Пятница , 4 июля 2025

КІТАП ОҚУДЫҢ ПАРҚЫ

Кітап адам­ды ой түзу­ге үйретіп, мей­ірім­ділік­ке шақы­ра­ды. Көзді аша­ды, оқы­ған­ды жақын­да­сты­ра­ды. Біл­гені­міз­ге жаңа білім қосып, жад­ты жаңғыр­туға көмек­те­седі. Сон­ды­қтан кіта­п­ха­на ісіне бүкіл қоғам­ның көңілін, ыждаға­тын ауда­ру – аса маңы­зды діл­гір іс. Ұлт­тық құры­л­тай­да мем­ле­кет бас­шы­сы: «Бүгін­гі заман­да кітап­сыз, сон­дай-ақ кі­тапханасыз адам­ның ойда­ғы­дай дамуы мүм­кін емес. Бү­кіл әлем­де­гі кіта­п­ха­на­лар – бі­лім мен мәде­ни­ет­тің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікір­лер­дің мекені. Элек­трон­ды фор­маттың қарқын­ды дамып жатқа­ны­на қара­ма­стан, дәстүр­лі кітап­ха­наның ағар­ту­шы­лық рөлі еш­қашан мәнін жоғалт­пай­ды», – деп атап көр­сет­ті. Содан бері де бір­ша­ма уақыт өтті. Біздің­ше, осы салаға қаты­сы бар бар­лық тарап­тың ұсы­ны­сы мен пікірі, дәй­е­гі мен уәжі кеңі­нен талқы­ла­нуға тиіс еді. Бірақ осы жал­пы­қоғам­дық іс бай­қал­ма­ды. Жалғыз «Аmanat» пар­ти­я­сы­ның бірер баста­ма көтер­генін ғана біле­міз. Одан өзге ешқан­дай ұйым, ұжым неме­се құры­лым әзір­ге қозға­ла қой­маған сияқты.

Ел Пре­зи­ден­тінің «Жап­пай кітап оқи­тын ұлтқа айна­луы­мыз керек» деген үнде­уі сөз жүзін­де қал­мауы үшін, не амал жасаған жөн? Осы­ған орай күр­делі сала­ны жетіл­ді­ру, кітап қор­ла­рын қол­жетім­ді ету жөнін­де ой-пікірі­мізді оқыр­ман талқы­сы­на салу­ды жөн көрдік.

Неге біз­де кіта­п­ха­на ісін лай­ы­қты дең­гей­де өңіра­ра­лық, мини­стр­ліка­ра­лық, бұқа­ра­лық жары­сы (соци­а­ли­стік емес), бәсе­кесі, бәй­гесі ұйым­да­сты­рыл­май­ды? Халы­қтың сау­а­тын арт­ты­ру, оқыр­ман санын көбей­ту – кез кел­ген қоғам­ның, мем­ле­кет­тің ортақ мін­деті. Сай­ып кел­ген­де, бұл – елі­міз­де көп­теп сана­ла­тын бір­ле­стік­тер мен қоғам­дық-сая­си ұйым­дар­дың наны бол­ма­са да, негіз­гі ағар­ту­шы­лық қыз­метінің, көп­шілік­ке арналған жұмыста­ры­ның бірі емес пе?

Жастар­ды кітап оқуға бау­лу­дың алғы­шар­тта­рын жаса­уды тек мек­теп пен жоға­ры оқу орын­да­ры­на артып қоюға, сірә, бол­мас. Аталған істі әр мек­теп жанын­дағы ата-ана коми­тет­тері мықтап қолға алып, түр­лі фор­мат­та бай­қау, кез­де­су өткізу­ге болар еді. Сту­дент­тер­дің қызы­ғу­шы­лы­ғын оятып, жұмыл­ды­руға тиіс қоғам­дық ұйым­дар мен клуб­тар кол­ле­дж­дер­де, уни­вер­си­тет­тер­де де құры­лған. Ол үшін бел­сен­ді жастарға тиісті өкілет­тік­тер беріп, қол­дау көр­се­ту қажет. Бұл іс жүй­елі, мақ­сат­ты түр­де наси­хат­тал­са, елдің ішін­де өрісін таба­ты­ны сөзсіз.

Өкініш­ке қарай, соңғы кез­дері елі­міз­де мек­теп­ті мешіт­ке, мешіт­ті кіта­п­ха­наға, мәде­ни­ет үйі мен спорт залы­на қар­сы қою, ал құры­лыс тура­лы сөз қозғал­са бол­ды, бір­ден олар­ды салы­сты­ра тіл­ге тиек ету сән­ге айнал­ды. Олар­дың қыз­мет­тік мін­деті, қар­жы­лан­ды­ру жағ­дайы әртүр­лі екен­ді­гіне қара­ма­стан, бәріне жап­пай күйе жағуға әзір тұра­ды. Бәл­кім, оған сау­а­ты толық жет­пей­тін­дер де болуы мүм­кін. Ал шын­ды­ғын­да жаңа зама­ны­мы­здың мешіт­тері өрке­ни­ет­ті елдер­де­гі­дей оқу-ағар­ту ісіне, мем­ле­кет­тік тіл­ді үйре­ту­ге атса­лы­са­тын кез кел­ді деп ойлай­мыз. Мыса­лы, сту­дент­тер­ді қос­паған­да, мил­ли­он­нан астам тұрғы­ны бар бір ғана Шым­кент қала­сын­да 28 кіта­п­ха­на, 107 мешіт бар екен. Біздің­ше, кісі көп жина­ла­тын орын­дар­дың бәрін­де жоға­ры мәде­ни­ет пен білім жетістік­тері қол­жетім­ді болуға тиіс. Мешіт­тер­дің кіта­п­ха­на­сын­да елі­міздің эко­но­ми­ка­сы­на, тарихы­на, әде­би­етіне, өнері мен мәде­ни­етіне қаты­сты, сон­дай-ақ қазақ, ағы­л­шын, араб, пар­сы тіл­дерін үйре­тетін кітап­тар­мен толы­ғып жат­са, нұр үстіне нұр. Келу­шілер білім бай­лы­ғын арт­ты­ра­ды, тіл үйренеді.

Мәсе­лен, мұсыл­ман әле­міне мәшһүр діни оқу орын­да­рын­да негіз­гі бағыт­тан бөлек жүз­ге тар­та әртүр­лі зай­ыр­лы маман­ды­қтар­ды оқы­та­тын факуль­тет­тер, тиісті кіта­п­ха­на­ла­ры бар. Өйт­кені жал­пы дәстүр­лі дін­дер білім алуға, сау­ат­ты болуға және ғылым­мен айна­лы­суға көп мән береді. Егер Мысыр елінің тарихы­на үңілер бол­сақ, кезін­де Бай­ба­рыс сұл­тан көп кіта­п­ха­на­лар салғы­зып, оларға түр­лі ғылым сала­ла­ры­на қаты­сты сирек кітап­тар­ды, қол­жа­з­ба­лар­ды бер­гіз­гені, қар­жы­лан­ды­ру көзін молы­нан бөл­ген уақып­тар жасаға­ны жазы­лған. Оның баста­ма­сы сол кезең­де маңы­зды рөл атқарған ғалым­дарға, сау­ат­ты және сау­ат­сыз халы­ққа үлкен әсер еткен.

Ал діни құн­ды­лы­қтар­да «Қытай­ға баруға тура кел­се де, білім алы­ңыз» деп айты­ла­ды. «Білетін­дер мен біл­мей­тін­дер­дің парқы тең бе?» деп ескер­туі де ойлы ада­мға көп нәр­сені аңғарт­са керек. Өйт­кені бәсе­ке­ге қабілет­тілік пен ұлт­тың қадірі білім­мен өлше­неді. Мұны надан­ды­қтың, білім­сіздік­тің кесірі­нен көп зиян шек­кен халқы­мыз ешқа­шан ұмыт­па­уға тиіс деп ойлаймыз.

Мем­ле­кет бас­шы­сы айтқан­дай, «Тәу­ел­сіздік кезеңін­де елі­міз­де кіта­п­ха­на ісі кен­же­леп қал­ды. 90-жыл­дар­дағы ала­са­пы­ран уақыт­та мың­даған кіта­п­ха­на жабыл­ды. Мил­ли­он­даған кітап қоры­нан айы­рыл­дық. Соңғы жыл­да­ры жағ­дай­ды түзеу үшін әре­кет жаса­лып жатыр».

Алдағы кез­де бұл іске бар­лық дең­гей­де­гі әкім­дер үлес қосар бол­са, қоғам­ның руха­ни дамуы­на, әділ­дік­ке қарай қадам басуы­на сеп­ті­гін тигіз­ген болар еді. Ал кіта­п­ха­наға, кіта­п­ха­на­шы­ға барын­ша қамқор­лық көр­се­ту – білім беру­ші­ге де, білім үйре­ну­ші­ге де нақты жәр­дем екені даусыз.

Пары­қты жол – бар­ды бай­ы­ту, тәжіри­бені жаңа заманға жалғау. Пары­қ­сыз жол – кінәні өзі­міз­ден ізде­мей, біт­пей­тін дау-дамай­ға, жасан­ды­лық пен біліксіздік­ке мүм­кін­дік туғы­зу. Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн