Четверг , 12 февраля 2026

Конституциялық комиссия мүшесі жұмысшыларға жаңа Конституцияның маңызын түсіндірді

Ақтө­белік кәсі­по­рын жұмыс­шы­ла­ры­на жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның басым­ды­қта­ры айтылды

Жаңа Кон­сти­ту­ция — халық таң­да­уы: Ақтө­бе­де зауыт жұмыс­шы­ла­ры­мен кез­де­су өтті

12 ақпан күні Ақтө­бе фер­роқо­рыт­па зауы­тын­да жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сын талқы­ла­у­ға арналған жиын өтті. Кез­де­су­ге облы­стық мәс­ли­хат төраға­сы, Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жөнін­де­гі комис­сия мүше­сі Гүлқа­си­ма Сүй­ін­та­е­ва, облы­стық мәс­ли­хат депу­та­ты Естай Сисен­ба­ев және кәсі­по­рын­ның еңбек ұжы­мы қатысты. 

Жиын­да сөз алған Гүлқа­си­ма Сүй­ін­та­е­ва жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сын­да еңбек құқы­ғы, аза­мат­тар­дың қауіп­сіз еңбек жағ­дайы, уақты­лы жалақы төлеу сияқты маңы­зды мін­дет­те­ме­лер нақты айқын­далға­нын атап өтті. 

Оның айтуын­ша, жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы­ның кіріс­пе­сін­де елі­міздің басты ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры айқын көрініс тапқан. Құжат­та «Әділет­ті Қаза­қстан» иде­я­сы мен «Заң мен тәр­тіп» қағи­да­ты нақты бел­гі­лен­ген. Адам құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры мем­ле­кет­тің басты басым­ды­ғы ретін­де жари­я­ла­нып отыр. Еңбек құқы­ғы­ның кон­сти­ту­ци­я­лық дең­гей­де ныға­юы ерекше мән­ге ие. Әрбір жұмыс­шы­ның құқы­ғын қорғау, қауіп­сіз еңбек жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету заң­мен қадағаланады. 

Сон­дай-ақ 15 науры­зда өтетін жал­пы­ұлт­тық рефе­рен­дум­ның маңы­зды­лы­ғы­на тоқта­лып, ел бола­шағын айқын­дай­тын құжат­ты халық ара­сын­да кеңі­нен түсін­ді­ру жұмыста­ры жалға­са­ты­ны айтылды. 

Кез­де­су бары­сын­да облы­стық мәс­ли­хат депу­та­ты Естай Сисен­ба­ев Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың баста­ма­сы­мен жүзе­ге асы­ры­лып жатқан Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­ның елдің сая­си жаңғы­руын­дағы шешу­ші қадам екенін атап өтті. 

Депу­тат­тың айтуын­ша, жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы қоғам сұра­ны­сы мен заман тала­бы­на сай әзір­лен­ген. Алда өтетін жал­пы­ұлт­тық рефе­рен­дум әрбір аза­матқа ел тағ­ды­ры­на қаты­сты маңы­зды шешім қабыл­да­уға мүм­кін­дік береді. Жоба мәтінін­де әділет­тілік, «Заң мен тәр­тіп» қағи­да­ты және табиғатқа жау­ап­кер­шілік­пен қарау мәсе­ле­лері қамтылған. 

Соны­мен қатар қор­шаған орта­ны қорғау, табиғат­ты аялау әр аза­мат­тың пары­зы екені айтыл­ды. Жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы қоғам­да жан-жақты талқы­ла­нып жатыр. Соңғы өткен бір­лес­кен оты­ры­ста сарап­шы­лар мем­ле­кет дамуы­ның стра­те­ги­я­лық бағыт­та­ры ретін­де ғылым мен инно­ва­ци­я­ның маңы­зын атап өтті. 

Жиын бары­сын­да еңбек ұжы­мы өкіл­дері өз пікір­лерін біл­діріп, ұсы­ны­ста­рын ортаға салды.

Республиканский еженедельник онлайн