Понедельник , 30 июня 2025

КОРОНАВИРУС: «үндістандық штаммнан» САҚТАНЫҢЫЗ!

  • 22 мау­сым күні пре­мьер-министр Асқар Мамин Қаза­қстан­да «үндістан­дық штам­мға» ұқсай­тын вирус мута­ци­я­сы­ның «аны­қта­луы­на» бай­ла­ны­сты аста­на­да сани­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық аху­ал­ды күшей­туді тап­сыр­ды. Ол соны­мен бір­ге көр­ші елдер­де індет өршіп тұрға­нын алға тар­тып, мем­ле­кет­тік шека­ра­да бақы­ла­уды күшей­ту қажет­ті­гін де айтты.

Бір күн бұрын Қаза­қстан Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі елде тез тарай­тын «үндістан­дық штам­мға ұқсай­тын вирус мута­ци­я­сы анықталды»деп мәлім­де­ген. Зерт­те­удің түп­кілік­ті қоры­тындысы әлі жарияланбады.

Ал ден­са­улық сақтау мини­стрі Алек­сей Цой аймақтағы меди­ци­на­лық меке­ме­лер дай­ын­ды­қты күшей­туі тиіс, вак­ци­на­лау науқа­нын да жыл­дам­да­ту қажет деді. Оның айтуын­ша, үндістан­дық штамм­ның тез жұға­тын, ауыр өтетінін ескер­сек, аймақтар өздерін қажет­ті дәрі-дәр­мек қоры­мен және меди­ци­на­лық жаб­ды­қтар­мен қам­та­ма­сыз етуі тиіс, мобиль­дік топ­тар­дың дай­ын­ды­ғын пысы­қтап алған абзал.

Мини­стр­лік­тің мәлі­метін­ше, рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша инфек­ци­я­лық орын­дар­дың – 25 пай­ы­зы, реани­ма­ци­я­лық бөлім­дер­дің 21 пай­ы­зы бос емес. Соңғы мәлі­мет бой­ын­ша, Қаза­қстан­да бір күн­де 944 адам­нан коро­на­ви­рус пен «пнев­мо­ния» аны­қталған, 13 адам қай­тыс болған.

Azattyq.org

ЕЛЖАНҒА ЕЛБАСЫ НЕГЕ ШҮЙЛІКТІ?

  • Бұры­нғы ден­са­улық сақтау мини­стрі Елжан Бір­та­нов «СК-Фар­ма­ция» ком­па­ни­я­сы­ның бұры­нғы бас­шы­сы Берік Шәріп­тің сотын­да куә­гер ретін­де сөй­леп, ком­па­ния бас­шы­сы­ның кінәсі жоғын айт­ты, деп хабар­ла­ды «Азаттық».

Еске сал­сақ, айып­тау тара­бы Берік Шәріп­ті был­тыр індет кезін­де «бір рет­тік қорға­ныш киім­дерін сатып алу бой­ын­ша басқа тасы­мал­да­у­шы­ларға қараған­да қым­ба­ты­рақ баға ұсы­нып, соның өзін­де өнім­ді уақы­тын­да жет­кіз­бе­ген ком­па­ни­яға басым­дық бер­ді» деп айып­таған. Соның сал­да­ры­нан елде қорға­ныш киім тап­шы­лы­ғы туын­дап, нәти­же­сін­де дәрі­гер­лер жап­пай коро­на­ви­русқа шалдыққан.

Тоғыз айға жуық тер­ге­уде оты­рған экс-министр Бір­та­нов тер­геу тара­бы­ның айып­та­уы­мен келіс­пей, был­тыр қорға­ныш киім тап­шы­лы­ғы­ның туын­да­уы­на «СК-Фар­ма­ция» емес, Қытай тара­бы кінәлі деп мәлім­де­ген. «CК-Фар­ма­ция» мен Берік Шәріп тасы­мал­да­уды кешік­тір­ген жоқ, қасақа­на әре­кет етті деу – мүл­де қисын­сыз. Бұл – форс-мажор, Қытай­дағы про­це­стің кешік­тірілуі. Қытай тара­бы Қаза­қстан­мен жасасқан келісім­шар­ттар­ды орын­да­ма­ды. Сәй­кесін­ше, қаза­қстан­дық тарап «СК-Фар­ма­ци­ядан» уақы­тын­да заттар­ды ала алма­ды», ­– деді Біртанов.

Өзі үйқа­мақта отыр­са да, Елжан Бір­та­нов әріп­тесіне шыр-пыр болып, ара­ша түс­кен: «Бұл жер­де Берік Шәріп­тің жеке кінәсі жоқ, – деді экс-министр сот про­цесі кезін­де. – Керісін­ше, ол қорға­ныш киім­дер­ді мүм­кін­ді­гін­ше жыл­дам жет­кізу­ге тыры­сты… Ол нен­дей қыл­мыс жаса­ды – біл­мей­мін. Оны адал қыз­мет­кер деп санай­мын. Өзге әріп­те­стер де сөзім­ді дәлел­дей ала­ды. Менің тара­бым­нан оған қысым жасалған жоқ. Маған жағу үшін, біре­у­ге қан­дай да бір басым­дық бер­ді деген­нен де ешқан­дай қисын көріп тұрған жоқ­пын. Маған сол кез­де, қазір де тен­дер­ден кім­нің ұтқа­ны-ұта­ты­ны бәрібір… Бұл жеке нарық. Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гі оны ешқа­шан бақы­лаған емес», – деді Біртанов.

Был­ты­рғы қара­ша айы­нан бері қамауда оты­рған Бір­та­но­вқа қайт­кен­де де қомақты айып тағу үшін, тер­геу орга­ны мен про­ку­ра­ту­ра жан­та­ла­сып, түр­лі дәлел­дер ізде­стіру­де. Өткен сот про­це­стері кезін­де Бір­та­нов өзіне таңы­лған айып­тың бар­лы­ғын дәлел­ді және дәй­ек­ті түр­де жоққа шығарды.

Енде­ше Бір­та­но­вты сот­та­удың аста­рын­да қан­дай қисын  болуы мүм­кін? Біздің редак­ци­яға жет­кен инсай­дер­лік ақпа­ратқа қараған­да, экс-мини­стр­ді қалай да айып­ты ету­ге елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев мүд­делі болып оты­рған көрі­неді. Сол себеп­ті про­ку­ра­ту­ра мен тер­геу орын­да­ры айып­ты «сау­сақтан сорып», Бір­та­но­вты түр­ме­ге жабу­дың айла-шарғы­сын жаса­уға амал­сыз мәж­бүр болып отыр.

Ал Ержанға елба­сы неге сон­ша­лы­қты шүй­лік­ті, оның экс-мини­стр­ден ала алмаған қан­дай ақы­сы мен өші болуы мүм­кін? Инсай­дер­дің ақпа­ра­ты­на сүй­ен­сек, Бір­та­нов қар­жы­ны жеке дара жеген және бөліспеген.

Әлбет­те, біз бұл ақпа­рат­тың анық-қаны­ғын айта алмай­мыз. Бірақ Бір­та­но­вты сот­та­уға беріл­ген нұсқа­удың қат­ты екені анық. Бірақ іске қара жіп­пен көк­теп тігілер дерек пен дәй­ек тап­шы. Әйт­пе­ген­де Елжан енді­гі түр­ме­де оты­руы тиіс еді…

Ермұрат БАПИ   

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн