Келімсекке ҚҰЛ болмаймыз!

  • Қордайдағы оқиғаға байланысты бірнеше ауылдың тұрғындары наразылық митингісін өткізгені жөніндегі хабар әлеуметтік желілерді шарлап жүр. Сол стихиялық жиындарда сөйлеген екі ақсақалдың сөзін қағазға түсіріп, оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

1. Келген комиссияны дүнгендерге «өртеніп кеткен машиналарыңды төлейміз, қирап қалған үйлеріңді оңдап береміз, ал қазақтар не қылсаң о қыл, боғын жесін деп» жіберді ме?

Бүтін қазақтың, қаны төгіліп жатқан балаларымыздың қанына не дейді, неге бізге келіп көңіл айтуға жарамайды?! Бізге көңіл айтуы керек, айдаладан қаңғып келген дүнгенге емес. Дүнгеннің жері жоқ, мемлекеті жоқ, қаңғып жүрген дүнгенге неге құл болуымыз керек? Өткенде баламызды зорлады, онда да үкімет келіп, басып кетті. Сексендегі шалымыз бен екі немересін қосып сабады, сонда да біз үндемедік.

Үкімет басындағы Назарбаев пен Тоқаев екеуінің бірі – дүнген, жоңғар, қалмақ па? Қазақ қайда қалды? Ата-бабамыздан мұраға қалған жердің иелері біздер қайда қалдық? Дүнгендер кім ол? Елі жоқ, жері жоқ, әнұраны жоқ олар кім?

2. Тамырына құрт түсіп, /терек/ қурай бастаса, оны бір-бір бұтағын алып жойған дұрыс па, жоқ тамырымен алып тастап, жаңа ағаш отырғызған дұрыс па? Мына мәселе қалай болып жатыр? Мысалы, осы дүнген ұлты туралы желіге керемет мәлімет түсті: 150 жылдан астам уақыт бұрын Қытайдан қалай қуып шықты бұларды? Жақсы адамды кім қуады?!

Келді. Жерімізді, төрімізді бердік. Ал енді мына істеп отырғандарын көріп отырсыздар. Арғы жақтың бәрін айтпай-ақ қояйын, менімен теңдей қатар болған, Қордай ауданында осы Масаншының парторгы болған Сейтжанов Жеңіс деген жігіттің үлпілдеп өсіп, 11-класты бітіріп, суретке түсіп келе жатқан қызын зорлап, өлтіріп, өртеп кетті. Түбінде оған ешкім жауап берген жоқ. Әкесі бейшара жүрегінен ауырып, осыдан 8 жыл бұрын қайтыс болды. Бұл қазаққа тиген зиян ба? Зияны!

Айтайын дегенім, үйге барып, телевизорды қоссам, әрбір каналдың бәрі /оқиғаны/ бөліп-бөліп, /оған/ басқаша сипат беріп тастаған. Ал бұған халықтың қаны қайнап, жігері әбден жүн болды. Заң органдары келеді де, тек қана біздің жергілікті ұлттың балаларын қамайды, аналар /дүнгендер/ кінәлі болса да.

Міне, осындағы елдің бәрі біледі: Атымтай Байсүгіров деген кісі болған – біздің үлкен ағамыз. Өте мықты ұйымдастырушы, колхоздың бас инженері болған. Сол 70-тен асқан үлкен кісіні көкпарда ерегісіп қалған дүнгендер басынан ұрып, соның салдарынан басынан шатасып өлді. Сонда оның өзін апарып, қамап тастаған. Ал дүнгендердің біреуін де қамамайды, тек қазақтың 80-ге жақындаған шалына дейін қамайды.

Бұл қандай заң, қандай мемлекетпіз біз? Өз елімізде, өз жерімізде жүріп, өзіміздің құқығымызды, бала-шағамызды қорғай алмасақ, онда несіне жүрміз? Ондай егемендіктің керегі не?

Мәтінді дайындаған –

Бақытгүл МӘКІМБАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн