Суббота , 5 июля 2025

Инга Иманбай: Ақорда Жанболатты ҚАҢТАРДЫҢ КЕПІЛІ ретінде ұстап отыр…

– Инга бике, Жан­бо­латқа қаты­сты сот про­цесі тағы да бел­гісіз уақы­тқа созыл­ды деген хабар тара­ды. Сіз­дер бұл созба­лақта­удың себебін біле алды­ңы­здар ма?

– Расын­да, Жан­бо­лат­тың соты басталға­ны­на, міне, бір айдан асты, әлі күн­ге дей­ін нақты шешім қабыл­данған жоқ. Шешім қабыл­да­мақ түгілі, дәл қазір сот­ты бел­гісіз мерзім­ге кері ысыр­ды. «Сая­сат­та­ну­шы­ның сарап­та­ма­сы» керек деп, сот кей­ін­ге қал­ды. Ал ол «сая­сат­та­ну­шы» өз жұмысын бір айда біті­ре ме, әлде екі ай жаза ма, тіп­ті бес айға соза ма – оны ешкім біл­мей­ді. Әрине, Ақор­да­дан басқа. Себебі Жан­бо­лат­тың сотын соза түсуді тап­сы­рып оты­рған басқа емес, дәл осы Ақор­да­ның билі­гі екені сөзсіз.

– Жап-жас жігіт­ке қада­лып қала­тын­дай не бол­ды? Сай­лау өтті – енді Ақор­да қай­мы­ға­тын­дай недей қауіп төнуі мүмкін?

– Оның аста­рын­да не жатқа­нын біз жақ­сы біліп отыр­мыз. Бірін­ші­ден, Жан­бо­лат үйқа­мақта отыр­са, эфир­ге шыға алмай­ды, жақ­та­ста­ры­мен кез­де­се алмай­ды, қоғам­дық жұмысын жүр­гізу­ге құқы­ғы жоқ. Кез кел­ген уақыт­та «үйқа­мақ режи­мін бұз­дың» дей­ді де, қай­та­дан абақты­ға жауып таста­уға билік­тің толық мүм­кін­ді­гі бар. Яғни, билік осы­лай­ша Жан­бо­лат­тың аузын аштыр­май отыр.

Алда билік өлер­дей қорқа­тын қос дата – 16 жел­тоқ­сан мен Қаңтар қырғы­ны­ның бір жыл­ды­ғы келе жатыр. Міне, сот­ты созу осы­ған тіке­лей бай­ла­ны­сты деп санаймын.

Екін­ші­ден, осы жыл­дың аяғын­да Тоқа­ев мәжілісті тара­тып, жаңа­дан пар­ла­мент сай­ла­у­ын өткі­зеді деген болжам бар. Яғни, пар­ла­мент сай­ла­уы ақпан айы­ның аяғын­да не наурыз айы­ның басын­да өтуі ықти­мал. Оппо­зи­ция тағы да қапы­да қал­сын, бір­де-бір тәу­ел­сіз сая­си пар­тия тір­келіп үлгер­месін деп жаса­лып жатқан әре­кет. Пар­тия бол­ма­са да, сол сай­ла­у­ға Жан­бо­лат жеке округ­тен, яғни мажо­ри­тар­лы жүйе бой­ын­ша түсе алма­сын деген оймен жаса­лып оты­рған іс. Соты біт­пе­се, үйқа­мақта отыр­са, сай­ла­у­ға қалай қаты­са­ды? Дәл осы себеп­пен Жан­бо­лат­ты толық бостан­ды­ққа шығар­май, жіп­сіз бай­лап оты­ру билік­ке тиімді.

Үшін­ші­ден, дәл қазір әлем­дік қауым­да­стық, оның ішін­де АҚШ сена­тор­ла­ры мен Ұлы­бри­та­ния пар­ла­мен­тінің депу­тат­та­ры бар, Қаза­қстан­дағы Қаңтар қырғы­ны­на халы­қа­ра­лық тер­геу жүр­гі­зу керек деген мәсе­лені көтеріп отыр. Бри­тан депу­тат­та­ры Жан­бо­лат­тың ісі бой­ын­ша арнайы комис­сия құрға­нын да білесіз­дер. Дәл сол комис­си­я­ның бас­пасөз мәс­ли­ха­ты­нан соң, бір күн­нен кей­ін билік Жан­бо­лат­ты үйқа­маққа босат­ты. Менің­ше, бұл пікір­ді бел­гілі құқық қорға­у­шы Евге­ний Жовтис те айтып отыр: Қаңтар қырғы­нын халы­қа­ра­лық тер­геу ісіне кедер­гі кел­ті­ру үшін, билік Жан­бо­лат­ты кепіл ретін­де ұстап отыр.

– Қитұрқы­сы қызық жағ­дай екен! Сон­да Жан­бо­лат Қаңтарға қалай кепіл болмақ?

– Яғни, «біз Жан­бо­лат­ты босат­тық, халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың сөзін жер­ге қал­дыр­ма­дық, бірақ Қаңтар­ды тер­ге­мең­дер» деген­ді мең­зеп оты­рғанға ұқсай­ды. Жан­бо­лат­тың бостан­ды­ғын Ақор­да осы­лай­ша сая­си саудаға салып отыр. Оның сотын созбақта­удағы гәп те осын­да. Әйт­пе­се оның ісін­де сон­ша­лы­қты ұзақ тер­гей­тін, шұқ­шия зерт­тей­тін түк те жоқ! Тіп­ті қыл­мыстың құра­мы да жоқ! Осы уақы­тқа дей­ін айып­та­у­шы тарап­тың ұсы­нған куә­гер­лерінің басым көп­шілі­гі мен жәбір­ле­ну­шілер­ді сотқа тарт­ты, жау­ап алды. Біре­уі Жан­бо­лат­тың «қыл­мысын» дәлел­деп, оның жазы­қты екенін көр­се­те алма­ды! Енде­ше бұл істі осын­ша созу­дың қан­дай қажеті бар еді? Тек қана сая­си себеп­пен жаса­лып оты­рған әрекет.

– Айт­пақ­шы, сот­тың ұйға­ры­мы­м­ен «сая­сат­та­ну­шы­лық сарап­та­ма» жасау Акба­ро­ва деген ханы­мға тап­сы­ры­лған екен. Ол бұған дей­ін сот­ты болған бір­не­ше пат­ри­от аза­матқа қаты­сты іске ара­ласқа­ны бел­гілі еді. Нәти­же­сін­де сол жігіт­тер­дің бар­лы­ғы сот­та­лып кет­кені­нен хабар­дар шығарсыз?

– Әрине! Акба­ро­ва осы­дан он жыл бұрын Жаңаө­зен ісі бой­ын­ша сая­сат­кер Вла­ди­мир Коз­ло­втан бастап, ресей­лік шови­ни­стер­дің алдын­да қаза­қтың ұлт­тық намысын қорғап, «жазы­қты» болған пат­ри­от бел­сен­ді Данат Намаз­ба­ев­ты сот­та­туға «еңбе­гін» сіңір­ген билік­тің сарап­шы­сы деп санай­мын. Ол бір кез­дері «Рес­пуб­ли­ка» сын­ды тәу­ел­сіз басы­лым­дар­ды жабуға да «үлесін» қосқан еді.

Міне, сол Акба­ро­ва­ны Жан­бо­лат­тың ісі бой­ын­ша да «сарап­шы» етіп бекіт­ті. Оның қан­дай «қоры­тын­ды» шыға­ра­ты­ны біз­ге қазір­ден-ақ бел­гілі. Біз оған сенім­сіздік біл­діріп, басқа сарап­шы­ны тар­ту жөнін­де арыз жаза­мыз. Елі­міз­ге кеңі­нен таны­мал, білім­ді әрі білік­ті сая­сат­та­ну­шы­лар біздің елде бар. Сон­дай мықты маман­дар қоры­тын­ды жаса­сын. Сарап­та­ма­ны өзінің атын, атағын қастер­лей­тін, елге таны­мал сая­сат­та­ну­шы­лар­дан алай­ық. Қазір сот­тан соны талап етіп отыр­мыз. Бірақ билік­тің соты оны қанағат­тан­дыр­май­ты­ны анық.

– Жал­пы, Жан­бо­лат­тың ісін­де сая­сат­та­ну­шы­ның «қоры­тындысы» не үшін керек бол­ды екен?

– Бірін­ші себебі – Жан­бо­лат­тың қыл­мысын дәлел­дей­тін бір­де-бір ілік тап­па­ды. Әрі іздеді, бері іздеді – түк жоқ! Сосын өздерін­ше «сая­сат­та­ну­шы­ның» сарап­та­ма­сын жаса­тып, сотқа сол арқы­лы айып­тау үкі­мін шығарт­пақ. Заң бой­ын­ша сая­сат­та­ну­шы­ға сарап­та­ма шығар­ту деген жоқ. Сот тек қана заңға сүй­еніп, үкім шыға­руы керек.

Екін­ші себебі – дәл осы «сая­сат­та­ну­шы­ның» арқа­сын­да билік, жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, сот­ты бел­гісіз мерзім­ге дей­ін соза түс­пек. Басқа қажет­тілік­ті болжап білу мүм­кін емес.

– Иә, сот сарап­та­ма­сын жаса­удың тех­ни­ка­лық талап­та­рын еске ала­тын бол­сақ, бұл біраз уақыт­ты қажет ететін про­цесс. Яғни, Жан­бо­лат­тың сотын келесі жылға созу­дың ама­лы жаса­лып жатқан жоқ па? Енді­гі жер­де сот­ты мей­ілін­ше соза түсудің басқа қан­дай мақ­са­ты болуы мүмкін?

– Жал­пы, Жан­бо­лат­ты билік­тің түр­ме­ден боса­туға еш құлқы болған жоқ. Негіз­гі ойла­ры – оны бір­не­ше жылға түр­ме жаза­сы­на кесіп, абақты­да оқша­у­лап ұстағы­сы кел­ді. Сегіз айдан астам қамауда ұстап оты­рға­ны да содан. Ешқан­дай дәлелі бол­ма­са да, Жан­бо­лат­тың ешбір қыл­мысқа қаты­сы бол­ма­са да, Ақор­да өздерінің сот­та­ры арқы­лы оны түр­ме жаза­сы­на кесіп, сот­тағы­сы кел­ді. Бірақ билік­ті тоқтатқан ең бірін­ші себеп – халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың қысы­мы. Жан­бо­лат­ты бостан­ды­ққа шыға­ру­ды талап етіп, бедел­ді халы­қа­ра­лық ұйым­дар үндеу жасаға­нын сіз­дер­дің «ДАТ» газеті тұрақты жазып, біз­ге үне­мі қол­дау көр­сетіп, іс тура­лы көп­те­ген мате­ри­ал жарияладыңыздар…

– Еуро­одақтың сыр­тқы істер және қорға­ныс бой­ын­ша жоға­ры өкілі Жозеп Бор­рель мыр­за­ға дей­ін алаң­да­у­шы­лық біл­дір­генін жаздық…

– Жур­на­ли­стер қауы­мы­на алғы­сы­мыз шексіз! Бірақ билік Жан­бо­лат­ты жар­ты­лай бостан­ды­ққа шыға­рып алып, енді ары қарай не істерін біл­мей оты­рғанға ұқсай­ды. Қамай­ын десе, қысым күшей­ді. Қама­май­ын десе, Жан­бо­лат­тың еңсесі түзіп, езіліп оты­рған жоқ, керісін­ше, «еш қыл­мыс жасаған жоқ­пын, кінәм­ді мой­ын­да­май­мын» деп қасқай­ып отыр. Енді бұл жағ­дай­да билік не істей­ді? Сот­ты созып, Жан­бо­лат­ты үйқа­мақта ұза­ғы­рақ ұстай бер­мек. Тырп ете алма­сын, өз ойын айта алма­сын, ашық пікірін жаз­ба­сын деп. Одан кей­ін пар­ла­мент сай­ла­уы келе жатыр. Оны да Мамай­дың қаты­суын­сыз, оның пар­ти­я­сын тір­ке­мей өткіз­сек деген ойла­ры бар. Оның үстіне бұл – пси­хо­ло­ги­я­лық қысым­ның бір түрі ғой!

«Шешім әлі қабыл­данған жоқ, қай­та қамауы­мыз мүм­кін» деп, қорқы­тып-үркіт­пек. Бірақ бұл еш нәти­же­сіз іс екенін Ақор­да түсі­нуі керек деп санаймыз.

– Бұдан біраз уақыт бұрын біздің редак­ци­яға «Жан­бо­лат­тың ісін» Кәрім Мәсі­мо­втың соты­на бай­ла­ны­сты­ру­дың ама­лы жаса­лып жатыр деген инсай­дер­лік ақпа­рат келіп түс­кен еді. Инсай­дер­дің айтуы бой­ын­ша, мақ­сат – «Қаңтар оқиға­сын ұйым­да­сты­ру­шы Кәрім Мәсі­мов пен Жан­бо­лат­тың халы­қты нара­зы­лық шеруіне «шақы­руы» бір-біріне бай­ла­ны­сты іс екенін көр­се­ту». Бұл нақақ қитұрқы­лық әре­кет­тің Жан­бо­лат үшін қатері болуы мүм­кін деп ойла­май­сыз ба?

– Әлбет­те, Ақор­да­ның ойын­да не болға­нын дәл болжап айту қиын. Бірақ Жан­бо­лат­ты ҰҚК-нің бұры­нғы төраға­сы Кәрім Мәсі­мов­ке қосу – еш ақы­лға сый­май­тын, тіп­ті қия­лы ұшқыр ешбір фан­таст жазу­шы­ның ойы­на кел­мей­тін сце­на­рий. Мәсі­мов ҰҚК төраға­сы болып тұрған­да Жан­бо­лат­тың пар­ти­я­сын тір­кеді ме? Егер соған қаты­сы бол­са, неге пар­ти­я­сын тір­кеп, оның сая­сат­пен еркін айна­лы­суы­на жол ашпады?

Сосын еке­уі «сыбай­лас» бол­са, қан­дай да дәлел болу керек қой. Кез­де­су керек, сөй­ле­су керек деген сияқты. Соның бір дәлелі бар ма? Тым құры­ған­да, Мәсі­мо­втің ада­мы­м­ен кез­десіп көріп пе? Жоқ, әрине. Бір­де-бір факт, бір­де-бір дәлел жоқ. Ол тіп­ті мүм­кін емес жағ­дай. Жан­бо­лат Назар­ба­ев­тың адам­да­ры­мен, оның айна­ла­сы­мен кез­дес­пей­тін де еді. Себебі Дем­пар­тия жетек­шісінің Қаңтарға дей­ін­гі іс-әре­кетін қара­саңыз, түгел­дей назар­ба­ев­тарға қар­сы әре­кет етті, әділ­дік үшін күре­сті. Бір ғана назар­ба­ев­шыл Бай­бек­тің былы­ғын әшке­ре еткені жет­пей ме? Сон­ды­қтан мұн­дай қой­ы­лы­мға ешкім сен­бес едім.

Одан кей­ін, егер де Жан­бо­лат­тың Мәсі­мов­ке қаты­сы бол­са, онда ҰҚК бұры­нғы бас­шы­сы сотқа келіп, соны рас­та­уы керек емес пе еді? Бол­маған істі мой­ны­на алып, сон­ша­ма бей­ша­ра қал­ге түсу­ге Мәсі­мов барар ма еді? Қазір­гі жария болып жатқан ақпа­ратқа қараған­да, ол өз кінәсін де мой­ын­дап оты­рған жоқ. Сон­ды­қтан бұл Ақор­да тара­пы­нан мүл­дем ақы­лға қоным­сыз әре­кет болар еді. Қалай болған­да да, Жан­бо­лат­ты оған бай­ла­ны­сты­ра алмай­ды, бұл тіп­ті мүм­кін емес болжам деп ойлаймын.

Әрине, мұн­дай инсай­дер­лік жоралғы­ның бетін ары қыл­сын деп тілей­міз. Деген­мен Айгерім Тіле­ужа­но­ва­ны «аэро­порт­ты басып алу­ды ұйым­да­сты­ру­шы» ретін­де көр­се­ту – Мәсі­мо­втың мәсе­лесіне қаты­сты деген тағы бір инсай­дер­лік хабар бар. Біз бұл сұраққа мүм­кін болар қатер­дің алдын алу үшін, билік­тің басқа­руын­дағы тер­геу мен сот­тың нақақ әре­кетін ел-жұр­тқа алдын ала құлақтан­ды­ру мақ­са­тын­да жау­ап тапқы­мыз келеді. Бұл орай­да сіз қан­дай пай­ым айтар едіңіз?

– Әуе­жай ісі бой­ын­ша білетінім – «әуе­жай­ды» басып алды деген күдік­пен дәл қазір тер­геу абақты­сын­да тарих пәнінің мұғалі­мі Қалас Нұр­пей­і­сов отыр. Оны құд­ды бір «тер­рор­шы» сияқты түр­ме­ге қамап таста­ды. Жан­бо­латқа түр­ме­ге барып жүр­ген­де, оның әйелі Жанар­мен де таны­стым, сөй­лесіп тұра­мыз. Оның сөзін­ше, Қала­стың әуе­жай­ды басып алуға ешқан­дай қаты­сы жоқ. Мен өз басым Жанарға сене­мін, Қала­сты қыл­мыс­кер деп санамаймын.

Осы сияқты Қаңтарға қатыс­сыз біраз адам, өкініш­ке қарай, қазір абақты­да отыр. Біра­зы түр­ме жаза­сы­на кесіліп, бір­не­ше жылға сот­тал­ды. Сон­да Алма­ты­ға басып кір­ген 20 мың тер­ро­рист қай­да? Неге біре­уі ұстал­ма­ды? Айтып оты­рған «тер­ро­ри­сі» жаңағы Қалас па? Оған кім сенеді? Ертең «әуе­жай­ды басып алған тарих пәнінің мұғалі­мі» деп Қалас Нұр­пей­і­со­вты көр­сет­кен­де, халық бұған сене ме? Жоқ, әрине.

– Әлбет­те, сіздің сұрақта­ры­ңыз әбден орын­ды. Бірақ билік осы сұрақтар­ды заң­сыз іс-әре­кетіне бай­ла­ны­сты өз-өзіне қой­ып көр­ді ме екен?

– Менің­ше, Қаңтар қырғы­ны­на қаты­сты объ­ек­тив­ті, ашық тер­геу жүр­гізіл­ген жоқ. «Мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­мақ бол­ды» деген вер­си­я­ның да нақты дәлелін әлі күн­ге дей­ін Ақор­да көр­се­те алмай отыр. Ол үшін Мәсі­мо­втің соты ашық болуы керек еді. Бәрі­міз көрей­ік, тың­дай­ық. «Мем­ле­кет­тік төң­керісті қалай, кім­дер жаса­мақ» болға­нын білей­ік. Оған кім­дер­дің қаты­сы барын дәлелдесін.

Егер мем­ле­кет­тік төң­керіс расын­да да дай­ын­далған бол­са, оған сөз­сіз Назар­ба­ев­тың да қаты­сы болуы керек еді. Олай бол­са, неге оны сотқа тарт­па­ды? Мәсі­мо­втің бірін­ші орын­ба­са­ры болған Самат Әбіш неге жау­а­пқа тар­тыл­май­ды? Осын­дай шикілік­тер­ді көр­ген соң, Қаңтар қасіретін әділет­ті тер­геп жатыр деген­ге кім сенеді? Әрине, сұрақ көп, бірақ жау­ап жоқ. Егер билік бұл сұрақтарға ашық жау­ап бер­ме­се, халы­қа­ра­лық тер­геу баста­луы мүм­кін. Ал олай бол­са, қазір­гі билік­тің жағ­дайы өте қиы­нға соға­ры сөзсіз.

– Ашық айты­лған ой-пікіріңіз­ге рақ­мет, Инга бике! Жан­бо­лат­тың толық ақта­лып шығуы­на тілектеспіз!

Айсұ­лу ОСПАН,

«DАТ»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн