Воскресенье , 20 апреля 2025

Кто-то должен был умереть. 

Ая Мантай:

Сәуле апай, сізге осындай сарында хат жазам деп ешқашан ойламағам. Мен сізді шын жақсы көрдім. Бірақ сізге сізді бүкіл кемшілігіңізбен жақсы көрем деп уәде бергенім жоқ. Мысалы, маған сіздің принципсіздігіңіз ұнамайды. Шыңғыс Мұқанды жеке парақшаңызда жамандайсыз, сосын ол постыңызды алып тастайсыз, екі-үш күннен соң, «Шымкенттің Наурызын астарлап сынаған Сәуле «Әй, сенде, қой, сенде қой» деп пост жазып шыға келеді. Бір адам «Сәуленің сол постын алдыруға сен сәлде болса, себепші болып едің» деп мойындайды деп үміттенем… Сіз ол адамды қатты сыйлайсыз, сол үшін атын атамай-ақ қояйын.  Сосын Шымкентке келіп, Шыңғыс Мұқанның «құрметіне» бөленіп шыға келесіз. Кім арқылы айтпай-ақ қояйын, оны өзіңіз білесіз. Сізге деген құрметім кемімеу үшін өзімді психологиялық тұрғыда барынша дайындадым. «Апай, сізді жақсы көрем» деп афирмация айттым.   «Ақжүніс» хаабарын аштыңыз, үялғанымнан «Құтты болсын, апай!» деп жаздым. Әлеуметтік желіде анамен де, мынамен де ұрсып отыратын, сіздің шын мәнінде, «Ақжүністі» жүргізуге моральдық құқыңыз жоқ. Біреуге шарап ішіп отырып,  «Ойын лақ еткізіп фейсбукта жаза салатын қатын ғой» дедім, өтірік емес қой, апай. (рас, басымды кесіп алыңыз, тағы екі-үш сөз жаздым) Сіз алыспаған фейсбукта адам қалмады, апай. Бәрібір жандүниеңіз сәуле шашып тұратын адамсыз ғой, оны өзіңізге де мойындағансыз. Шындап келгенде, түбі бәріміз қатынбыз. Жекедегі хат жекеде қалу керек, апай, тем более мен шарап ішіп отырған кездегі хат. Еркек адам жекедегі хатты сақтау керек. Сізге әңгіме жеткізген адамды мен шын жақсы көрдім, Әмірхан Балқыбек секілді жақсы көрдім, сендім, ғашық болдым….  Ауыр депрессиядан ол адам белгілі бір деңгейде мені шығарды, бірақ менің хаттарымды  скрин жасап отыратын  сол адамға сенген ақымақтығыма ұялам… 

Сізге сіңлілік кішкентай кеңес берейін: фейсбук өмір емес, адам өлтіруші атанғыңыз келмесе, фейсбуктан екі не үш жыл демалыңыз. Сіз фейсбукта отырсаңыз, әлі талай адамды өлтіресіз, апай… Фейсбукта сіз ғана шыншылсыз, сіз ғана өтірік айтпайсыз… Апай, давай, бір-біріміздің жеке өмірімізге әлеуметтік желіде қолсұқпайық. Сіз жазған үш постқа бір ғана постпен жауап жазып отырмын. Себебі, жазбасқа амалым қалмады…

 Егер тағы әлеуметтік желіде жеке басыма ашық не астарлап пост жазатын болсаңыз, онда халықаралық сотта кездесеміз. Себебі, мен қазақстандық сотқа сенбеймін.  Кім Ібіліс не кім ібіліс емесін зерттейтін және қорытынды жасайтын әлемдік деңгейде эксперттер бар.  Әлеуметтік желіде ананы да, мынаны да Ібіліс деп отыратын (Сіз үшін Бердібек Сапарбаев та Ібіліс қой, апай, иә?) не үшін сол сөзді көп қолданатын адам сәл ойлану керек… Әлемдік эксперт сіз Ібіліс пе, әлде мен Ібіліс пе, зерттеп береді. Сосын қорытынсын фейсбукта жариялауға болады. Рақмет, романым үшін тақырып тауып бердіңіз. Романымның жартысын жазып, қолым жүрмей жүр еді. Енді Құдай мен Ібіліс туралы жазам. Сол кезде «Ойбай, Ібіліс ібіліс туралы жазып жатыр» деп артыңыздан ерген тобырды шулатсаңыз таңғалмаймын. Сіздіңше, паралельді әлемді көрген Булгаков та Ібіліс қой, иә? Ескертем түйсігім өте мықты. Түйсігіммен «жердің астындағыны сезіп қоятын бәлемін». Егер жеке басыма әлеуметтік желіде ашық не астарлап тиіссеңіз,  сотта кездесеміз. Маған не айтқыңыз келеді, жекемде айтыңыз, мені ұрғыңыз келе ме, қазір ауылдамын. Жетісайға, ауылыма келіңіз. Қайталап айтам, жекедегі хатты ұяты бар, принципі бар адам жекеде қалдырады. Ұят та болса айтайын, ал мен әлі күнге дейін девственницамын, сенбейсіз бе, гиникологқа апарып, тексертіңіз. Әлеуметтік желіде мені «қаншық, ібіліс» деп жазатындай, елге масқаралайтындай сізге кім құқық берді, апай? Балаңызға қатысты айтқаным үшін кешірім сұраймын. Маған деген ренішіңіз бар ма, жекеме жазыңыз. Мені аямаңыз. Бірақ әлеуметтік желіде, көпшіліктің талқысына мені салатындай заң бар. «Қаншық» деп жазатындай мені еркектің қасынан ұстап алдыңыз  ба? Кешіріңіз, мен әлі «еркек көрмедім».  Өзім ол жазбаны көрмедім, бірақ сенімді адамдар айтты. Әлеуметтік желіде бүкіл жұрттың көзінше жеке басыма тіл тигізгеніңіз үшін сізді халықаралық сотқа беруіме болады? Маған не айтқыңыз келеді, ауыр сөз айтқыңыз келе ме, аямай тілдегіңіз келе ме, жекемде айтыңыз, тіпті ұрасыз ба, бәрін көтерем.  Қайталап айтам, мен сізге сізді бүкіл кемшілігіңізбен жақсы көрем деп уәде бермедім и то соңғы кезде «жақсы көрем, апай», десем өзімді сізді принципсіздігіңіз үшін жек көріп кетпейінші деп өзімді психологиялық тұрғыда дайындадым. 

 Сізге қасарысқанда өлмеймін деп шештім. Менің алдымда әлі қаншама ғұмыр бар. Мен әлі тұрмысқа шығып, бала туам, (сіз айтқандай бақытсыз Ая емеспін, жақсы көретін қаншама оқырманым бар) бақытты Ая болам. Мен періште емеспін, жалғыздық жаныма қатты батып, он-он бес күнде сыра не қызыл шарап ішетінім бар. Жалғыз өзім. Үйде. Еркектермен ішпеймін. Жасырмаймын, ішкем 2006-2008 жылдары Тоқтарәлі Таңжарық, Ерлан Жүніспен сыра іштім және Бауыржан Серікбаевпен 2019-да кафеде сыра іштім, себебі, олардың адамгершілігіне сендім. Соңғы кезде бір айда екі- үш рет қызыл шарап ішетінімді сізден де жасырмағам. Сол кезде сіздің жеке басыңызға қатысты ауыр сөз айтып қойсам осы әлеуметтік желіде кешірім сұраймын.

Сосын әлеуметтік желіде мені «Өтірікші», «суайт» деп айыптауға сізге кім құқық берді? Айтқыңыз келе ме, жекемде айтыңыз. Шарап ішіп отырып, сандырықтап кететінім бар шығар, ең арысы әңгімелерімнің көбі өмірден алынған. «Бөрте» — Ақбаян, туған нағашымның қызы, он жеті жасында өкпе аурынан көз жұмды, «Депрессия» — жекөкше қыз өзімнің сыныпасым,  «Жалғыздық биі» — өзім, өзімнің жалғыздығым т.б.

Сізді бәрібір сұлулығығыз үшін жақсы көрем, апай!!! Шын мәнінде, сізді сұлулығыңыз үшін жақсы көргем. Және оны өзіңізден жасырмағам. Себебі, сұлулықты жақсы көрем!!! Сіздің жаныңыз шын мәнінде таза, апай! Адам танимын, ұлтқа болсын дейтін адамсыз. Өтінем, апай, осы постпен бір-біріміздің жанымызды жараламай тоқтайық.  Сұлу адамға қашанда биіктік тән. Бәлкім, мен биік бола алмаған шығармын, сіз биік қалпыңызда қалыңызшы. 

Апай, сіз екеумізді кімнің шағылыстырып отырғанын өте жақсы білем. Және құрбым Банудың телефоны арқылы кім екенін анықтауға болады. Апай, еркегі аз әлемде екеуміз еркек боп қалайықшы, өтініш. 

(Бірде-бір сайтқа көшіріп басуға рұқсат жоқ. Егер көшіріп басса, сотта кездесеміз)

«Үш-төрт күн бұрын Алматыдан Жетісайдағы анасының қасына барған еді. Ол өміріндегі қиыншылықтарды көтере алмады. Жаны нәзік жазушы мына қатал өмірге бейім болмады. Соңғы рет «Рух» байқауына қатысқан еді. Шығармалары жүлдеге ілінбеді, оның талантын ескермеді. Оны өзіне етене жақын достары ғана қолдады. Соңғы жылдары мүлдем жұмыссыз болды. Жазушылар Одағынан да көмек болмады. Мемлекет жас жазушыны керек қылмады. Одақ, әкімдік миллиондап әдебиеттің айналасында жүргендерге ақшаны таратқанда Аягүлді елемеді. Енді келіп қимай жатырмыз деп жоқтауда. Бар кезінде қадірін білмеді. Ресейде оқыған кезде оның талантын Мәскеудегі әдебиет қауымы өте жақсы бағалады. Ол жаққа барам дегенде, коронавирус қозып тұр деп жібермедік. Ол Мәскеудегі РУДН-ге 2013 жылы оқуға түсіп 2015 жылы бітірді. Ресейде 5 жыл тұрды. Соңғы кезде оның өміріне, жүрегіне жеке адамдар, үлкен қызметте жүрген бір адам қатты әсер етті», — деді жазушының құрбысы Бану Оңдасынова.

Мадина Сабыр

Көктемі өткен,

өмірдің жазы да өткен,

Шырқалмайды әні де сазы көптен. 

Бауырына құлаштап алып жатыр,

Қара жердің кең еді тәні неткен?!

Биіктер құламайды биік шыңнан,

Киік те құралайын сүйіп тынған.

Аягүл, 

айналайын, 

айдай қалқам,

Ажалға кім бар сені қиып тұрған?

Шындықтан шырылдады үнің талай,

Опасыз дүние мын-сан құбылғаны-ай.

Қоғамның арам шөбі қаптап тұрып,

Даланың әсем гүлі жұлынғаны-ай.

Ай қыз-ау, 

Аягүл қыз, 

Аяжан қыз,

Бәріміз де пендеміз , жәй адамбыз.

Сен түскен соқпақ жолдың торабында,

Адасып кетпесек ес-санадан біз.

Жапырағын жаныңның балталатып,

Су кештің, тондың бірге қарға батып.

Жүрегің тыныш тапса, мың жүректі,

Кеттің ғой қапылыста паршалатып.

Жүйрік еді қаламың жорға сынды,

Байқонысың баян бақ, орда сынды.

Бозторғай боп оралғын өз далаңа,

Жаратқан иманды етсін жолдасыңды!!!

Р.S Алдың жарық болсын, Ая Мантай !!!😢😢😢

Әсел Оспан

Анна Валентиновна Кирьянова :

Кого-то убили. Я чувствовала отчаяние и боль; человека заживо ели. Зло активизировалось, вы заметили? И выползни стали нападать на людей, отнимая энергию жизни. 

Поскольку и на меня напал порнографический «писатель», любитель животных, я полагала, что это мои личные ощущения. И плачущая девушка, красивая азиатка, которую я вижу мысленно — это проекция моих личных чувств. Меня отвлекли. Я отбивалась от клещей и червей с помощью друзей. 

А она умерла. Умерла писательница Ая Мантай из Казахстана. Не справилась с кибербуллингом. Она нежная была, ранимая. И не смогла выдержать поток грязи и оскорблений. Ушла из жизни. Я только что об этом узнала. 

«Люди хотят убить и похоронить тех, кто не похож на них», — горько писала она недавно. Вскользь. Она не просила помощи у друзей и подписчиков. Ей стыдно было просить. 

И защищаться она не смогла. Ушла из жизни. 

Будьте прокляты, сетевые клеветники. И те, кто жадно читает клевету, репостит ее и лайкает. Пусть проклятие придёт в ваш дом. Вы сами его создали. Вы убили человека. 

Пророк говорил, что нельзя проклинать часто. И он же говорил, что клеветники и те, кто слушает клевету подобны тем, кто питается человечиной. Они попадут в ад. 

Нежные и ранимые умирают. 

Сильные остаются. Но ожесточаются. 

И вместо добрых рассказов пишут другие слова. Те, что писали на плакатах во время войны. Про оккупантов, про фашистов. Про истинное Зло, услаждающее себя чужими страданиями. 

Они добились своего. Иманды болсын, Ая Мантай. 

А мы пока ещё держимся. И будем держаться. Вместе.

     Жекеде көмек сұрап, желіге керісінше сөйлейтін әдетті қою керек, жақсы нәрсе емес ол.

Ләззат АХАТОВА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн