Пятница , 4 июля 2025

КАРАНТИН

«Жаңа адым» ауда­нын­да осы уақы­тқа дей­ін ғылы­мға бей­мәлім қауіп­ті ауру табы­лып, каран­тин­ге жабыл­ды! Аста­на­дан арнайы мем­ле­кет­тік комис­сия құры­лып, тікұ­шаққа тір­келіп, ұшып кет­ті. Енді халы­қа­ра­лық зерт­те­ушілер­ді күтіп отыр», – деп, нешетүр­лі тіл­де шатас­пай сөй­лей­тін тіл­бе­зер таң атқа­лы қақ­сап жатыр. Түсін­бей қал­ды­ңы­здар-ау дей­мін… Басы­нан бастайын.

Дәрі­гер Сват Бла­то­ви­чтің қабыл­да­уын­да еңіре­ген­де ита­льян­ский еті­гі жасқа толып, жол поли­ци­я­сы­ның қыз­мет­кері Көр­дім Деме­ге­но­втың қат… келін­ше­гі Ылдым Жыл­ды­мо­ва отыр.

– Түк түсін­сем бұй­ыр­ма­сын! Сон­да, сәб­сім алмай ма? – дей­ді Сват.

– Алмай­ды! Алмақ түгіл, жоламайды!

– О, боже! Қан­дай ақша­ны алмай­ды сонда?

– Қан­дайы несі, кәдім­гі ел беретін ақша­ны. Одан басқа қан­дай ақша бар дей­сіз біз сор­лы­да! – деп Ылдым тағы еңірей­ді. – Аза­н­мен мұн­та­здай киініп, төр­де тұрған әке­ден қалған ала таяққа бір сиы­нып алып, аман-есен шығып кет­кен бай­ым, кеш­ке үйге бос қайт­ты! Өміріңіз­де жол поли­ци­я­сы­ның үйге құр кел­генін көріп пе едіңіз?!

– …Енді… беретін ешкім кез­дес­пе­ген шығар…

– Бұларға беретін­дер өзі келіп кез­дес­пей­ді, кез­де­стіреді бұлар! Кез­дес­пе­сіне қоймайды!

Таса­да тұрып, тар­па бас сала­тын­дар­дың талай­ын көр­ген Сват мұны­мен келіс­пе­се бол­ма­ды. Дім­кәстің өзін шақырт­ты. Сүл­дері суға кетіп, сүмірей­іп, Көр­дім Деме­ге­нов кірді.

– Ал, не бол­ды өзі? – деген тәуіп­тің тәуір сұрағы естілді.

Анау өксік­ке булы­ғып, әзер сөйледі.

– Біп … біл­мей­ім… біп … береді… ап … ала алмаймын!

– О, сор­латқан құдай! Не жаз­дық ойбай! – Қым­бат етік­ті Ылдым­ның жан айғайы шықты.

 Сват Бла­то­вич көп­ті көр­ген кісі екенін таны­тқы­сы келіп, ақы­рын қал­та­сы­нан мың тең­гені алып, Көр­дім­нің алақа­ны­на қысты­ра қой­ып еді, анау тоқ соққан­дай селт етіп, лақты­рып жібер­ді. Сосын тарт­па­сын­да жатқан дол­лар­дың біре­уін бай­қа­май түсіріп алған­сып еді, анау «Сват Бла­то­выш, түсіп қал­ды!» – деп тақ ете түсті!

– Ойбой, құрға­ны­мыз-ай! Шиет­тей бала-шаға­ны кім асы­рай­ды енді, ойбай! – деп ита­льян еті­гінің жоға­ры жағы­нан жоқтау шықты. 

Аудан­дық ішкі істер бөлі­мінің басты­ғы Жұды­рық Ұрда­жы­құ­лы келіп, куәлар­дың көзін­ше тер­геу жүргізді.

– Қалай тап бол­дың бұл кесел­ге? Түн­де не ішіп едің? Қай­да түнедің? Кім­мен жатып, кім­мен тұрдың?

– Бұрыл­ма­дан айна­ла бере үне­мі тұра­тын таса­да тұр­дым… Тоқта­там, тоқтай­ды. Береді… ала алмай­мын! – деп кем­сең­деп анау тұр. Тер­геу мұны­мен біт­пе­ді. Көше­ден көл­де­нең біре­уді алды­рып, Көр­дім Деме­ге­нов­ке жүр­гі­зу­ші күәлі­гі­мен бір­ге бай­қат­пай екі мың тең­ге ұсы­нып еді, анау жаға­сы­нан ала түсті.

– Пара ала­тын мені кім деп тұр­сың, оңбаған?! – деп, жазы­қ­сыз бей­ша­ра­ны сабап таста­ды. Асқы­нған ауру екеніне жұрт­тың көзі сон­да жет­ті. Қат… келін­ше­гі күй­е­уін шаштан алды.

Жұды­рық бәрін сыр­тқа шыға­рып жіберіп, аудан әкі­міне ызбандады.

– Әлөу! – Үні сыбыр­дан төмен. – Әлөу, Асап Күй­се­ге­но­віш, тош­но, алмай­ды! Ақша көр­се, алба­сты көр­ген­дей, қал­ты­рап тұр. Дәрі­гер мұн­дай ауру ғылы­мға бел­гісіз дейд! Қауіп­ті дейд! 

Ар жақтағы үнсіздік үрей­лі дауы­спен үлкен сұрақ әкелді:

– Жұқ­па­лы бол­са, қайтеміз?!

Әкім­нің әулие аузы­нан шыққан бұл үрей­лі сұрақ үнсіз тара­ды. Бүкіл меке­ме бас­шы­ла­ры, бөлім мең­ге­ру­шілері мең­ду­а­на жеген­дей мең-зең болды. 

Ақы­ры астар­лап, Аста­наға естір­тіп, «біз жет­кен­ше тырп еткіз­бең­дер» деген тап­сыр­ма алып, аудан каран­тин­ге жабыл­ды. Суық хабар сұмаң­дап тарап, Алма­ты­да біраз жұрт өздерінің «Жаңа адым» ауда­нын­да туған­да­ры­нан бас тар­та бастап­ты. «Жаңа адым­мен» құда болған­дар құр­ды­мға кет­кен­дей құлап, қызда­рын қай­та сұрап, келін­нен «кешірім сұрап», төр­кініне қай­та­рып жатқанға ұқсай­ды. Ол жақтың қызын сүй­іп қой­ған­дар – өкініп, жігітіне күліп қой­ған­дар – өкіріп жат­са керек. 

Рес­пуб­ли­ка көле­мін­де соңғы үш айда «Жаңа адым» жақта болған­дар мен сол жақтың тұрғын­да­ры­мен ара­ласқан­дар қамауға алы­на бастап­ты деген қау­е­сет бар. Енді­гі кезек­те «Жаңа адым­нан» соғым, қымыз алды­рған­дар тұр деседі. База­рдағы «Жаңа адым­ның» кәр­төш­кісі­нен бастап, жеміс-жиде­гі, шеміш­кесі­нен түс­кен шаңы­на дей­ін сыпы­рып, өртеп жібер­ді. Осы аудан­да дүни­е­ге кел­ген шене­унік­тер орны­нан алы­нып, туған жеріне жер аударылыпты.Тек бір жоға­ры лау­а­зым­ды мыр­за­сы сәмәлөт­пен қашып үлгеріп, іздеу салып жатқан көрі­неді. Бір-екі министр туған жері мен ұлтын өзгер­тіп, аман қалып­ты! Сот­тың сто­лын солқыл­да­тып оты­рған бір келін­шек «Жаңа адым­дық» бай­дан да, бала­дан да бас тар­тып, өзінің шопы­ры­на тиіп алыпты.

Халы­қа­ра­лық кәмә­сиә да бұл ауру бұрын еш жер­де кез­дес­пе­генін айтып, бас шай­қап­ты. Тіп­ті кәмә­сиә құра­мын­дағы Ресей­дің бір ғұла­ма­сы сол жер­де тіл тарт­пай кетіп­ті дейді!

Көр­ші мем­ле­кет­тер іштен тынып, біз­дер­мен кез­де­се қал­са, қол беріп аман­дас­пау жай­лы шешім қабыл­дап жат­са керек. Бер­ген­ді алмай­тын ауру елі­міз­ге абы­рой әкел­мей­ді екен!

Ал халы­қты «қауіп­ті кесел­ден» аман сақтау үшін, «Қараңғы сай» шатқа­лын­да жеке түр­ме салып, бей­ша­ра Көр­дім Деме­ге­но­вты ерекше бақы­ла­уда ұстай­тын болып­ты. Оны көк­тен, жер­ден, ылди­дан, жазы­қтан, биік­тен, құз­дан алты елдің әскері күзе­те­ді екен. Түр­ме­ге кететін қар­жы­ны сол алты елдің өкі­мет мүше­лері «құдайы садақа» ретін­де өз қал­та­ла­ры­нан шыға­рып­ты. «Жаңа адым» ауда­ны құр­са­уға алы­нып, «Бар­са кел­мес» ста­ту­сы беріліпті.

А‑а-а, әйелі ме? Бала­ла­ры­на өзінің пәми­лесін пәдәрит етіп, төр­кініне алып кетіп­ті деп жүр ғой. Біре­улер аудан әкі­мі­мен көр­дік дей ме…

Әзір­ше қауіп­тің беті қай­тқан сияқты. «Жаңа адым» жақта таны­ста­рың жоқ па еді? 

Асқар

НАЙМАНТАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн