Пятница , 4 июля 2025

КІМГЕ ДАҒДАРЫС, «ЖАНБАҒЫС»…

  • Бри­тан сотын­да Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­тінің үлкен қызы, әрі пар­ла­мент сена­ты­ның спи­кері Дариға Назар­ба­е­ва­ны Лон­дон­дағы құны 100 мил­ли­он дол­лар­дан аса­тын күдік­ті үш жыл­жы­май­тын мүлік­тің иесі деп атады.

Сей­сен­бі, науры­здың 10‑ы күні Лон­дон Жоғарғы сотын­да өткен оты­ры­стан кей­ін бри­тан басы­лым­да­ры ел аста­на­сын­дағы офшор­лық ком­па­ни­я­лар­дың аты­на тір­кел­ген үш жыл­жы­май­тын мүлік­тің иесі ретін­де Қаза­қстан пар­ла­мен­ті сена­ты­ның спи­кері, әрі бұры­нғы пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың үлкен қызы Дариға Назар­ба­е­ва мен оның үлкен ұлы Нұрәлі Әли­ев­ті ата­ды. Сотқа дей­ін ВВС меди­а­ком­па­ни­я­сы бри­тан билі­гінің күді­гін туғы­зған Лон­дон­ның қым­бат аудан­да­ры­ның бірін­де­гі зәулім үйде Нұрәлі Әли­ев тұра­ды деп жазған.

Бри­тан билі­гі «қай­дан алы­нға­ны бел­гісіз бай­лық» ретін­де бұғат­тау тура­лы ордер бер­ген бұл үйлер тура­лы ақпа­рат сот бары­сын­да жария етіл­ді. Ұлы­бри­та­ни­я­ның қыл­мыспен күрес жөнін­де­гі агент­ті­гі ел аумағы­нан «лас» ақшаға жыл­жы­май­тын мүлік сатып алуға қар­сы күре­сте қол­да­ны­ла­тын бұл ордер­ді осы­мен екін­ші рет пай­да­ла­нып отыр. Егер иесі қар­жы­ны заң­ды жол­мен тапқа­нын дәлел­дей алма­са, онда осы ордер­ге сүй­еніп, күдік­ті мүлік тәркіленеді.

«Назар­ба­ев­тың жиені Нұрәлі Әли­ев пен оның ана­сы, Назар­ба­ев­тың қызы Дариға Назар­ба­е­ва сей­сен­бі күні Лон­дон Жоғарғы сотын­да Лон­дон­дағы құны 80 мил­ли­он фунт стер­линг тұра­тын «қай­дан алы­нға­ны бел­гісіз бай­лық» ретін­де бұғат­та­уға ордер беріл­ген үш жыл­жы­май­тын мүлік­тің түп­кілік­ті бене­фи­ци­а­ры (мен­шік иесі – Ред.) ретін­де атал­ды» деп жаз­ды бри­тан­дық Financial Times газеті.

Бри­тан басы­лым­да­ры Қыл­мыспен күрес жөнін­де­гі агент­тік бұға­у­лаған нысан­дар – қым­бат үйлер мен пәтер­лер екенін жаза­ды. Атап айтқан­да, Ден­вуд-роуд­тағы зәулім үй, Чел­си ауда­нын­дағы 31 мил­ли­он фунт стер­линг­ке алы­нған қос пәтер және «мил­ли­ар­дер­лер көше­сі» ата­лып кет­кен Бишоп-аве­ню­де­гі 39 мил­ли­он фунт стер­линг­ке сатып алы­нған қым­бат үй.

Нұрәлі Әли­ев пен оның әйелі Аида Әли­е­ва­ның өкілі Лор­на Скин­нер Бишоп-аве­ню­де­гі үйде отба­сы­мен бір­ге тұрған Әли­ев­ті мүлік­тің иесі деп ата­ды, деп жаза­ды Financial Times. Адво­кат «жақын­да ұры түс­кенін» айтып, бұл нысан тура­лы ақпа­рат­ты жария етпе­уді сұраған, бірақ сот оның өтіні­шін қанағаттандырмады.

Жыл­жы­май­тын мүлік­тер тір­кел­ген офшор­лық ком­па­ни­я­лар­дың адво­ка­ты бұл үйлер­ге Дариға Назар­ба­е­ва­ның бұры­нғы күй­е­уі әрі Нұрәлі Әли­ев­тің әкесі Рахат Әли­ев­тің қаты­сы жоғын, үйлер оның ақша­сы­на сатып алын­баға­нын айтқан. Ұлы­бри­та­ни­я­ның қыл­мыспен күрес жөнін­де­гі агент­ті­гінің тер­ге­ушілері жыл­жы­май­тын мүлік Рахат Әли­ев­тің «лас ақша­сы­на» сатып алы­нған деп санайды.

Назар­ба­е­ва­ның өкілінің айтуын­ша, оның кли­ен­ті «ешқан­дай құқық бұзу­шы­лы­ққа қаты­сы жоғын жет­кі­зеді және сот­тың бұл мәсе­лені тезірек шеш­кенін асы­ға күтеді».

Лон­дон­дағы сот про­цесі жалға­сып жатыр.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн