Пятница , 4 июля 2025

Кремль бір орыс үшін ӨЗБЕКТІ ТЫҚСЫРУДА

Өзбек­стан мен Ресей ара­сын­дағы қарым-қаты­на­сқа сызат түсті, деп жаза­ды Dalanews.kz.

Екі ел ара­сын­дағы дипло­ма­ти­я­лық дауға себеп болған оқиға Таш­кент­те­гі №188 мек­теп­те орын алған. Мұн­да Ресей­ден кел­ген оқу­шы мұғалім­нен орыс тілін­де сабақ беруін сұраған. Алай­да бұл өтініш өзбек мұғалі­міне ұна­маған сыңай­лы, ол оқу­шы­ны шапа­лақ­пен тар­тып жіберген.

Өзбек ақпа­рат құрал­да­ры таратқан мәлі­мет бой­ын­ша мұғалім бір аптаға қамауға алы­нған. Алай­да ресей­лік про­па­ган­да оған әлгі оқиға­ның қаты­сы жоғын, ұста­здың қама­луы­на оның мек­теп дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры­мен төбе­лесі түрт­кі болға­нын айтады.

Оқиғаға бай­ла­ны­сты Ресей Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі өз нара­зы­лы­ғын біл­діріп, Өзбек­стан­нан түсінік беруді талап ету­де. Кремль идео­лог­та­ры­ның нұсқа­уы­мен жұмыс істей­тін ресей­лік сая­сат­кер­лер де жапа­тар­мағай жамы­рай жөнелді.

Феде­ра­ция кеңесінің халы­қа­ра­лық істер жөнін­де­гі коми­теті төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Андрей Кли­мов Өзбек­стан­ды «Укра­и­на тағ­ды­ры күтіп тұр» деп қоқан-лоқы көрсетті.

Ресей­дің Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің бас­пасөз хат­шы­сы Мария Заха­ро­ва әле­умет­тік желі­де бей­не­жа­з­баға алаң­да­у­шы­лық біл­дір­ді. «Біз бұл жағ­дай­ға қаты­сты өзбек тара­пы­нан ресми түсінік­те­ме сұра­дық», – деп атап өтті Заха­ро­ва. «Таш­кент тара­пы­на бұл мате­ри­алға құқы­қтық баға беруді және рас­талған жағ­дай­да балаға қатыг­ездік көр­сет­кен кінәлілер­ге шара қол­да­ну­ды ұсы­на­мыз. Бұл мәсе­ле біздің ерекше наза­ры­мы­зда», – деді ол.

Өз кезе­гін­де Өзбек­стан­дағы «Мил­лий тикла­ниш» (Ұлт­тық жаңғы­ру) пар­ти­я­сы­ның жетек­шісі және пар­ла­мент­тің төмен­гі пала­та­сы­ның вице-спи­кері Әлі­шер Қады­ров Telegram-да: «Мәс­ке­у­ге біздің ішкі мәсе­ле­лері­мізді шеш­кен­нен гөрі, өздерінің про­бле­ма­ла­ры­на назар аударға­ны дұрыс болар еді. Өзбек­стан­дағы мек­теп­те өзбек бала­сы­ның құқы­ғы­ның бұзы­луы өзбек заң­да­ры­на сәй­кес тер­ге­леді», – деп мәлімдеді.

Қады­ро­втың Ресей­ге қар­сы сыны – аймақтағы өзгерістер­дің ныша­ны. Оның Ресей­дің сыр­тқы істеріне ара­лас­па­уы қажет­ті­гін ашық айтуы, Таш­кент­тің Мәс­ке­у­ге толық бағы­ны­шты емес екенін көрсетеді.

Сарап­шы­лар­дың пікірін­ше, «Таш­кент­ті Киев­тің тағ­ды­ры күтіп тұр» деген Кремль­дің мәлім­де­месі Орта Азия елдері үшін таң­сық емес.

«Ашты­қты гено­цид деп таны­ғы­сы кел­ген Мол­да­ви­я­ны, кеңе­стік кезеңнің көше ата­у­ла­рын өзгерт­кен Қырғыз­стан­ды дәл осын­дай рито­ри­ка­мен қорқы­тқан еді. Қаза­қстан тұрғын­да­ры­ның да мұн­дай­ға еті үйреніп кеткен.

Енді Өзбек­станға да кезек кел­ген­дей. Ресей­дің бұл әре­кет­тері Орта Ази­ядағы пост­со­вет­тік елдер­мен қарым-қаты­на­ста қысым­ды күшей­тіп жатқа­нын айғақтайды.

Аймақта Кремль агрес­си­я­сы­на қар­сы­лық бір­те-бір­те күшей­іп, ұлт­тық мүд­дені қорға­уға деген ұмты­лыс бай­қа­ла­ды. Мұн­дай үрдіс Ресей­дің алдағы уақыт­та аймақтағы доми­нант рөлін сақтап қалуы­на үлкен кедер­гі бола­ды», – дей­ді олар. Желі­де­гі жазба

Республиканский еженедельник онлайн