Суббота , 5 июля 2025

КАЛИНИН ескерткіші АЛЫНСЫН!

Кей­де Талғар жаққа жол жүре қал­сам, Тұз­ды­ба­стау ауы­лы­ның тұсын­да М.И.Калининге (1875–1960) орна­ты­лған ескерт­кіш көз­ге шыққан сүй­ел­дей боп көз­ге шалы­на­ды. Ескерт­кіш 1935 жылы 26 қазан­да оның «Соци­ал­ды» кол­хо­зы­на келіп, шару­а­ларға жер­ді мәң­гілік пай­да­ла­ну үшін акт бер­ген жерін­де орна­ты­лған. Кей­ін ол шару­а­шы­лы­ққа Кали­нин аты берілді. 

Сол ескерт­кіш 1966 жылы менің аби­ту­ри­ент кезім­де тұру­шы еді – жар­ты ғасыр­дан астам уақыт өтті. Әлі тұр, көр­ген сай­ын ашуым келеді. Кеңес Одағы тараға­лы, ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ның дәм-тұзы тау­сы­лға­лы, «Кали­нин» кол­хо­зы тарап кет­кені қашан?! Шару­а­ларға мәң­гілік пай­да­ла­нуға бер­ген актісі 60 жылға да жет­пей, заң­дық күші жой­ы­лып, әкім­шілік жер­ді жеке мен­шік үй салушы­ларға пышақ үсті­нен бөліп берген. 

Сая­си жүй­енің құла­у­ы­мен бір­ге ТМД елдерінің бәрін­де деком­му­ни­за­ция жүр­ді, совет­тік сим­во­ли­ка­лар жой­ыл­ды, кіта­п­ха­на­лар кеңе­стік идео­ло­ги­я­лық қоқы­стар­дан тазар­тыл­ды, кеңе­стік-ком­му­ни­стік көше­лер мен алаң­дар аты өзгер­тіл­ді. Ал Кали­нин­нің ескерт­кі­шінің тұрға­ны қалай? 

Қала­ларға өзінің бұры­нғы тари­хи ата­у­ла­ры қай­та­рыл­ды, мәсе­лен, Ресей­де Горь­кий қала­сы – Ниж­ний Нов­го­род болып, Сверд­ловск – Ека­те­рин­бург, Ленин­град – Санкт-Петер­бург болып қай­та­дан қал­пы­на кел­тіріл­ді. Қаза­қстан­да Ермак қала­сы – Ақсу, Гурьев – Аты­рау, Семи­па­ла­тинск – Семей болып өзгеріп жатыр. Ал батыр пио­нер­лер­ге және Кали­нин­ге қой­ы­лған ескерт­кі­ш­тер мызғымайды. 

Ал сол М.И.Калинин кім еді? 

Иосиф Ста­лин оны «все­со­юз­ный козел похот­ли­вый» деген көрі­неді. Заман­даста­ры оның Үлкен театр­дың бале­ри­на­ла­ры­на қат­ты әуес болға­нын жасыр­май жаза­ды. Сөй­тіп, әуей­і­леніп жүріп, бес бала­сын өмір­ге әкел­ген әйелі Ека­те­ри­на Ива­нов­на Кали­ни­на­ны (Лоор­берг) шпи­он­дық жаса­ды деген желе­умен 15 жылға сот­та­тып жібер­гені, бала­ла­ры­на ана­сы­мен жолы­ғуы­на тый­ым салға­ны қан­дай мораль­ға сыяды? 

Адам­гер­шілік­тен жұр­дай сон­дай ада­мға ескерт­кіш Қаза­қстан­да неге тұруға тиіс! Біз­де әзір­ше деком­му­ни­за­ци­яға, отар­сыздан­ды­руға бай­ла­ны­сты заң жоқ. Алай­да Алма­ты облы­стық мәс­ли­ха­ты бұл про­бле­ма­ны өз қаулы­сы­мен-ақ шеше ала­ды! Осы пост­ты облы­стық мәс­ли­хатқа жазы­лған ресми хат ретін­де қарас­ты­ру­ды сұраймын!

Марат БАЙДІЛДАҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн