Суббота , 5 июля 2025

Кандидаттар жарыса ма, КЛАНДАР ЖАРЫСА МА?

  • Газет редак­ци­я­сы­на хат кел­ді: «Зей­нет­кер Серға­ли Айдап­ке­лов – Жам­был облы­стық Сай­лау комис­си­я­сы­ның төраға­сы. Облыс әкі­мінің «кура­то­ры». Солар бірі­гіп алып, сай­ла­уды бұр­ма­лай ма деген қауіп бар. Мәс­ли­хат депу­тат­ты­ғы­на үміт­кер­лер тағы да кедер­гі бола­ды деп, сай­ла­у­ға түсу­ге қорқақтап отыр» – деп жаза­ды төмен­де­гі жари­я­ла­ным­ның авторы.

Бұдан­бір­не­ше жыл бұрын Жам­был облы­сы әкі­мі аппа­ра­ты­ның бас­шы­сы болған Серға­ли Айдап­ке­лов (сурет­те) бүгін­де аймақтық сай­лау комис­си­я­сы­ның төраға­сы. Оның қана­ты­ның астын­да өскен «бала­пан­да­ры» қана­ты қатай­ып, өз бетін­ше бір-бір бел­ді қыз­мет­тің басын ұстап отыр.

Серға­ли Айдап­ке­ло­втың қара­мағын­да сонау жыл­да­ры жаңа­дан еңбек жолын бастап, бас­пал­дақ­пен әупірім­деп, жоғарғы лау­а­зым­дарға қол жет­кіз­ген «бала­пан­да­ры» – Нұр­жан Нұр­жі­гітов, Мәді­бек Қанат­бек, жиені Нұр­жан Календеров.

 Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін зей­нет жасын­дағы облыс әкі­мі Бер­ді­бек Сапар­ба­ев орын­тағы­мен хош айты­сқа­ны бел­гілі. Қаңтар­да көп зардап шек­кен аймақтың бірі Тараз қала­сын­да 15 адам оққа ұшып, қаза тап­са, облыс әкім­ді­гінің, «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның, бір­не­ше поли­ция бөлім­дерінің ғима­рат­та­ры отқа ора­нып, көп­те­ген авто­ма­ши­на­лар өртенді.

Осы ала­са­пы­ран жағ­дай­да босаған әкім­нің тағы­на оты­руға бір­не­ше үміт­кер­лер болғанға ұқсай­ды. Оның ара­сын­да облы­сқа бел­гілі, қолы­нан іс келетін аза­мат­тар да бар бол­са керек. «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» деген­дей, Серға­ли Айдап­ке­ло­втың ара­ла­суы­мен, жоғарғы жақта оты­рған ара­дағы «құдіреті күшті» адам­ның пәр­мені­мен бұрын атқарған еле­улі істері­мен көз­ге түс­пе­ген, «көлең­ке­де жүр­ген» Нұр­жан Нұр­жі­гітов (сурет­те) ойла­маған жер­ден облыс әкі­мінің орын­тағы­на жай­ға­сты.

Қай­ғы­лы қаңтар­дан кей­ін бұл лау­а­зы­мға елге таны­мал, халы­қ­пен жұмыс істеу қабілеті жоға­ры, білік­ті, тәжіри­белі аза­мат бас­шы­лы­ққа келуі тиіс еді. Олай бол­май шықты. Рушыл­дық, жер­ле­стік фак­тор­ла­ры белең алып, «таң­дау» Нұр­жан Нұр­жі­гітов­ке түсті. Шие­леніс­кен әле­умет­тік аху­ал­ды бірқа­лы­пқа түсіріп, жаны жара­лы болған облыс тұрғын­да­ры­ның көңіліне жылулық орна­ту­дың орны­на Нұр­жан Нұр­жі­гітов аху­ал­ды шие­леністіріп, халы­қтың нара­зы­лы­ғын үдетіп, айна­ла­сы­на өз адам­да­рын топ­та­сты­ру­мен айна­лы­сты. Нұр­жан Кален­де­ро­вты өзіне бірін­ші орын­ба­сар, ал Қанат­бек Мәді­бек­ті өзінің әле­умет­тік сала­ны басқа­ра­тын орын­ба­са­ры лау­а­зы­мы­на тағай­ын­да­ды. Бір­не­ше аудан­ның әкім­дерін, облыс әкім­ді­гінің басқар­ма бас­шы­ла­рын ауы­стыр­ды. Өзінің жер­лесі Мәден Мәдиді облыс әкі­мінің аппа­рат жетек­шісі етіп оты­рғы­зды. Қаза­қтың «Бір адам атқа мін­се, қырық адам таққа мінеді» дей­тіні осы.

Бұл ара­да Мәден Мәдидің өзі не тұра­ды? Әле­умет­тік желілер­де жария болған бел­гілі жур­на­ли­стің мәлі­метін­де Мәден Мәдидің май­да-шүй­де басқар­ма­лар­дан бастап, мек­теп­те­гі тех­нич­ка­ларға дей­ін ауы­сты­ру­мен айна­лы­сқа­ны, Мәден арқы­лы жұмысқа кір­дім деген­дер­дің саны жүз­ге жетіп қалған­ды­ғы, ал олар­дың жар­ты­сы­на жуы­ғы Нұр­жан Нұр­жі­гіто­втың жер­ле­стері, Жуа­лы ауда­ны­нан екені айтылады.

Тақтан түс­се де, аттан түс­пей­тін Серға­ли Айдап­ке­лов бол­са – бүгін­де облы­ста Аймақтық сай­лау комис­си­я­сы­ның төраға­сы. Сай­ла­уда кез кел­ген көр­сет­кі­шті жасай ала­тын нағыз «құдірет­тің» иесі. Билік­ке өте керек адам. Қысқа­сы, бүтін бір облыс Айдап­ке­лов-Нұр­жі­гіто­втер­дің ашса – алақа­нын­да, жұм­са – жұдырығында.

Деген­мен Жам­был облы­сы жұрт­шы­лы­ғы­ның ара­сын­да облыс әкі­мі Нұр­жан Нұр­жі­гітов сай­ла­удан кей­ін қыз­меті­нен кете­ді-мыс деген сөз өріп жүр. Оның да жөні бар. Бірін­ші­ден, ел пре­зи­ден­ті сеніп тап­сы­рған өңір­ді алға тар­тып кету­ге тәжіри­бесі жет­пей жатыр. Екін­ші­ден, кла­на­ра­лық соғы­стар­дың құр­ба­ны бола­ды. Баланс ұстай алма­ды. Сай­лау алдын­да «кан­ди­дат­тар жары­са ма, клан­дар жары­са ма?» деген сұрақ­пен бұл рулық тар­тыс тіп­тен өрши­тін түрі бар.

Оған қоса, өзі алып кел­ген екі орын­ба­са­ры да оңба­ды. Еркін Үйсін­ба­ев идео­ло­ги­я­ны иге­ре алма­ды. Аста­на­дан кел­ген құры­лыс сала­сын басқа­ра­тын «замы» мүл­де жоқ. Хабар-ошар­сыз. Қызы­ғы – «Жаңа Каза­қстан­ның» сай­ла­уы да жаңа­ша өтті. Нұр­жан Нұр­жі­гітов­ке аль­тер­на­ти­ва ретін­де өзі әрең деген­де Мой­ы­нқұ­мға әупірім­деп әкім болған Әли­хан Балқы­бе­ко­вты қой­ып­ты. Адам­ды алдаған­да да, сәл бол­са да сенетін­дей, аз нәр­се­ге көнетін­дей етіп жасау керек шығар…

Міне, осын­дай жағым­сыз пікір­лер жур­на­ли­стер­дің жария етуі­мен әле­умет­тік желі­де пай­да бол­ды. Бұл негіз­сіз емес. Қысқа мерзім ішін­де пре­мьер-министр Әли­хан Смай­ы­ло­втың Таразға екі мәр­те келіп, Нұр­жан Нұр­жі­гіто­вті облыс әкі­мі тағы­на оты­рғы­зып кетуі көп нәр­сені аңғарт­са керек. Бұл жағ­дай да жең­нен жалғасқан сыбай­ла­стық, жер­шіл­дік тура­лы ойға жетектейді.

Ал әкім­нің жиені–бірінші орын­ба­са­ры Нұр­жан Кален­де­ро­втың атқарған жұмысы­на кел­сек, ол бұрын Тараз қала­сы­ның әкі­мі қыз­метін алып жүре алмаған еді. Ол тура­лы куәні алы­стан іздеп, дәлел қарас­ты­ру­дың кере­гі жоқ. Осы мақа­ла­ның авто­рын­да Нұр­жан Кален­де­ро­втың кезін­де қала­ның әле­умет­тік мәсе­ле­лерін шеше алмай, тұрғын­дар­ды нара­зы­лы­ққа алып кел­ген жағ­дай­ын дәлел­дей­тін құжат­тар жет­кілік­ті. Одан кей­ін­гі жыл­да­ры да оның біраз қыз­мет­тің басын ұстап жары­тқа­ны шамалы.

 Қанат­бек Мәді­бек­тің те басы­нан дау арыл­май, бұры­нғы Сары­су ауда­нын­дағы былы­қта­ры оқтын-оқтын көтеріліп қала­ды. Әзір­ге бұл жөнін­де қоғам бел­сен­ділерінің көтер­ген мәсе­ле­лері бір-бірі­мен жалғасқан сыбай­ла­сты­қтың ықпа­лы­мен шеші­мін тап­пай отыр.

Айна­лып кел­ген­де, Нұр­жан Нұр­жі­гіто­втың халы­қ­пен тығыз бай­ла­ны­ста жұмыс істеп, шие­леніс­кен әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді шешу­ге шама­сы жет­пе­ді. Әшей­ін­де жазу­шы, ақын, әртістер­дің, гене­рал­дың торқа­лы той­ла­ры­нан, тіп­ті мек­теп бітір­ген түлек­тер­дің соңғы қоңы­ра­уы, одан қала бер­ді жоғарғы оқу орын­да­рын бітір­ген­дер­ге диплом тап­сы­ру жиын­да­ры­нан қал­май­тын Нұр­жан Нұр­жі­гітов «Қаз­фос­фат» кәсі­пор­ны­ның жұмыс­шы­ла­ры­ның өткен­де­гі ере­уілін­де бой көр­сет­пе­гені қоғам­ның нара­зы­лы­ғын тудыр­ды. Күні кеше табиғи апат­тан Қара­тау, Жаңа­тас қала­ла­рын­да орын алған қиын­шы­лы­ққа қоғам бел­сен­ділерінің, жур­на­ли­стер­дің даб­ыл қағып, шу шығарға­ны­нан кей­ін, тек екін­ші күні ғана апат болған қала­ларға барған Н.Нұржігітовтің көп­шілік­пен кез­дес­пей кетіп қалға­ны қала тұрғын­да­ры­ның ашу-ыза­сын тудырған.

 Бүгін­де облыс әкі­мі Нұр­жан Нұр­жі­гітов өзінің коман­да­сы­мен – бір бөлек, халық – бір бөлек. Әркім өз тір­шілі­гі­мен күн көріп жатыр. Сол баяғы бақы­лау­сыз қалған халы­қтың төмен­де­ген тұр­мыстық жағ­дайы. Шары­қтап бой бер­мей, күн­нен-күн­ге өсіп бара жатқан қым­бат­шы­лық. Шие­ленісіп шеші­мін тап­пай тұрған әле­умет­тік-сая­си ахуал.

Өмір­бай САБЫРОВ

Жам­был облы­стық «Ел бола­шағы» қоғам­дық ұйы­мы­ның жетекшісі,

Тараз қала­сы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн