Пятница , 4 июля 2025

КИІКТІҢ КИЕСІ ҮШІН халыққа залал келтірмейік!

ҚР Пре­мьер-мини­стрі

Олжас БЕКТЕНОВКЕ!

  • Қаза­қстан­ның кең дала­сы – тек ұлт­тық бай­лы­ғы­мыз ғана емес, соны­мен қатар жаһан­дық эко­жүй­енің ажы­ра­мас бөлі­гі. Деген­мен, табиғи тепе-теңдік­ті сақтау жолын­да Үкі­мет­тің әре­кет­сізді­гі ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на орны тол­мас зиян кел­тіріп отыр.

Мемле­кет бас­шы­сы Ұлт­тық құры­л­тай­да киік попу­ля­ци­я­сы­ның күрт өсуі ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на кері әсер етіп, эко­жүй­е­ге артық сал­мақ түсіріп жатқа­нын атап өтті. Бұл мәсе­ле бір күн­де пай­да болған жоқ – аймақтар­дан атқа­ру­шы билік­ке жол­данған жүз­де­ген өтініш пен талап-арыз Үкі­мет тара­пы­нан жыл­дар бойы еле­усіз қалып келеді.

2023 жылы БҰҰ жанын­дағы Жабайы жану­ар­лар­дың қоныс ауда­ра­тын түр­лері коми­тетінің (CMS) сарап­шы­ла­ры арнайы келіп, Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның аудан­да­рын ара­ла­ды. Зерт­теу нәти­же­сін­де ҚР Үкі­метіне нақты ұсы­ны­стар жасал­ды, олар­дың басты­сы – жер­гілік­ті халық пен киік ара­сын­дағы қақты­ғы­сты шешу. Алай­да Үкі­мет күні бүгін­ге дей­ін бұл ұсы­ны­стар­ды орын­дау бой­ын­ша нақты бір іс-әре­кет­ке көш­кен жоқ.

Осыған бай­ла­ны­сты Үкі­мет­тен талап етемін:

1. Киік попу­ля­ци­я­сын рет­теу бой­ын­ша нақты шара­лар қабыл­да­уды, атап айтқанда:

• Биыл киік санын рет­теу жұмыста­рын жүр­гі­зу тура­лы ресми шешім қабыл­дап, оның әдістері мен эко­ло­ги­я­лық негіз­де­месін жариялауды;

• Киік попу­ля­ци­я­сын рет­теу бой­ын­ша жау­ап­ты бір­мем­ле­кет­тік орган­ды бел­гіле­уді және оның нақты іс-шара­ла­рын бекітуді.

Осы жер­де айта кететін бір мәсе­ле – Кеңес үкі­меті кезін­де киік­тің еті де, терісі де пай­даға асты, олар­дың саны соңғы кез­де­гі­дей күрт өзгерістер­ге ұшы­раған жоқ. Оның басты себебі – киік үшін жау­ап­ты нақты бір меке­ме болған­ды­ғын­да. Киік өні­мін халық шару­а­шы­лы­ғы­на пай­да­ла­ны­луын, азай­ып кет­се де, көбей­іп кет­се де, жау­ап беретін бір ғана меке­ме еді. Ал қазір ше? Киік­ті қорғай­тын меке­ме өз алды­на, ал атуға лицен­зи­я­сы бар кез кел­ген аңшы­ны құқы­лы қылып қой­ды­ңы­здар. Одан қала бер­ді, етін, терісін пай­да­ла­ны­луын неме­се ғалым­дар­мен жұмысты үйле­стіріп оты­ра­тын жау­ап­ты нақты бір ұйым, меке­ме жоқ.

2. БҰҰ коми­тетінің ұсы­ны­ста­рын орын­да­уды, оның ішінде:

• CMS сарап­шы­ла­ры­ның 2023 жылғы ұсы­ны­ста­рын орын­дау бой­ын­ша нақты жос­пар­ды бекітіп, оның орын­да­лу мерзім­дерін белгілеуді;

• Ұсы­ны­стар­дың қай бөлі­гі жүзе­ге аса­ты­нын және қай­сысы еске­русіз қалға­нын ресми түр­де түсіндіруді;

• Бұл мәсе­лені шешу­ге қарас­ты­ры­лған қар­жы­ны жариялауды.

3. Жау­ап­кер­шілік мәсе­лесі, нақты айтқанда:

• Киік попу­ля­ци­я­сын рет­теу бой­ын­ша кешен­ді сая­сат үшін жау­ап­ты тұлға­лар­ды бел­гілеп, олар­дың есебін тыңдауды;

• Мини­стр­лік­тер ара­сын­дағы үйле­сті­ру жұмыста­рын күшей­тіп, аталған мәсе­ле бой­ын­ша нақты жау­ап­кер­шілік жүктеуді;

• Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на кел­ген залал­ды өтеу меха­низ­мін әзір­леп, оның іске асу тетік­терін жариялауды.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мен эко­ло­ги­я­ның тепе-теңдік­ті сақтау – Үкі­мет­тің стра­те­ги­я­лық мін­деті. Бірақ бұл сала­да жүй­есіздік, салғырт­тық пен немқұрай­ды­лық белең алған. Мем­ле­кет­тік орган­дар халы­қтың, ауыл шару­а­шы­лы­ғы тау­а­рын өндіру­шілер­дің талап­та­ры­на, халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың ұсы­ны­ста­ры­на құлақ аса­тын уақыт жетті.

Осы мәсе­ле­ге қаты­сты Үкі­мет­тің ресми ұста­ны­мын, қой­ы­лған бар­лық мәсе­ле­лер­ді депу­тат­тар­дың қаты­суы­мен талқы­лап, Мәжіліс­ке нақты іс-шара­лар жос­па­рын ұсы­ну­ды талап етемін.

Абзал ҚҰСПАН,ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн