Пятница , 4 июля 2025

КЕЗЕКТІ ҚАСТАНДЫҚ

Желі­де­гі жаз­ба­лар: ЖОЛДАУ

Жол­да­уды көр­ген қазақ тілі өксі­гін баса алмай, ұза-а-а-ақ жыла­ды. Жұба­туға жан бала­сы кел­ген жоқ. Мем­ле­кет­тік тіл мем­ле­кет­тік билік­тен кезек­ті рет күй­реп, жеңіліп жатқан­да, «Әліп­пе­ні» құшақтаған бір бала қазақ мек­теп­ке бар­ды. 1 қыр­күй­ек­те пре­зи­дент қазақ тілінің арқа­сы­нан қағып тұрып, қан­жар сұққа­нын бала біл­ген де, сезген де жоқ.

Қазақ тіліне қар­сы ұзақ жыл­дан бері ұйым­да­сты­ры­лып, жаса­лып келе жатқан мем­ле­кет­тік билік­тің кезек­ті қастан­ды­ғы бұл жолы да жүрісі­нен жаңыл­ма­ды. Қазақ тілі­мен бір­ге сол тіл­мен ғана тірі бола­тын тұтас ұлт­тық мәде­ни­ет, әде­би­ет, ұлт­тық салт-сана, әдет-ғұрып жеңілді.

Ешқа­шан басқа­ру­шы кла­сты жеңіп көр­ме­ген, оны­мен күресіп жеңу­ге бола­ды деген түсінік­тің өзі­нен өлер­дей қорқа­тын қоғам­ның өзі жоқ, өлі сөзі бар. Билік – қоға­мға, қоғам – билік­ке лай­ық. Қазақ тіліне және сол тіл жасаған ұлы дүни­е­лер­ге еке­уі де лай­ық емес.

Өмір­жан ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ

Тәу­ел­сіздік кіл­тін РЕСЕЙГЕ БЕРДІК

Тәу­ел­сіздік­ті тап­сы­ру бар­лық жағы­нан жүріп жатыр.

Бірін­ші­ден, Ресей­дің қысы­мы­м­ен тіл бел­сен­ділерін қуда­лау мен қаза­қтар­ды «нацизммен» айып­тау. Яғни, шет мем­ле­кет біздің мем­ле­кет­тің тіл сая­са­ты­на тіке­лей араласты.

Содан кей­ін біз сол мем­ле­кет­пен цифр­лық ынты­мақ­та­стық тура­лы келісім­ге қол қой­дық және бар­лық мем­ле­кет­тік тех­но­ло­ги­я­лар­ды олар­дың қолы­на беріп қой­дық. Яғни, шетел­де біздің «ЭЦП» бола­ды. Біз элек­трон­ды-цифр­лық қол­таң­ба­ны бей­та­ныс ада­мға бер­ме­у­ге тыры­са­мыз, ал билік оны шетел­дің қолы­на неге тапсырды?

Өйт­кені РФ бізді іс жүзін­де басқа­ра­ды. Біз Ресей­ге бүкіл мем­ле­кет­тің элек­трон­ды кіл­тін бере­міз. Және бұл – тер­ри­то­ри­я­мы­здың бір бөлі­гін иеле­ну­ден де қауіп­ті. Қалай болған­да да, мұн­дай жабайы иде­я­ны кім ойлап тап­ты? Әрі бұл біздің елде цифр­лан­ды­ру дең­гейі ресей­лік­тер­ден әлдеқай­да жоға­ры болға­ны­на қарамастан.

Ал РФ «Сбер­бан­кі» бұл тұрғы­да ең тиім­ді кең­се емес. Демек, бұл бізді Ресей­дің цифр­лық коло­ни­я­сы­на айнал­ды­ра­тын таза сая­си келісім екені анық.

Соны­мен қатар біз атом электр стан­ци­я­сын салғы­мыз келеді. Енді реак­тор­лар­дың ресей­лік бола­ты­ны да түсінік­ті, әрине, олар сала­ды және қыз­мет көр­се­те­ді. Бұл оры­старға толық энер­ге­ти­ка­лық тәу­ел­ділік­ке түсетіні­мізді білдіреді.

Осы­лай­ша біз Ресей­дің идео­ло­ги­я­лық, цифр­лық және энер­ге­ти­ка­лық құл­ды­ғын­да бола­мыз. Яғни, біз іс жүзін­де еге­мен­ді­гі­міз­ден айы­ры­ла­мыз. Жарай­ды, егер олар оны күшпен алса бір басқа, бірақ біз оны өз еркі­міз­бен, өз қолы­мы­з­бен береміз!

Тағы да қай­та­лап айта­мын, линг­ви­сти­ка­лық, цифр­лық және энер­ге­ти­ка­лық еге­мен­дік­тен айы­ры­лу – бұл ерік­ті түр­де Тәу­ел­сіздік­тің кіл­тін толық беру. Біз бұған жол бер­ме­уі­міз керек! Біры­ңғай цифр­лық плат­фор­ма тура­лы кеше­гі келісім­ді жою қажет.

Бұдан былай бар­лық маңы­зды шешім­дер­ді тек рефе­рен­дум негізін­де қабыл­дай­мыз, содан кей­ін халы­қтың еркін біл­діре­міз. Біз еге­мен­дік­тің ерік­ті түр­де берілуіне шама­мыз кел­мей­ді, әйт­пе­се біздің ұрпағы­мыз қарғы­сқа ұшырайды.

Рус­лан ТҮСІПБЕКОВ

ТҰРАН ОДАҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ТИІС

Тұран елдерінің тұта­сты­ғын ойла­сақ, шұғыл Түр­кі елдері одағын құруы­мыз керек! Өйт­кені, шығы­сы­мы­здан Қытай, сол­түсті­гі­міз­ден Ресей импе­ри­я­ла­ры қусы­рып тұр. Енді оған Оңтүстік Ази­ядан тәліп­тер басқа­ра­тын Ауған­стан да қосылды!

Екпіні қат­ты Ердоған ер бастаған ел бас­шы­ла­ры­ның мой­нын­да түр­кі мем­ле­кет­терінің тәу­ел­сіздік тағ­ды­ры, тер­ри­то­ри­я­лық тұта­стық қауіп­сізді­гі тұр! Біз Ресей бастаған біраз елдер­мен Еура­зи­я­лық Эко­но­ми­ка­лық одақта бар­мыз. Енді сол секіл­ді Түр­кі елдері одағы да ірге­мізді бекем­дей түсу­ге берік негіз болар еді.

Ақы­мақтың айтқа­ны келеді” деген­дей, ақыр “Тұран одағы құры­ла­ды” деп айқай­лап жүр­ген Жири­нов­ский­лер­дің сөзін шын­ды­ққа айнал­ды­рай­ық. Ол кеше ойға сый­май­тын отта­уын тағы да жари­я­лап, Орта Азия елдері өздерін тәліп­тер­ден қорғай­тын Ресей­дің губер­ни­я­ла­ры­на айна­луы керек деп соқты… 

Тағы да қадап тұрып, қай­та­лап айта­мыз, Тәу­ел­сіз Түр­кі елдері үшін қазір ең басты мақ­сат – Түр­кі Одағын құру!

Ең бол­ма­са, туыс елдер­дің тұта­суын өзге­ден сұра­май  өзі­міз шеше ала­тын шығар­мыз деп үміттенеміз.

Қазы­бек ИСА, ҚР Пар­ла­мен­тінің депутаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн