Пятница , 4 июля 2025

«КЕЗЕКСІЗ САЙЛАУ» кезекті өзгерістерге БАСТАМА БОЛА МА?

  • Бүгін­гі күн­дері елді дүр­лік­тіріп, көп­шілік­тің билік­ке деген нара­зы­лық оты­на май құй­ып жібе­ру­ге дай­ын тұрған түйт­кіл мәсе­ле­лер­дің бірі – ол қара­ша­ның 20-сын­да өткізілетін «кезек­тен тыс» пре­зи­дент­тік сай­ла­удың бұры­нғы­ша заңға қай­шы әділет­сіз, алдау-арбау сце­на­рийі бой­ын­ша өткізілуінде.

Өйткені Ақор­да билі­гінің бұл жолғы сай­лау про­цесіне дай­ын­даған ере­же­лері бой­ын­ша, пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер кан­ди­дат­тар қысқа 2 айлық мерзім­де керекті құжат­та­ры мен өздерінің сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­ла­рын дай­ын­дап, 10 күн­нің ішін­де рес­пуб­ли­ка­ның бар­лық өңір­лері­нен 120 мың қол жинап, т.т. олар­ды Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на (ОСК) тап­сы­рып, тір­кетіп үлгі­ру­лері керек.

Одан кей­ін өңір­лер­ге барып, ол бағ­дар­ла­ма­ла­рын көп­шілік­ке таны­сты­ру жұмысы: өндірістік кәсі­по­рын­дар­да, ауыл шару­а­шы­лық кешен­дерін­де еңбек адам­да­ры­мен кез­де­су және аудан, қала, облыс орта­лы­қта­рын­дағы аза­мат­тық қоғам өкіл­дері­мен кез­десіп, олар­дың ықы­ла­сы­на ие болу үшін, кем деген­де 1 жыл­дай уақыт керек бола­тын. Және үміт­кер сая­си пар­ти­я­лар мен рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­стік­тер­ден ұсы­ныл­ма­са, ОСК тіркемейді.

 Сон­ды­қтан «жалғыз шауып, бәй­ге ала­тын», сай­лау кезін­де пре­зи­дент­тік лау­а­зы­мын тоқтат­пай, қыз­метін­де оты­рған Қ.-Ж. Тоқа­ев мыр­за­ға ғана жол ашып қой­ған. Оның қолын­да әкім­шілік, идео­ло­ги­я­лық, ұйым­дық, бай­ла­ныс, ақпа­рат­тық, қар­жы­лық, көлік­тік, т.т. ресур­стар­дан басқа өзін кан­ди­дат­ты­ққа ұсы­нған сай­ла­у­шы­лар коа­ли­ци­я­сы­ның тіре­гі – «Ама­нат» пар­ти­я­сы бар. Атын өзгерт­кені бол­ма­са, ол бұры­нғы 25 жыл Назар­ба­евқа жұмыс атқа­рып кел­ген «Нұр Отан» пар­ти­я­сы. Бұның құра­мын­да мил­ли­онға жуық мүше­сі бар. Рес­пуб­ли­ка­мы­здың бар­лық өңір­лерін­де 4 мыңға жуық бөлім­ше­сі бар «Ама­нат» пар­ти­я­сы Тоқа­ев мыр­за­ның сай­лау алдын­дағы шта­бы ретін­де жұмыс істеп отыр. Оған қоса, аудан, қала, облыс орта­лы­қта­рын­дағы кең­се ғима­рат­та­рын­да пар­тия аппа­рат­та­ры отыр, сай­лау про­цесінің тіз­гіні де солар­дың қол­да­рын­да. Бұл пар­тия елі­міз­де­гі салық төле­ушілер­дің есебі­нен 7,882 млрд тең­ге қар­жы­ға иелік етеді.

«Рес­пуб­ли­ка­мы­здың бар­лық өңір­лерін­де 4 мыңға жуық бөлім­ше­сі бар «Ама­нат» пар­ти­я­сы Тоқа­ев мыр­за­ның сай­лау алдын­дағы шта­бы ретін­де жұмыс істеп отыр… Бұл пар­тия елі­міз­де­гі салық төле­ушілер­дің есебі­нен 7,882 млрд тең­ге қар­жы­ға иелік етеді.

Сон­дай-ақ кан­ди­дат­тың мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істе­ген 5 жыл­дық өтілі­мі болуы сай­ла­у­ға түсетін аза­мат­тар­дың 95 %-ның жолын кес­се, ал бола­шақ пре­зи­дент­тің бір ғана мерзім­ге, 7 жылға шек­те­луі де талан­ты­на ақы­лы сай, мем­ле­кет­те­гі қоғам­дық қаты­на­стар­ды заң жүзін­де рет­тей ала­тын, эко­но­ми­ка­сын қалып­та­сты­ру­дың қыр-сырын білетін, халы­қтың мұң-мұқта­жы­на адал­ды­қ­пен қыз­мет істей­тін, иман­ды, мей­ірім­ді адам­дар­дың да жолын кеседі.

Мыса­лы, АҚШ тарихын­дағы «ұлы депрес­сия» деп аталған (1929–1933 жж.) елін аман-есен алып шыққан Фран­клин Рузвельт ІІ Дүни­е­жүзілік соғыс жүріп жатқан кездің өзін­де де сай­ла­уды өз кезек­ті мерзі­мін­де өткіз­ген. Сол 1932–43 жж. сай­ла­у­лар­да ол жеңіс­ке жетіп, Аме­ри­ка тарихын­да қата­ры­нан 4 рет пре­зи­дент болып сай­ланған болатын.

Сон­ды­қтан ел басқа­ра­тын пре­зи­дент халқы­на адал, білік­ті, талант­ты бол­са, мем­ле­кет­ті про­гре­сті жолға бағыт­тап, оны­сын әрдай­ым халы­қтың тала­бы­на сай ұшта­сты­ра ала­тын адам­ды халқы сол мем­ле­кет басқа­ра­тын ең жоғарғы билік тұғы­ры­на қан­ша рет сай­лай­ын десе – өз еркі емес пе?!

Рузвельт­тің де ада­ми қаси­ет­тері мен тума талант­та­ры­ның ерекшелік­терінің бірі – оның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ге лай­ы­қты адам­дар­ды ірік­теп, таң­да­уын­да қате­ле­с­пей­тін­ді­гін­де болып­ты. Біре­умен сәл ғана сөй­лесіп, пікір алы­сқан­да, оның жан дүни­есін танып, қолы­нан не жұмыс, қан­дай іс келетінін бағам­дай білген.

Соның арқа­сын­да Рузвельт екі аяғы­нан мүге­дек бол­са да, өзі басқа­рып оты­рған мем­ле­кет­тің күн­делік­ті тыныс-тір­шілі­гін біліп оты­руға арнайы қыз­мет­кер­лерінің алды­на әкеліп қоя­тын ақпа­рат-мағлұ­мат­тар­дан басқа күн­делік­ті 6–7 түр­лі газет басы­лым­да­рын оқып, біліп, өзін­ше тұжы­рым жасап оты­ра­ды екен.

Бізде­гі назар­ба­ев­ша қой­ы­лып жатқан сай­лау сце­на­рий­інің ойы­ны­на қаты­сты­ры­лған кан­ди­дат­тар­дың қай­сысы қан­ша пай­ы­здық дауы­сқа ие бола­ты­ны алдын ала жос­пар­ла­нып қой­ы­ла­ты­ны айт­па­сақ та түсінік­ті ғой.

Өйт­кені ОСК-дан бастап, төмен­гі сай­лау учас­ке­леріне шей­ін сай­лау про­цесін ұйым­да­сты­ра­тын құры­лым – билік­тің өзі тағай­ын­дай­тын адам­дар. Солар­дың дауыс беру бюл­ле­тень­дерін сана­уы мен қоры­тындыс­ын шыға­рып, хат­та­ма­ла­рын тол­ты­рып, жұр­тқа жари­я­лау да жос­пар бой­ын­ша өткізіледі.

Енді бір қызы­ғы, бұл жолғы сай­ла­у­ға халы­қты молы­рақ қаты­сты­ру мақ­са­тын­да 2019 жылғы сай­ла­у­ға бөлін­ген 9,4 млрд тең­ге қар­жы­дан екі есе артық етіп 20,5 млрд тең­ге бөліп отыр. Алай­да бұл қой­ы­лы­мға қосы­лған бес кан­ди­дат­тың өмір жолы мен қоғам­да атқарған қыз­метіне қара­саңыз, қызы­ға­тын ештеңе жоқ. Өздерін бұрын-соң­ды сай­ла­у­шы қауым біліп, таны­маған. Сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­ла­ры – екінің бірі бұрын­нан жал­пы­ла­ма айтып жүр­ген, әбден жауыр болған мәселелер.

Мыса­лы, Жигу­ли Дай­ра­ба­ев мыр­за Қаза­қстан­ды аграр­лық дер­жа­ваға айнал­ды­рғы­сы келеді екен. Ал ол қирап жатқан ауыл шару­а­шы­лы­ғы өндірісін дер­жа­ва түгілі, аяғы­нан қай­та тұрғы­зу мәсе­лесін, егістік жер­дің 50%-ы топы­рақ эро­зи­я­сы­на ұшы­рап, жай­ы­лым­ның 80%-ы күтім­сіздік­тен, сусызды­қтан қурап жатқа­нын біле ме екен?

Сол сияқты Нұр­лан Әуе­сба­ев та Қаза­қстан пре­зи­ден­ті бол­са, қаза­қстан­ды­қтар­дың өмір сүру сапа­сы­ның стан­дар­тын енгізіп, онда адам­ның негіз­гі қажет­тілік­тері ескеріл­мек. Ол бүгін­гі қазақ халқы­ның қан­дай өмір сүріп жатқа­нын біл­се, орта­ша айлық – 50 мың тең­ге­ге күн көріп, оны­сы айлы­ғы мен шай­лы­ғы­на жет­пей, жастар­дың ден­са­улық индексі 3 есе төмен­деп, 5 млн-ға жуық отба­сын­да бала­лар кедей­шілік­те, 600 мыңы тұр­мыстың тауқы­метін тар­тып жатқан­да, халы­қтың 90%-ы таза ауыз суға жары­май, ауру­дың індетіне ұшы­рап жатқан­да, қан­дай өмір сүру стан­дар­тын енгізбек?!

Енді біре­улері жур­на­ли­стер­дің: «Сіз бұл бағ­дар­ла­маңы­з­бен қалай пре­зи­дент бол­мақ­шы­сыз?» деген сұрағы­на : «Мен пре­зи­дент болу үшін емес, тек қаты­су үшін ғана кел­ген­мін», – деп жау­ап беріп­ті. Сон­да Ақор­да­ның таң­дап, сай­лау дода­сы­на қосқан бұл кан­ди­дат­та­ры жұр­тқа қалай мазақ болмасын?!

Бұры­нғы пре­зи­дент Назар­ба­ев та өзін-өзі 5 рет сай­ла­тып, қар­сы­ла­сын 97,6 пай­ыз дауы­спен жеңіп жүр­ген­де де, кезек­ті бір сай­ла­у­ын­да өзіне бала­ма қар­сы­лас ретін­де эко­лог Мэлс Еле­усі­зо­вты, теле­экран­да «стақан сын­ды­рғыш» Ғани Қасы­мо­вты, тіп­ті көше­де «аттан­дап», лағып жүр­ген Аман­тай қажы­ны да додаға қос­пап па еді? Тоқа­ев мыр­за да сол үрді­стен алы­стап кетпеді.

Соны­мен, бұл қой­ы­лым­ның да аяқта­лу мерзі­мі жақын­да­ды. Жуы­қта «Хабар» ТВ-арна­сын­да бұл қой­ы­лым­ның бір бөлі­гі – үміт­кер­лер­дің теле­де­ба­ты көр­сетіл­ді. Оған бес «қосақ» кан­ди­дат­пен бір­ге мәжіліс спи­кері әрі «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның жетек­шісі, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың сай­лау шта­бын басқа­ру­шы­сы Ерлан Қоша­нов мыр­за қаты­сты. «Ақша­сын кім төле­се, музы­ка­ны сол ойнай­ды» деген­дей, кан­ди­дат­тар өздеріне бер­ген рөл­дерін сце­на­рий бой­ын­ша ойнап шықты. Сол дебат­тан бел­гілі болған­дай, бес үміт­кер халы­қ­пен 15–30-дың ара­сын­да кез­де­су өткізіп­ті. Ал пре­зи­дент Тоқа­ев­тың өкіл­дері ондай кез­де­су­лер­дің санын 10 мың­нан асырыпты.

Теле­де­бат­та Қоша­нов мыр­за­ға: «Елі­міз­де түбе­гей­лі сая­си рефор­ма­лар қашан жаса­лып, оның нәти­же­сін халық қашан көреді?» – деген сыңай­лы сұрақ қой­ыл­ды. Бұған «штаб басты­ғы»: «Осы жүріп жатқан пре­зи­дент­тік сай­лау да, жаз айын­да өткен жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум да және бұл жөнін­де пар­ла­мент­те біраз заң­дар­дың қабыл­да­нуы да рефор­ма­ның жүріп жатқа­нын көр­се­те­ді», – деп, қысқа қайырды.

Сон­да ол қабыл­да­нып жатқан қағаз жүзін­де­гі құн­ды шешім­дер­ді кім жүзе­ге асы­ра­ды? Тоқа­ев мыр­за пре­зи­дент­тік лау­а­зы­мға кел­ген үш жыл­дан бері өз орын­да­рын­да мызғы­май оты­рған бұры­нғы Назар­ба­ев­тың кадр­ла­ры ма? Егер дәл бүгін­гі жағ­дай­дағы­дай ол «ескі-құсқы» кадр­лар өздерінің бай­лы­ғын қорғап оты­ра беретін бол­са, елде ештеңе де өзгермейді!

Біз осын­дай құрғақ уәде­лер­дің соңын­да жүріп, бір ұрпақтың өмірін жоғал­тып, ең арт­та қалған мем­ле­кет­тің қата­ры­на түстік. Бүгін­де қазақ ұлты өз жерін­де тұрып, өзінікін өзім­дікі дей алмай­тын өгей бала­ның күнін кешу­де. Кедей­шілік те, жоқ­шы­лық та, бас­па­на­сыздық та, жұмыс­сыздық та, жетім-жесір­лер мен зар жылаған ана­лар да, көз жасы көл болған сәби­лер де, кор­руп­ци­о­нер шене­унік­тер де біз­де жыр­ты­лып айы­ры­ла­ды. Халы­қтың 90%-ның жүй­кесі тозған, өз-өзіне қол жұм­са­удан Қаза­қстан әлем­нің алды­ңғы орын­да­ры­ның бірін­де тұр.

Қаза­қстан­ды терең сая­си-эко­но­ми­ка­лық тоқы­ра­удан алып шығып, руха­ни жаңғыр­та­мыз десек, алды­мен түбе­гей­лі өзгерістер жаса­луы керек! Сол өзгерістің біре­гейі – тіл мәсе­лесі. Халы­қа­ра­лық қағи­да­лар бой­ын­ша, мем­ле­кет­те негіз­гі ұлт құру­шы халы­қтың тілін­де сөй­ле­мей­тін билік – сол мем­ле­кет­ке қыз­мет ететін билік бола алмайды!

Тіл – ұлт­тың гено­мы, рухы, өмір сүру, тір­шілік айды­ны. Ұлт – тілі, ділі, мораль­дық және бар­лық тұр­мыс-тір­шілік, мәде­ни көр­ке­мө­нер сала­сы бой­ын­ша ортақ, яғни біре­гей тәр­бие алған адам­дар тұра­тын бір­ле­стік. Ұлт – нәсіл­дік те, қоғам­дық та, жағра­пи­я­лық та, сая­си да ортақ түр­де құры­лған топ емес.

Заң жүзін­де мем­ле­кет­тік тіл қазақ тілі болып бекітіл­ген­нен кей­ін, ол мем­ле­кет аумағын­да тұрып жатқан бар­лық жұр­тқа ортақ тіл — қазақ тілі болуы тиіс. Осы қағи­да­лар­ды біле тұра, біз­де­гі билік 30 жыл­дан бері бұл мәсе­лені түбе­гей­лі шешу­ге, қазақ тілі жөнін­де жаңа­дан заң қабыл­дап, оның мәр­те­бесін өзінің тиісті мем­ле­кет­тік дең­гей­іне қоюға қабілеті де, баты­лы да жет­пей келеді.

Қазақ ұлт ретін­де жоға­лу­дың алдын­да тұрған халық екенін мой­ын­да­уы­мыз керек. Елі­міз­де­гі қаза­қтың 60%-ы қала­лық жер­де тұр­са, оның 80%-ы өз тілін­де сөй­ле­ме­се, тара­ты­лып жатқан, теле­ар­на­лар­дан берілетін хабар­лар­дың 90%-ы, дүкен­дер мен дүң­гір­шек­те­гі саты­ла­тын әртүр­лі кітап, басы­лым­дар, газет-жур­нал, жар­на­ма­лық мате­ри­ал­дар­дың 95%-ы орыс тілін­де тара­ты­ла­ды. Ал мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның жар­ты­сы­нан көбі ауыл­дың есебі­нен ғана қазақ тілін­де оқы­ты­ла­ды, қалға­ны орыс тілі мен басқа тілде.

Сон­да елі­міз­де тұра­тын 17% ғана орыс диас­по­рас­ы­на сон­ша басым­ды­лық беретін тәу­ел­сіз мем­ле­кет­те қан­дай ұлт­тық сая­сат болуы мүм­кін? Неге біз­де­гі жаңа­дан салы­нған тип­тік мек­теп­тер­де орыс бала­ла­ры бір ауы­сым­да ғана оқи­ды да, ал қазақ бала­ла­ры 5068 мек­теп­те екі ауы­сым­да, 169 мек­теп­те үш ауы­сым­да, 35 апат­тық мек­теп­те оқиды?

Ал 2010 жыл­дан бері жабы­лып қалған мек­теп­тің саны­ның өзі 1182 бол­са, оның арғы жағын­да Кеңес дәуірі­нен кей­ін жабы­лған мек­теп­тің саны 3 мың­нан аса­ды. Оған қоса мек­теп табал­ды­ры­ғын жаңа аттап, 1‑сыныпқа кел­ген 40–45 бүл­дір­шін­ді қазақ мұғалім бай­ғұс қай­тіп оқы­та­ды, қай­тіп тәрбиелейді?

285 елді мекен­де электр жары­ғы жоқ, 735-інде білім ошағы, 3290 елді мекен­дер­де меди­ци­на­лық қыз­мет жоқ. Жал­пы халы­қтың 90%-ы таза суға зәру, ауру­дың 80%-ы судан бола­ты­нын ескер­сек, мұн­дай жағ­дай­да тұрып, өскен, оқы­ған, ер жет­кен ауыл бала­ла­ры келе­шек­те зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­ны қай­дан көріп, қай­тіп иге­реді, қай­тіп бәсе­ке­ге сай бола­ды? Бұған кім жау­ап береді?

Елде жүр­гізілуі тиіс сая­си рефор­ма халы­қтық қазы­на­ны талан-тара­жға және ысы­ра­пқор­лы­ққа салу­дан құтқа­руы тиіс. Айта­лық, біз­де­гі қос пала­та­лы пар­ла­мент­ті ұстап тұру үшін, жылы­на 100 млрд тең­ге, әр депу­татқа 93,5 млн, тамағы­на 7,7 млн шығын­да­ла­ды. Ал «Нұр Отан­нан» «Ама­натқа» айналған пар­ти­я­ның жыл­дық бюд­жеті – 7,882 млрд тең­ге. Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­на 2,9 млрд тең­ге бөлі­неді. Егер есеп­сіз кетіп жатқан бұл шығы­нға Әлем дін­дері сиезіне жұм­салған қар­жы­ны қос­саңыз, ширек ғасыр­дан бері елі­міз­де жүз­де­ген бала­бақ­ша, мек­теп, ауру­ха­на салуға болар еді.

Мақсұт ҚАЛЫБАЕВ,

қоғам зерт­те­уші, Қаза­қстанға ерекше еңбе­гі сің­ген зейнеткер

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн