Четверг , 19 июня 2025

КРЕДИТ ҚҰНЫ – сенімсіздік белгісі!

Жақын­да Қар­жы нары­ғын рет­теу және дамы­ту агент­ті­гі мен Ұлт­тық банк бір­лес­кен қау­лы­мен неси­енің жыл­дық тиім­ді сый­ақы мөл­шер­ле­месінің (орыс­ша – годо­вая эффек­тив­ная став­ка воз­на­граж­де­ния) шек­ті дең­гей­лерін бекіт­ті. Бет­тері былқ етпей бекіт­кені мынау: кепіл­сіз қары­здар мен мик­ро­кре­дит­тер бой­ын­ша – 46%, кепіл­мен қам­та­ма­сыз етіл­ген несие бой­ын­ша – 35%, ипо­те­ка­лық тұрғын үй кре­ди­ті бой­ын­ша – 20%.

Мұн­дай­да ашын­бай қай­тесің… Мүм­кін, бұл дамы­ған мем­ле­кет­тер­де­гі­дей нары­қты рет­теу құра­лы да шығар. Бірақ шағын биз­нес пен халы­қтың жағ­дайы құла­зып тұрған­да, бұл әре­кет – банк­тер мен қар­жы ұйым­да­ры­ның өз тәу­е­кел­дерін қарыз алушы­лар­дың мой­ны­на асып қой­ға­ны­ның нақты көрінісі. Қаза­қта сөз бар: «Бетің қисық бол­са, айнаға өкпе­ле­ме» деген. Қысқа­сы, Ұлт­тық банк пен Қар­жы нары­ғын рет­теу агент­ті­гі банк­тер­дің жете­гін­де жүр.

Мұн­дағы қара­пай­ым сұрақ мына­дай: мыса­лы, мен неме­се сіз алған қары­зды уақты­лы төлеп тұр­сақ, нелік­тен сіз бен біз неси­ені қай­тар­май жатқан адам­дар­дың рискісін (тәу­е­келін) өз мой­ны­мы­зға алып, оның про­цен­тін төле­уі­міз керек?

Мәсе­ле мөл­шер­ле­менің биік­ті­гін­де ғана емес, оның қалай қалып­та­са­ты­нын­да жатыр. Қаза­қстан­дағы банк­тер мен қар­жы ұйым­да­ры қарыз алушы­ның төлем қабілетін жеке сара­ла­май­ды (тал­да­май­ды) және ско­ринг жүй­есін фор­маль­ды түр­де қол­да­на­ды. Ең сорақы­сы – қай­тып кел­ме­ген қары­здар­дан туын­дай­тын шығын­ды бүкіл тұты­ну­шы­ға қосып қояды. Нәти­же­сін­де адал борыш­кер басқа біре­удің тәу­е­келінің өте­ушісіне айна­ла­ды. Мыса­лы, дүкен­де ұрлық бол­са, сол шығын­ның бар­лы­ғын нан баға­сы­на қосып қой­ған сияқты…

Құр­мет­ті Ұлт­тық банк пен Қар­жы агент­ті­гінің төраға­ла­ры! Ұят қайда?

Бұл осы­лай жалға­са бер­се, қаза­қстан­ды­қтар несие жүй­есіне сену­ден қала­ды. Шағын биз­нес пен ауыл кәсібі мұн­дай жоға­ры мөл­шер­ле­ме­мен еш уақыт­та дами алмай­ды. Оның үстіне банк­тер мен қар­жы ұйым­да­ры тәу­е­кел­дер­ді сапа­лы басқа­рып, несие мөл­шерін төмен­де­ту­ге ынта­лы болмайды!

Бүгін бекітіл­ген мөл­шер­ле­ме жай ғана сан емес. Бұл – мем­ле­кет­тің ада­мға сенім­сіздік­пен қарай­ты­ны­ның нақты көр­сет­кі­ші. Қазір мөл­шер­ле­мені емес, кре­дит беру фило­со­фи­я­сын өзгер­ту қажет! Осы­ны қашан түсі­неді екенсіздер?!

Анас БАҚҚОЖАЕВ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн