Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың тамыры қайда жатыр және ол ұлтымыздың болашақ қауіпсіздігіне қаншалықты қауіпті?
Соңғы жылдары жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар, нақтылап айтқанда төбелес, ұрлық, буллинг жиілеп кетті. Әрине, бұл мәселердің алдын алу үшін түрлі шаралар жасалуда. Мектептерде психологтар міндеттелуде,буллингке қарсы ұйымдар жүргізілуде, тіпті полиция қызметкерлерінің мектептерде үгіт насихат жүргізіліп те жатыр. Алайда мұндай заңбұзушылықтар неліктен азаймауда? Себебі оның тамыры тереңде жатыр және ол ертеңгі қоғамымыздың тұрақтылығына әсер етеді.Сондықтан осы себептерді шешу еліміздің жарқын болашағы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды.
Мәселе тамыры — тәрбие мен орта
Бала өмірге келгенде қылмыс жасау тіпті ойында да болмайды.Оның мінезін қалыптастырып,осындай іс әрекеттерге әкелетін ата-ана үлгісі мен қоршаған орта.Себебі бала ата-анасына қарап өседі.Ата-анасы мейірімді жандар болса бала да ата-анасының істегенін істеп,жанындағыларға мерейін шашады. Сонымен қатар адам қолдау мен қабылдау үшін қоршаған ортаға ұқсағысы келіп тұрады.Мысалға алатын болсақ бір адам жанындағылар темекі шексе,сол ортаның бір бөлігі болуға тырысу үшін және жалғыздықтан қорыққандықтан өзі қаламаса да осындай іске, яғни темекі шегуге барады.Оған қоса әлеуметтік желідегі атыс ойындары секілді зорлықтық контенттің көптігі балалардың қаталдығына себеп болады.Бұның барлығы яғни отбасындағы қате тәрбие,қоғам қысымы және әлеуметтік желінің әсері балалардың санасыз түрде жасалынған қылмыстарына әкеледі және оны ешқандай психолог та,полиция қызметкерінің кеңесі де шеше алмайды.Мәселенің салдарымен емес себебімен жұмыс жасау маңызды.
Мәселені шешу маңызы
Балалар қылмысы ол тек отбасындағы мәселе емес, бүкіл мемлекеттің мәселесі.Себебі әрбір құқық бұзған жасөспірм,болашақта қоғамға қауіпті азамат болып өсуі мүмкін.Бірақ оларды да кінәлай алмаймыз.Себебі жас балалар қандай болатындарын таңдаған жоқ.Оған жаңа айтып кеткендей отбасы мен қоғамның әсері ықпал етті.Сондықтан жәй жазамен мәселеден құтыла салу қате.Одан қылмыскерлер саны азаймайды.Мәселені шешу керек, ал ол үшін жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеп қоғам ықпалынан қорғай білу, не қоғамды түбегейлі өзгерту қажет.
Мәселені шешу жолдары
Жаңа айтылғандай бұл мәселені жазамен емес тәрбиемен шешу керек.Себебі қылмыстың алдын алуда кішкетайынан өсіріп, баққан ата-ана маңызды рөл ойнайды.Бала ата-анасының не істеп, не қылғанын қайталағандықтан,отбасындағы дұрыс үлгі мен қарым-қатынас оның болашақ мінезінің және тәртібінің іргетасы.Егер ата-ана өз ісімен әділдікті көрсетсе,бала да оны өзінің өмірлік ұстанымына айналдырады.Сонымен қатар қоғам мен әлеуметтік желілердің ықпалын шектеу, тіпті жақсысы оны толықтай өзгерту қажет.Ал қоғамды өзгерту үшін жаңа айтылған тәрбиеден бастау керек.Оған қоса интернеттегі зорлық-зомбылықты мейірім мен даналыққа толы контенткке өзгертпейінше, балалар санасындағы қатыгездік жойылмайды. Осының бәрі ескеріліп әрбір бала дұрыс тәрбие мен ықпал алса,қауіпсіз қоғамды қамтамасыз етеміз.
Жұмабек Нұрсұлтан , Жалбағай Айқын