Четверг , 15 января 2026

КАЗИНООЙРАН БОЛУ ОЙЫНЫ

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың «Түр­кістан» газетіне бер­ген: «Қаза­қстан жаңғы­ру­дың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұх­ба­тын­да мына­дай Ұлт­тық бағ­дар­ла­маға айна­луға тиіс сөй­лем­дер бар: «Мен Пре­зи­дент ретін­де «Таза Қаза­қстан» акци­я­сын алдағы уақыт­та да ерекше наза­рда ұстай­мын… Өйт­кені, таза­лық дегені­міз – мағы­на­сы терең, маз­мұ­ны сан қыр­лы ұғым. Таза­лық ұғы­мы жан дүниенің де, жер дүниенің де тоқы­ра­уын емес, гүл­де­нуін, кір­шіксіз таза болуын біл­діреді. Түп­теп кел­ген­де, таза­лық – ұлт бол­мысы­ның өзе­гіне айна­луға тиіс».

Шынын­да, Таза­лық атты ұғым, ең әуелі, Руха­ни таза­лы­ққа тәу­ел­ді. Ал Руха­ни Таза­лық елің мен жеріңді таза сақта­удан баста­ла­ды. Жеке тұлға­ның неме­се Ұлт­тың бой­ы­на бұл ұғым­ды сіңі­ру күресі билік қас қақ­пай күзе­тетін, бас бақ­пай күре­сетін қаси­ет­ті іске айна­луы тиіс! Әйт­пе­се «хан екі сөй­ле­се, қадірі кете­дінің» кебі бол­мақ. Енде­ше неге осы­нау «таза қаза­қстан­ды­қтар» жері­міздің әули­елі нүк­те­леріне «кази­но сала­мыз» деп дүр­лі­гіп жүр?!

Кази­но – шай­тан­ның ұйы­ғы. Ол – басы сай­ран, аяғы ойран кеса­пат, яғни қасірет ұясы! Сон­да, Қаси­ет-Орда­мы­зды қасірет-қор­да­сы­на айнал­ды­руға құштар­лар­дың құлқын сұра­ны­сы­на ғана бола, бүгіні­міздің база­рын, ертеңі­міздің ажа­рын өз қолы­мы­з­бен ойран­да­уы­мыз керек пе?! Сон­да әлгі Пре­зи­дент­тің «таза­лық» тура­лы айтқан Мәр­те­белі тәм­сілінің құны не болмақ?!.

Қазір кази­но ашуға құштар топ қит етсе: «Қала-кент­тері­міз­де түн­гі клуб­тар, арақ-шарап ішетін нүк­те­лер, мей­рам­ха­на­лар барын­ша жұмыс істеп тұр. Оларға тый­ым салу тура­лы гәп жоқ. Кази­но да соның бір түрі. Екін­ші­ден, бұл бюд­жет­ке қар­жы түсіреді. Үшін­ші­ден, оған жер­гілік­ті жастар бар­май­ды, тек қана тури­стер­дің көңіл­дерін аулай­мыз да қал­та­ла­рын қағып ала­мыз. Төр­тін­ші­ден, оны ашпа­сақ, «интер­нет-кази­но­лар­дың» көбей­іп кетуі мүм­кін» деген «уәж­дерін» бора­та жөнеледі.

Енде­ше бізді де тың­даңыз. Арақ-шарап, нар­ко­ма­ния, лудо­ма­ния, бүгін­гі қорқы­ны­шқа айналған хими­кат есірт­кілер адам­зат қауы­мы­на қар­сы қатер­лі күш. Одан ойран болған тағ­дыр­лар­дың санап шетіне шыққан ешкім жоқ. Бірақ бір шүкір етер­лі­гі, елі­міз­де «арақ­сыз ауыл­дар» көбе­ю­де. Бұл ізгі үдерістің біздің топы­рағы­мы­зда баста­луы­ның өзі – осы­нау май­дан­да түп­тің түбін­де жеңіс­ке жететіні­міздің анық иша­ра­сы. Демек ұза­май «арақ­сыз қала­лар» да пай­да бола бастай­ды деген сөз. Сол кез­де әлгі айты­лған «нүк­те­лер» өзді­гі­нен жой­ы­ла­ды. Мұның бәрі Ұлт­тың сана дең­гей­інің өсуіне тіке­лей тәу­ел­ді. Екін­ші­ден, бары­мы­зды ұқса­та алсақ, тиісті буын­дар­ды жемқор­лы­қтан тазарт­сақ, бюд­жеті­міздің бүй­ірін біре­улер­дің арам ақша­сын «қағып алмай-ақ» тол­ты­ра­мыз. Обал-Сау­ап­ты ойлай­тын, Ұят-Иманға бой­лай­тын ұрпақ кел­се (келеріне күмән жоқ), оған да жете­міз. Ал әлгін­дей «уәж­шілер­ге» дана-қазақ баяғы­да-ақ жау­ап беріп тастаған: «Көтіңді ашып оты­рып жеген боры­ғың құр­сын!» ­ деп. Бұры­нғы қаза­ққа жүр­ген Құдай­лық Заң бүгін­гі қаза­ққа да жүреді. Тек бүгін­гі қазақ Құдайы мен пері­ш­тесі­нен гөрі сай­та­ны мен нәп­сісін көбірек тың­дай­тын болға­сын осын­дай сан­ды­рақтар айтуға мәж­бүр. Арам жеп шыққан бүй­ір ақы­ры бір жарыл­май тын­бай­ды. Соны біле тұра ажа­лы­мы­здан бұрын жаны­қас өлім­ге ұмты­лу­дың қан­дай мәні бар?! Үшін­ші­ден, «кази­ноға жер­гілік­ті жастар бар­май­ды» деген ерте­гі­ге сол «уәж­ді» айтып оты­рған жан­дар­дың өздері де сен­бей­ді. Өйт­кені отыз жыл­дық ұры жүйе біз­дер үшін ашыл­май­тын есік қал­дыр­маған, «ақы­сын төле­сең, боқы­сын шыға­ра­ды»! Төр­тін­ші­ден, кази­но ашу «интер­нет-кази­но­ны» шек­тей­тін бол­са, жаңағы «жер­гілік­тілер бар­май­ды» деген «уәж» өз-өзі­нен мәнін жой­май ма?!

Сөздің төтесіне көш­сек, біз бұл жексұрын ойын­ның артын­да әлем­дік тажа­ли күш­тер тұрға­нын жақ­сы біле­міз. Бұры­нғы басқын­шы импе­ри­я­лар тұсын­да әули­е­лер­дің басы­на доңыз сой­ып, олар­дың қаси­ет-киесін қашы­руға әре­кет­тер жасалған. Бұл да сол тәсіл. Неғұр­лым жыной­нақты көбей­те бер­се, соғұр­лым Өлі мен Тірінің ара­сын­дағы жан­ды бай­ла­ныс үзіліп, әулие-әру­ақтар­дың тірі ұрпағын желеп-жебеу күші кеми бер­мек. Ал ондай мүжәл­сіз тұрғын­дар­дың бай­лық-дәу­летін тес­пей сору бұры­нғы­дан да жеңіл­де­мек. Бұл ойын­дағы бар схе­ма осы ғана!

Ата-Қаза­қтың ашы­нған­да айтқан тағы бір сөзі бар еді: «Ажал­ды теке шопан­ның таяғы­на мүй­ізін үйкеп­ті» деген. Енде­ше «ажал­ды теке­лер» де ойлан­сын, біз ешқа­шан «әули­есі қой­дай шулаған» қастер­лі топы­рағы­мы­зға енді­гі жер­де сай­тан­ның той­ын жасатпаймыз!

P.S. Мен өткен жылы да тап осы мәсе­ле жөнін­де Пре­зи­дент­ке бейне-мәлім­де­ме жасаған­мын. Оған ресми түр­де жау­ап бол­ма­са да ел-жұрт тара­пы­нан аса зор қол­дау көр­дім. Бұл жолы да ұлт-ұрпағы­ның ертеңі­нен үміті бар кез кел­ген адам­ның үн қат­пай қал­ма­сы анық. Ақсақал-қара­сақал­дар бастаған сан мың­даған жан­дар­дан қол жина­уды біл­мей неме­се қиын­сы­нып оты­рғам жоқ, егер мына «ойын» тоқтал­ма­са, олар­дың ойын­да­ры осы­лған­ша әре­кет етері­міз анық!

Сөз соңын­да айта­рым, мәр­те­белі Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Кемелұ­лы! Өзіңіз Бағ­дар­ла­ма ретін­де ұсы­нып оты­рған «Таза Қаза­қстан» үшін – «ұлт бол­мысы­ның өзе­гіне айна­луға тиіс таза­лық үшін» бір­ге күресейік!

Светқа­ли НҰРЖАН, Отан орденінің, ҚР мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері

Республиканский еженедельник онлайн