Вторник , 1 июля 2025

КЕЗЕКТІ «шулы іс» БАСТАЛДЫ

Аты­рау облы­сы­ның қыл­мыстық істер жөнін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық сотын­да ҚР Қыл­мыстық кодексінің (ескі редак­ци­яда) бір­не­ше бабы: 235-ші – «Ұйым­дасқан қыл­мыстық топ құру және оны басқа­ру, қыл­мыстық қоғам­да­сты­ққа қаты­су»; 176-ші – «Сенiп тап­сы­ры­лған бөтен­нің мүлi­гін иеле­ну неме­се ысы­рап ету»; 193-ші – «Қыл­мыстық жол­мен алы­нған ақша­ны неме­се өзге мүлiк­тi заң­да­сты­ру» айып­та­ры бой­ын­ша Аты­рау облы­сы­ның бұры­нғы әкі­мі Бер­гей Рысқа­ли­ев­ке қаты­сты іс сот­та қара­ла бастады. 

Экс-әкім­мен бір­ге айып­та­лушы­лар қата­рын­да оның інісі Аман­жан Рысқа­ли­ев, күй­еу бала­сы Рүстем Әлбақа­сов және тағы алты адам бар.

Бүгін – 18 қазан­да «Рысқа­ли­ев ісінің» негіз­гі сот оты­ры­ста­ры бастал­ды. Әзір­ге айып­та­у­шы тарап­тар – про­ку­ра­ту­ра мен айып­та­лушы аза­мат­тар­дан іске қаты­сты пікір алу мүм­кін бол­ма­ды. Қара­ла­у­шы жақ іс бары­сы мен оның нәти­же­сін сот шешеді десе, ақта­у­шы­лар іспен толық таны­сып біт­пе­ген­дерін уәж ете­ді. Қалай болған­да да, елде­гі кезек­ті «шулы іске» қаты­сты мән-жай­ды газет­тің алдағы сан­да­рын­да тұрақты хабар­лап тұра­тын боламыз.

Айсұ­лу ОСПАН,
«D»

Республиканский еженедельник онлайн