім…

О Түр­ки­ем, батыр халық, ер халық,

Бұл сын­нан да өтеріңе сенемін!

Жұмаш Кене­бай-Көк­бөрі

ДИНАРАҒА ШАБУЫЛ саяси қысымның белгісі

  • Жур­на­лист Дина­ра Еге­уба­е­ва­ның ұлы­на қолын­да писто­леті бар біре­улер шабуыл жаса­мақ­шы болып­ты. Ол тура­лы Дина­ра ханым Инста­грам­да жазыпты. 

Дина­ра Еге­уба­е­ва­ның был­тыр­дан бері жур­на­ли­стік жұмысын Қаңтар қырғы­ны­на арнап келе жатқа­нын, Мәжіліс сай­ла­у­ы­на қаты­суға ниет­ті екенін жари­я­лаға­нын, сон­дай-ақ был­тыр бір­не­ше рет онлайн-шабуы­лға ұшы­раға­нын, пре­зи­дент сай­ла­уы қар­саңын­да поли­ция бір­не­ше рет маза­лаға­нын, жақын­да көлі­гін біре­улер өртеп кет­кенін ескер­сек, бұл инци­дент те сая­си қысым­ның бір түрі болуы әбден мүмкін. 

Инста­грам­дағы постын­да Дина­ра ханым ұлы­ның Еуро­одақтағы мем­ле­кет­тің бірінің аза­ма­ты екенін атап өтіп­ті. Өткен­де Еге­уба­е­ва­ның сөзін бұр­ма­лап, ауыл­дың қаза­қта­рын “мар­ги­нал” деді деп, мани­пу­ля­ция жасап, жур­на­ли­ст­ті жек­көріні­шті қылып көр­се­ту­ге тыры­сқан “жур­на­ли­стер­ге” бұл мәлі­мет те жақ­сы ілмек болай­ын деп тұр. Оларға алдын ала айтар өтіні­шім: грамм ұяты­ңыз қал­са, бүй­рек­тен сирақ шығар­май, тыныш отырыңыздаршы.

Дина­ра Еге­уба­е­ваға жасалған қысым, аза­мат­тық қоға­мға жасалған қысым. Silence is violence. Үнсіз қал­май­ық! Ертең сіздің кезе­гіңіз кел­ген­де, қол­дау біл­діретін ешкім шық­па­уы мүмкін.

Фото Д.Егеубаеваның Инста­грам­дағы акка­ун­ты­нан алынды.

Шалқар НҰРСЕЙІТ

Ринат Зайытов: Мен неге «Аманаттан» ТАРТЫНУЫМ КЕРЕК?

Өзін депутаттыққа ұсынған Ринат Зайытов Instagram парақшасында не себепті “Аманат” партиясына кіргенін түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өмір жолы шыны­мен бұра­лаң-ау. Дәл мен “Ама­нат” пар­ти­я­сы­ның құра­мын­да бола­ды деп сіз­дер­дің мүл­дем ойла­маған­да­ры­ңыз айт­па­са да түсінік­ті. “Бұл қалай болып кет­ті?”- деген сұрақта­ры­ңы­зға бірін­ші өзім жау­ап берейін.

Осы сай­ла­у­ға дей­ін түр­лі жер­де елдің сөзін сөй­ле­тетін бол­са, кез-кел­ген мүм­кін­дік­тен бас тарт­пай­ты­ным­ды айтып жүр­генім­ді аңғарған шығар­сыздар? Сол мүм­кін­дік­тің үлкені осы “Ама­нат”. Көңілім­де­гі күн­нен-күн­ге сөне бастаған үміт қай­та тұтан­ды. Себебі осы уақы­тқа дей­ін өз басым аты мен заты­нан аулақ жүр­ген пар­тия әуелі атын өзгерт­кен­де күмән­мен қабыл­дап едім. Бүгін сол “Ама­нат” пар­ти­я­сы Қаза­қстан мем­ле­кетіне оңды өзгеріс жасағы­сы келетінін көзі­ме көр­сет­ті”, – деп жаз­ды айтыскер.

Ал пар­тия құра­мы­ның өзге­руі ақын­ның ойын өзгерткен.

Құра­мын 75% жаңар­тқан пар­ти­яда: Ерлан Сай­ы­ров, Аман­жол Әлтай секіл­ді аға­ла­рым­ды Асхат Аймағам­бе­тов, Мақ­сат Толы­қ­бай, Нар­тай Арал­бай­дай заман­дас-бауыр­ла­рым­ды көр­дім. Бұл дегені­міз, Ерлан Жақанұ­лы Қоша­но­втың жаңа­ша іске кірі­су­ге және жаңа сая­си мәде­ни­ет қалып­та­сты­руға дай­ын екенін біл­діреді. Өзі­ме де сол өзгеріс­ке қаты­су­дың сәтін тудыр­ды. Неге тар­ты­нуым керек? Ия, мен өз ота­ным­ның әділет­ті, тұрақты, бір тіл­ді, бір мүд­делі, шыны­мен зай­ыр­лы мем­ле­кет болға­нын арман­дай­мын. Сол үшін де маған бұл- өз ойла­рым­ды тиісті жер­ге жет­кізу­ге апа­ра­тын төте жол. Енде­ше одан құр қыр­сы­қты­қ­пен бас тар­ту ақыл­ды­ның ісі емес. Ең басты­сы, мәжіліс мін­бері­нен ойым­ды жет­кі­зу. Енді­гі мін­дет пар­ти­я­ның ғана емес, мем­ле­кет­тің де келе­шек жұмыста­ры­на біл­генім­нің шең­берін­де үлес қосу. Басқа­сы­ның бәрі жай сөз! Біз- Ама­натқа өзге­ру үшін емес, өзгер­ту үшін кел­дік”, – делін­ген жазбада.

Bugin.kz

АРМАНМЕН Ақорда АЛЫСПАЙДЫ

  • Арман Шора­ев­тың Мәжіліс­ке баруы­на шек­теу қой­ыл­май­ды: Тоқа­евқа Ресей­дің ақпа­рат­тық агрес­си­я­сы­на қар­сы тұра­тын тұлға­лар қажет.

Жаңа Қаза­қстан Ресей­дің ақпа­рат­тық шабуы­лы­на той­та­рыс беретін тұлға­лар шоғы­рын қалып­та­сты­ру­ды көз­деп отыр. 

Dalainside дереккөзінің айтуын­ша, Ақор­да­да Мәжіліс сай­ла­у­ы­на түс­келі оты­рған таны­мал жур­на­лист Арман Шора­евқа қаты­сты қызу талқы жүруде. 

Оның Мәжіліс­ке баруын қол­дай­тын­дар, Ресей­дің астам­шыл сая­са­ты асқы­на түсерін, осы себеп­ті Пар­ла­мент­те Кремль про­па­ган­да­сы­на төтеп беретін аза­мат­тар оты­руы тиіс деген аргу­мент айтады. 

Олар­дың ойын­ша, Соло­вьев бастаған шови­ни­стер­ге қар­сы тұру, қарым­та қай­та­ру функ­ци­я­сын – Шора­ев секіл­ді екі тіл­ге де жүй­рік тұлға­ларға табыст­ау қажет. Олар Мәжіліс три­бу­на­сын пай­да­ла­нып, про­па­ган­да­ның уытын қай­та­ра­тын болады. 

Шора­ев­ты тобы­қтан қаққы­сы келетін топ­тың да өз уәжі бар. Бұл топ­тың пәр­мені алды­нғы­ға қараған­да басы­мы­рақ боп тұр. Бұлар Аста­на­дағы округ­тен сай­ла­у­ға түс­келі оты­рған Шора­евқа оппо­нент ретін­де кино­ак­тер Ерік Жол­жақ­сы­но­вты таң­дап алған. Актер­ді “Ама­нат­тың” сапы­на өткізіп, Мәжіліс­ке сүй­реп алып шығу­ды көздейді. 

Бұған дей­ін Dalanews.kz-ке пікір біл­дір­ген Шора­ев билік­ке қара­та: “Қазақ ұлт­шыл­ды­ғы біре­удің басын жарып, көзін шығарған кезі бол­ды ма?..” деген сау­ал тастаған. 

 “Арман­ның сая­си ұста­ны­мы Жаңа Қаза­қстанға қай­шы емес. Ол Тоқа­ев­тың билі­гін төң­ке­руді көз­де­мей­ді. Алай­да Ресей тұрғы­сын­да Ақор­да­ның кей­бір шешім­деріне зығыр­да­ны қай­най­ды. Қалай болған­да да, Шора­ев керек адам. Оның фено­мені сон­да: Ресей про­па­ган­да­сы­ның күшін қай­та­ра­тын анти­дот іспет­ті”, – дей­ді Dalainside дереккөзі. 

Ақор­да­дағы Шора­евқа кел­ген­де пікірі қақ жары­лған екі топ­тың қай­сысы басым түсерін уақыт көр­се­те­ді. Бұл ара­да бақы­ла­у­шы­ларға да көп нәр­се бай­ла­ны­сты. Мәжіліс пен Мәс­ли­хатқа өз адам­да­рын әке­луді көз­дей­тін билік­тің жолын жабу­дың жалғыз жолы – бақы­ла­у­шы­лар­дың белсенділігі. 

Аста­на­ның шене­унік­тер қала­сы екенін ескер­сек Шора­евқа қар­сы тарап­тың қауқа­ры мен қарқы­ны күшті бола­ды деген қауіп бар.

Dalainside.kz

Құлыбаевтың қулығы ма,

АҚОРДАНЫҢ АЙЛАСЫ МА?

  • Экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ортан­шы қызы Дина­ра Құлы­ба­е­ва мен күйе­уба­ла­сы Тимур Құлы­ба­ев иелік ететін ALMEX ком­па­ни­я­сы елде­гі ең ірі қар­жы инсти­ту­ты − Halyk Bank-тегі үлесін азай­ту­ды қарас­ты­рып жатыр.

Алма­ты­да тұра­тын бри­тан жур­на­лисі Джо­ан­на Лил­лис Eurasianet басы­лы­мын­дағы мақа­ла­да “бұл осы шара “Назар­ба­ев­тың туы­ста­ры­ның эко­но­ми­ка­дағы ықпа­лын азай­туға бағыт­талған Аста­на­ның қада­мы­на қарым­та жау­ап болуы мүм­кін” деген әңгі­ме­ге түрт­кі бол­ды” деп жазады.

Бірақ ALMEX ком­па­ни­я­сы банк акци­я­ла­рын ықти­мал инве­стор­ларға қол­жетім­ді етуді көз­дей­тінін хабар­лаған. Қазір Halyk Bank-тің 69,5 пай­ыз акци­я­сы­на иелік ететін ALMEX банк­те­гі мино­ри­тар үлесін сат­пақ, бірақ өз үлесін 51 пай­ы­здан азайтпайды.

Автор Құлы­ба­ев­тар банк­те­гі үлесін азай­ту­ды бұрын­нан жос­пар­ла­са да, бұл жалға­са бер­се, Назар­ба­ев­тар отба­сы­ның Қаза­қстан­ның қар­жы сек­то­рын­дағы ықпа­лы бәсең­дей­тінін жазады.

Отба­сы­ның кей мүше­лерінің Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сы бар екені көп айтыл­ды, бірақ ресми рас­талған жоқ”. Пре­зи­дент Тоқа­ев оқиға­дан кей­ін жемқор­лық пен непо­тизмді жоюға уәде бер­ді. Артын­ша отба­сы­ның кей мүше­лері, оның ішін­де экс-пре­зи­дент­тің кен­же қызы Әлия Назар­ба­е­ва мен інісі Болат Назар­ба­ев кей биз­нес нысан­да­ры­нан айырылды.

Автор Құлы­ба­ев­тар­дың мұнай-газ, қар­жы сек­то­рын­дағы биз­нес-импе­ри­я­сы мен, Forbes Kazakhstan дере­гі бой­ын­ша, дәу­леті 584 мил­ли­он дол­ларға тең Дариға Назар­ба­е­ва мен дәу­леті 236 мил­ли­он дол­ларға жететін ұлы Нұрә­ли Әли­ев­тің бай­лы­ғы ныса­наға алын­баға­нын келтіреді.

Алай­да Құлы­ба­ев был­тыр жаз­да Petrosun мұнай ком­па­ни­я­сын­дағы 49 пай­ыз үлесін мем­ле­кет­ке өткізіп берді.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн