Среда , 14 мая 2025

«ЗӘРУЛІК ЗАРЫ» – АЭС салудың амалы

Атом стан­ци­я­сын салу жөнін­де жоба­лық жұмыстар жүр­гізі­ле бастаған кез­де Қаза­қстан­да электр энер­ги­я­сы­ның жетіс­пеу «про­бле­ма­сы» жөнін­де сөз қозға­ла баста­ды. Жеке­ле­ген елді мекен­дер­де жары­қты кезек-кезек өші­ру «мәж­бүр­лі­гі» туын­даға­ны айтылуда.Бұл – қуат тап­шы­лы­ғы­нан туған зәрулік емес. Бұл – АЭС салу жоба­сын қайт­кен­де де жүзе­ге асы­ру­дың наси­хат­тық-алдарқа­ту әлпе­ті. Халы­қтың қар­сы­лы­ғын осын­дай «тап­шы­лы­қ­пен» тап­тап, Ресей­ге – Путин­ге АЭС салу жөнін­де бер­ген уәдені өл-тіріл орын­да­удың амалы.

Соған қара­ма­стан, энер­гия «тап­шы­лы­ғы» жай­лы ақпа­рат жилі­ген шақта KEGOC ком­па­ни­я­сы жет­пе­ген электр энер­ги­я­ны Ресей­ден импорт­тап жүр­генін хабар­ла­ды. «2021 жылы 10 қара­ша кеш­кі жағ­дай бой­ын­ша, Қаза­қстан­да электр энер­ги­я­сын тұты­ну көле­мі 14 838 МВт бол­ды, тоқ өнді­ру мөл­шері – 14 265 МВт. Жет­пе­ген 573 МВт тоқ Ресей энер­гия жүй­есінің электр ағы­ны арқы­лы тол­ты­рыл­ды…» деп Ұлт­тық ком­па­ния хабар тарат­ты.Еске алсақ, бұған дей­ін­гі жыл­да­ры Қаза­қстан­да электр қуа­ты­ның жетіс­пе­уі тура­лы зәрулік туға­ны жөнін­де сөз болып көр­ме­ген. Елдің электр өнді­ру қоры ішкі нары­қты толық өтеп тұрған еді. Оның үстіне соңғы жыл­да­ры Қаза­қстан­да қуат көзін қосым­ша тұты­ну­шы ірі өндіріс – ауыз тол­ты­рып айтар­лық бір­де-бір зауыт-фаб­ри­ка салы­нған жоқ. Сон­да энер­ге­ти­ка тап­шы­лы­ғы қай­дан және қалай пай­да болуы мүмкін?

Ол аз десеңіз, соңғы жыл­да­ры Қаза­қстан­да жел мен күн­нен энер­гия қуа­тын ала­тын бір­не­ше стан­ци­я­лар салын­ды. Әрине, олар­дың қуат беру мүм­кін­ді­гі әзір­ге шек­те­улі. Бірақ бұл про­цесс қар­жы­лық инсти­тут­тар тара­пы­нан да қол­дау тауып, бала­ма энер­ге­ти­ка өнді­ру жоба­ла­ры барған сай­ын арта түсуде.

Енде­ше, егер электр қуа­ты тап­шы бол­са, Қаза­қстан билі­гі АЭС салу үшін Ресей­ге төле­нетін 3–5 мил­ли­ард дол­лар ара­лы­ғы мөл­шерін­де­гі қар­жы­ны осы бағы­тқа неге жұм­са­масқа? Маман­дар­дың пікіріне қараған­да, бұл сомаға сай электр өнді­ру көз­дері толық игеріл­ген жағ­дай­да Қаза­қстан өз қажет­тілі­гін арты­ғы­мен қам­та­ма­сыз етіп қана қой­май, электр қуа­тын Орта­лық Азия елдеріне экс­порт­тау мүм­кін­ді­гіне ие бола­ды екен.

Жоқ, ел билі­гі бүкіл әлем бет бұрған бұл мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­ну­дың орны­на эко­ло­ги­я­лық қатері орас­ан зор, қар­жы­лық шығы­ны шаш етек­тен АЭС салу жоба­сын тізе­ге салып шешуді мақ­сат ету­де. Соңғы кез­дері ресми және билік­тің «бай­ла­у­ын­дағы БАҚ арқы­лы «тап­шы­лық» тура­лы жари­я­ла­нып жатқан хабар­дың аста­ры­нан Қаза­қстан билі­гі «электр зәрулі­гі зарын» халы­қтың сана­сы­на сіңі­ре оты­рып, АЭС салу­дың ақпа­рат­тық негізін қам­та­ма­сыз етуді мақ­сат еткенін аңға­руға болады.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн