Пятница , 4 июля 2025

Кесілген сөзден КЕСАПАТ іздеуге бола ма?

  • Әле­умет­тік желілер­де бел­гілі сая­сат­кер Ғалым­жан Жақи­я­но­вқа қар­сы шабуыл бастал­ды. Әзір­ге бұл қиқу­дың түп­кі мән-мақ­са­ты мен желі­де­гі жазғы­руға кім түрт­кі болға­ны бел­гісіз. Осы орай­да біз төмен­де газет редак­ци­я­сы­на кел­ген хат­ты қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Ғалым­жан Жақи­я­но­вты ғай­бат­та­уға сая­сат­кер­дің бір басы­лы­мға бер­ген сұх­ба­ты себеп болған екен (жол­ма-жол):

«Дариға Назар­ба­е­ва сая­сатқа ара­ла­сам десе, қол­дау керек. Өйт­кені оның өзінің қыл­мыс жасаға­ны бол­ма­са, оны неге сая­сатқа ара­ла­стыр­май­ды. Мүм­кін, оның айтар пікірі бар шығар. Мүм­кін, оның қазір­гі Тоқа­ев­тың жасап жатқан «супер­пре­зи­дент­тік рес­пуб­ли­ка­ны жалға­сты­ра­мын» деген сөзіне қар­сы пікірі бар шығар. Дариға­ның өзі «елі­міз­ге демо­кра­тия керек, елі­міз­ге пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка керек» деп ұран шығар­са, оны біз неге қолдамаймыз?!

Бәрінің бір-ақ ойы бар. «Назар­ба­ев­тың дәуірі кет­ті. Осы адам­дар­ды мем­ле­кет­тен шыға­рып тастай­ық, жолат­пай­ық» деген сөз дұрыс емес. Біз жүй­ені өзгер­те­міз, бірақ өз адам­да­ры­мы­зды қуып салып, құр­тып жібе­ру­ге бол­май­ды. Осы елдің аза­ма­ты бол­са, осы шару­аға ара­ла­суға құқы­ғы бар аза­мат­тар­дың бәрін ара­ла­сты­руы­мыз керек».

Әле­умет­тік желі­де шұрқан болып, шауып жүр­ген сая­сат­кер­дің бұл сөзі «Ютуб» желісін­де­гі «Гипер­бо­рей» арна­сы­ның жур­на­лисі Әсем Жапи­ше­ваға бер­ген сұх­ба­тын­да (арна­ның анон­стық фото­су­ретін қараңыз) айты­лған пікір­ден үзіп-жұлып алы­нған үзін­ді екен. Мен оқыр­ман­дарға осы сұх­бат­ты бастан-аяқ мұқи­ят көріп шығуға мынау сіл­те­ме арқы­лы кеңес берер едім: https://www.youtube.com/watch?v=Xh4HpCd1TR4

​Бұл жер­де Ғалым­жан Жақи­я­но­втың сөзі­нен тра­ге­дия ізде­удің қажеті шама­лы сияқты. Мәсе­ле Дариға Назар­ба­е­ва­ның жеке басы­на бай­ла­ны­сты емес. Ғалым­жан­ның айт­пағы – шын мәнін­де­гі сая­си бәсе­ке­ле­стік­ке жол ашу жай­лы еді. Сая­сат­кер Дариға Назар­ба­е­ва­ның кім екенін біл­мей оты­рған жоқ. Мүм­кін, көбі­міз­ден жақ­сы біледі. Тек оны мысал ретін­де көр­се­ту арқы­лы халық алдын­да әбден сүй­кі­мі кет­кен Назар­ба­ев отба­сы мүше­лерінің де дені сау демо­кра­ти­я­лық қоғам­да сая­си додаға қаты­суға құқы­лы екен­ді­гін мең­зеп отыр. Сұх­бат­тан кесіліп алы­нған сөз­ден кеса­пат ізде­у­ге болмайды.

Мұн­да демо­кра­ти­я­лық қоғам­ның қалай болу керекті­гі жөнін­де­гі әліп­пе­лік сау­ат­ты тағы қай­та­лап айтуға мәж­бүр бола­мыз. Демо­кра­ти­я­лық қоғам – ол ең алды­мен жеке тұлға­ның кім болуы­на қара­ма­стан, әділ сая­си бәсе­ке­де бақ сына­су­дан баста­ла­ды. Сол себеп­ті Дариға Назар­ба­е­ва істі болып, сот ресми айып таққанға дей­ін Қаза­қстан аза­ма­ты ретін­де сая­си додаға қаты­суға әбден құқы­лы. Сай­ла­уда халық оған қалай дауыс береді – ол мүл­де басқа әңгіме.

Бүгін­де күл­лі қоғам болып, Назар­ба­ев­тың отба­сы және оның айна­ла­сын­дағы­лар­дың 30 жыл бойы істе­ген іс-әре­кет­теріне әділ құқы­қтық баға берілуін асы­ға күту­де­міз. 30 жыл бойы ойы­на кел­генін істеп кел­ген отба­сы мүше­лері мен маңай­ын­дағы­лар және оли­гарх­тар­дың іс-әре­кетінің ақ-қара­сын айқын­дап, халық алдын­да есеп беру бүгін­гі билік­тің ойын­да бол­са, сөз­бұй­даға сал­май, іске кірісіп, нақты, әділ құқы­қтық баға берілуі шарт. Әрине, мақ­сат­ты түр­де ешкім­ге де сая­си қуғын-сүр­гін жаса­уға әсте бол­май­ды. Өз бәсе­ке­ле­стері­нен өш алу, қуда­лау, жалған қыл­мыстық іс ашып, түр­ме­ге тоғы­ту, өлім­ге бай­лау – сол Назар­ба­ев­тың дәуірі­мен мәң­гі кел­мес­ке кетуі керек! «Бір кез­де­гі ұста­зым еді, тағы­нан түсіп, орнын беріп еді» деп, аяу­шы­лық таны­туға да бол­май­ды. Тек сон­да ғана Тоқа­ев мыр­за­ның «Пре­зи­дент халық, тарих және ар-ұждан алдын­да жау­ап береді» деген сөзі біздің өмірі­міз­де шынайы көрініс таба­тын болады.

​Көп жағ­дай­да билік те, халық та боль­ше­вик­тер­ден қалған тұтас қоғам­ды «дос пен дұшпанға» жік­тей­тін жаң­сақ бір ұғым­ның жете­гін­де кетіп, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­дан жаза басып жата­ды. Назар­ба­ев­тың дәуірін­де де санаға сің­ген осы бір ескі сарқын­шақ ұғым­ның елесі кезіп жүр­ді. Егер біз осы құн­ды­лы­қтар­мен қоғам­ды жік­ке бөлетін бол­сақ, демо­кра­тия ешқа­шан орна­май­ды. Заң алдын­да бар­лық адам­ның құқы­ғы бір­дей дей­тін қаси­ет­ті қағи­да әдірем қалады.

Рас, Назар­ба­ев­тың отба­сы 30 жыл бойы қазақ қоға­мын ашса – алақа­нын­да, жұм­са – жұды­ры­ғын­да ұстап, ұлт­тық бай­лы­ғы­мы­зды тес­пей сорып кел­ді. Қоғам­дағы әділет­сіздік – ең алды­мен адам­дар­дың сай­лау және сай­ла­ну құқы­ғын шек­те­уден бастал­ды. Назар­ба­ев және оның төңіре­гін­де­гілер нағыз демо­кра­ти­я­ның ұрлық жаса­уға жол бер­мей­тін­ді­гін жақ­сы түсін­ді. Сол себеп­ті демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтарға өлер­дей өші­гіп, оны басып-жан­шу үйрен­шік­ті жағ­дай­ға айналды.

Егер Жаңа Қаза­қстан­да пре­зи­дент Тоқа­ев­тың өзі ұран етіп жүр­ген әділет­ті қоғам орнатқы­мыз кел­се, істі әділ сай­лау, адал сая­си бәсе­ке­ле­стік­ке жол ашу­дан баста­уға тиіс­піз. Бұл жер­де Қаза­қстан аза­мат­та­рын, ол кім бол­са да, адал сая­си және эко­но­ми­ка­лық бәсе­ке­ле­стік­тен шет­те­ту­ге әсте бол­май­ды. Күл­лі қоғам­ның билік­ке деген күдік-күмәні де осы­дан басталады.

Қазір қоғам­да күдік-күмән мен алаң­да­уға негіз болар­лық жағ­да­ят­тар жетіп арты­ла­ды. Айта­лық, бұры­нғы режим­нің дәуірін­де ескі­ше басқа­ру тәсіл­деріне дағ­ды­ланған «Назар­ба­ев­тың өнім­дері» билік басын­да әлі де тап­жыл­май отыр. Соған сәй­кес жемқор­лық та тый­ы­лар емес. «Ести­тін үкі­мет» деп мың жер­ден ұран­датқы­ны­мы­з­бен, Тоқа­ев­тың өзін жаң­сақ ойларға жете­леп, қоғам­да ел пре­зи­ден­ті тура­лы жағым­сыз пікір қалып­та­сты­ру үрдісі белең алып барады.

Әрине, супер­пре­зи­дент­тік билік­те бұл жағ­дай­дан сақта­на алмай­сың. Бұл – билік­тің ұшар басы­нан басқа­ры­ла­тын қоғам­ның ортақ ауруы. Енді­гі үміт – пар­ла­мент пен әр дең­гей­де­гі мәс­ли­хат­тар­дың адал сай­ла­нуы, еркін бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры және әділ сай­лау жүй­есі мен бәсе­ке­ге қабілет­ті пар­ти­я­лар­дың өмір­ге келуіне жол аша­тын кемел­ді құқы­қтық жүйе қалып­та­сты­ру. Егер пре­зи­дент Тоқа­ев­тың билі­гі халы­қтың осы қара­пай­ым талап­та­рын орын­да­уға құлық таныт­па­са неме­се «басқа­ры­ла­тын демо­кра­тия» деген­дей ескі басқа­ру жүй­есін таң­да­са, Жаңа Қаза­қстан­нан үміт үзе беру­ге бола­ды. Онда Қаза­қстан халқы басқа күрес жолын таң­да­уға мәж­бүр бола­ды. Бұл – Қаңтар қасіретінің тағы да қай­та­ла­нар сәті алыс емес деген сөз. Құдай осы­дан сақтасын!

Рақым АЙЫПҰЛЫ

Редак­ци­ядан: Газет­тің жуы­қтағы нөмір­лерінің бірін­де елге етене таны­мал сая­сат­кер Ғалым­жан Жақи­я­но­втың өзі сұх­бат беру­ге уәде етті. Онда біз қазір­гі билік пен қоға­мға қаты­сты тақы­рып­тар­ды кең ауқым­да талқы­лай­тын боламыз.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн